Урок на тему Лепті сйлем


Сабақтың тақырыбы: Лепті сөйлем
Сабақтың мақсаты:
Жаттығу жұмыстарын жүргізу арқылы лепті сөйлемдерді басқа сөйлем түрлерінен ажырата білуге үйрету. Сөйлемдерді салыстырып, айырмашылығын дәлелдей білуге баулу.
Оқушыларды тыныс белгілерін дұрыс қоя білуге дағдыландыру. Оқушылардың сөздік қорларын, есте сақтау қабілеттерін дамыту, байланыстырып сөйлеу қабілеттерін арттыру.Оқушыларды адамгершілікке, достыққа, ұқыптылыққа баулу. Эстетикалық талғамдарын арттыру. Көркем, әрі сауатты жазуға баулу.
Сабақтың түрі: саяхат сабақ
Сабақтың типі: аралас сабақ
Сабақтың әдісі: түсіндіру, әңгімелеу, сұрақ-жауап, талдау, т.б.
Сабақтың көрнекілігі: слайдтар, ертегі кейіпкерлері
Сабақтың технологиясы: дамыта оқыту технологиясы
Пәнаралық байланыс: өзін-өзі тану
Құндылығы: дұрыс әрекет
Қасиеті: достық, қамқорлық, әрқашан көмек беру
Сабақтың барысы:
І. Ұйымдастыру кезеңі.
Психологиялық даярлық.
ІІ. Өткенге шолу.
Балалар, біз бүгін сиқырлы әлемге саяхат жасағалы отырмыз. Ол елге тап болу үшін біз мына есікті ашуымыз керек. Қане, көрелік, алтын балық бізге есікті ашуға көмектесемін дейді, бірақ ол оңай шаруа емес.
(Алтын балық тапсырмасы) «Балалар, бұл есіктен өткісі келетін әрбір адам бұл жерде «Сиқырлы сөйлемдер» деген ойыннан сүрінбей өтуі тиіс. Ол үшін сөйлемдерді сиқырдың күшімен өзгерту керек. Мына сызба бойынша. Хабарлы сөйлем – сұраулы сөйлем – лепті сөйлем. Қолдарыңнан келеді ме, балалар?»
ІІІ. Жаңа сабақ.
Тақтада сиқырлы әлем пайда болады. Балалар таң болады.
Міне, балалар, алдымызда сиқырлы әлемге есік ашылды. Қандай керемет жер десеңші! Балалар, мынау бауырсақ қой. Оның түріне болған? Оны түлкі ұстап алған екен. Біз оған көмектесейік.
(Түлкінің тапсырмасы) «Сәлеметсіңдер ме, балақайлар! Сендер өздерің сондай тәтті көрінесіңдер! Менің бауырсақты жібергенімді қаласаңдар, менің тапсырмамды орындауларыңа тура келеді. Келісесіңдер ме? Тезірек, менің қарным ашып барады.»
195-жаттығу. Дәптермен жұмыс. Интерактивті тақтаға 2 оқушы шығып, бірі сұраулы, екіншісі лепті сөйлемді жазады.
Балалар, түлкі өте қу екен. Бірақ айтқан сөзінде тұрады екен. Жарайсыңдар! Сендер сиқырлы әлемге келмей жатып дос таптыңдар. Олай болса, әрі қарай кеттік. Мына баланы кім таниды?
Дымбілмес!
Иә, бұл – Дымбілмес. Ол бізге не деп жатыр?
(Дымбілместің тапсырмасы) «Сәлем, достар! Осы сендерге шынымен де оқыған ұнайды ма? Мен сол кітапты ұстасам, көзім көрмей, құлағым естімей қалады. Сол себепті сол кітаптан білім алады, ақылды болады дегенге мүлдем сенбеймін!»
Дымбілместің мұнысы ұят болды-ау. Жарайды, ештеңе етпес, бірақ біз оған біздің білімді, ақылды екенімізді дәлелдейік. Мүмкін ол да біз сияқты болуға талпынар.
196-жаттығу. Жатқа жазу.
Сендер сенесіңдер ме, Дымбілмес те білімді боламын деп өзіне ақылды достар тауып алыпты.
Біз осылай жақсылық жасадық.
Жұптық жұмыс.
Біздің осы әлемге қонақ болып келгенімізді естіген Алдар көсе келе жатыр. Ол бізге былай дейді.
(Алдар көсемен кездесу)
«Балалар, жарайсыңдар! Есте сақтау қабілеттерің керемет екен. Негізі сендерді бір алдап соқсам ба деп ойлап келе жатыр едім, бірақ сендер ақылды, қайырымды балалар екенсіңдер. Өркендерің өссін, балалар! Сау болыңдар!»
Сендерге қазір ғана Алдар көсе өзінің батасын беріп кетті. Қане, сендер де Алдар сияқты тапқыр шығарсыңдар. Олай болса, маған жаныңдағы көршіңмен ойласып, таңдануды, қуануды білдіретін сөйлем құрап айтыңдаршы.
197-жаттығу. Ауызша орындалады.
Сергіту сәті.
Интерактивті тақтамен жұмыс. 198-жаттығу.
Топтық жұмыс. 199-жаттығу. Сурет бойынша әңгіме құрау.
(Қасқырмен кездесу)
Балалар, бұл не? Оның ойы арам сияқты ғой. Қап, айтқандай ол 7 кішкентай лақты жегісі келген екен ғой. Біз оларға көмектесудің амалын табуымыз керек. Таптым! 7 лақтың анасы келгенше біз қасқырды қызықты әңгімемен алаңдата тұрайық. Тез әрі әдемі әңгіме құрау үшін 4 оқушыдан біріге қойыңдар.
Түйін.
Жарайсыңдар, балалар, сендердің білімдерің көптеген ертегі кейіпкерлеріне көмек болды. Яғни, біз бостан-босқа білім алып жатқан жоқпыз. Өз білімімізді пайдаға асырып, көмек қажет еткендерге қол ұшын беріп жатырмыз. Біздің жасап жатқанымыз дұрыс па? Бұл адамгершілік құндылықтарының қайсысына жатады? Әрине, дұрыс әрекет.
Тағы қандай адамгершілік құндылықтар болды біздің бүгінгі сабағымызда?ІV. Қорытындылау.
Үштік жұмыс
Кейін қарай өз әлемімізге қайту үшін тағы да сөйлем түрлері туралы біліміміз керек болады.
1-оқушы: сұраулы сөйлем
2-сөйлем: хабарлы сөйлем
3- оқушы: лепті сөйлем (сөйлемдердің орнын ауыстыруға да болады)
Міне, кереметтің күшімен өз сыныбымызға қайтып келдік.
Сонымен лепті сөйлем дегеніміз не?
V.Үйге тапсырма.
197-жаттығу.
VІ. Бағалау.

Приложенные файлы


Добавить комментарий