аза тілінен лексика-грамматикалы тест


Қазақ тілінен 8-сыныпқа арналған 1-тоқсандық тест (№2)
Мақсаты:оқылым әрекеті арқылы берілген мәтіннің негізгі ойын,мазмұнын түсініп,сұрақтарға жауап беру;
№1 мәтін. Құмырсқа Бір құмырсқа өз илеуінен бөлініп, ара, қоңызбен дос болыпты. Жем іздеп шыққан құмырсқа жол үстінен бір дән тауып алыпты. Жалғыз өзі әрі-бері әуреленіп, қозғалта алмапты. Енді көмек сұрау үшін достарын іздейді. Гүлден гүлге ұшып-қонып жүрген араға жолығып:
- Досым, маған көмектесіп жіберші, - деп өтініпті.
- Көрмей тұрсың ба, мен де жұмыс істеп жатырмын ғой! – деп көнбепті ара.
Енді құмырсқа қоңыздан көмек сұрапты:
- Сен үшін өз жұмысымды тастай алмаймын! – деп, қоңыз да кете барады.
Екі досынан көмек болмаған құмырсқа ренжіп келе жатса, алдынан өзінің ұялас достары кездесіпті. Олар мұның түрін көріп:
- Не істеп жүрсің? – деп сұрапты.
Құмырсқа өз басынан кешкенін айтады. Достары көмектеседі де, дәнді бірігіп көтеріп алып кетеді. Құмырсқа қайта үйіріне қосылады. «Жаңа достың қадірі ескі достай бола алмас» деген сөз содан қалыпты.
Мәтінге байланысты тест тапсырмалары:1. Құмырсқа қандай қателік жасады?а) достарын сатып кетті в) ескі достарымен бірге болды с) үйінен алысқа кетіп қалды д) жазда дән жинамады е)достары құмырсқаны қуып жіберді
2. Мәтінде қандай антонимдер бар?
а) қоңыз, ара в) жаңа, ескі с) көмек, жұмыс д) сұрау, айту е) көну, көнбеу3. Мәтінге сәйкес мақалды белгілеңіз.а) Нағыз дос дұшпан болмас в) Өмірдің өзі — ұлы ұстаз.с) Күлме досыңа, келер басыңа. д) Заттың жаңасы жақсы, достың ескісі жақсы.  
е) Отан оттан да ыстық.4. Нағыз дос қандай сөздерді айтпайды?а) Бірге көтерген жүк жеңіл. в) Сен үшін өз жұмысымды тастай алмаймын!с) Бір–бірімізге көмектеспесек, қалайша дос боламыз? д) Жолдасын тастаған жолда қалар.
е)Әрине, көмектесеміз!5. «Құмырсқа» сөзін қай топқа қосуға болады? а) құстар в) балықтар с) жәндіктер д) аңдар е)жануарлар
№2 мәтін. Қожанасырдың тойға баруы
Бір бай той жасапты. Тойға көп адам келіпті. Қожанасыр да келіпті. Қожанасырдың үстіндегі киімі жаман екен. Қожаны ешкім елемепті, бұған төрге шық, тамақ же демепті. Қожа ақырындап далаға шығыпты. Үйіне барып, жақсы киімдерін киіп, қайта келіпті. Бұл жолы үй иесі Қожаға төрден орын беріпті. Ет келгенде:- Қожеке, алыңыз, алыңыз!- деп қадірлепті. Қожа етті жемейді, табаққа шапанының жеңін малып:- Же, шапаным, же,- деп отыра беріпті. Үй иесі өкпелеп:- Сіз о не қылғаныңыз, шапан ет жей ме?- дейді.Сонда Қожа:- Cен мені сыйламайсың, киімді сыйлайды екенсің. Сондықтан жеңіме жегізіп отырғаным ғой,- деп жауап беріпті.
1. Мәтінге қандай ат лайықты?
а) Байдың үйі в) Қожанасырдың тойға баруы с) Қожекеңнің киімід) Байдың өкпелеуі е) Қожанасырдың тойы2. Қожаның мінезіне лайық сөздерді табыңыз.
а) өсекші, өтірікші, қатал, сараң в) тапқыр, ақылды, қу, әділс) білімді, жуас, тұйық, қыңыр д) іскер, пысық, алаяқ, арам
е) ақылды, қыңыр, өсекші, жуас3. Мәтінге сәйкес мақалды белгілеңіз.а) Үйінде қартың болса — асыл қазынаң в) Үй баласымен базарлы, қонағымен ажарлыс)Киіміне қарап қарсы алады, Біліміне қарап шығарып салады.д) Үйің жаман болса, күйің жаман е) Досы көпті жау алмас.4. Мәтінге сәйкес сөйлемді табыңыз.а) Бай кедейлерді менсінбейді. в) Қожанасыр байды қатты сыйлайды.с) Бай адамның бәріне бірдей қарайды.д) Қонаққа нашар киіммен барған дұрыс.
е) Бай қонаққа нашар киіммен келгендерді сыйлайды.
5. Мәтінде қандай қазақ ұлттық киімі туралы айтылған?
а) тақия в) тон с) шапан д) мәсі е)сәукеле
Лексика-грамматикалық тапсырмалар
Мақсаты:оқушылардың бірінші тоқсан бойынша алған білім деңгейлерін тексеру
Дұрыс нұсқасын табыңыз. Маған ана ... беріп жіберіңізші. А) қаламға В) қалам С) қаламды D) қаламмен Е)қаламдан
Дұрыс жауапты табыңыз. Сендер Түркияға сапар ... . А) шегеміз В) шегесіздер С) шегесіңдер D) шегемін Е)шегеді
Диалогті аяқтаңыз. - Ғалия, сен аудармашысың ба? – Иә, мен ... . А) аудармашысың В) аудармашы С) аудармашымын D) аудармашысыз Е)аудармашының
Сөйлемді толықтырыңыз. Отан - ... ыстық (қазақ мақалы). А) жалыннан да В) оттан да С) шоқтан да D) күннен де Е)үтіктен де
Қарсы мағынадағы сөзді табыңыз. Ашу - ..., ақыл - ... . (мақал) А) жаны, қасы В) алға, ілгері С) жақсы, жақсылау D) дұшпан, дос Е)жаман, жақсы
Сөйлемнің өткен шақтағы дұрыс жауабын табыңыз. Нұрлан хат жазып отыр. А) Нұрлан хат жазды В) Нұрлан хат жазбақшы С) Нұрлан хат жазар D) Нұрлан хат жазады Е) Нұрлан хат жазу
Сөйлемді толықтырыңыз. Үйге ... жаяу барамын. А) дейін В) кейін С) таман D) жөнінде Е)туралы
«Даңқты» сөзінің мағыналас сөзін табыңыз. А) атты В) атақ С) атқосшы D) атақты Е) атсалысты
Керек сөзді белгілеңіз. Қаңтардың ... жұлдызында бәріміз шипажайға барамыз. А) жиырмада В) жиырмасында С) жиырмасыншы D) жиырма Е) жиырмасы
Дұрыс нұсқасын табыңыз. Балқаш Алакөлден ... . А) тереңірек В) тереңдік С) тереңдігі D) тереңнен Е) тереңнен


Приложенные файлы


Добавить комментарий