Оушыларды ызыушылыын арттыруда топты жмысты йымдастыруды тиімділігі


Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігі
Атырау қалалық білім бөлімі
ХVIIІ қалалық педагогикалық оқулар
Оқушылардың қызығушылығын арттыруда топтық жұмысты ұйымдастырудың тиімділігі

Умарова Айнұр Қамиқызы
Қазақ тілі мен әдебиет пәнінің мұғалімі
Жамбыл орта мектебі
Атырау 2017ж
Жоспар:
Кіріспе
Қазақ тілі сабақтарындағы тиімді әдіс-тәсілдер жүйесі.
Негізгі бөлім
Топтық жұмыстардың тиімділігі.
Қорытынды бөлім

«Ең алдымен, білім беру жүйесінің рөлі
өзгеруге тиіс. Біздің міндетіміз – білім беруді
экономикалық өсудің жаңа моделінің орталық
буынына айналдыру. Оқыту бағдарламаларын
сыни ойлау қабілетін және өз бетімен іздену
дағдыларын дамытуға бағыттау қажет».
Н.Ә.Назарбаев.
2017жылғы 31 қаңтардағы
Қазақстан халқына Жолдауынан
Тілді оқытудағы тәсілдер педагогикалық әдебиеттерде және тәжірибеде нақты жағдайлардағы оқу әдістерінің жүзеге асырылуы деп қарастырылады. Әдіс – оқытуға арналған бағыт, яғни, ол сөйлеу әрекетін тудыратын оқыту стратегиясы. Жалпы дидактикадағы әдістерді сабақтың түріне, қойылатын мақсаттарына сай алуға болады. Оларды оқытуды ынталандыру, уәждемелеу әдістері, оқу қызметтерін ұйымдастыру, бақылау және өзін-өзі бақылау әдістері деп алып, олардың ішінара жеке әдістерін былай қарастыруға болады: әңгімелесу, көрнекілік, аудиовизуалды, практикалық-мәселелік іздеу, оқу қызметін өз бетінше басқару, бақылау әдістері. Практиаклық әдістер түрлі тапсырмалар мен жаттығулар орындау арқылы іске асырылады. Әңгімелесу әдісінде тақырыптық сұрақтар дайындап, солар бойынша әңгімелесу, мәселелік сұрақтарға жауап беру, т.с.с. арқылы жүзеге асырылады.Көрнекілік әдісте түрлі сюжеттік суреттер,, кинофильмдер, бейнефильмдер көрсетіледі. Аудиовизуалды әдіс мультимедиялық сабақтарда толығымен қолданылады. Мәселелік іздестіру әдістері коммуникативтік, жобалау, рольдік ойындарда іске асырылады. Ал оқу қызметін өз бетімен басқару әдісі тіл үйренушілердің коммуникативтік, жобалау, рольдік ойындардағы орындалатын тапсырмалар жүйесімен көрінеді. Бақылау және өзін-өзі бақылау әдісі, сауалнама жұмыстарын орындауда іске асырылады. Қазақ тілін игерудің сапасын арттыруда ерекше рөл атқаратын оқыту тәсілдері. Олар: сөздерді семантизациялау тәсілдері, жаңа лексиканы бекіту тәсілдері, грамматикалық материалды түсіндіру, грамматикалық материалды бекіту, сөйлеуді тыңдау арқылы дамыту, дайын және дайын мес сөйлеуді (монологтық, сұхбаттық сөйлесу) дамыту тәсілдері, оқыған мәтінді түсінуді тексеру тәсілдері. Бұл тәсілдердің барлығын әр мұғалім өзінің біліктілігі мен мүмкіндігіне қарай дамытуға болады.[1]
Дегенмен де қандай иновациялық әдістер енгізілгенімен , тек қана сабақта, жүздеген және мыңдаған жылдар  бойы келе жатқандай оқу үдерісінің  қатысушылары болады: мұғалім және оқушы. Бұл кездесудің қалай болуынан  көп нәрсе байланысты. Қазіргі заманның мектептерінің мақсаты – тұлғаның  өзінің  білімділігі, қызығушылығы  мен  мүмкіндіктеріне сай, зерделік шығармашылық еңбекке дайын, өз ісін жүзеге асыруға жағдай жасайтын,  білім қажеттілігін қамтамасыз ететін білім жүйесін жасау. Жаңа уақыт талабы бойынша, қарама-қарсы қатынас жасай алатын, бірлесе отырып  істер атқаратын,  басқаға қол ұшын бере алатын адамдар қажет. Яғни, қоғамның сұранысына сай, сабақтарда топтық жұмыстарды енгізу қажет болды. Яғни, білім беру жүйесінің рөлі өзгертіле бастады. Әлемдік деңгейдегі бағдарламалардың жаңа әдіс-тәсілдеріне көше бастағанымыз баршамызға аян.
Кембридж бағдарламасы - орта білім беру жүйесінде әлемдік жоғарғы деңгейге қол жеткізген, жеті модуль негізіне құрылған бағдарламалардың бірі. Бұл бағдарлама оқытудың жаңа әдіс-тәсілдеріне негізделе отырып, сындарлы оқыту теориясына құрылған. Осы сындарлы оқыту теориясын тәжірибеде жүзеге асыруда топтық жұмыстың алатын орны ерекше. Ағылшын ғалымы Мерсер құрдастар тобыңдағы өзара қарым-қатынас оқуда маңызды рөл атқаратынын көрсетеді. Оқушылардың бір-бірімен қарым- қатынас, сыйластық, ұйымшылдық, бір-біріне көмек көрсету сияқты дағдыларын дамыту барысында ғана топтық жұмыс тиімді ұйымдастырылады. Яғни, ағылшын ғалымы Ж.Пиаже айтқандай, «Адамның санасы тек басқа адамдармен қарым- қатынаста ғана дамиды, тек қарым- қатынас әрекеттері ғана бізді жаңа түсінікке әкеледі». Ал қарым - қатынас дегеніміз өзімізді басқаларға бейімдеу деген сөз. Шағын топтық, жұптық жұмыстар оқушыларда бірлік, бірегейлік сезімдерін қалыптастырып, сол арқылы өздерінің ұжымға тікелей қатысы бар екендігін аңғартады. «Бірлесе көтерген жүк жеңіл» екендігі баршаға аян. Топ болып қандай да болмасын тапсырманы орындау қызық та тартымды шаруаға айналып, оқушылардың сабаққа деген қызығушылықтары мен белсенділіктерінің артатынын байқауға болады. Жыл басында мұғалім әр сыныпта жұмысын топ ережесін құрудан бастайды. Топ ережесі оқушылармен бірлесе отырып құрылады. Дәстүрлі сабақтарда оқушыларды жұмысқа жұмылдыру ұстаз тарапынан қатаң талап қою арқылы жүзеге асырылса, ал топтық жұмыста кеңесу, сұраныс, ұсыныс арқылы жүзеге асады. Дәстүрлі сабақта ұстаздар әр оқушыны өзі бақылауға алса, топтық жұмыста бақылауды топ мүшелерінің өздері жүргізеді. Топтық жұмыс оқушыларда ұжымдық сезім қалыптастырып, бірлескен жұмыстың қызықты әрі тартымды әрекет екендігін көрсетеді, сабаққа деген ынталары артады. Яғни «Мен» деген қағидадан гөрі «Біз» деген тұжырымның анағұрлым пайдалы екенін аңғарады. Қазақ тілі мен әдебиет сабақтарында топтық жұмысты ұйымдастыруда диалогтік қарым- қатынастың алатын орны ерекше. Оқушылар диалог әдісін қолдана отырып, мәселен, талқылау, дебат, ынтымақтастық, білімді бірлесіп құру арқылы түсінік пен дағдыларды қалыптастыру арқылы білім алады. Топтық жұмыс барысында білім деңгейлері, танымдық қабілеттері жоғары оқушылар теориялық жағынан өз идеяларын айтса, қабілеті төмен оқушылар жазуда, рәсімдеуде өз үлестерін қосып жатады. Жұмыс барысында белсенді, жақсы оқитын оқушылар өз топтарында кеңес беріп, тапсырмаларды бөліп, барлық оқушылардың сабаққа қатысуларын қадағалап отырады. Сонымен қатар осы қазақ тілі және әдебиет сабақтарында топтық жұмыстағы белсенділік әр түрлі ситуациялық жағдаяттарды шешуде, көркем шығармалар бойынша көріністер көрсету сияқты жұмыстарда өте жақсы көрініс табады. Топтық жұмыстардың тиімділігін мәтінмен жұмыс жүргізу кезінде де көруге болады. Мазмұны көлемді мәтіндерді оқытуда СТО стратегияларының бірі «ДЖИКСО» әдісін қолдану тиімді деп ойлаймын. Әрі бұл әдісті қолдана отырып оқушылардың бірнеше топқа ауысып жұмыс жасауына мүмкіндік береді. Оқушылар әр топта жұмыс істей отырып өз мүмкіндіктерін, білімдерін көрсете алады. Топтық жұмыстарда оқушылардың жас ерекшеліктеріне байланысты ойын элементтерін қолдану да тиімді әдістердің бірі. Ойын барысында топтың әр мүшесі өз тобы үшін жоғары ұпайларды жинауға тырысады және белсенділіктері артып, қызығушылықтары оянады. Әр оқушының таланты мен қабілеті бар. Сол қабілет пен мүмкіндіктерін  біз, мұғалімдер, дер кезінде байқап, қолайлы жағдай жасап, ашуымыз керек. Бұл - біздің міндетіміз. Топтың ішінде тиімді жұмыс ұйымдастыру мақсатында тиімді диалогты негізге алған жөн.
Мен де оқыту тәжірибемде оқушылардың сапалы білім алып, ойларын еркін айтатын, пікірлерін дәлелдей алатын, оны өмірде пайдалана алатын тұлға қалыптастыра алсам біліктілігім мен шеберлігімнің ұштасқаны деп ойлаймын. Сондықтан, оқыту мен оқуға өзгеріс енгізіп, қазақ тілі мен әдебиеті сабағында тaнымы терең, тaлғамы жоғары дaра тұлға қалыптасуына ықпал етуде топтық жұмыстарды қолданамын. Мақсатым: топтық жұмыс арқылы қызығушылығын арттыру, танымдық қабілеті дамыған, білімдерін өмірде жан-жақты қолдана білетін тұлға қалыптастыру. Міндетім: топтық жұмыс барысында өз көзқарастарын айтуға, оны қорғай білуге үйрету, екінші ойлаудың жаңа тәсілдері мен оқу құрaлдарын қолдaна отырып, өз тәжірибеме өзгеріс енгізу.
Әр сабақта топқа бөлудің алдында, ынтымақтастық атмосферасын қалыптастыруға тырысамын. Топтық жұмыс барысында  Лев Выгодскийдің ЖАДА-сы  жақсы көрініс табады. Басқаларға көмек бере алатын оқушыларды сарапшы ретінде алып отырамын. Топқа бөлу – міндетті түрде тақырыппен байланысты болады. Оқушылар топқа бірден бөлініп, бірден үйреніп кеткен жоқ. Бұл жұмысты ұйымдастыру және оқушыларды жаңа жұмыс тәсіліне үйрету, бірталай уақыт алады. Бірақ, уақыт өте келе, оқушылар жинақталып, топтық жұмысына да үйреніп кетті. Топтық жұмыс оң нәтижесін бере бастады. Оқушылардың білім алуға деген қызығушылығы арта бастады.Аталмыш тәсіл алдымен оқушыларды бірігіп жұмыс істеуге, ұйымшыл болуға, бірін-бірі оқытуға жетелеп, көмектеседі. Бұл әдіс сонымен қатар бірінен-бірі үйреніп, өз ойын еркін айтуға оқушыларға ықпал етеді. Топтық жұмыс қазақ тілі сабақтарында өте тиімді деп санаймын. Топтық жұмыста бәрі қызу жұмыста, біреуі сурет салса, біреуі өз ойын айтады, біреу мәліметтер іздейді, бос отырмайды.
Мерcер мен Лилтон (2007)   еңбектерінде диалог cабақта оқушылардың қызығушылығын арттырумен қатар, олардың білім деңгейінің өcуіне үлеc қоcады дегендей,  оқытудағы жаңа тәcілдерді cабағымда қолданып, оқушылардың ауызекі тілдерін дамыту үшін диалогтік әдіcін де қолданамын. Оқушылар жұппен, топпен cұрақтар құраcтырады. Оқыту мен оқудың  жаңа тәсілдері менің оқушыларымды  басқа қырынан танытты. Оқушыларды жан-жақты ашуға, әрқайысысының мінез-құлқының ерекшелігін байқауға көмектесті. Сондықтан өткізетін әрбір сабағымда оқушыларды топқа бөліп жұмыс жасауға көп көңіл бөліп отырамын.
Топтық жұмысты ұйымдастыруда Мұқағали Мақатаевтың «Аққулар ұйықтағанда» поэмасын өткенде қолдандым. Сабақ барысында оқушылар «Ана» тобы, «Аққу» тобы, «Табиғат» тобы болып үш топқа бөлінеді.Топқа бөлуді де қызықты етіп ұйымдастыра білу керек. Яғни, мен оқушыларға шашылған сөздер бере отырып, сол сөздерден белгілі бір мақал құрастыру арқылы, яғни, «Анаңды Меккеге үш рет арқалап апарсаң да қарызыңнан құтыла алмайсың» - «Ана» тобы, «Аққуды атпа, досыңды сатпа» - «Аққу» тобы, «Табиғат – екінші үйің» - «Табиғат» тобы деп үш топқа бөлдім. Осы сабақта әр топқа «Аққу неге қасиетті құс деп аталады?», «Ана орнында болсаң не істер едің?», «Аққуды атуға итермелеген қандай күш?», «Анаң үшін осындай іске барар ма едің?» деген проблемалық сұрақ тастай отырып, топтағы әр түрлі деңгейдегі оқушылардың өз ойларын блдіруіне мүмкіндік жасадым. Бұл жерде оқушылар топ болып, жан-жақты талдау жасады. Топ мүшелерінің бір-біріне сұрақтар қою арқылы топта өте жақсы ахуал қалыптасқанын, бірін-бірі тыңдау, ұжымдық түсіну сияқты табысқа қол жеткізгенімді байқадым. Оқушылар берген жауаптарын дәлелдеп отырды. Мерсердің айтуынша, ұжымдық түсіну мен білім беруге қол жеткізу аясындағы табысты талқылауларда әңгімелесудің зерттеушілік түрі басымдылыққа ие болады делінген.
Екі топқа ойлаудың алты қалпағы әдісі бойынша топ басшысына ақ және қара қалпақтарды, үшінші топқа, бұлар сарапшылар, екі топтың пікіріне өзінің көзқарасын білдіру үшін жасыл қалпақ кигізе отырып, тапсырмалар бердім. Бірінші топқа «Аққуды атуға болмайды», екінші топқа «Аққуды атуға болады» деген позицияны ұстанып, топ болып өздері таңдаған тақырыпшаға сәйкес жан-жақты талдау жасап, дәлелдемелер келтіре білді. Бұл тапсырма қара қалпақтылар жағына қиындау болғанымен, қабілеті әр түрлі деңгейдегі оқушылардың өз ойларын білдіруіне мүмкіндік болды. Бұл жерде оқушылар қасындағы достарымен пікір алмасу барысында өз пайымының дұрыс немесе қате екенін сарапшы топтың пікірін тыңдау арқылы білді.
Қазақ тілі сабағында «Дауысты дыбыстырға жаттығу, талдау жұмыстары» тақырыбындағы сабағымда оқушыларды топқа бөлуде дауысты дыбыстардың «Тілдің қатысына қарай», «Жақтың қатысына қарай», «Ерін мен езудің қатысына қарай» дыбысталуына байланысты шашылған әріптер арқылы топқа бөлдім. Үй тапсырмасын сұрауда дауысты дыбыстардың түрлеріне қарай бөлінуін үш топқа постер қорғау арқылы жарыс ұйымдастырдым. Мұнда оқушылар берілген тапсырманы тез орындау,қателеспеу, қорғаушылар әрбір сөзін түсінікті етіп, мәнермен сөйлеу, тыңдаушылар айтуға мүмкіндік беру, жақсы тыңдаушы бола білу керектігі мен шыдамдылық таныту керектігі жайында түсінді.Бір оқушы постерді қорғады, қалған топтағы оқушылар толықтырып отырды. «Екі ақиқат, бір жалған» әдісі арқылы бірінші топқа берілген сөйлемдердегі қателіктерді тауып,орнына тиісті әріптерді қойып жазу, қойылған әріптерге дыбыстық талдау жасау тапсырмаларын бердім. Ынтылы, мөлік, Нарынқұл, гол, қәдірет, аңизақ, иұғы. Екінші топқа қысаң дауыстылары бар сөздердің құрамында қайсысы артық деген тапсырма бердім. Үшінші топқа құрамында еріндік дауыстылары бар сөздерді теріп жазып, дыбыстық қателіктерін теріп жазып, талдау тапсырмаларын бердім. Әр топқа жуан дауыстылар, жіңішке дауыстылар, ашық дауыстылар, қысаң дауыстылар, еріндік дауыстылар, езулік дауыстылар деген парақшаларды тараттым. Оқушылар берілген ұғымға байланысты жауаптарын талқыға салып жауаптарын жазды. Нәтижесінде оқушылар пікірлесе отырып, бір-бірінің жауабын мұқият тыңдай білді. Жұмыс аяқталған соң «Үш шапалақ» арқылы бірін-бірі бағалады. Бұл сабақ барысында оқушылардың еркін жұмыс істеп, өздерінің жұмысын дәлелдеуде бірін-бірі мұқият тыңдап, алған білімдерін бекіте түсті. Өзімнің ой түйгенім, топтық жұмыс оқушылардың ұжымда бірлесе отырып білім алуына тигізер пайдасы зор, топтағы деңгейі орташа оқушыда берілген тапсырма барысында өз үлесін қосып, бұрын байқалмаған оқушылар өздерін таныта білді.
Әр сабақта топқа бөлудің алдында, ынтымақтастық атмосферасын қалыптастыруға тырысамын. Топтасу барысында әр оқушы қамтылады.Топтық жұмыс әдісі мұғалімнің тарапынан мұқият дайындықты талап етеді. Мұндай сабақтың жоспары барлық екжей-тегжейіне дейін қаралуы керек. Мұғалім топтарға арналған негізгі және қосымша тапсырмаларды анық тұжырымдап, жұмысты қалай ұйымдастыру керектігін  мұқият ойластыруы (топтың сыныптағы, тапсырманы орындау барысындағы құрылымы, жедел бақылау түрлерін және т. б.), кедергілерді ескеруі керек. Мен топтарды әртүрлі деңгейдегі оқушылардан құрамын. Бастапқы кезде топтарға бірыңғай жақсы оқитын немесе бірыңғай нашар оқитын оқушылар  түсуінің нәтижесінде жұмыстың өнімі мен ойлағандай мақсатқа жеткізбеді. Бірақ келе-келе бұл олқылықтарды ескере отырып топтарды біркелкі жұмыс нәтижесін беретіндей  етіп бөлуді үйрендім. Топтық жұмыс барысында  Лев Выгодскийдің ЖАДА-сы  жақсы көрініс табады. Басқаларға көмек бере алатын оқушыларды сарапшы ретінде алып отырамын.Оларды анық тану үшін сынып жетекшілерімен үнемі байланыста боламын.Сонымен қатар жоғары деңгейдегі даму қабілетімен тіл үйренуге құштарлығы бар, есте сақтау қабілеті де жоғары болады. Оған оқу үдерісі ұнайды. Топқа бөлу – міндетті түрде тақырыппен байланысты болады. Мысалы, «Біздің аула» тақырыбында аулаға байланысты заттардың суреттерін беріп, бөлемін. Немесе, «Ас үйде» тақырыбында ыдыс-аяқ, тұрмыстық техника, жиһаздың суреттері бойынша бөлінеді. Әрине, бастауыш сыныптар болғандықтан кейін, топқа бірден бөлініп, бірден үйреніп кеткен жоқ. Бұл жұмысты ұйымдастыру және оқушыларды жаңа жұмыс тәсіліне үйрету, бірталай уақыт алады екен. Бірақ, уақыт өтегелі, оқушылар жинақталып, топтық жұмысына да үйреніп кетті. Топтық жұмыс оң нәтижесін бере бастады. Оқушылардың білім алуға деген қызығушылығы арта бастады.Аталмыш тәсіл алдымен оқушыларды бірігіп жұмыс істеуге, ұйымшыл болуға, бірін-бірі оқытуға жетелеп, көмектеседі. Бұл әдіс сонымен қатар бірінен-бірі үйреніп, өз ойын еркін айтуға оқушыларға ықпал етеді. Топтық жұмыста оқушыларым өздерін еркін ұстап, арасында күлкі де, әзіл  болды, бірақ мен ескерту жасамаймын, еркіндікке мүмкіндік беремін. Байқағаным, балалар топтық жұмыстан кейін көңілденіп, араларында достық қарым-қатынас орнаған сияқты. Олар білмей жатқан жерлерін бір-бірінен сұрайды, өз ойларын басқаларға жеткізу үшін шешімдерін дәлелдеп береді.Яғни, бұл жерде Мерсер (2000) сипаттағандай, білімді бірлесіп алуда немесе «пікір алмасу» барысында тең құқылы серіктестер болып табылады. Топтық жұмыс қазақ тілі сабақтарында өте тиімді деп санаймын. Топтық жұмыста бәрі қызу жұмыста, біреуі сурет салса, біреуі өз ойын салуда. Топтық жұмыста түрлі кикілжің жағдайлар да туындауы да мүмкін. Мысалы, Малика деген оқушым бір сәтте топқа араласпай, тапсырманы өзі ғана орындап отырғанын байқап қалдым. Содан кейін Маликаға топпен бірге жасаңдар жұмысты деп ескерттім. Сонда ол маған айтқан жауабы: «Олар мені тыңдамайды, мен барлығын өзім де айтып беремін» -деді. «Бұл топтық жұмыс болғаннан кейін, бірігіп жасау керек, сенің идеяң біреуге көмек болатын шығар, қайдан білесің?» - деген сөздерімнен кейін, Малика топпен бірге белсене араласып кетті. Жоғарыда айтылғандай осындай сәттерде әр оқушының мінез-құлқының байқап, тануға болады.  Яғни, топтар арасында бәсекелестік туындап, ол бәсекелестік дауды тудыру мүмкін. Оның алдын алу үшін топтар құрамын үнемі ауыстырып отырған дұрыс, яғни ауыспалы топтар жасау. Топтарды құруда түрлі әдістерді қолдануға болады: суреттер, сандар, түстер ақылы, бойларымен тұрғызып, туған күндері, жастары бойынша есімдерінің әріптері арқылы, мозаика т.б. тәсілдер қолданамын.
Топтық жұмыстан кейін, оқушылар рефлексия жазады. Кейде рефлексия ауызша да алынады. Сабақта не ұнады, қандай сәттерге көбірек көңіл бөлдіңдер деп сұрағанда, Батырхан деген оқушым:  «Қазақ тілі сабағында топтық жұмыстарда біз бір-бірімізді тани бастадық, сабақ танымды болды» деген жауабымен мені өте таң қалдырды, яғни, бұл сабақтар балалардың бір-біріне қарым-қатынасын нығайтқанын түсіндімжәне топтық жұмыстың тиімділігіне көзім жетті.
Мектеп өмірінде оқушылардың өздігімен білім алу үдерісіне дейінгі және кейінгі кезеңін (аралығын) салыстырғанда, оқушылардың оқуға деген ынта-ықыласының артқандығын, рухани-адамгершілік жақсы қасиеттердің қалыптасқандығын, мұғалімнің шыдамдылық, төзімділік сияқты сапаларымен қатар оқушылардың басқаны қабылдау, түсіну, сыйлауды үйренгендігімен сипатталады.
Бүгінгі қоғамға, білім беру саласына керегі де осылар. Оқытудың осындай жаңа педагогикалық әдіс-тәсілдерді сабаққа ендіру бүгінгі таңда әрбір ұстаздың басты мақсаты болу керек. Себебі, елімізге заман талабына сай қалыптан тыс ойлап алатын, шұғыл шешімдер қабылдай білетін, белсенді, бәсекеге қабілетті ұрпақ қажет деген талапқа сай ұжымдық жұмыс өзінің тиімділігін тәжірибеде дәлелдеп берді.
 
 Қолданылған әдебиеттер: «Мұғалімдерге арналған нұсқаулық» Қазақстан Республикасының педагог қызметкерлерінің біліктілігін арттыру курстарының бағдарламасы
Қазақ тілі мен әдебиеті сабағында топтық жұмыстың тиімділігі
 
      «Ақырын жүріп анық бас,еңбегің кетпес далаға,
Ұстаздық еткен жалықпас, үйретуден балаға»
(А.Құнанбаев. )
Оқу жылы басында әрбір сыныптағы оқушы саны 25 болғанымен, жыл бойы жаңадан оқушылар келіп, әр сыныптағы бала саны 30-дан асып кетеді. Сыныптағы оқушы санының көптігі пән мұғалімдеріне сабақ кезінде қызығушылығын арттыруда, шығармашылығын дамытуда көп қиындықтар туғызады. Себебі, жаңадан келген оқушылар ортаға бірден үйреніп кете алмайды, тұйықталып, сабақта белсенділік танытпауынан олардың білім сапасының төмендеп кету жағдайы көп кездеседі. Оқушылардың білім сапасын арттыру күрделі проблемa. Сондықтан, оқыту мен оқуға өзгеріс енгізіп, қазақ тілі мен әдебиеті сабағында тaнымы терең, тaлғамы жоғары дaра тұлға қалыптасуына ықпал етуде топтық жұмыстарды қолданамын. Мақсатым: топтық жұмыс арқылы қызығушылығын арттыру; танымдық қабілеті дамыған, білімдерін өмірде жан-жақты қолдана білетін тұлға қалыптастыру. Міндетім: топтық жұмыс барысында өз көзқарастарын айтуға, оны қорғай білуге үйрету; екінші (негізгі) деңгей бaғдaрлaмaсындағы ойлаудың жаңа тәсілдері мен оқу құрaлдарын қолдaна отырып өз тәжірибеме өзгеріс енгізу. Күтілетін нәтижесінде: топтық жұмыстары арқылы қызығушылықтары артады; танымдық қабілеттері дамиды; алған білімдерін өмірде жан-жақты қолдана біледі.
Әр сабақта топқа бөлудің алдында, ынтымақтастық атмосферасын қалыптастыруға тырысамын. Топтық жұмыс барысында  Лев Выгодскийдің ЖАДА-сы  жақсы көрініс табады. Басқаларға көмек бере алатын оқушыларды сарапшы ретінде алып отырамын. Топқа бөлу – міндетті түрде тақырыппен байланысты болады топқа бірден бөлініп, бірден үйреніп кеткен жоқ. Бұл жұмысты ұйымдастыру және оқушыларды жаңа жұмыс тәсіліне үйрету, бірталай уақыт алады Бірақ, уақыт өтегелі, оқушылар жинақталып, топтық жұмысына да үйреніп кетті. Топтық жұмыс оң нәтижесін бере бастады. Оқушылардың білім алуға деген қызығушылығы арта бастады.Аталмыш тәсіл алдымен оқушыларды бірігіп жұмыс істеуге, ұйымшыл болуға, бірін-бірі оқытуға жетелеп, көмектеседі. Бұл әдіс сонымен қатар бірінен-бірі үйреніп, өз ойын еркін айтуға оқушыларға ықпал етеді. Топтық жұмыс қазақ тілі сабақтарында өте тиімді деп санаймын. Топтық жұмыста бәрі қызу жұмыста, біреуі сурет салса, біреуі өз ойын айтады, біреу мәліметтер іздейді, бос отырмайды.
Топтық жұмыстан кейін, оқушылар рефлексия жазады. Кейде рефлексия ауызша да алынады. Сабақта не ұнады, қандай тапсырма қиындық тудырды? т. б. Сұрақтарға өз пікірлерін айтады.
«Оқушылар оқшауланып оқымайды. Бүгінгі таңда өзекті болып отырған «білім алушылар қоғамдастығы» деген ұғым бар, онда оқушылар да, мұғалімдер де өздерін білім алушылар деп есептейді. Оқушылар арасындағы бірлеслескен жұмыс, бірін-бірі қолдау, топтық рух мадақталады.Олар топпен жұмыс істейді, онда тыңдау, дене қимылдары, келіспеушілікті құрметпен білдіру қабілеттеріне назар аударылады. (Мұғалімдерге арналған нұсқаулық, 75-бет). Бір адам жалғыздан-жалғыз көп жұмысты бітіре алмайды, жасаса да әрі қызықсыз, әрі қажыр-қайратын тауысып барып ұзақ уақытта аяқтауы мүмкін. Ал көп болса, жұмыс әрі қызықты, әрі тез, әрі тиянақты бітеді. Бәрі бірге жасаған жұмыстан адамның көңілі көтеріледі, тіпті дем алады.
 Әр сабақтағы дұрыс ұйымдастырылған топтық  жұмыста оқушылар: Жоспарланған тапсырмалар туралы айта алады;
Өз мүмкіндігін біледі;
Өзінің оқуы үшін үлкен жауапкершілік алуға қабілетті болады;
Бір-бірінің еңбегін бағалай білуге үйренеді;
Оқушылардың топтағы іс-әрекетінен белсенділік байқалып, шығармашылық тапсырмалар орындайды;
Топтық жұмыс кезінде мұғалімнің баяндап беруін күтпей, өздері ізденеді.
Оқушының пәнге, білім алуға деген қызығушылығы артады.
Сонымен топтық жұмыстың артықшылығы: 1. Жаппай оқытуға қарағанда, ұғымдарды, түсініктерді, дағдыларды қалыптастыруға аз уақыт жұмсалады. 2. Әр оқушының қабілеті мен мүмкіндік ерекшеліктерін ашуға жағдай жасайды. 3. Сыныпта жұмыс барысында еркіндік пен сенім атмосферасы қалыптасады. Әр сабақта дұрыс ұйымдастырылған топтық жұмыста оқушылар қандай нәтижеге жетеді? - Өздігімен тапсырманы орындайды, топ мүшелерімен бөліседі, пікір алмасады - Өз мүмкіндігін біледі - Өзінің оқуы үшін үлкен жауапкершілікті сезінеді - Нені оқып үйренгені туралы айта алады - Өз сезімі және өзгелердің сезімі туралы біледі - Өзіне деген сенімділік артады - Өзін оқушы ретінде жағымды жағынан көрсетуге тырысады. - Өз міндеттері мен мақсаттарын анықтай алады. - Тапсырманы орындау жолдарын іздейді - Ересектердің көмегінсіз өз ісінің көзін табады - Құрдастарымен әр түрлі мәселелерді шешеді. - Жинақылық, білімге деген бәсекелестік қабілеті дамиды. - Бірін-бірі сыйлауға, тыңдауға, тіл табысуға үйренеді. - Жұмыс барысындағы кемшіліктерді өз бетімен анықтап, жояды. Қандай әрекеттер арқылы топтық жұмыс тиімді, нәтижелі болады? 1. Берілген тапсырмалар топтың әр мүшелеріне қызықты, түсінікті болу керек 2. Топқа бөлуде қызықты тәсілдерді қолдану керек 3. Топ ішіндегі бірлескен жұмыс ережелерін айқындап, нақты уақыт белгілеу керек. 4. Топтар арасындағы бәсекені негізгі мақсатқа айналдырып жібермеу керек. Қорыта келгенде, топтық жұмысты дұрыс ұйымдастыра білу оқушының бірлесіп терең білім алуына, танымдық қабілеттерінің дамуына септігін тигізеді.
Ахмет Байтұрсынұлы айтқандай «Жақсы дерлік те, жаман дерлік те әдіс жоқ», ұстаздың өз сабағына қажетті, тиімді, балаларға ұғынымды тәсілді таңдап алу мұғалімнің өз қолында. Педагогикалық шеберлікті жетілдіре отырып, мен үнемі шығармашылық ізденіс үстіндемін. Өздігімен білімін жетілдіріп, алдыңғы қатарлы педагогикалық тәжірибені зерделеймін.
Тұлғалық-бағыттық оқытуды  көрсететін топтық жұмысты ұйымдастыру менің іс-тәжірибемнен алынып отыр.

Приложенные файлы


Добавить комментарий