Ашы саба Орыс тілде оытылатын мектерге арналан 3 сынып саба жоспары. Таырып: Оу ралдары.


Тақырыбы: Мектебі:
Күні, айы: Мұғалімнің аты:
Сыныбы: Сабаққа қатысқан
оқушылар саны: Сабаққа қатыспаған оқушылар саны:
Оқу мақсаты: 1.Өткен сабақты еске түсіру, жаңа сабақ оқу құралдары туралы түсіндіру, жаңа сөздермен таныстыру, жаңа тақырыпты қосымша материалдар арқылы түсіндіру.
2. Оқушылардың ойлау, есту, ой түйіндеуге, шығармашылықпен жұмыс істеуге шақыру, сөздік қорларын молайту.
3. Өз мектебін құрметтеуге, сыныбын, мектеп мүлкін таза ұстауға эстетикалық сезімдерге, патриотты болуға, дос болуға жан-жақты тәрбиелеу.
Сабақтың мақсаты: БО: өткен сабақты қандай деңгейде меңгергендігін көрсете алады. Мұғалімнің сұрақтарына бәрі дауап бере алады, басқа оқушыларға сұрақ қоя алады.
ОББ: тақырыптар бойынша өзара тілдесе алады, сөйлемдегі сөздердің орын тәртібін дұрыс сақтап қолдана алады.
КО: өткен материалдардың мағынасын түсінеді, сөйлем құрастыра алады.
Әдіс – тәсілдер: Қайталау, аудару, жаздыру, оқыту, әңгімелеу, баяндау, суретпен жұмыс, сұрақ – жауап, өзара сөйлесу әдістері.
Сабақтың барасы:
Сабақтың кезеңдері: Жоспарланған жұмыс:
Сабақтың басы:
Үй тапсырмасын қорыту: Оқушылардың сабаққа дайындығын тексеру. Сабақтың басталуына жағымды ықпал ететін көңіл күй қалыптастыру.
«Шаттық шеңбері»
Қуан шаттан, алақай,
Қуанатын келді күн.
Қайырлы таң,
Қайырлы күн
Күліп шықты күн бүгін.
Оқушыларға үлестірме қағаздар таратылады. Оқушылар қағаздардан кеме құрастырады. Құрастырылған кемеден құбыр құрастырады. Оқушылар құбырды бірлесіп, бірігіп ұстағанда ғана су өте алады. Түйін: «Бәріміз біріміз үшін,
Біріміз бәріміз үшін»
«Топқа бөлу» атым, малекула.
Сабақтың ережесімен таныстыру:
Сабақта бір – бірімізді тыңдаймыз.
Нақты, дәл жауап береміз.
Сабаққа белсенді қатысып, жақсы баға аламыз.
Сабақта өзіміздің тапқырлығымызды, шапшаңдығымызды көрсетеміз.
Сөздік қорын дамытуға арналған сұрақтар:
Сенің атың кім?
Сен неше жастасың?
Сен нешінші сыныпта оқисың?
Сен қайда тұрасың?
Сен қай көшеде тұрасың?
Сен нешінші партада отырасың?
Сен кіммен отырасың?
«Крестик - нөлдіктер» ойыны
Ереже: 1. 1 – команда (нөлдіктер) кестеден сан таңдайды.
2. Мұғалім сол нөмірдегі сұрақты оқиды. 3.Жауап дұрыс болған жағдайда, 1-команда сол кестеге крест қояды.
4. Дұрыс жауап болмаған жағдайда 2-команда қоюға мүмкіндік алады.
Сұрақтар:
Қазақ тілі сабағында қай тілде сөйлейсің?
Ағылшын тілі сабағындақай тілде сөйлейсің?
Орыс тілі сабағында қай тілде сөйлейсің?
Бүгін қазақ тілі сабағы бар ма?
Бүгін ағылшын тілі сабағы бар ма?
Бүгін орыс тілі сабағы бар ма?
Сен үйде қай тілде сөйлейсің?
Сен мектепте қай тілде сөйлейсің?
Жаңа сабақ
Тақырыпты анықтау: Оқушыларға постер таратылады. Постерде оқу құралдарымен қоса жай заттарда бар. Оқушылар артығын табады. Тақырып анықталады.
1-тапсырма: тыңдалым.
Оқу құралдарын қайталайды.
Сергіту сәті: Видео ролик.
2-тапсырма
Мен ..... жазамын
Мен .... сызымын
Мен ..... ұштаймын
Мен .....өшіремін
Мен .... сурет саламын
Қарлы кесек ойыны: Оқушылар сөздерден сөйлем құрастырып жазады.
6-тапсырма. Диалогты оқимыз.
Үйге тапсырма: Диалог жаттау
Рефлексия Даналық ағашы.

Приложенные файлы


Добавить комментарий