Бейімбет Майлин Тйебай гімесі


 6 сынып
Сабақтың тақырыбы: Бейімбет Майлин «Түйебай» әңгімесіСабақтың мақсаты:а) білімділік – Жазушының өмірінен қысқаша мағлұмат бере отырып, шығарманы талдау. Авторлық позицияны таныту.Кейіпкер бейнесін ашу. Білім , білік дағдыларын арттыру.
ә) дамытушылық - жазушы тілін зерттеу, тіл көркемдігін таныту, оқушыларды өз бетінше іздену жұмысын жасауға жетелеу, ойлау , сөйлеу , есте сақтау қабілеттерін дамыту.б) тәрбиелік – адамгершілік қасиеттерге баулу, Сабақтың түрі: аралас сабақСабақтың әдісі: сұрақ - жауап, түсіндіру, талдау, СТО әдістері проблемалық әдіс.Пәнаралық байланыс: қазақ тілі, өзін - өзі тану.І Сабақтың түрі: араласӘдісі: сын тұрғысынан ойлау стратегияларыСабақтың барысы:Ұйымдастыру кезеңІІ. Қызығушылықты ояту.
Оқушылардың Б.Майлин шығармаларымен қаншалықты таныстығын анықтау.
- Бейімбет Майлин кім ?( Б.Майлин-көркем прозаның зергері,сыршыл да сыншыл лирик,әрі суреткер ақын,драматург,публицист).
  -Ол туралы біздер не білеміз? Бұрынғы сыныптарда өткен шығармаларын еске түсіру.
  Үй тапсырмасын жаңа тақырыппен байланыстыра отырып талдау.
ІІІ. Жаңа сабақа) Мұғалім сөзі:Бейімбет – қазақ әдебиетіндегі әңгіме жанрының шебері. «Жырлағаным - кедейдің жыры» деп өзі айтқандай, Б. Майлин шығармашылығы - өзі өмір сүрген уақытпен, сол уақыттағы қалың көпшілікпен біртұтас. Сонау 30 жылдары жазылған әңгімелері күні бүгінге дейін кез - келген қазақтың аузынан түспейтін көркем шығармасына айналды.Сөз зергері қай шығармаларын болса да өмірден алып, қоғамдық жағдайды, мезгіл ажарын дәл бейнелеп отырған.- Үйден сендерге «Түйебай» әңгімесін оқып, әр топқа зерттеу жұмыстарын жүргізіп келу тапсырылған.І топ1. Бейімбет Майлиннің әңгімесі неге «Түйебай» деп аталған?2. Түйебайдың молда оқуындағы жағдайы қандай еді?3. «Сен бақыттысың ғой» деген сөзді аузымен айтпаса да, көзқарасы еріксіз білдірерлік еді дегенге қандай пікір айтасың?ІІ топ1. Әңгіменің бас кейіпкері кім?2. Түйебайдың ата - анасының тұрмысы қандай?3. «Шоқынып кетсем де, енді молданын алдын көрмеймін» деген қорытындыға неге келді?ІІІ топ1 Молданын алдынан кеткен Түйебайдың өмірі қалай жалғасты?2. Молда неге Түйебайға өшікті?3. «Аштан өлсем де, байдың қойын бақпаймын» деп, сол сағатында Түйебай неге айта алмады?І топ1. «Түйебай бейнесін жасаудағы жазушының тіл шеберлігін ашу.Оқушылар мәтіннен Түйебай бейнесін ашатын үзінділерді таба отырып, Түйебайға мінездеме береді.
ІІ топ1. «Екі жақты күнделік» стратегиясы бойынша қатты әсер еткен үзінділерді тауып, оның себебін анықтап жазады.
ІІІ топ1. Вен диаграммасы бойынша бұрынғы оқу мен қазіргі оқуды салыстыра отырып, авторлық позицияны танытуТұжырым жаса:Не себепті Түйебай өз заманында құқығын қорғай алмады?Егер де Түйебай бүгінгі заманда өмір сүрсе, өмірі қалай болар еді?Молда алдындағы оқу мен қазіргі оқудың қандай айырмашылығы бар?Бағалау. Оқушылардың еңбектерін бағалауӘңгімеден күрделі сөздер мен тұрақты тіркестерді жазып келу,
«РАФТ» стратегиясы бойынша Түйебайға хат жазу, автор орындығында оқу.
Үйге тапсырма: Шығарманың тілін талдау. «Мен бақыттымын» ойтолғау жазу.

Приложенные файлы


Добавить комментарий