Спорт трлері саба жоспары


Тақырыбы: Спорт - сенің серігің!Мақсаты: Салауатты өмір салтын ұстануға баулу. Спортқа деген қызығушылығын арттыру. Әр түрлі спорттық ойын түрлерімен танысу, тәсілдерін меңгеру. Балалардың икемділігі мен ептіліктерін, шапшаңдылық қабілеттерін дамыту. Түрі: Эстафеталық ойын Көрнекілігі: Үлкен резеңке доп, шарлар, доптар, кедергілер, жалаушалар,ысқырық, уақыт өлшеуіш. 
Барысы:
Жргізуші: Құрметті балалар! Бүгін біздің "Балдырған" тобында спорттық жарыс өтпекші. Балаларға сәт сапар тілейміз.
Сайысқа қатысатын балалардың кеуделерінде өз белгілері қыстырылған. Алдымен жүргізуші сайыс шарттарымен таныстырылады.
Сайысқа қатысушыларымен жеке таныстыру. Әр команданың ұранымен таныстыру.
Ұстанған салауатты өмір салтын,Жасқанып, ешқашан да мойымайтын, Болашақ спортшылар келді ортағаҚол соғып қарсы алайық, балалар.
«Тұлпар» тобын ортаға шақырамыз Топтың ұраны: Спортпен достас, жалқаулықпен қоштас. 
«Сұңқар» тобын ортаға шақырамыз Топтың ұраны: Бәріміз – біріміз үшін, біріміз – бәріміз үшін.
Ойын түрлері:
1.Тез адымда2. Шебер3. Кім жылдам?
4. Шегірткелер5. Доппен  секіру.
 
1."Тез адымда"
Ойынның шарты: себеттен  себетке кедергілер арасымен ирелеңдеп жүгіріп барып себетке доптарды тасу.
2. "Шебер"Шарты: бірінші бала допты шеңберге қою, екінші бала допты алып келу3." Кім жылдам?"
Мәреге дейін кім бұрын жүгіріп барады.
4. "Шегірткелер".
 Бір бала қос аяқпен кедергілер арасынан секіріп барып, қайтар жолда жүгіріп қайтады. Келесі ойыншы ойынды жалғастырады.
5. "Доппен секіру".
Үрмелі резеңке доппен секіру.
ІІІ. Қорытынды бөлім 
Көрсетті міне өз өнерін балалар,Сайыстың да соңы келіп таянар.Жеңімпазды анықтайық қанекей,Әділқазы сайысты әділ бағалар.
Сайыс соңында әділқазылар алқасы ұпай санын шығарып, қай команданың жеңгенін айтады. Жарыс соңында жеңіске жеткен командаға сыйлықтар тапсырылады. Балаларға арнайы дайындалған алқалар тапсырылады.
Спорт – көркі өмірдің,Спорт- досың, серігің.Жаттықсаң шымыр боларсың,Шынығып, өсіп, толарсың, - демекші салауатты өмір салтын ұстанып, спортты серік етейік!
Тақырыбы: « Шынықсан – шымыр боласың » Мақсаты: Мектеп жасына дейінгі балаларды салауатты өмір сүруге қызығушылығын арттыру. Спортпен айналасудағы әртүрлі дене шынықтыру жаттығуларының әдістерін үйрену, оларды қолдану. Салыстыру арқылы балалардың ой-өрісін дамыту. Ата-аналардың балабақшамен тығыз байланысын дұрыс жолға қою және ойындарға ата-аналардың белсене қатысып, ынтымақтаса жүргізілген жұмыстың нәтижелі болатындығын көз жеткізу. Іс – шараға қажетті құралдар: доп, жалау, маскалар, орамал, арқан. Барысы: Спорт залына марш сазымен 2 топтың балалары екі қатарға бір-біріне қарама-қарсытізіліп тұрды.(бір топтың балалары – жасыл киімде, екінші топтың балалары – сары киімде) Жүргізуші: Бүгінгі эстафеталық жарысымызды бастамас бұрын әділқазылар алқасын таныстырып өтуді рұқсат етіңіздер. Байскакова Д.С.- балабақшаның меңгерушісі; Қошанова А.Д.- әдіскер; Ташенова З.Ғ.- балабақшаның мейірбикесі. Жүргізуші: Бүгін екі топ жарысқа түседі. «Мергендер», «Жүйріктер» Эстафеталық жарысымыз 3 бөлімнен тұрады: 1 бөлім – «Таныстыру» 2 бөлім – «Жарыс түрлері» 3 бөлім – «Қимылды ойын» «Мергендер» Мерген, мерген, мергенбіз, Бәрін көздеп жеңгенбіз. «Жүйріктер» Топты бастап жүретін, Жүйріктерміз біз алды. Жеңісті қолдан бермейтін Жүйріктерміз біз мықты. 
Жүргізуші: Ал, қане бір-бірімізді қостаймыз Бүгінгі жарысымызды бастаймыз. 1.Эстафеталық ойын: «Жалауды тез жеткіз» Әр топтан 4 баладан шығады. Балалар жалауды ұстап кеглилердің арасынан жүгіреді, ата-аналар шармен секіріп барып қайтады. 2.Қимылды ойын: «Арқаннан секіру» 3.Эстафеталық ойын: «Әтештер сайысы» Әр командадан 2ұл, 2қыз баладан шығады. 2 кіші шеңбердегі балалар бір-бірімен күш сынасады. 4 ойын: «Орамал тастамақ» 5.«Жүйрік ат» Әр командадан 5 баладан шығады. Балалар үлкен доппен секіріп барып, жүгіріп қайтады. Ата-аналар кіші допты аяқтың арасынан қысып секіріп барып шелекке лақтырып дәлдеп түсіреді. 6.«Сиқырлы доптар» Жүргізуші:Бүгін міне оң болып бәріміз жоғары боп күш – жігер намысымыз осылайша қуанышпен думандатып аяқталды халайық жарысымыз. Сөз кезегін әділқазыларға береміз. Құттықтап, ата-аналарды «Алғыс хатпен» марапаттау. Жүргізуші: Осылайша жарыс жолын тартамыз Барлығымыз көңілді қайтамыз Балаларды шынықтырған, жаттықтырған Жаттықтырушы ағайға рахметімізді айтамыз!
Семей қаласы
«№44 жалпы орта білім беретін мектеп»
КММ-нің тәрбиешісі
М.Ж.Джаксыбаева

Приложенные файлы


Добавить комментарий