Параллель тзулер, оларды белгілері жне асиеттері


Тақырыбы:
Сабақ 33-34 Параллель түзулер, олардың белгілері және қасиеттері
Күні,айы: Мұғалімнің аты-жөні:
Сабаққа қатысқан оқушылар саны: Сабаққа қатыспаған оқушылар саны:
Оқу бағдарламасына сәйкес оқу мақсаты 7.1.2.3
екі түзуді қиюшымен қиғанда пайда болған бұрыштарды танып білу;
7.1.2.4
түзулердің параллельдік белгілерін дәлелдеу;
7.1.2.5
түзулердің параллельдік белгілерін есептер шығаруда қолдану;
7.1.2.6
параллель түзулердің қасиеттерін дәлелдеу;
7.1.2.7
параллель түзулердің қасиеттерін есептер шығаруда қолдану;
Сабақ мақсаты Барлық оқушылар:
Параллель түзулердің қасиеттері  тақырыбында үйренген білімді күнделікті өмірмен байланыстыра алады.
Оқушылардың басым бөлігі:
Параллель түзулердің қасиеттерін және оларға сәйкес теоремаларды дәлелдеуді үйренеді
.
Кейбір оқушылар:
 Параллель түзулердің қасиеттерін және оларға сәйкес теоремаларды дәлелдеуді және есептер шығару кезінде қолдануды үйренеді
Сабақтың барысы
Сабақтың кезеңдері Жоспарланған жұмыс Ресурстар
Сабақтың басы(2-5 минут) (МК)Оқушылардың сабаққа дайындығы.Сабақтың басталуына жағымды ықпал ететін көңіл күй қалыптастыру. Сабақ мақсатымен таныстыру.
Үй тапсырмасының дұрыс орындалғанын анықтап, қате орындалған жұмыстарды оқушылармен бірлесе отырып талқылау.
 Қандай бұрыштар вертикаль бұрыштар деп аталады?
ü  Қандай түзулер перпендикуляр түзулер деп аталады?
ü  Қандай түзулер параллель түзулер деп аталады?
ü  Берілген түзуде жатпайтын бір нүкте арқылы түзуге параллель неше түзу жүргізуге болады?
ü  Бір түзуге перпендикуляр екі түзу қиылысама?
Сабақтың ортасы (6-40 минут) (МК,Ұ)
Постермен жұмыс
Түзулердің параллельдік белгілері .
Інұсқа
1.Егер екі түзуді қиюшымен қиғанда ... тең болса , онда бұл түзулер параллель болады.
( Параллельдіктің І белгісі орындалатындай етіп , көп нүктенің орнына тиісті сөздерді қойыңдар. )
2.Егер қайсыбір түзу параллель екі түзудің біреуін қиса , онда ол екіншісін қиюы мүмкін бе ?
3.Параллель екі түзу мен қиюшыдан жасалған ішкі тұтас екі бұрыштың айырмасы 300 тең .Осы бұрыштар неге тең?
4.Параллель екі түзуді қиюшымен қиғанда пайда болатын бұрыштардың біреуі 750 –қа тең. Осы бұрыштар неге тең?
ІІ нұсқа
1.Егер екі түзуді қиюшымен қиғанда ... тең болса, онда бұл түзулер параллель болады.
( Параллельдіктің ІІ белгісі орындалатындай етіп, көп нүктенің орнына тиісті сөздерді қойыңдар. )
2.Егер параллель екі түзуге үшінші түзу параллель болса, онда үш түзу өзара параллель болуы мүмкін бе ?
3.Параллель екі түзу мен қиюшыдан жасалған ішкі айқышш екі бұрыштың қосындысы 1500-қа тең. Осы бұрыштар неге тең ?
4. Параллель екі түзуді қиюшымен қиғанда пайда болатын бұрыштардың біреуі 650 –қа тең. Осы бұрыштар неге тең?
Топтық жұмыс
1- теорема (§8, 2-теоремаға кері теорема). Егер параллель екі түзуді үшінші түзу қиып өтсе, онда пайда болған айқыш бұрыштар тең болады.
2-теорема (§8, 3-теоремаға кері). Параллель екі түзу үшінші түзумен қиылысқанда а) ішкі тұтас бұрыштардың қосындысы 1800-қа тең; ә) сәйкес бұрыштар тең болады.
3-теорема. Сәйкес қабырғалары параллель екі бұрыш өзара тең немесе олардың қосындысы 1800-қа тең болады.
Салдар. Сәйкес қабырғалары бірдей немесе қарама-қарсы бағытталған екі бұрыш тең болады.
Жеке жұмыс
№108. Екі параллель түзу үшінші түзумен қиылысады. Ішкі бұрыштардың бірі мен оған вертикаль бұрыштың қосындысы 2400-қа тең. Берілген бұрышқа сәйкес бұрышты табыңдар. Жауабы. 1200
№3 а және в параллель түзулері с түзуімен қиылысады. Ішкі тұстас бұрыштарды табыңдар:
2) 1 – 2 = 300; 3) 1 : 2 = 1 : 2
Жауабы:
2) 1050; 750 3) 600; 1200
№4 АВ және СД түзулері КL түзуімен О және Е нүктелерінде қиылысады. Егер КОВ бұрышы КЕС бұрышының төрттен бір бөлігін құраса және
КЕС = 1440 болса, онда АВ және СД түзулерінің параллель болатынын дәлелдеңдер.
Жауабы: КОВ = АОЕ себебі вертикаль бұрыштар. АОЕ + КЕС = 1800,
АОЕ = 1800 – 1440 = 360, сондықтан параллель.
№5 а және в параллель түзулері с түзуімен қиылысады. Ішкі тұстас бұрыштарды және ішкі тұстас бұрыштың біреуіне вертикаль бұрышты табыңдар:
1) 2 = 1/2* 1; 2) 3 + 2 = 700; 3) 3 : 1 = 2 : 3
Жауабы:
1) 600; 1200 2) 350; 350 3) 720; 1080
Деңгейлік тапсырмалар:
І деңгей тапсырмалары
1. Егер а мен b және b мен с түзулері қиылысса, а мен с түзулері қиылысады деп айтуға бола ма?
2. с түзуін жүргізіп, оған тиісті емес А нүктесі белгілеңдер. Осы нүктелердің әрқайсысы арқылы с түзуіне параллель болатын түзу жүргізіңдер. Ол түзулер қалай орналасады?
3. а,b түзулері берілген. Егер а‖b болса, b‖а бола ма? Жауабын түсіндіріңдер.
4. а мен b түзулері бір нүктеде қиылысады. Олардың әрқайсысына параллель түзулер бола ма? Жауабын түсіндіріңдер.
ІІ деңгей тапсырмалары1. а.b,c түзулері берілген. а‖b, ал b мен с қиылысады. А мен с түзулерінің де қиылысатынын дәлелдеңдер.
2. Сәуле жазыңқы бұрышты 1:4 қатынасқа бөлсе, пайда болған бұрыштардың шамалары қандай?
ІІІ деңгей тапсырмалары1. а түзуі мен осы түзуге тиісті емес а нүктесі берілген. А нүктесі арқылы өтетін үш түзудің ең болмасы екеуі а түзуін қиятынын дәлелдеңдер.
Топтық жұмыс.
Парталас сыныптастарыңмен үшінші деңгей есебін шығарыңдар.
Оқулық
Аудидиск:
1.7.1; 1.7.3;
Қосымша тапсырма:1.7
Сабақтың соңы( 41-45мин) «Сиқырлы ағаш» ойыны.
Ойынның мақсаты: Оқушыларды сұраққа жауап бере білуге үйрету.
Ойынның шарты: Тақтаға ағаштың суреті ілінеді. Жемістердің сыртында бір сұрақтан жазылады. Тақтаға шыққан оқушы бір жемісті алып, ол қандай жеміс екенін, сұраққа жауап береді. Сөйтіп оқушылар ағашты жеміске толтырады.
№1.AB∥CD; EF-қиюшы,
(1) Егер ∠1=110   , ∠2 - ні тауып, себебін түсіндір.  (2) ∠4 неше градус?
Суретте:қабырғаға орналасқан су трубасы көрсетілген. Егер
AB IICE, ∠ABC=142o болса,
∠BCE - ны табыңдар?
 №2. Суретте:қабырғаға орналасқан су трубасы көрсетілген. Егер
AB IICE, ∠ABC=142o болса,
∠BCE - ны табыңдар?
Сөз жұмбақ
1.    Тік бұрыш жасап қиылысатын түзулер?
2.    8 қандай сан?
3.    Нүктеден, екі сәуледен
Фигура ол құрайды.
Айтындаршы қанекі
Қалай ғана аталады?
4.    Қосуға кері амал?
5.    Ұзындық өлшем бірлігі?
6.    Нәрселерді санау қолданылатын сандар?
7.    Геометриялық фигуралардың барлық қабырғалардың барлық қабырғаларының қосындысы не деп аталады?
8.    Ортақ нүктесі бар түзулер қалай аталады?
9.    Шеңберді сызатын құрал?

(Қ)Сабақты қортындылау мақсатында мұғалім оқушылармен кері байланыс орнатады.Оқушылар сабақ барысында нені білгенін, қалай жұмыс істегенін ,не қызықты әрі жеңіл болғанын, не киындық туғызғаны туралы ой-пікірлерін білдіре алады. Қосымша ақпарат
Қорытындылау Төмендегі бөлікті сабағыңыз туралы өз ойыңызды жазуға қолданыңыз.Өз сабағыңыз бойынша сол жақ бағандағы сұрақтарға жауап беріңіз.
1.Сабақ барысында өзгертулер енгіздіңіз бе?
2.Жүргізген жұмыс түрлері қаншалықты тиімді болды?
Қорытынды бағалау
Ең жақсы өткен екі нәрсе?
1.
2.
Қандай екі нәрсе сабақты жақсартар еді?
1.
2.

Приложенные файлы


Добавить комментарий