Открытый урок по казахскому языку на теме «Отбасы мшелеріні сйікті істері ».


Пәні: қазақ тілі
Күні ______________
Сыныбы: 4
Мұғалім: З.Д. Моминшикова
Сабақ тақырыбы: Отбасы мүшелерінің сүйікті істері
Сабақтың мақсаты:
Білімділік:Модуль бойынша оқушылардың сөздік қорын қалыптастыру.Оқылым, тыңдалым, айтылым, жазылым әрекеттерін жүйелі түрде қолданып,тілдесім әрекетіне жетелеу. Оқу техникасын жандандыру.
Дамытушылық:Байланыстырып сөйлеу дағдыларын дамыту. Сөздік қорын байыту.Тәуелдік жалғау, сан есім, сілтеу есімдігін тілдесімде дұрыс қолдана білуге үйрету.
Тәрбиелік:Оқушыларды саналы білім алуға баулу және өз бетімен жұмыс жасауға бағыттау.Отбасы құндылықтарын қадірлеуге тәрбиелеу.
Сабақтың әдісі:Сұрақ-жауап,диалог құрастыру.
Сабақтың түрі: Аралас сабақ
Сабақтың көрнекілігі: «Отбасы» жайлы мазмұнды суреттер,кесте.
Сабақтың барысы:
І.Ұйымдастыру кезеңі.Оқушылармен амандасу, түгелдеу,оқу құралдарын тексеру,сынып тазалығын тексеру,назарын сабаққа аудару
Психологиялық дайындық жүргізу
Үлкенге де сіз, кішіге де сіз
Ата - ананы құрметтеп,бас иеміз біз.
ІІ. Үй тапсырмасын пысықтау.
5-жаттығу
ІІІ. Жаңа сабақ
Суркттер арқылы
Мамандық туралы
Сөздікпен жұмыс
маман-специалист мамандық-профессия
емхана-поликлиника құрылыс-стройка
Балалар, байқадыңдар ма, суреттер әр түрлі мамандықтар туралы тақырыпта болды. Ендеше бүгінгі біздің сабағымыздың тақырыбы «Отбасы мүшелерінің сүйікті істері» деп аталады. Ата, әже, әке, ана, қарындас, іні, әпке – отбасы болып есептеледі. Отбасының басшысы болады. Басшы отбасының бүкіл шаруасын ұйымдастырады. Басқа мүшелеріне қамқорлық көрсетіп, бастарын біріктіреді.Отбасының белгілі тұратын мекен - жайы және өзінің табысына лайықты шаруасы болады. Отбасы мүшелерінің бәрі де өз мүмкіндігінше іс атқарады: оқиды, жұмыс істейді, үй шаруасымен айналысады. Барлығының ортақ ісі - отбасын дұрыс ұстап, әр мүшенің дамуына жағдай жасайды.
Оқулықпен жұмыс
1-тапсырма. Біліп ал
Аспаз мұғалім дәрігер сатушы әнші
Мамандықтар
Биші суретші құрылысшы
2-тапсырма. Оқы, айт.
Мынау –құрылысшы.Ол құрылыста жұмыс істейді.
Дәптермен жұмыс
3-тапсырма. Сөйлеп үйрен.
Менің әкем –инженер.
Ол зауытта жұмыс істейді.
Менің анам-кітапханашы.
Ол кітапханада жұмыс істейді.
4-тапсырма. Жұмбақты оқы, шеш.
Жұмбақ
Мольберті бар қолында,
Кімді айттым ойымда?
Сергіту сәті
V.Сабақты бекіту. Сұрақ-жауап әдісі арқылы
VІ. Бағалау
Үйге тапсырма: 5-тапсырма. Үлгі бойынша жаз.

Приложенные файлы


Добавить комментарий