Саба жоспар Металдара жалпы сипаттама.Металдармен бейметалдарды асиеттерін салыстыру.Негізгі жне осымша топша металдары.Сілтілік металдар.Сілтілік металдарды негізгі осылыстары.


Бекітемін: Р.Жаймақова
Тобы: күні________
Тақырыбы Металдарға жалпы сипаттама.Металдармен бейметалдардың қасиеттерін салыстыру.Негізгі және қосымша топша металдары.Сілтілік металдар.Сілтілік металдардың негізгі қосылыстары. уақыты
Білімділік мақсаты:
дамытушылық:
тәрбиелік: Металдарға жалпы сипаттама беру, олардың физикалық қасиетерімен танысу,периодттық кестеде металдар қай топта орналасқанын және металдар мен бейметалдардың қандай айырмашылықтары бар екенін түсіндіру : Студенттердің ойлау, есте сақтау қабілеттерін арттыра отырып металдардың қасиеттерін салыстыра білуге үйрету. Металдардың периодттағы орындарын білуге және олардың формулаларын жазуға, сонымен қатар металдар қандай заттармен әрекеттесетінін теңдеулер жүзінде көрсетіп, металдарға байланысты есептер шығаруға дамытуСтуденттерді үнемшілдікке, ұйымшылдыққа, батылдылыққа тәрбиелеу  Сабақ типі: Жаңа білім беру сабағы. Сабақ өткізілу түрі: Мұғалімнің түсіндіруі,кітаппен өз бетінше жұмыс, жаттығулар орындау, кестемен,сызбанұсқамен жұмыс, фронталды әңгімелесу, Құралдар мен реактивтер: Кітап, дәптер, интерактивті тақта . Ұйымдастыру
кезеңі: (Сабақтың мақсаты мен кезеңдерін анықтау.) -сабақта қалыпты жұмыс істеуге мүмкіндік жасау ; -оқушыларды психологиялық дайындау. Амандасу.Оқушылардың сабаққа дайындығын тексеру. Оқушылардың көңілін сабаққа аудару. Сабақтың жалпы мақсатын ашу ,оны өткізу жоспарын көрсету. 1-2
Үй тапсырмасын тексеру кезеңі: Сабақтың білімділік мақсаты: -үй тапсырмасының дұрыс, толық орындалғанын тексеру ; -білімдеріндегі кеткен кемшіліктерді,тапсырма орындау барысында қиындықтарды анықтау ; -кеткен кемшіліктерді жою.1.Жаттығуды тексеру. 13
Оқушыларды білімді ,саналы және белсенді түрде меңгеруге дайындау кезеңі:
1.Сабақ тақырыбын хабарлау.Оқушылармен біріге отырып сабақ мақсатын айқындау.
Жаңа материалды оқып үйренудің практикалық қажеттілігін көрсету. Оқушылардың алдына оқу проблемасын қою.
Білімділік міндеттері:
-оқушылардың білім алуға деген ынта-ықыласын жұмылдыру.
-оқушыларды білім алудың мақсаттарын анықтауға;
- оқушылардың материалды бір мезгілде қабылдауы ,ой қорытындыларын жасауы,жалпылай және жүйелей білуі.
):
1.Фронталды әңгімелесу:(нашар үлгерушілермен жұмыс)
2
Жаңа сабақ түсіндіру. Білімділік міндеттері:
-оқушылардың өтілген материалды қабылдау ,есте сақтауын қамтамасыз ету;
-нақты қорытындылауға ,жүйелеуге әкелетін әдістермен тәсілдерді меңгеруіне жағдай туғызу; - оқушыларды өтілген материалды қайта жаңғыртып, еске түсіру әдістерімен қамтамасыз ету;
-түсініктер,заңдар,ережелерді философиялық тұрғыдан түсінуге ,талдауға көмек ету;
-оқушылардың оқу материалын өз әдіс -тәсілдерімен бетінше қабылдауын қамтамасыз ету. Жаңа сабақ материалын түсіндіру: 13
1.Сілтілік металдар периодтық жүйенің І тобының негізгі топшасында орналасқан. Оған
жататындар: Li, Na, K, Rb, Cs, Fr.  Олардың іс жүзіндегі маңыздылары: Na, K. Қалған сілтілік
металдар осыларға ұқсас. Натрий таралуы жөнінен алтыншы орында, калий жетінші орында.
Олар тек атом радиустары бойынша ғана ерекшеленеді. Олар s элементке жатады. Атом
радиусы, химиялық белсенділігі топтарда жоғарыдан төмен қарай өседі. Ең кіші радиус  Li-
де , ал ең үлкені  Fr –да. Реакция кезінде +1 тотығу дәрежесін көрсетеді.
Табиғатта кездесуі: Сілтілік металдар қосылыстарынан табиғатта кең тарағаны тек натрий
    және калий қосылыстары ғана. Мысалы: натрий хлориді Арал, Каспий маңында , натрий
сульфаты Алматы ,Қызылордада , сильвинит, карналит Батыс Қазақстанда. Натрий, калий
иондары тірі ағзада маңызды роль атқарады. Франций ядролық реакция кезінде жасандыжолмен алынған. Сілтілік металдарды тұздарынан электролиз әдісімен алады.
 
Сілтілік металдардың барлығы болар-болмас реңкті, ақ түсті, жеңіл, оңай балқиды. Олардың
қаттылығы және балқу  температурасы жоғарыдан төмен қарай кеми береді. Натрий ионы
жалынды сары түске, ал калий ионы күлгін түске бояйды. Сілтілік металдар күшті
тотықсыздандырғыш және химиялық өте белсенді болып табылады. Олар сутегін қоса
алғанда барлық бейметалдармен қуатты әрекеттеседі. Мысалы:
      +СІ2                             2МеСІ+ S                                Me2S
  2Ме                        +2HCI                           2MeCI + H2
 
+2HOH                           2MeOH + H2
+H2                                             2MeH
 
+O2                                             Me2O
Натрий тотықсыздандырғыш ретінде түсті металлургияда ядролық  реакторларда жылу жеткізгіш, органикалық заттарды синтездеу кезінде катализатор ретінде қолданылады. Сілтілік металдар, әсіресе цезий жарықтың  әсерінен оң зарядталған ионға айнала алады. Оның бұл қасиеті жарық  энергиясын  электр энергиясына айналдыратын аспапқа- фотоэлементке, сондай-ақ  өздігінен жұмыс істейтін аппараттар әзірлеуге пайдаланылады. Калий тұздарының өсімдіктер тіршілігіндегі маңызы өте зор. Натрий пероксидін ауаны регенерациялау үшін сүңгуір қайықтарда және ғарыштық  кемелерде пайдаланады. Ол көмірқышқыл газын сіңіріп ауаны тазартады.
Маңызды қосылыстары: NaOH- сілті, химия өнеркәсібінің маңызды қосылысы, сабын, қағаз, бояу, дәрі алу үшін және тұрмыста  NaCI – ас тұзы, консервілеуде және химия өнеркәсібінде натрий, хлор, сода алу үшін, Na2SO4— шыны, сода, медицинада қолданылатын глаубер тұзын алу үшін, Na2CO3 – кальцинирленген сода, тері, формацевтика өнеркәсібі, дәрі алуда, NaNO3— тыңайтқыш ретінде, NaHCO3 – ас содасы, медицина, кондитерде қолданылады. KNO3— азоты, калийі бар тыңайтқыш, KCIO3 – бертолле тұзы, химия өнекәсібінде, сіріңке жасауда, КМnO4-марганцовка, дәрі ретінде, зертханада оттегін алу үшін, К2СО3— ағаш күлінде болады, тыңайтқыш ретінде қолданылады.
Білімді жүйелеу және қорытындылау
Білімділік міндеттері:
- оқылған материалды оқушылардың дұрыс меңгергенін анықтау;
-алғашқы берілген түсінікте кеткен кемшілікті анықтау;
- кеткен кемшілікті жою жұмыстары
-тапсырмаларды оқушылар өз бетінше орындайтындай дәрежеге жеткізу;
-оқушылар білімі мен сыныптың ерекшелігіне қарай отырып тапсырманың күрделілігін анықтау Дәптерге қорытынды жазу.
№1 .Натрий хлоридіндегі ,натрий гидроксидіндегі натрийдің массалық үлесін пайызбен есептеңдер?
№2. Төмендегі айналуларды жүзегі асыруға мүмкіндік беретін реакция теңдеулерін жазыңдар.
Na→NaOH→NaCl→NaNO3
9.2 г натрий суда ерігенде түзілетін гидроксидтің массасын есептеп шығарыңдар 10
Бақылау және өзбетінше бақылау кезеңдері. Білімділік міндеттері:
- оқылған материалды оқушылардың дұрыс меңгергенін анықтау;
-алғашқы берілген түсінікте кеткен кемшілікті анықтау;
- кеткен кемшілікті жою жұмыстары;
1.Соңғы берілген жаттығуларды тексеру. 2
Үй тапсырмасын беру кезеңі: Білімділік міндеттері:
-оқушыларға үй тапсырмасының берілу мақсаты ,мазмұны шығарылу жолы түсінікті болуын қамтамасыз ету
1. Үй тапсырмасын орындауға берілетін нұсқаулар.
Металдарға жалпы сипаттама.Металдармен бейметалдардың қасиеттерін салыстыру.Негізгі және қосымша топша металдары.Сілтілік металдар.Сілтілік металдардың негізгі қосылыстары. 1
Сабақ қорытындысын шығару кезеңі. - жекелеген оқушылар мен сынып жұмысына баға беру. Сабақтың кемшілігі мен қорытындысын шығару. Баға қою. 2
Пән мұғалімі: Г.Темірбекқызы
Бекітемін: Р.Жаймақова
Тобы: 92 күні:22.12.17

Приложенные файлы


Добавить комментарий