Дене шынытыруортаы топты оу іс-рекетіні перспективалы жоспарлар


«Дене шынықтыру» ортанғы топтын оқу іс-әрекетінің перспективалық тақырыптық жоспарлары
Айы Апта
Сабақтардың
тақырыбы Мақсаттары мен міндеттері Материалдар мен құралдар
Қыркүйек 1 Жүру 1.Тапсырманы орындай отырып, бір-бірлеп
Тізбекпен жүруге және шашырап жүгіруге жаттықтыру.
2. Жылдамдық және ептіліктерін дамыту.
3. Қолдарымен еденге сүйеніп, шығыршыққа еңбектеп кіру; тақтай үстімен теппе-теңдікті сақтап жүру. Төрт шығыршық (диаметрі 50см ), екі таяқта (ені 20 см) балалардың санына қарай жалаушалардың саны.
Екі аяқпен секіріп
тұру 1. Кіші тірек алаңқайыңда тепе-теңдікті сақтап жүруге үйрету.
2. Ойындарды ойнауға және жаттығуларды орындауға қызығушылықтарын арттыру.
3. Алға қарай екі аяқпен секіріп жүруге үйрету; кішкентай допты еденге ұру және жоғарыға қарай лақтырып, оны қағып алу. Доптар (футбол, баскетбол, волейбол доптары), доптар әр балаға беріледі, тақтайдың ені 20 см және оның биіктігі 30 см, орындықтар, төсеніштер, текшелер.
2 Бір орыннан
ұзындыққа секіру 1.Бір орыннан ұзындыққа секіруді үйрету.
2. Технологиялық картадан тыс уақытта да ойнауға болатын бірнеше қимыл-қозғалыс ойындарын үйрету.
3. Жоғарыға қарай лақтыруға және оны қағып алуға жаттықтыру; бір бағытта бүкіл топ мүшелерімен бірге жылдам жүгіруге жаттықтыру. Жіптер, лақтыру үшін қалталар және доптар.
Тепе-теңдік 1.Теппе-теңдікті сақтап жүруге үйрету.
2. Жылдамдық және ептіліктерін дамыту.
3. Түрлі тәсілдермен жүруге үйрету; балалардың зейінін дамыту. Әр балаға екі сылдырмақтан, дабыл, жіп және арқан, гимнастикалық орындық, шығыршық (диаметрі 1 м), қапшық, орындықтар және гимнастикалық таяқшалар, қапшықтар.
3 Жүруді жүгірумен, жүгіруді жүрумен алмастыру 1.Қырымен жіптің үстінен аттап секіру.
2. Жылдамдық және ептіліктерін дамыту.
3. Ұзындыққа қапшықты лақтыруға жаттықтыру; жүрумен кезектестіре жүгіруді жетілдіру. Бөрененің үстінде жүру 1. Допты жоғары лақтыру, екі қолмен допты қағып алуға жаттықтыру.
2. Жылдамдық және ептіліктерін дамыту.
3. Бөрененің үстінде жүріп жаттығу; бөрененің үстінде аяқтың ұшымен жүру. 4 Баскетбол ойынының элементтері Допты екі қолмен қағып алуға үйрету.
2. Спортқа деген қызығушылықтарын арттыру.
3. Допты еденге соғуға жаттықтыру; жүргізушіні ауыстырып, түрлі бағыттарда жүруге жаттықтыру. Бала санына қарай шығыршықтар, баскетбол доптары, кегельдер және волейбол торы.
Допты домалату 1.Шашырап жүруге және жүгіруге үйрету.
2. Жылдамдылық және ептіліктерін дамыту.
3. Бір бағытты ұстап, бір біріне допты домалату; доғаның астына еңбектеп өту. Бала санына қарай доп, білте тақтайшалар немесе бағдарлауға арналған жіптер.
Қазан 5 Қапшықты нысанаға лақтыру 1.Қапшықтың нысанаға лақтыруға үйрету.
2. Көзбен мөлшердей білуді дамыту.
3. Гимнастикалық баспалдақпен өрмелеуге жаттықтыру. Әр балаға гимнастикалық таяқша беріледі, лақтыруға арналған қапшықтар, гимнастикалық баспалдақ.
Қыздар мен ұлдарға арналған ойындар 1.Физиологиялық мүмкіншіліктеріне қарай балаларды топтасып ойнауға үйрету.
2. қоршаған орта туралы көзқарастарын кеңейту және тереңдету.
3. мақсатқа жету үшін ойын барысында қалай әрекет ету керектігін түсіндіріп, шешім қабылдауға үйрету. Әр бала санына қарай: доп, бор, ұзын резеңке, қуыршақ салынған бесікарба, арқан, үлкен шығыршық, он кегель, төрт гимнастикалық таяқшалар.
6 Шыбынбике Шыбынгүл 1. Қ. Мырза Әлидің аудармасы бойынша жазылған «Шыбынбике Шыбынгүл» ертегі өлеңінен үзінді жаттату.
2. адамгершілік қасиеттерін дамыту.
3. арқан арқылы секіруге жаттықтыру; өз өзін уқалауға жаттықтыру. Әр балаға секіртпе, ұзын секірпе, арқан
Доппен жұмыс 1. Бір біріне доптыкеуде тұсынан лақтыруға үйрету.
2. ойындарды ойнауға және жаттығуларды орындауға қызығушылықтарын арттыру.
3. қолды әр түрлі қалыпта ұстап, қапшықты басқа қойып, жіптің үстімен жүруге жаттықтыру. Бала санына қарай қапшықтар мен доптар.
7 «Әжемнің ауылына қонаққа бару» атты спорттық іс шара 1. Үй жануарларымен таныстыру.
2. Ойындарды ойнауға және жаттығуларды орындауға қызығушылықтарын арттыру.
3. Балалардың зейінін дамыту; қимыл қозғалыс тәжәрибесін дамыту. Жануарлар мен құстардың бетпердесі, киіз үй. Жануарлар мен құстардың дыбыстары жазылған үнтаспа.
Белгі бойынша тоқтап жүру және жүгіру 1. Нұсқаушының белгісі бойынша тоқтап, жүгіруге және жүруге үйрету.
2. Лақтыру күшін және көзбен мөлшердей білуді дамыту.
3. Көлденең тұрған нысанаға қапшықтарды лақтыру; заттар арасында еңбектеп жүруге жаттықтыру. Шығыршықтан (диаметрі 50 см). Топтағы бала санына қарай әрқайсысына екі қапшықтан, 10 кегель.
8 Аттап өту 1. Шашырап жұптасып жүру мен жүгіруге жаттықтыру.
2. Жылдамдық және ептіліктерін дамыту.
3.Көлбеу қойылған баспалдыққа міну арқылы білте таяқшаны дұрыс ұстауға үйрету; кесек ағаштан аттап жүруге үйрету (ауыспалы қадам) Әр балаға екі жалаушадан беріледі, 6-8 кесек ағаш.
Аттракциондар 1. Технологиялық картадан тыс уақытта да ойнауға болатын бірнеше қимыл қозғалыс ойындарын үйрету.
2. Ойын барысында ынтымақтастыққа баулу; жылдамдық және ептіліктерін дамыту.
3.Ойын ережелерін сақтауға үйрету. Бала санына қарай: секіртпе, теннис добы мен қалағы, шығыршық, көз байлағыш, футбол добы, құм салынған қапшық, кегельдер.
Қараша 9 Музыкалық ырғақты жаттығулар 1. Бір қалыпты (баяу) жартылай отыруды және жеңіл секірулерді үйрету.
2. Белгіге жауап беру білігін дамыту.
3.Гимнастикалық қабырғаға өрмелеуді үйрету; белгілі бағыт бойынша жүгіру дағдысын жетілдіру. Гимнастикалық қабырға немесе мұнара, балалардың санына қарай доптар.
Командалық ойындар 1. Ойындарды ойнау және жаттығуларды орындау барысында ұжымдық қимыл әрекеттерінің үйлесімділігін дамыту
2. Ұжым болып әрекет етуге, ұйымшылдыққа тәрбиелеу.
3. Шапшандылық, ептілік, төзімділік сияқты қасиеттерін дамыту. Бала санына қарай доп, кегельдер, гимнастикалық таяқшалар, текше, орындық.
10 «Лақтан қайтадан адамға айналу үшін Иванушкаға көмек береміз» атты спорттық мереке 1.Балаларды еңбектеп жүруге үйрету.
2. шапшандылық, ептілік, төзімділік сияқты қасиеттерді дамыту.
3. Көлбеу жазықтықтың үстінде жүруге үйрету. Орындық, туннель, үсті ойлы-қырлы тақтай, текшелер, гимнастикалық төсенш, шығыршықтар.
бөрене үстіне еңбектеу. 1.Гимнастикалық орындық немесе бөрене үстінде еңбектеп жүруге және шеңбер бойымен жүгіруге үйрету.
2.Негізгі қасиеттерді – шапшандық, ептілікті дамыту.
3.Оң және сол қолмен құм толтырған қалташаны алысқа дұрыс лақтыру дағдыларын дамтыу. Екі гимнастикалық орындықтыр, екі қапшықтан және бір текшеден әрбір балаға, ойынға арналған жіп.
11 «Сылдырмақтар» ойыны 1.Нұсқаушының белгісі бойынша бағытты ауыстырып жүру және жүгіруге жаттықтыру; «Сылдырматар» ойынының шартын түсіндіру.
2.Негізгі қасиеттерді – шапшаңдық, ептілікті дамыту.
3.Еңбектеуге және еденде қырымен тұрған баспалдақ таяқшаларының арасынан еңбектеп өтуге жаттықтыру. Бала санына қарай сылдырмақтар, ойыншық ит, саты.
Орындықта орындалатын жаттығулар 1.Тепе-теңдікті сақтау қабілетін дамыту.
2.Қозғалыс белсенділігінің уақытын кеңейту.
3.Қимыл-қозғалысты үйлесімді ету қабілетін дамыту. Әр балаға екі текшеден дайындау, гимнастикалық орындық, құм толтырған қалта немесе қапшықтар, жіп.
12 оң және сол қолмен лақтыру 1.Көлденең қойылған нысанаға затты лақтырып үйрету.
2.Балаларды зерек болуға және бір-біріне қажетіне қарай көмек беруге үйрету.
3.Бір орында тұрып ұзындыққа секіруге үйрету, көзбен мөлшердей білу дағдысын және қимыл-қозғалыс үйлесімділігін дамытуға ықпал ету, кеңістікте бағдарлану білігін қалыптастыру. Балалар санына қарай құм салынған қалта немесе қапшықтар, ұзын жіп, 3-4 үлкен шығыршық.
бастаушыны (жүргізушіні) ауыстырып жүру және секіру 1.Бір орында тұрып секіруге жаттықтыру.
2.Нұсқаушының берген белгісіне қарай жылдам әрекет етуге үйрету.
3.Гимнастикалық орындық үстінде еңбектеуді қайталау.
Бала санына қаай түрлі түсті орамалдар (20х20 см), 1-2 гимнастикалық орындық, 2 ұзын жіп, (8-10 м), қолшатыр.
Желтоқсан 13 Еңбектеу мен доға немесе білте таяқтын (рейканың)астынан өту 1.Еңбектеу мен доғаның астынан өтуді кезектестіріп орындауды үйрету, бір орында тұрып ұзындыққа секіруді жетілдіру.
2.Нұсқаушының берген белгісіне қарай жылдам жауап беруге үйрету.
3.Көлденең тұрған нысанаға затты лақтырып жаттықтыру. Бала санына қарай түсті орамалдар мен құм салынған қаптар, 2-3 доға (2 баған мен білте таяқша), 3-4 үлкен шығыршық немесе қорапшалар (50х50 см).
Көлденең қойылған нысанаға лақтыру 1.Оң және сол қолмен көлденең қойылған нысанаға лақтыруға жаттықтыру.
2.Көзбен мөлшерлей білу дағдыларын дамыту, нысанаға тигізуге үйрету.
3.Бір-бірлеп тізбекте жүру білігін және жүгіру дағдысын бекіту, бір орыннан ұзындыққа секіруді жетілдіру. Әрбір балаға 2 текшеден, 2 ұзын жіп, лақтыруға арналған 3-4 үлкен шығыршық, 1 кішкентай шығыршық.
14 Бір орыннан ұзындыққа секіру 1.Бір орыннан ұзындыққа секіруге жаттықтыру.
2.Тепе-теңдікті сақтау және бағдарлай білу біліктерін дамыту.
3.Еңбектеуге және арқан немесе гимнастикалық қабырғада өрмелеуге үйрету; гимнастикалық орындық үстінде жүруді бекіту. Әр бір балаға 2 қарағай бүршіктері, 1-2 гимнастикалық қабырға, 2 баған, жіп, ойынға арналған кішкентай шығыршық.
көлбеу қойылған тақтай үстімен жүру 1.Көлбеу қойылағн тақтай үстімен жүруге үйрету.
2.Негізгі қасиеттерді – шапшаңдық, ептілікті дамыту.
3.Оң және сол қолмен алысқа лақтыруға үйрету; балалардың біріне-бірі көңіл аударуына, ынтымақтаста ойнауына көңіл бөлу. Түрлі түсті орамалдар және құм толтырылған қапшықтар, 1-2 көлбеу қойылған тақтайлар, 3-5 үлкен шығыршық.
15 Жатып орындайтын жаттығулар 1.Жатып орындалатын жаттығулармен таныстыру.
2.Негізгі қасиеттерді – шапшаңдық, ептілікті дамыту.
3. метрден 10 метрге дейін қайталамалы жүгіруге жаттықтыру; іші толтырылған допты аттап жүруге жаттықтыру Іші толтырылған доптар.
еңбектеу және өрмелеу 1.Гимнастикалық таяқшалармен орындалатын жаттығулардың жаңа түрлерін меңгерту.
2.Негізгі қасиеттерді – шапшаңдық, ептілікті дамыту.
3.Балаларды еңбектеуге және өрмелеуге үйрету. Гимнастикалық таяқша, көзді байлайтын материал.
16 Орындықпен орындалатын жаттығулар 1.Орындықпен орындалатын жаттығу түрлерін үйрету.
2.Негізгі қасиеттерді – шапшаңдық, ептілікті дамыту.
3.Демді 5 сек. Ұстап тұруға үйрету; бір қатар тізбекпен жүріп отырып, білте таяқшалары арқылы аттап өтуге үйрету; допты қабырғаға лақтырып, кері ыршыған допты алуға үйрету. Бір балаға арналған орындық, гимнастикалық орындық, гимнастикалық білік таяқшалар, доптар.
Тепе-теңдікті сақтау жаттығулары 1.Тепе-теңдікті сақтап жүруге жаттықтыру.
2.Негізгі қасиеттерді – шапшаңдық, ептілікті дамыту.
3.Кішкентай шығыршықпен орындалатын жаттығуларды үйрету, гимнастикалық қабырғамен өрмелеуге үйрету.
Баланың санына қарай кішкентай шығыршық; қалған құралдарды педагог өзі таңдайды.
Қаңтар 17 Көлденең керілген жіптің немесе таяқтың астынан өту 1.Балаларды бір заттың астынан өтуге үйрету.
2.Мәнерлігін дамыту
3.Икемділіктерін дамыту.
Доп, екі баған, таяқша, таспа.
Қыс келді (далада өтеді) 1.Далада орындалатын жаттығу түрлерін үйрету.
2.Негізгі қасиеттерді – шапшаңдық, ептілікті дамыту.
3.Керіліп тартылған жіптердің астынан өтуге жаттықтыру; екі қолмен допты лақтырып, ұстап алуға үйрету. Әрбір балаға берілетін доп, баған, жіп, шаналар.
18 далада шанамен сырғанау 1.Таза ауада ойналатын қысқы ойындармен таныстыру.
2.Негізгі қасиеттерді – шапшаңдық, ептілікті дамыту.
3.Шанамен сырғанауға жаттықтыру; қарды жұмарлап лақтыруға жаттықтыру; жүгіруді жүрумен алмастыруға үйрету
3 волейбол добы, 4 шана, жалауша.
Шаңғымен таныстыру (далада) 1.Балаларды шаңғы тебуге үйрету.
2.Негізгі қасиеттерді – шапшаңдық, ептілікті дамыту.
3.Жүгіруді жүрумен алмастыруға үйрету.
5 жалауша, шаңғы
19 Далада таяқсыз шаңғымен сырғанау 1.Орында тұрып, өкшемен бұрылуды үйрету.
2.Негізгі қасиеттерді- шаншаңдық, ептілікті дамыту.
3.Сырғанай адамдаумен таныстыру.
20 жалауша, 4 жұп шаңғы таяқшасы мен шаңғылар
Шаңғынытаяғымен жинап, шаңғыны тасу 1.Шаңғыны таяғымен біріктіріп, қолтықтарына қысып, оқу іс-әрекеті өтетін жерге тасуды үйрету.
2.Негізгі қасиеттерді – шапшаңдық, ептілікті дамыту.
3.Таяқтың ілмектерінің атқаратын қызметімен таныстыру; таяқпен серпіліп сырғанай адымдаумен таныстыру.
20жалауша, шаңғылар, түрлі түсті доптар
20 Биікке сатылап көтерілу және түсу 1.Таяқпен сырғанауды бірнеше рет қайталау.
2.Негізгі қасиеттерді – шапшаңдық, ептілікті дамыту.
3.Беткейге сатылап көтерілу және түсу жолымен таныстыру.
Шаңғылар, қақапа, дабыл
200-300 метр қашықтыққа сырғанау 1.Таяқпен адамдап сырғанауды қайталау; бір қатар сапқа тұруға жаттықтыру.
2.Ойын ережелерін білу және нақты орындауға дағдыландыру.
3.Секіруге жаттықтыру.
20 жалауша, шаңғылар.
Ақпан 21 Шаңғымен нық адымдап жүру 1.Бір қатар сапқа тұруға үйрету.
2.Негізг қасиеттерді – шапшаңдық, ептілікті дамыту.
3.Шаңғымен нық адамдап жүруді үйрету.
ұзын сапты 5 жалау, шаңғылар.
Шаңғымен сырғанап адымдауды үйрету 1.Оңға және солға адыммен адымдап жүрумен таныстыру, сырғанап адымдауды қайталау.
2.Негізгі қасиеттерді – шапшаңдық, ептілікті дамыту.
3.Бір орында тұрып, аяқты ауыстырып басып бұрылуды қайталау.
шаңғылар, 4 жалаушағ қақапа.
22 Таза ауадағы қысқы ойындар 1.Таза ауада ойналатын қысқы ойындармен таныстыру.
2.Негізгі қасиеттерді – шапшаңдық, ептілікті дамыту.
3.Ойын ережесімен таныстыру және оларды орындауға жаттықтыру, жүру түрлерін жаттықтыру.
4 шана, 6 жалауша, шығыршық, нысана, хоккей немесе теннис добы, имек таяқ, қақапа.
Алға домалау 1.Алға домалауды үйрету
2.Негізгі қасиеттерді – шапшаңдық, ептілікті дамыту.
3.Допты лақтыруды және қағып алуды бірнеше рет қайталау; орында тұрып биіктікке секіруге жаттықтыру.
Арқан, 4 гимнастикалық төсеніш, үлкен доптар, екі секіруге арналған бағана, жіп.
23 Жүгіріп өту 1.Алға домалауды үйренуді қайталау.
2.Негізгі қасиеттерді – шапшаңдық, ептілікті дамыту.
3.Жүгіріп өту мен ұзын секіртпемен секіруді жаттықтыру
4 гимнастикалық төсеніш, қапшық, ұзын секіртпе.
Акробатика 1.Балаларға дұрыс тыныс алу туралы әңгімелеу.
2.Негізгі қасиеттерді – шапшаңдық, ептілікті дамыту.
3.Таңертеңгі гимнастика кешенін орындау білігін тексеру; артқа және алға домалауды қайталау. 4 гимнастикалық төсеніш
24 Қысқа секіртпемен секіру 1.Дене сымбатының дұрыс түзілуіне арналған жаттығуларын қайталау.
2.Негізгі қасиеттерді – шапшаңдық, ептілікті дамыту.
3.Қысқа секірпе арқылы секірулерді қайталау; алға домалауды қайталау. Гимнастикалық төсеніштер, қысқа секіртпелер.
«Ертеде қонақта» атты спорттық мереке 1.Балалардың жылдамдық қасиеттерін дамыту.
2.Баланың спортқа қызығушылығын ояту.
3.Сенімді қатынастарды нығайтуға ұмтылу. Кішкентай доптар, себеттер, қысқа сапты ойыншық найзалар, шарлар, жалаушалар, қағаздан жасалған гүлдер.
Наурыз 25 Еңбектеп жүру 1.Гимнастикалық орындықтың үстімен жүруге үйрету.
2.Негізгі қасиеттерді – шапшаңдық, ептілікті дамыту.
3.Допты бастан асыра екі қолмен лақтыру; еңбектеуге жаттықтыру Әр балаға 2 текшеден, баланың санына қарай орташа көлемдегі доптар (диаметрі 20-25 см), гимнастикалық орындық (ұзындығы 2,5,- 3 мені 30-25 см, биіктігі 25-30см).
Бір орынды тұрып ұзындыққа секіру 1.Тұрған орыннан ұзындыққа секіруеге үйрету.
2.Тепе-теңдікті сақтау қабіолетін дамыту және қимыл-қозғалыстардың үйлесімділігін қалыптастыру.
3.Допты екі қолмен басьтап асыра лақтыру дағдысын бекіту.
Әр балаға екі жақтан дайындалады (немесе кішігірім доптар), бала санына қарай доп, ұзын жіп.
26 Допты домалату 1.Допты бір-біріне домалуға үйрету.
2.Белгіге қарай жылдам жауап беру дағдысын қалыптастыру.
3.Допты екі қолмен бастан асыра лақтыру арқылы қимыл-қозғалыс үйлесімін дамыту.
Баланың санына қарай орташа доптар, екі ұзын жіп
Қайталамалы жүгіру 1.Қайталамалы жүгіруге жаттықтыру.
2.Қимыл-қозғалыстар үйлесімін дамыту.
3.Гимнастикалық орындық үстімен жүруге жаттықтыру арқылы тепе-теңдік сақтай білу дағдыларын бекіту. Баланың санына қарай таспалар, 1-2 гимнастикалық орындықтар, орташа өлшемдегі доп.
27 «Наурыз» атты спорттық іс-шара 1.Қазақ халқының дәстүрлерімен балаларды таныстыру.
2.Спортқа деген қызығушылығын ояту.
3.Үйренген жаттығуларын орындай білу дағдысын дамыту.
Гимнастикалық таяқшалар, түрлі түсті таяқшалар, түрлі түсті орамалдар, тақиялар, жасанды от.
Бунамамен (жгутпен) орындалатын жаттығулар 1.Бунамамен орындалатын жаттығуларды үйрету.
2.Негізгі қасиеттерді – шапшаңдық, ептілікті дамыту.
3.Гимнастикалық қабырғада өрмелеуге жаттықтыру; допты домалату барысында бағытты ұстану. Бала санына қарай орташа доптар мен түрлі түсті орамалдар, 2-3 доға, гимнастикалық қабырға және мұнара, бала санына қарай бунама.
28 Тігінен тұрған нысанаға лақтыру 1.Тігінен тұрған нысанаға оң және сол қолмен лақтыруды жетілдіру.
2.Негізгі қасиеттерді – шапшаңдық, ептілікті дамыту.
3.Гимнастикалық орындық үстімен еңбектеуге үйрету. Сылдырмақтар, құм салынған қапшықтар, доп, 3-4 үлкен шығыршық, шығыршыққа лақтыруға арналған қорапшалар.
Жүгіріп келіп ұзындыққа секіру 1.Жүгіріп келіп ұзындыққа секіруге үйрету.
2.Балаларды достық қарым-қатынас жасауға үйрету.
3.Еңбектеп жүру және білте тақтайшаның астынан өту дағдыларын қалыптастыру. Бала санына қарай текшелер, 2 бағана және білте тақтайша (Рейка), кішкентай шығыршық.
Сәуір 29 Еңбектеу 1.Гимнастикалық орындықтың үстімен еңбектей алу дағдыларын үйрету.
2.Негізгі қасиеттерді – шапшаңдық, ептілікті дамыту.
3.Тепе-теңдікті сақтауды жетілдіру және допты домалату дағдысын бекіту. Бала санына қарай кішігірім шығыршықтар, орташа көлемдегі доп (бір доп екі балаға), гимнастикалық орындық, волейбол торы, текшелер.
Кедергілер 1.Жоғарыға қарай өрмелеуге жаттықтыру.
2.Қол мен аяқтың қимыл-қозғалысын үйлесімді ету.
3Түрлі кедергілер арқылы жаттығулар орындау дағдыларын дамыту.
Әр балаға секіртпе, текшелер, гимнастикалық орындық, бөрене, төсеніштер.
30 Жұптасып орындалатын жаттығулар 1.Тепе-теңдікті дамыту.
2.Жұптасып жұмыс істеуге үйрету.
3.Қимыл-қозғалыс үйлесімділігін қалыптастыру. Гимнастикалық таяқшалар, доптар, себеттер, орындықтар, биіктікке секіруге арналған бағаналар.
«Бауырсақ» атты спорттық мереке 1.Түрлі физикалық жаттығулармен балаларды таныстыру.
2.Жылдамдық сапаларын дамыту.
3.Балалардың оқу іс-әрекетінде үйренген секіру тәсілдерін бекіту.
Жануарлардың бетпердесі, түрлі түсті шығыршықтар.
31 Жүру 1.Жүрудің түрлерін меңгерту.
2.Өмірлік маңызы бар жүру дағдылары мен біліктерін дамыту.
3.Қимыл-қозғалыс үйлесімділігін қалыптастыру.
Әр балаға секіртпе, тақтай, орындық, жіп, бөрене, арқан.
Лақтыруға үйрету 1.Лақтыру тәсілдерін үйрету.
2.Күш, ептілік, жылдамдық тәрізді қимыл сапаларын дамыту.
3.Көзбен мөлшерлей білу қасиеттерін дамыту.
Әр балаға жалаушалар, доп, қапшықтар, кегельдер, ойыншық, нысана.
32 Кеңістікті бағдарлау 1.Кеңістікте бағдарлай білуді үйрету.
2.Күш, ептілік, жылдамдық тәрізді қимыл қасиеттерін дамыту.
3.Көзді жұмып жүруген жаттықтыру.
Көзді байлайтын ормал, футбол добы, текшелер.
Гимнастика 1.Дене тұлғасының дұрыс қалыптасуына арналған гимнастикалық жаттығуларды жасап үйрету.
2.Гимнастикаға деген қызығушылығын арттыру.
3.Жаттығуларды жасату арқылы қимыл үйлесімділігін дамыту, баспен домалауға жаттықтыру.
Батут, арқан, гимнастикалық қабырға, төсеніштер, кегельдер.
Мамыр
33 «Жұқпалы аурулар және олармен күрес» тақырыбында әңгіме 1.Микроб туралы түсінік беру.
2.Салауатты өмір салтын құруға баулу.
3.Аурудың белгілерін білуге үйрету. Плакаттар, қарындаштар, парақтар.
Өз-өзін уқалау және бір-бірін уқалау, сылап-сипау 1.Уқалау, сылап-сипауға жаттықтыру.
2.Балаларға уқалау мен сылап-сипаудың жеңіл түрлерін үйрету.
3.Бір-біріне уқалау мен сылап-сипауға жаттықтыру.
Массажерлар
34 Жұп болып тұрып жаттығулар орындау 1.Жұптасып жаттығулар орындауды үйрету.
2.Бірлікке баулу.
3.Затты игеру – жалаушамен орындалатын жаттығуларды жасап меңгерту. Әр балаға жалауша, жұпқа бір доп, төсеніштер, секірулерге арналған бағаналар.
Допты волейбол торына лақтыру 1.Омыртқа бұлшықеттерін қатайту.
2.Балалрдың икемділігін дамыту.
3.Балаларды еденде жатып созылуға үйрету; допты тордан асырып беруге жаттықтыру.
Волейбол торы, әр балаға доптан.
35 Тыныс алу жаттығулары 1.Имитациялық жаттығуларды орындауға жаттықтыру.
2.Дұрыс тыныс алуға үйрету.
3.Бір орында секіруге үйрету.
Жол жиектемелері, әрқайсысына секіртпелер
Ұзындыққа секіру 1.Балаларға таяқшалармен орындалатын жаттығуларды үйрету.
2.Спортқа деген қызығушылықтарын дамыту.
3.Тепе-теңдік сақтап жүруге дағдыландыру; бір орыннан биіктікке секруге жаттықтыру.
Әрқайсысына: тақтайша, секіртпе, орындық, шығыршық, төсеніштер.
36 «Әкем, анам және мен – біз спорттық отбасымыз» аттық спорттық іс-шара 1.Өз күшіне сенімділік сезімін дамыту.
2.Морольдық, ерік жігерлілік қасиеттерін дамыту.
3.Ойын ережесін білу және ойын барысында өзін-өзі басқара білуге үйрету. Текшелер, кішкене доптар, шығыршықтапр, қапшықтар, орындықтар, кегельдер, гимнастикалық таяқша, үрленген доп.
Жекпе-жектер (спорттық алаңда өткізіледі) 1.Жекпе-жек шарттарын түсіндіру.
2.Балалардың тапқырлықтары мен ептіліктерін дамыту.
3.Балалардың қозғалу дағдыларын дамыту.
Қызыл және көк жалаушалар, шығыршықтар, жіп

Приложенные файлы


Добавить комментарий