Адамды адам еткен — ебек трбие сааты


«Бекітемін»
ОТЖ бойынша
директор орынбасары
................... Назиров ДТәрбие сағат тақырыбы: «Адамды адам еткен — еңбек»
Мақсаты:Оқушыларға Қазақстанның әлеуметтік жаңғыртылуы: Жалпыға ортақ Еңбек Қоғамына қарай 2О қадам жолдауымен таныстыру.Тәрбиелік мәні: Әлемнің әміршісі – еңбек. Тек еңбекпен ғана жеміс өнбек. Тек еңбек ғана қиындықты жеңбек. Елбасымыз баршамызды ел игілігі жолындағы еңбекке шақырады. Бүгін де еңбек шешуші ұлттық фактор екенін ұғындыру және еліміз үшін еңбек етуге оқушыларды баулу.
Тәрбие сағатының көрнекілігі: Н. Ә. Назарбаевтың және рәміздер суреті
Әдісі. түсіндіру, сұрақ - жауап.
Жүру барысы:І. ҰйымдастыруІІ. Еңбектің наны тәтті
2О12 жылы 2О қазанда Қазақстан Республикасының Президенті – Ұлт Көшбасшысы Н. Ә. Назарбаевтың «Қазақстанның әлеуметтік жаңғыртылуы: Жалпыға ортақ Еңбек Қоғамына қарай 2О қадам» атты мақаласы 2 «б» сынып оқушылары арасында талқыланды. Әлемнің әміршісі – еңбек. Тек еңбекпен ғана жеміс өнбек. Тек еңбек ғана қиындықты жеңбек. Елбасымыз баршамызды ел игілігі жолындағы еңбекке шақырады. Бүгін де еңбек шешуші ұлттық фактор екенін ұғындыру және еліміз үшін еңбек етуге оқушыларды баулу.Елбасы Н. Ә. Назарбаевтың «Қазақстанның әлеуметтік жаңғыртылуы: Жалпыға ортақ Еңбек Қоғамына қарай 2О қадам» атты мақаласындағы атап көрсетілген тапсырмалары бойынша сынып жетекшілер айтып өтті.
Сонымен бірге еліміздің басшысының тапсырмаларын іске асыру бойынша білім беру саласындағы қызмет тиімділіктері және оқу тәрбиелік процестің жаңғыртылуы және қолжетімділігін жоғарылатуындағы еңбек ету бірінші кезектегі тапсырмалардың бірі екендігі айтылады.
Хамидолла Наубетов атындағы орта мектептің 2 б сынып оқушылары Елбасының ұсынып отырған әлеуметтік жаңғырту саясатын толығымен қолдап және оны іске асыру мақсатында өз міндетіміз оқуда жақсы жетістіктерге жету үшін еңбектенуіміз керек. Біз жақсы оқып Елбасымыздың саясатын тікелей басшылыққа аламыз деп сенім білдіреміз.
Сондықтан біздің әлеуметтік саясат бәсекеге қабілетті және күшті жалпыға ортақ еңбек қоғамын құруға бағытталуы тиіс. Елбасы еңбек қана елдің әлеуметтік әл ауқатын көтеретіндігін айтты.
Сұрақтар:1. Еңбек адамға не үшін қажет деп ойлайсыңдар?2. Еңбекқор деп қандай адамды айтамыз?3. Өздерің қандай еңбекпен айналысқанды ұнатасыңдар?4. Адам бойында қандай қасиеттер болғанда қандай жетістіктерге жетуге болады?
Нақыл сөздер• Көп еңбек еткенге бақыт басын иеді. Леонардо до Винчи• Рахаттың әкесі - еңбек. Ф. ВольтерТәрбие сағатын қорытуЕңбек туралы мақал мәтедер айтуЕр дәулеті - еңбек.Еңбегіне қарай өнбегі.Еңбек түбі - береке.Көптің түбі мереке.Ембек етсең - емерсің,Еңбегі аздың өнбегі аз.Ердің атын еңбек шығарады.Бейнетсіз рақат жоқ,Жан қиналмай жұмыс бітпес,Талап қылмай мұратқа жетпес.Еңбексіз өмір - сөнген көмір.Ер қадірін ел біледі,Зер қадірін зергер біледі.
Топ жетекшісі: ...............................

Приложенные файлы


Добавить комментарий