Дидактикалы материалдар


Дидактикалық материалдар пайдалану арқылы оқушыларды
өз бетімен білім алуға дағдыландыру

Дидактикалық материалдар информатика оқулығының негізінде алынған өзіндік,бақылау және тестік тапсырмалардың,пысықтау сабақтарының,қызықты есептердің жиынтығы болып табылады.
Дидактикалық матиралдарға енетін өзіндік жеке жұмыстар тек оқыту сипатына,жаңа өтілген матиралдарды пысықтауға және бекітуге арналып беріледі.Ол тапсырмалар оқушылардың біліктіліктерін,дағдыларын қалыптастыруға көмектесуге және олардың білімдерін тексеруге бағытталған.Бақылау және тестік жұмыстарды жүргізуде өзіндік жұмысқа қарағанда уақыт қатаң ескеріледі.
Дидактикалық матиралда ұсынылатын тест тапсырмаларының сұрақтары өте анық, түсінікті,ой тұжырымын жасауға өте ыңғайлы болуы тиіс.
Тест тапсырмаларды пайдаланып,нәтижесіне талдау жасай келе мынадай қорытынды жасауға болады.Тест тапсырмалар оқушылардың қандай матиралды игеріп,оқай матиралды қандай тәсілмен түсіндіру қажет екенін де анықтауға мүмкіндік береді.
Дидактикалық ойындар-сыныпта жүргізілетін жұмыстардың ең қызықтысы.Ойынның қандай түрі болса да,оқушыларды өзіне артып әкететіні белгілі.Оқушылардың пәнге қызығуын шығармашылықпен ойлауын және білім сапасын арттыруда сабақта қолданылатын ойын элементтерінің рөлі зор.Ойын элементтерін пайдаланудың оқушылар білімін тиянақты етудегі зор мүмкіндігін ескере отырып,мен өз тәжірибемде бірнеше ойын түрлерің қолданамын.Сабақта ойын элементтерін қолдану оқушылардың жоғары көңіл күиін туғызады.Ал мұның өзі оқушының белсенділігін,дербес ойлакын,қызығуын арттырып,сабақты қабылдауға,барынша қолайлы ықпалын тигізеді.Ойынның қандай түрі болса да жалқау,енжар балалардың ынтасын арттырып,білімге қызықтырады.
Дидактикалык ойындар арнайы мақсатты көздейді және нақты міндетті атқарады.Ойынның мақсаты-бағдарламада анықталған білім, білік және дағдылар жайында түсінік беру, оларды қалыптастыру, тиянақтау және бекіту, қайталау және пысықтау немесе тексеру сипатында болып келеді. Ойынның міндеті баланың қызығушылығын туғызып, белсенділігін арттыратындай іріктеліп алынған нақты мазмұнымен анықталады.
Дидактикалық ойындардың тиімділігі олардың сабақтың әр кезеңдегі орны мен міндетін және мақсатын дәл анықтауға, оны қолданудың теориясы мен практикасын мұғалімнің жетік игеруіне, шеберлік танытуына, ойынға қажетті материалдардың жиынтығын алдын-ала дайындап алуға, ойын процесіне оқушыларды белсенді қатыстыруға байланысты.
Сабақ материалына лайықталған ойынды алып, тек қана оқушының орындай алатын іс-әрекеттерімен шектелу жеткіліксіз. Мұнда ойынды ұйымдастырудың және басқарудың сипаты мен жолдары да жан-жақты ұйымдастырылуы керек.
Дидактикалық ойындардың түрлері өте көп. Соның ішінде қолданып жүрген ойындарды атап өтейік.
«Көкпар» ойыны. Ойынның шарты: Оқушылар үш топқа бөлінеді. Мұғалім сұрақтар қояды. Қайсы топтағы қол көтерген оқушылар саны көп болса, сол топ оқушылар «лақты» алды делінеді, яғни жауап береді. Жауап толық болмаса, қайтадан қол көтеріліп толықтырылады. Жауапқа толық жауап берген оқушы лақты мәреге жеткізген болады, ол оқушыға жоғары ұпай қосылады.
«Көкпар» ойыны үшін қойылатын сұрақтар:
Бейсик тілінің стандартты санды функцияларын атаңдар.
Шартты оператордың жалпы түрін жазыңдар.
Параметрлі цикл операторының жалпы түрін жазыңдар.
Графиктік операторларды атаңдар.
«Көкпар» ойынының тиімділігі: үй тапсырмасына тиянақты дайындалуға, операторларды дұрыс жаза білуге, функциялар мен операторларды дұрыс айта білуге, жылдамдыққа дағдыландырып, есте сақтау қабілетін дамытады, пәнге қызығушылығын арттырады.
Сабақ үстінде кроссвордтарды шешуге арналған қысқаша бақылау жұмыстарының да орындауға болады. Кроссворд жасау-үй жұмысы. Балалар арнайы әдебиетпен танысып, терминдерді қайталайды, жаңа ұғымдарды біледі. Мұғалім олардың тереңдігін, жаңа сөздер санын кроссвордтың құрылу күрделілігін, қателерді тексереді. Кроссвордтармен жұмыс істеу балаларға ұнайды, сабақты қызықты етіп өткізуге көмектеседі. Бұлар оқушылардың шығармашылық жұмыспен айналасуына түрткі болады, олардың тек компьютерде жұмыс істеуге ғана қызығушылығын емес, пәннің теориялық негіздерін білуге ынталандырады.
Анаграммалар, ребустар және кроссвордтардан да басқа ойын технологияларын пайдалануға болады. Мысалы, «Литерлік шамаларды өңдеу операциялары» тақырыбын өткенде, қиып алып желімдеу операцияларын да қарастырамыз, олардың жаңа сөздер табуға көмектесетінін де айтып кетеміз. Сонан кейін оқушыларға өздерін бір сәт теледидардағы «Жұлдызды сағат» хабарының ойыншысы ретінде елестетуге мүмкіндік беріледі. Бір сөз жазылады да, олар 10 минут көлемінде сол сөздегі әріптерден тұратын неғұрлым көп сөз тіркестерін компьютерге енгізу керек.
Оқушыларды өз бетінше жұмыс істеуге дағдыландыру үшін плакаттар, дидактикалық материалдар, көрнекі құралдар, кітаптар және журналдарды пайдалану қажет деп есептеймін. Журналдардағы ақпараттық технологиялар жайындағы жаңалықтармен таныстырып отыру оқушыларды сабақтан тыс уақыттарда информатика кітапханасында өз бетінше жұмыс істеуге дағдыландырады.
Тест сұрақтарына компьютерді қолданып жауап бергізу сыныптағы барлық оқушылардың білімін бірден тексеруге мүмкіндік берсе, екінші жағынан оқушының күнделікті сабаққа ұқыпты дайындалуын талап етеді.
Тестік сынақ жұмыстарының тиімділігі:
Оқу процесіне барлық оқушылар түгел тартылады.
Тексеруге оқу материалын толық қамтуды қамтамасыз етеді.
Аз уақыттың ішінде барлық оқушылардың білімін анықтауға мүмкіндік береді.
Оқушылардың ойлау, есте сақтау қабілетін дамытады, жылдамдыққа, тапқырлыққа дағдыландырады.
Оқушылардың күнделікті сабаққа ұқыпты дайындалуын талап етеді.
Оқушылардың пәнге қызығушылығын, ынтасын арттырады.
Оқушылар жауаптарды салыстырып, дұрыс жауабын таңдай білуге, өз бетінше қорытынды жасай білуге дағдыландырады.
Оқушылардың логикалық ойлау қабілетін дамытады.
Барлық оқушылардың білімін бағалауға болады.
Сабақтың қызықты да түсінікті болуы мұғалімнің шеберлігі мен ізденімпаздығына тікелей байланысты. Сондықтан мен оқушылардың пәнге қызығушылығын арттыру үшін сабақты түрлендіріп өту керек деп ойлаймын.

Приложенные файлы


Добавить комментарий