Лиро-эпосты жырлар саба жоспары



Бекітемін: __________________________
«№44 жалпы орта білім беретін мектеп» КММ
оқу тәрбие жөніндегі орынбасары
Қоқанова А.Т
«__» ____________2017жыл

Тақырыбы: Лиро-эпостық жырлар
Әдебиет пәні
Пән мұғалімі: Парасатова Т.С.
7 «В» сынып


Семей қаласы, 2017 жыл
Пән мұғалімі: Парасатова Т.С
Күні:08.09.17
Пәні: қазақ әдебиеті
Сыныбы: 7
Сабақтың тақырыбы: Лиро-эпостық жырлар
Сабақтың мақсаты:
а) лиро-эпостық жырлар туралы түсінігін кеңейту,оқушыларға ойландыратын сауал бере отырып,пікірін тыңдау;
ә) білімдік танымын,шығармашылық қабілетін,тілдік қорын,ізденістерін арттыру;
б) еңбексүйгіштікке,ұқыптылыққа тәрбиелеу;
Сабақтың түрі: жаңа сабақ
Сабақтың әдісі: сұрақ-жауап,баяндау т.б
Сабақтың көрнекілігі: кітаптар, дидактикалық материалдар т.б
Пәнаралық байланыс: тарих
Сабақтың барысы:
а) Ұйымдастыру кезеңі:
Оқушылармен амандасу,түгелдеу, оқу құралдарын тексеру, сыныптың тазалығына көңіл бөлу. Оқушылардың зейінін сабаққа аудару.
ә) Үй тапсырмасын пысықтау:1. Ауыз әдебиеті дегеніміз не?
2.Ауыз әдебиетінің қандай салаларын білесіңдер?
3.Тұрмыс-салт жыры дегеніміз не?
б) Жаңа сабақты түсіндіру:
Қазақтың эпостық жырларының ерекше бір бөлімі-ғашақтық жырлары. Ғашықтық жырлардың батырлық эпостан басты-басты үш ерекшелігі бар.
Ең алдымен, батырлардың халық мүддесі жолындағы күресін негізгі тақырып ететін батырлық эпостай емес, ғашықтық дастандардың өзекті тақырыбы-екі жастың бақытқа жету жолындағы тартысы, қасірет –зары,махаббаты.
Екіншіден,батырлық дастандарда шешуші рол атқара бермейтін рулық қарым-қатынастар, тұрмыс-салт,әдет-ғұрып ғашықтық жырлардың фабуласана заңды түрде қабысады.
Кітаппен жұмыс: Кітаптан лиро-эпостық жырлар туралы түсінікті оқу,ойларын жеткізу.
Топпен жұмыс: .Лиро-эпостық жырлардың түрлерін топтастыру.
«Қозы Көрпеш-Баян сұлу» Айман-Шолпанleft0Лиро-эпостық жырларСұлушаш
Қыз жібек Ләйлі-Мәжнүн
Құсырау-Шырын Қалқаман-Мамыр
Білімді бекіту: Өтілген тақырыпқа байланысты бірнеше сұрақтар қоямын. Түсінбеген сұрақтарына жауап беремін.
Лиро-эпостық жырының батырлар жырынан қандай айырмашылығы бар?
Ғашықтық жырлардағы қайсысының киносын көргенсіңдер?
Білімді бағалау:
Оқушылырдың жауаптарына ,сабаққа белсене қатысып отырғандарына қарай білімдері бағаланады.
Үйге тапсырма: Лиро-эпостық жырлар туралы оқып,кітаптар алып келу.
Күні: Пәні: қазақ әдебиеті Сыныбы: 7
Сабақтың тақырыбы: Қозы-Көрпеш-Баян сұлу
Сабақтың мақсаты:
а) оқушыларды «Қозы Көрпеш-Баян сұлу» жырының көне дәуір мұрасы екендігімен,оның ерекшелігімен,батырлар жырынан айырмашылығы,жыр варианттары,жырды зерттеушілермен таныстыру;
ә)оқушылардың тақырыпқа қызығушылығын ояту,мағынаны танып білуге,ажыратуға,ой толғауға дағдылындыру;
б) Елін, жерін,Отанын сүюге баулу;
Сабақтың түрі: лекция сабақ
Сабақтың әдісі: сұрақ-жауап, талдау-жинақтау, жобамен жұмыс т.б
Сабақтың көрнекілігі: оқулық, модульді-блокты жоспар т.б
Пәнаралық байланыс: тарихСабақтың барысы:
а) Ұйымдастыру кезеңі:
Оқушылармен амандасу,түгелдеу, оқу құралдарын тексеру, сыныптың тазалығына көңіл бөлу. Оқушылардың зейінін сабаққа аудару.
ә) Үй тапсырмасын пысықтау:Үйге берілген лиро-эпостық жырын сұраймын. Оқушылырға бірнеше сұрақтар қоямын.
б) Жаңа сабақты түсіндіру:
Ертедегі қазақ поэзиясында сюжетті әңгімеге құрылған жырлардың бір бөлігі лиро-эпос деп аталады. Егер батырлар жырының басты тақырыбы, күрделі әңгімесі ел қорғау жайы болса ,лиро-эпостық жырлардың олардан айырмашылығы-онда көбінесе бір-біріне ғашық болған адамдар жайы,олардың қуанышы мен арман –мқңы,қайғы-шері суреттеледі.
Лиро-эпостық жырдың ішіндегі тақырыбы,оқиғасы,құрылысы жағынан ерекше орын алатын және халық арасында көп тарағанның бірі –« Қозы Көрпеш-Баян сұлу» жыры.
Жыр тек қана қазақ арасында ғана емес,көршілес болған,тұрмыс-салты, тіршілігі ұқсас елдерде де айтылып жүрген жыр.
Жыр көп вариантты болып келеді.
Зерттеуші ғалым жылыҚай жерде,кімненформаларыОрыс ғалымы
Саблуков1830 Семейдегі көкпектілік жырауданЖазып алған
Ғ.Дербісалин1834 Омбының губернаторлық Кеңесінде іс жүргізуші болып істегенБір үлгісін хатқа түсіреді.
Андрей Фролов 1841 Бұрынғы Аягөз сыртқы окургтік приказының тілмашыҚазақ ақындарының айтуынан жазып алған.
Ш.Уалиханов1851 Атақты Жанақ ақыннан Жазып алады.
А.С.Пушкин Орынбор жанындағы ауылдарда болыпЕстіп жазып алады да поэма етіп жазуды ойлайды.
М.Путинцев1865 Қазақстанға келіпЖазып алып орыс тіліне аударады.
Академик Радлов 1870 Бір нұсқасын жазып алады да,өзінің үшінші томына енгізеді.
Профессор Н.Н.Березин 1876 «Түрік хрестоматиясы» кітабындаБір вариантын жариялайды.
Археолог ғалым Н.Пантусов 1898 Түрік өлкесін зерттеушіҚозы мен Баян моласын зерттеп,өз кітаптарында бастырған.
Орыс тарихшысыИ.А. Кастанье1910 Оренбург мұражайында Он шақты нұсқасына дерек беріп,бір нұсқасын орысшаға аударады.
Советтік дәуірде М.Әуезов 1925
1936
1939 Мәскеуде
Алматыда«Батырлар жыры» Бірінші рет басылып шығарылады.
Жанақ айтуындағы нұсқасын шығарады
«Батырлар жыры» жинағына енген.
Өткен ғасырда да, қазір де «Қозы Көрпеш-Баян сұлу» жыры жайында ғалымдардың бір тобы пікір айтса,ал бір тобы ескі дүниенің ескерткіш белгісі ретінде зерттеген екен.
Зерттеушілердің аты-жөні жылыеңбектері тұжырымдама
С.Сейфуллин 1932 «Қазақ әдебиеті» Радлов варианты бойынша тоқталады.
С.Мұқанов 1935 «батырлар жыры» туралы еңбегінде Халықтық сипаттағы жыр екендігін дәлелдейді.
Қ.Жұмалиев 1944 «Қазақ әдебиеті» Халық жырыӘ.Марғұлан
М.Ақынжанов 1958 «Қазақ әдебиеті» оқулығы «Қазақ эпосы мен әдебиеті тарихының мәселелері» монографиясындаЖырдың халықтық ортада туындағанын айтады.
Жанақ ақынға тоқталсақ,ол ірі ақын және асқан қобызшы болған.Жанақ өз кезінде жетісу,семей жақтарын көп аралаған,ақындармен айтысқа түскен,үлкен жырлар айтып жүрген.
Жанақ жырлаған «Қозы Көрпеш-Баян сұлу»-халықтық жыр,күрделі шығарма.
Бүгінгі өтейін деп отырған жырдың да ерекшелігі-оқиғаның реалистігі. Қозы мен Баян, Қарабай мен Қодар өмірде болған типтік бейне.
Жырдың өзіне тән ерекшелігі-оқиғаның диалогтік түрде берілуі.
Алдын ала жырды оқып келген екі оқушы мазмұнын айтып береді.
Білімді бекіту: Өтілген тақырыпқа байланысты бірнеше сұрақтар қоямын. Түсінбеген сұрақтарына жауап беремін.
1.Жырдың қандай варианттары бар?
2.Кімдер зерттеген?
3. Жырды неге ғашықтық жырға жатқызамыз?
Білімді бағалау: Оқушылырдың жауаптарына ,сабаққа белсене қатысып отырғандарына қарай білімдері бағаланады.
Үйге тапсырма: «Қозы Көрпеш-Баян сұлу» жырын оқып, мазмұндап келуге беремін.

Приложенные файлы


Добавить комментарий