«Студенттік ортадаы ы бзушылыты алдын алу»


Қазақстан Республикасының Білім және ғылым министрлігі
ШҚО әкімдігі білім басқармасы
«М.О.Әуезов атындағы педагогикалық колледжі» КМҚК

Тәрбие сағаты
Тақырыбы:«Студенттік ортадағы құқық бұзушылықтың алдын алу»
48 топ
Топ жетекші: Мұратбекова А.М.

2017 жыл
Тәрбие сағатының тақырыбы: «Студенттік ортадағы құқық бұзушылықтың алдын алу»
Тәрбие сағатыныңмақсаты: Оқушылардың құқықтық сауаттылығын арттырып, құқық бұзушылық және қылмыс белгілерімен, түрлерімен таныстыру, жасөспірімдердің құқықтары мен міндеттерімен таныстыру. Қоғамның заңдары мен нормаларын орындауға, құқықтары біліп оны құрметтеуге тәрбиелеу.
Тәрбие сағатының міндеттері:
- Азаматтық құқық бұзушылық, әкімшілік құқық бұзушылық, тәртіптік құқық бұзушылық туралы студенттерге түсініктеме беру;
- Колледждің ішкі тәртіп Ережесімен таныстырып өту;
- Білім алушыларды ұлтжандылыққа, инабаттылыққа, достыққа, адамгершілікке тәрбиелеу.
Тәрбие сағатының түрі: пікірталас.
Тәрбие сағатыныңкөрнекілігі: презентация.
Тәрбие сағатының формасы: топтық сағат.
ӨТІЛУ БАРЫСЫ:
І. Ұйымдастыру кезеңі:
1. Амандасу.
2. Білім алушыларды тәрбие сағатының тақырыбы, мақсат-міндеттерімен таныстыру.
3. Психологиялық даярлық.
ІІ. Негізгі бөлім.
1. Проблемалық сұрақ:
- «Сенің құқығың-менің құқығым!» деген сөзді қалай түсінесің?
2. Пікір-талас:
Топ жетекшісінің кіріспе сөзі: Мемлекетіміздің ата Заңының 1 – бабында Қазақстан Республикасы өзін демократиялық, құқықтық және әлеуметтік мемлекет ретінде орнықтырылды. «Оның басты қазынасы – адам және адамның өмірі, құқықтары мен бостандықтары» деген қастерлі сөзді кіргізген. Бүгінгі құқықтық мемлекет құрамыз деген заманда әрбір адам өз құқықтарын жете біліп, жалпы заң білімі саласынан мағлұмат алғаны дұрыс. Заңды аттамай, тура жолмен жүріп, еліне адал қызмет еткен азамат қана мұратына жетеді. Сондықтан заңды білу – заман талабы.
«Сенің құқығың» - баптарды еске түсірейік.
Біздің елімізде адам құқықтары Ата Заңымыз – Қазақстан Республикасының Конституциясында көрініс тапқан. Ол 9 бөлім, 98 баптан тұрады. Оның екінші бөлімінің 30 бабы құқыққа арналған.1.2. «Сенің құқығың!»14-бап 1. Заң мен сот алдында жұрттың бәрі тең.2. Тегіне, әлеуметтік, лауазымдық және мүлiктiк жағдайына, жынысына, нәсiлiне, ұлтына, тiлiне, дінге көзқарасына, нанымына, тұрғылықты жеріне байланысты немесе кез келген өзге жағдаяттар бойынша ешкiмдi ешқандай кемсітуге болмайды.15-бап1. Әркiмнiң өмір сүруге құқығы бар.2. Ешкімнің өз бетінше адам өмірін қиюға хақысы жоқ. Өлім жазасы адамдардың қаза болуымен байланысты террористік қылмыстар жасағаны үшін, сондай-ақ соғыс уақытында ерекше ауыр қылмыстар жасағаны үшін ең ауыр жаза ретінде заңмен белгіленеді, ондай жазаға кесілген адамның кешірім жасау туралы өтініш ету хақы бар.16-бап1. Әркім өзiнiң жеке басының бостандығына құқығы бар.2. Заңда көзделген реттерде ғана және тек қана соттың санкциясымен тұтқындауға және қамауда ұстауға болады, тұтқындалған адамға шағымдану құқығы берiледi. Соттың санкциясынсыз адамды жетпіс екі сағаттан аспайтын мерзімге ұстауға болады.3. Ұсталған, тұтқындалған, қылмыс жасады деп айып тағылған әрбір адам сол ұсталған, тұтқындалған немесе айып тағылған кезден бастап адвокаттың (қорғаушының) көмегін пайдалануға құқылы.17-бап1. Адамның қадір-қасиетіне қол сұғылмайды.2. Ешкiмдi азаптауға, оған зорлық-зомбылық жасауға, басқадай қатыгездік немесе адамдық қадiр-қасиетiн қорлайтындай жәбір көрсетуге не жазалауға болмайды.19-бап1. Әркім өзiнiң қай ұлтқа, қай партияға және қай дінге жататынын өзі анықтауға және оны көрсету - көрсетпеуге хақылы.2. Әркiмнiң ана тiлi мен төл мәдениетін пайдалануға, қарым - қатынас, тәрбие, оқу және шығармашылық тiлiн еркін таңдап алуға құқығы бар.22-бап
1. Әркiмнiң ар - ождан бостандығына құқығы бар.2. Ар-ождан бостандығы құқығын жүзеге асыру жалпы адамдық және азаматтық құқықтар мен мемлекет алдындағы міндеттерге байланысты болмауға немесе оларды шектемеуге тиіс.25-бап1. Тұрғын үйге қол сұғылмайды. Соттың шешiмiнсiз тұрғын үйден айыруға жол берiлмейдi. Тұрғын үйге басып кіруге, оны тексеруге және тінтуге заңмен белгіленген реттер мен тәртіп бойынша ғана жол берiледi.2. Қазақстан Республикасында азаматтарды тұрғын үймен қамтамасыз ету үшін жағдайлар жасалады. Заңда көрсетілген санаттағы мұқтаж азаматтарға тұрғын үй заңмен белгiленген нормаларға сәйкес мемлекеттік тұрғын үй қорларынан олардың шама-шарқы көтеретін ақыға берiледi.
Жасөспірімдер арасында қылмыстық істердің көбею себептері:
Отбасындағы ақау тәрбие;
Отбасындағы материалдық әл-ауқаты;
жұмыссыздық;
баланың бос уақытының шамадан тыс мол болуы;
ата-ана тарапынан бақылаусыз қалуы;
мінез-құлқының ауытқушылығы;
Рухани құлазуы;
Азаматтық-құқықтық катынастың көпшілік бөлігі міндеттеменің бұзылуынан пайда болады. Азаматтық-құқықтық жауапкершілік мүліктік қатынастармен байланыста болғандықтан ол төмендегідей қасиеттерімен ерекшеленеді:
а) борышкордың міндеттемені бүзуынан туындаған мүліктік шығындарды несие берушіге өндіріп беру;
ә) борышқордың міндеттемені тиісті дәрежеде орындауын кадағалау;
б) борышқорды міндеттемені орындамаганы немесе тиісті дәрежеде орындамағаны үшін жазалау;
в) белгілі бір дәрежеде несие берушінің міндеттемеге қатысуына түрткі болу;
г) борышқордың тәртіпсіздік фактілерін басқа тұлғалардың көзінше дәлелдеу болып табылады.
Азаматтық-құқықтық жауапкершілік мынадай негізгі қызметтерді аткарады: жазалау, қалпына келтіру, тәрбиелік.
Жазалау қызметі— міндеттемені бүзған немесе шығып келтірген түлғаның мүлкінің азаюы.
Тәрбиелік қызметі— құқық бұзушы болашақта мұндай әрекеттер жасауға жол бергізбейді.
Қалпына келтіру қызметі— шығын келген тұлғаныц мүліктік жағдайын қалпына келтіру.
Азаматтық-құқықтық жауапкершіліктің негіздері мен турлері.
Азаматтык-құқықтық жауапкершіліктің туындауы үшін азаматтық-құқықтық жауапкершілікке тән тәртіпсіздік жасалуы шарт.
Азаматтық құқық бұзушылықтың элементтеріні жататындар: белгілі бір тұлғаның құқыққа қайшы келетін әрекеті; келтірілген (шеккен) зиянның немесе залалдың болуы; құкыққа қайшы әрекет пен келтірілген зиянның салдары арасындағы себепті байланыс;  HYPERLINK "https://kk.wikipedia.org/wiki/%D2%9A%D2%B1%D2%9B%D1%8B%D2%9B" \o "Құқық" құқық бұзушының кінәсі. Борышқорды міндеттемені бұзғаны үшін жауапқа тарту несие берушінің талабымен жүзеге асырылады.
Тұлғаның құқыққа қайшы келетін әрекеті немесе өрекетсіздегі заңға немесе шартқа сәйкес келмейтін құқыққа әрекет. Мұндай жағдайда белгілі мүліктік игіліктер мен қүқықтар бұзылады. Сонымен қатар құқыққа қайшы әрекет объективті жене субъективті құқықтардың бір мезгілде бұзылуын білдіреді."
 Зиян — заңмен қорғалатын игілік атаулының кемуі. Егер зиян мүліктік сипат алатын болса, оны залал деп атайды.
Жауапкершіліктің негізгі нысаны залалдыңорнынтолтыру. Залалды өтеу мен міндеттеменің бұзылуы барлық жағдайында жүзеге асуы тиіе. Міндеттемені бұзған борышқор несие берушіге келтірілген шығындарды өтеуі тиіс. Құқығы бүзылған тұлға оған келтірілген шығынның «•рнын толық өтеуді талап ете алады.
Залал — зардап шегушінің мүліктен айырылуы немесе оған зардап келуі (реалды шығын), сонымен қатар егер оның құқығы бұзылмаған жағдайда алуы  HYPERLINK "https://kk.wikipedia.org/w/index.php?title=%D0%A2%D0%B8%D1%96%D1%81&action=edit&redlink=1" \o "Тиіс (мұндай бет жоқ)" тиіс болған маидалар (жіберілген пайдалар).Залалды анықтау барысында міндеттемеге орындалуы тиіс болған орындағы бағалар ескеріледі.
Жіборіп қойған пайданы есептеу барысында несие берушінің пайданы алуға бағытталған әрекеттері мен дайындықтары ескеріледі.
 Құқыққа қайшы өрекет немесе әрекетсіздіктің тікелей себіпші болуынан келтірілетін зиян немесе т.б. мүліктік ауыртпалық. Бұл азаматтық-құқықтық жауапкершіліктегі себіпті байланысты көрсетеді.
Борышқор міндеттемені орындамағаны немесе тиісінше орындамағаны үшін кінөлі болғанда ғана жауапты. Егер борышқор ол міндеттемені тиісті деңгейде орындауға бар мүмкіншілігін қолданғанын дәлелдей алса кінәсіз деп танылады.
Заңды тұлға — жоғары қауіптілік көзінің иесі зардап шегушілердің алдында тікелей кінәсі болмаса да жауапты болады. Жоғары қауіптілік көзіне көлік құралдары, өндіріс кәсіпорындары, жануарлар, құрылыстар жене т.б. жатады.
Моральдық зиянның орнын толтыру.
Моральдық зиян — жеке және заңды тұлғаның жеке мүліктік емес игіліктерінің бұзылуы, сонымен қатар оған құқыққа қайшы әрекет нәтижесінде жәбірленушіге келтірілген жан мен дене күйзелісін де жатқызамыз (масқаралау, ұятқа қалу, дене күйзелісі, қорқу және т.б.).
Моральдық зиян мүліктік залалдың нысанына қарамас- тан ақшалай нысанда төленеді. Моральдық зиянның көлемін анықтау барысында жәбірленушіге келтірілген зиянның субъективтік жәнө объективтік мән-жайлары ескеріледі.
Әкімшілік құқық – ол мемлекеттік басқарудағы қоғамдық қатынастарды реттейтін және әкімшілік құқық бұзушылық жасағаны үшін жауаптылықты белгілейтін ҚРның қолданыстағы құқығының саласы.
Әкімшілік құқық бұзушылықты жасау әкімшілік жауапкершіліктің негізі ретінде, әкімшілік жаза қолдануға әкеп соғады. Жаза қолдануға нормативтік негіздемеге құқық нормалары жатады және әкімшілік жауапкершілік осы нормаларға сәйкес белгіленіп, қолданылады.
Әкімшілік құқық бұзушылықты басқа құқыққа қайшы әрекеттен айыру үшін оның белгілерін білу қажет. Сонымен, әкімшілік құқық бұзушылықтың белгілеріне мыналар жатады: заңға қайшылық. Бұның мәні құқық нормасының диспозициясын бұзатын әрекеттің (әрекетсіздіктің) жасалуында, ал ол үшін әкмшілік жауапкершілік белгіленеді. Мысалы, құқық бұзушылық құқықтың, заңнаманың әр түрлі салаларының нормаларына қатысты болуы мүмкін (мысалы, білім, қораныс, ветеринария, т.б. туралы), бірақ ол үшін әкімшілк, сот тәртібінде қолданылатын әкімшілік жазалау шаралары көзделсе, онда ол әкімшілік құқық бұзушылыққа жатады.
Кінәлілік. Кез-келген әрекетті (әркетсіздікті) жасаудағы кінәлілік дегеіміз – оның қасақана немесе абайсда жасалуы. Кінәнің болуы - әкімшілік құқық бұзушылықтың міндетті түрдегі белгісі, ал кінә болмаса іс-әрекет әкімшілік құқық бұзушылық деп танылмайды, сондақтан кінәнің формасы сараланбайды. Ол белгілі бір теріс қылықты жасағадық үшін әкімшілік жауапкершілік салыстырмалы- белгілі бір жазалау шараларында көрініс тапқанда, мысал, көптеген теріс қылықтар үшін жаза бергенде, негізгі немесе қосымша жаза бергенде ескеріледі. Жаңа ӘҚтК-тің 36-бабына сәйкес заңды тұлағалардың әкімшілік жауакершілігі белгіленген, онда кінә саралаушы белгі болып табылмайды (яғни, кінә анықталмайды).
Жаппай жасалу (теріс қылықтардың жаппай орын алуы). Жаппай жасалушылық әкімшілік құқық бұзушылықтың белгісі ретінде заң ғылымында әзірше толық, жан-жақты зерттелмеген.
Жаппай жасалғандықты көрсететін белгілерге мыналар жатады: теріс әрекетті қайталап жасау, не құқық бұзушылықты көптеген субъектілердің алдын-ала келісімінсіз жасауы. Мысалы, электр немесе жылу қуатын пайдалану құқығын бұзу.
Әкімшілік құқық бұзушылықтың белгілерімен қатар, оны басқа құқыққа қайшы әрекеттерден (әрекетсіздіктерінен) айыру қажет. Және бұл мәселені дұрыстап қарастыру, біріншіден, мемлекетті басқару органдары мен лауазымды тұлғалар үшін өте маңызды.
Ең басты, материалды белгісі бойыша, яғни қоғамға қауіптілік дәрежесіне қарай барлық құқық бұзушылықтар екіге бөлінеді: Қылмастар және теріс қылықтар.
Әкімшілік құқық бұзушылыққа қарағанда қылмыстық қоғамдық қауіптілік дәрежесі жоғары болады. Және бұлар қылмыстық заң бойынша сараланып, жауапкершілікке тартылады.
Сонымен қатар, әкімшілік құқық бұзушылықты, тәрбиелік мәнді теріс қылықтардан ажырату маңызды. Яғни, теріс қылық – белгілі бір мекеме немесе ұйымның нақты бір қызметтеріне жүктелген әрекетті жасамау. Ал, әкімшілік құқық бұзушылық жалпыға бірдей міндетті ережелерді, нормаларды орындамау.
«Әкімшілік құқық бұзушылық туралы заңдардың міндеттері – адамның және азаматтардың құқықтарын, бостандықтарын, заңды мүдделерін, халықтың денсаулығын, санитариялық – эпидемиологиялық салауаттылығын, қоршаған ортаны, қоғамдық имандылықты, меншікті, қоғамдық тәртіп пен қауіпсіздікті, мемлекеттік билікті жүзеге асырудың белгіленген тәртібін, ұйымдырадың заңмен қорғалатын құқықтары мен мүдделерін әкімшілік құқық бұзушылықтан қорғау, сондай-ақ олардың жасалуының алдын алу деп жазылған ҚР ӘҚтК-нің 7-баптың 1-ші тармағында. Осы жоғарыда айтылған міндеттерді орындау үшін жауаптылықтың негіздері мен принциптері белгіленеді. Яғни, қандай әрекеттерді әкімшілік құқық бұзушылық деп қарастыруды, қолданылатын жаза түрлерін, оны қолдану тәртіптерін көрсетеді.
Әкімшілік құқық бұзушылық туралы заңдардың принциптерінің басты маңызы: заңдарды бұзу, әрекеттің сипаты мен дәрежесіне қарай, іс бойынша жүргізілген істі жарамсыз деп тануға, шешімдердің күшін жоюға әкеп соғады. Яғни, бұл принциптер істі дұрыс шешу үшін маңызды.
3. Сұрақ-жауап:
«Тығырықтан шығар жол қайсы» (ситуациялық жағдайды шешу)
(әр білім алушы өз ойларын ортаға салады)
Жастар арасындағы қылмысты азайту үшін не істеу керек?
Қылмыс жасағаны үшін жасөспірімдерге қандай жазалар қолданылады?
Кәмелеттік жасқа толмаған жасөспірімдерді жазалаудың ерекшеліктері туралы айтып өтсенніз ?
Жас өспірімдер көбіне қандай қылмыс түрлерін жасайды?
Неге барлық заң бұзушылыққа жас өспірімдер 16 жастан , ал кейбір заңбұзушылыққа 14 жастан жауапкершілікке тартылады?
Арнайы қызметкерлерді жалған шақырған жағдайда қандай шара қолданады?
Қазіргі уақытта жасөспірімдердің түнде көшеге шығуы кездеседі. Осыған қандай шаралар қолдануға болады?
IV. Қорытынды бөлім
Колледж бен жанұяда жақсы қасиеттерді бойға сіңіріп, тәрбиелі, мәдениетті, білімді адам болуға ұмтылуымыз керек. Құқықтық сауатсыздық, яғни өз құқы мен міндетін білмей, басқаның құқын сыйламаудың кесірінен көптеген келеңсіз жағдайларға кезігіп отырмыз. Осы орайда қылмыстың қоғамдағы зияны мен адам тағдырын адастыратын іс екенін әрқайсымыз жете түсінуге тиіспіз. Олай болса құқықтық тәрбие мен құқықтық мәдениетті санаға сіңіріп, өзімізді және қасымыздағы адамдардың жеке басын қадірлеп, құрметтейік.
Өмірің болсын десең сенің сәндіОйланып, айналаңа қара мәнді.Адам бол! Білімі тасқан, өнері асқанӨзіңе сүйсіндірер басқа жанды.Салауатты мақсатың - өмір сүру,Өмірдің мағынасын керек білу.Ішімдік, нашақорлық сенің жауыңПайдасы сол – бұл жолдан аулақ жүру.Мен жігіт 15-30 арасында,
Бұл шақта көп бересі, аласымда.
Жан жағым толған мақсат, толған таңдау,
Алайын анасын ба, мынасын ба,
- деп арқалы ақын Сұлтанмахмұт Торайғыров жырлағандай болашақта шалыс қадам баспай, өз өмірлеріне жауап беретін ата-анасының емес бүкіл алаштың азаматтары болады деген сеніммен бүгінгі тәрбие сағатымызды аяқтаймыз.

Приложенные файлы


Добавить комментарий