Кайрат Жумагалиев


Чтобы посмотреть презентацию с картинками, оформлением и слайдами, скачайте ее файл и откройте в PowerPoint на своем компьютере.
Текстовое содержимое слайдов презентации:

Мақсаты:Егемендігіміздің, бейбітшілік пен жасампаздығымыздың арқасында, аға ұрпақ, орта буын өкілдері білгенімен, мектеп бағдарламасына енгізілмеген, сондықтан кейінгі жастар жағы біле бермейтін Қайрат Жұмағалиевтің өмірі, қызметі, өлеңдері, әндері туралы мағлұмат беру. Жоспар І «Ақынның өмірі » (слайд арқылы көрсету)ІІ «Поэзия минуты» (ақынның өлеңдерін мәнерлеп оқу) ІІІ «Қайрат әлемі» (Қайрат Жұмағалиев пен тілші сұхбаты) ІV. «Құлақтан кіріп бойды алар» (ақынның әндерін орындау)V. «Ақын жырлары - жан-дүние дидары» атты кітап көрмесі Қайрат Жұмағалиев 75 жаста Қайрат Жұмағалиев (16.09.1937 ) МарапаттарыБелорусь Республика Құрмет грамотасымен, Қазақстан Жоғары Кеңесінің Құрмет грамотасымен, "Тың және тыңайған жерлерді игергені үшін", "Еңбектегі ерлігі үшін" медальдарымен, КСРО және Қазақстан Жазушылар одағының Грамоталарымен марапатталған. ШығармаларыҚайрат Жұмағалиев Қазақстан Жазушылар Одағының мүшесі. Ақынның 30-ға тарта кітабы жарық көрген.Республикалық баспасөзде «Университетке» деген тұңғыш өлеңі 1959 жылы «Лениншіл жас» газетінде жарияланды. Шығармалары республикалық «Қазақ әдебиеті», «Социалистік  Қазақстан», «Қазақстан пионері», «Жетісу» газеттерінде, «Жұлдыз», «Жалын», «Парасат», «Балдырған», «Білім және еңбек», «Простор», «Ақ желкен» журналдарында, Мәскеудің «Известия», «Комсомольская правда», «Литературная газета», «Огонек», «Молодая гвардия», «Наш современник», т.б. басылымдарында жарық көрді. «Молодая гвардия» журналының лауреаты.Қ. Жұмағалиев Гомердің «Илиада» поэмасын, Еврипидтің «Медея», «Троя арулары», «Елена трагедияларын, Әл-Маоридің, Ш. Руставелидің, Физулидің, Низамидің, Пушкиннің, Лермонтовтың, Есениннің, Хикметтің, Блоктың, Мұса Жәлелдің, Светловтың, Ғафур Ғұламның, С. Наровчатовтың, Р. Рождествескийдің, Р, Казаковтың шығармаларын ана тілімізге аударған.Беларусь Республикасының Құрмет грамотасымен, КСРО-ның медальдарыме, КСРО және Қазақстан Жазушылар одағының грамоталарымен марапатталған. 1954 жылы Шымкент облысының Жетісай ауданындағы ІІІ Интернационал атындағы мектепті, 1959 жылы Қазақтың Ұлттық университетінің филология факультетін бітірген. 1959 жылдан бастап 1985 жылға дейін «Жазушы» баспасында кіші редактор, редактор, редакция меңгерушісі, бас редактордың орынбасары болып қызмет атқарған. 1985 жылдан ҚазССР Телевизия және радио хабарлар жөніндегі мемлекеттік комитетте аға редактор болды. «Тұңғыш» атты алғашқы өлеңдер жинағы 1964 жылы жарық көрді. Ақындық биік армандарды аңсаған ақын. «Тұңғышында»: Өмірді жүрген жоқпыз сүйіп бекер, Әр күні арманыңды биіктетер! Көңіліңде жарық еткен бір – ақ сәтке Құрметті келешек сиып кетер! ... Бақытын сыйлап тұрып адамзатқа, Тіршілік азабын да сүйікті етер! Арман – талапсыз, тіршіліктің бейнетінсіз – рахат өмір де жоқ, сондай – ақ поэзия азабынсыз жақсы жыр тумақ емес. Ақынның талпынысы да осы бағдарда. Оның балаларға арналған «Жеңісбай», «Ақмарал», «Кім көріпті мұндайды», «Ақ тоқаш», «Алатау» атты кітаптары жарық көрді. Бірқатар шығармалары орыс тіліне аударысып, жеке кітап болып басылды. Жекелеген шығармалары ТМД халықтары тілдерінде жарық көрді. Қайрат Жұмағалиев А.Дюма, П.Ж.Беранте, А.С.Пушкин, А.М.Лермонтов, А.А.Блок, В.В.Маяковский, С.А.Есенин т.б. ақын – жазушылардың шығармаларын қазақ тіліне аударды. Қайрат Жұмағалиев – «Еңбектегі ерлігі үшін» медальмен, Белорус ССР Жоғарғы Советінің Құрмет Грамотасымен наградталған. Қайрат Жұмағалиев – отыздан астам кітап шығарды. Кітаптары туралы қазақтың тарлан ақындары Әбділда Тәжібаев, Қалижан Бекхожин, Ғафу Қайырбеков, Сейфолла Оспановтар мақтауға, марапатқа толы сөздер, мақалалар арнады. Жүз елуге тарта ән текстерін жазды. Солардың ішінде әсіресе, «Анашым», «Келеміз бірге», «Біздің жар – жар жаңаша», «Бақытты балалық», «Алатау», «Мейірбан ұстаздар», «Тың төсінде», «Ардагерлер, армысыңдар?», «Қоңыр күз», «Құда баланың той жыры» сияқты әндері ерекше. Қ.Жұмағалиев поэзиясының тақырыптық мазмұны да, географиялық шеңбері де әралуан боп, шартарапты қамтиды. Ақынның бір өзгешелігі, кейбір ақындардай «өз Қарашоқым, өз Сарыадырым» деп ауыл айнала ақтамайды. Ақын туған өлкеміздің шартарабын, әр көрнісін сүйсіне жырлайды. Қ.Жұмағалиевке – «Қарағанды түні» де, «Жетісу таңы» да Атырау да, Алатау да, Сарыарқа да, Жайық та, Есіл де бірдей сүйікті, бірдей ыстық сезіммен сипатталады... «Менің анам жиырма тоғызында жесір қалған. Бет біткеннің әдемісі болған кісі. Құлап түскен қос бұрымы қызыл тобыққа түсетін сұлу жан еді. Талай адам сөз салғанда анам: «Жалғыз ұлымның бетіне шіркеу болады, маңдайынан шертеді» деп, мен үшін тұрмыс құрмаған. Жер шарында менің анама жететін ана жоқ деп білемін. Ол кісі 86 жасында дүниеден өтті, сонда мен жер бетінде жалғыз қалғандай болдым». Осыдан бірнеше жыл бұрын Қайрат ақыннан сұхбат алғанымызда алпыстан асып кеткен ағамыздың осылай дегені әлі есімде.«Анасы бар адамдар, Ешқашан қартаймайды» деген өлмейтін жыр жолдарының авторы, ақын Қайрат Жұмағалиевтің анасы – Жаңылғаным Өкенқызы. Нарынқұмның қайсар қызы отызға жетпей жесір қалып, Құдайдан тілеп алған жалғызы Қайраты үшін бар ғұмырын арнаған. Отағасынан айырылғаны аздай, кіндік кескен жерін әскерилердің тепкісіне тастап, Оңтүстік Қазақстанға жер аударылған.Туған анасындай болған аяулы жан туралы келіні, Қайрат Жұмағалиевтің жары София Нығметоллақызы былай деп ой толғайды:«…Қайрекең анасын Алматыға көшіріп алған соң пәтер жағалап, көшіп жүреді. Сол кезде бұл пәтер иелерімен келісе алмай күйіп-пісіп жүрсе, Мамам ән айтып жүреді екен. «Оның не?» деп сұраса «Сен менің қасымда болсаң, не көрсем де менен бақытты адам жоқ!» дейді екен.…Мамам 1992 жылы 86 жасында қайтыс болғанда, үйімізге адам сыймай кетті. Небір белгілі кісілер «тәбәрік» деп мамамның тұтынған заттарын, кимешегін, тіпті еден жуатын швабра таяғына дейін қалап алып кетті…» . Жаңылғаным Өкенқызы Ақынның анасы Ақын анасы Жаңылғаным Өкенқызының өлеңінен Ана тау, мына таумен төтелейін,Сары інген салып сандық жетелейін.Құдайдан сұрап алған Қайратжаным,Құдайдан сенен артық не тілейін?! Анасындай болған аяулы жан туралы келіні, Қайрат Жұмағалиевтің жары София Нығметоллақызы ой толғайды Нарынның ар жағына барғаным жоқ,Бұл жалған өтер десе нанғаным жоқ.Құрбыммен өзім теңдес өстім қатар,Сын артар ата-анама арманым жоқ! Қайрат ЖҰМАҒАЛИЕВ: «Біз дүние емес, бала мен кітап жинадық» Көрнекті ақын, аудармашы, Қазақстан Жазушылар одағының мүшесі Қайрат Жұмағалиев ұрпақ тәрбиесі, қоғамда әлі де шешімін таппай келе жатқан мәселелер төңірегінде айтары көп. Қайрат ЖҰМАҒАЛИЕВАҚ ТІЛЕКҚазақстанмын!Егемен атты шыңдамын!Жер шарындағы жаңадан туған түлғамын.Қүшағым жайып қарсы аламбейбіт таңымды,Қош келіпсіңдер, тәуелсізжарқын жылдарым!Ақ ерке Жайық —Жаралған ән мен жыр үшін,Даладай кең ғой әрқашан сенің тынысың.Өзіңе айтар перзенттік аппақ тілегім:Баянды болғай Бағың мен кетпес Ырысың!       Жайығым - Жерұйығым    Ақ Жайығым, толықсыған, толысқан,  Шағанменен, Деркөлменен тоғысқан.  Жер үстінің Жұмағы да өзіңсің,  Мен айналдым сендей құтты қоныстан. Мың бұралып Атырауға оралған,  Тіршіліктің нәрі болып таралған,  Туған жердің жаннатысың Ақ Жайық,  Бұдан артық саған теңеу таба алман. Сенде ғана өрге жүзер қайығым,  Шаттығым - сен,  Сенсің менің уайымым.  Жер үстінің Пейіші де өзіңсің,  Басылмасын арының Ақ Жайығым! Толқыныңның үнін тыңдар ел ұйып,  Өр басымды тұрмын саған мен иіп.  Қазағыммен мәңгі бірге жасай бер  Ақ Жайық деп аталатын жерұйық! Таңдану

Приложенные файлы


Добавить комментарий