Бала трбиесіндегі ата-ананы рлі


HYPERLINK "http://ustaz-martebesi.kz/index.php/2014-05-06-03-59-54/229-bala-t-rbiesindegi-ata-anany-r-li" Бала тәрбиесіндегі ата-ананың рөлі
Мақсаты: Бала тәрбиесіндегі ата-ананың балаға тәрбиелік ықпалын арттыру,баламен жақсы қарым-қатынас орнату,бала тәрбиесіне көп көңіл бөлудің маңыздылығын ашу.
Әдістері: пікір алмасу, сұрақ-жауап,сауалнама,психологиялық жаттығулар.
Барысы:
I. Тренинг мақсатымен танысу;
II. «Танысу» жаттығуы;
III. Ақылды ата-ананың қағидасы;
IY. Ата-аналарға арналған тест;
Y.Сергіту. «Ата-ана мейірімі»
YI. Ситуациялық сұрақтар талдау;
YII. Қорытынды рефлексия.
Сәлеметсіздер ме, құрметті ата-аналар! Бүгінгі біздің «Бала тәрбиесіндегі ата-ананың рөлі» атты тренинг сабағымызға қош келдіңіздер!
I. Тренинг мақсатымен танысу.
II. «Танысу» жаттығуы.
Ата-аналар өз есімдерін және баласының есімінің неге сүйеніп қойғандарын айту.балаларымыздың аттары қалай қойылғандығына сипаттама беріп,шағын тарихын айтып шығасыздар.Кім қойды,себебі,кімнің және ненің құрметіне деген сияқты.
III. Ақылды ата-ананың қағидасы.
1. Ешуақытта балаңызды басқа балалармен салыстырмаңыз. «Инабат 5 жаста, ол кітапты жақсы оқиды, ал сен..?» деу, немесе «мен сенің жасыңда бәрін білгенмін, ал сен..?» деу дұрыс емес.Оның есесіне сіздің балаңыз суретті жақсы салады,компьютерді жақсы меңгереді немесе қағаздан керемет дүниелер жасайды.Сондықтан балаңызды оның қолынан келетін істері үшін мақтаңыз.
2. Ешуақытта баланы бопсаламаңыз! Сөздігіңізден «Мен сені өсірдім, бақтым-қақтым, ал сен...» деген сияқты сөздерді алып тастаңыз! Өйткені, бұл қылмыстық кодекс тілімен айтқанда бопсалау деп аталады.Ұялту тәсілінің ең нәтижесіз түрі.Өйткені бұл бопсалауға балалардың 99 пайызы «онда мені дүниеге әкелмеуің ерек еді» деп жауап береді.
3. Балаға өз махаббатыңызды ашудың тәсілдері.Баламен қарым-қатынас жасауда эмоцияларға шектеу жоқ,бірақ бір жағдайда ғана: ол сіздің махаббатыңызға күмәнданбауы керек.Сіздің балаңыз жаман болуы мүмкін емес, өйтені ол әлі бала, және де ол-сіздің балаңыз.
IY. Ата-аналарға арналған тест.
Сіз жақын арада қоныс аудардыңыз, бірақ көршілеріңіз көңіліңізден шықпады. Мекен-жайыңызды өзгертейін десеңіз балаңыз мектепке де, достарына да бауыр басып қалды. Қандай шешім қабылдайсыз?
А) пәтерімді міндетті түрде ауыстырамынӘ) асықпай ойланып шешім қабылдаймын
Б) отбасыммен ақылдасамын. Олар не десе сол болады.
2. Балаңызға ауладағы бір сотқар күнде күн бермейді. Қандай шешім қабылдайсыз?
А) бар ашуымды бойыма жинап, тәртіп орнатуға тырысамынӘ) баланың ата-анасымен сөйлесемін. Мүмкін олар баласының тентектігінен бейхабар боларБ) тентектің өзімен сөйлесемін. Ер бала ғой мүмкін түсінісерміз
3. Сіздің жаңа көршілеріңіз бір-біріне қонаққа жиі барады, үнемі басқосулар жасайды, балалары мерекелерін бірге тойлайды.Сізге бұл жағдай қалыпты емес, әйтсе де жаңа таныстар сізді де өз орталарына тартқысы келеді. Сіз не істейсіз?
А) асықпай байқап қараймын, мұның бәрі тегін емесӘ) жағдайды анықтауға психолог құрбымды көмекке шақырамын. Оған дейін шақыруларынан бас тартамын, балаларымды да ойнауға жібермеймінБ) көршілерімнің бәрі қарапайым, біз олармен қуана араласамыз.
4. Кез келген істі тастай салып, баламен айналыса аласыз ба?
А) иә, әрқашан солай жасаймынӘ) кейде ғанаБ) жоқ. Шаруамның уақытылы аяқталғанын жөн көремін
5.Сіз балаңызға ата-анасынан гөрі, ойын мен достары жақын екенін байқайсыз. Балаңыз далабезер болмас үшін не істейсіз?
А) далаға шығуға тыйым саламынӘ) баламмен бірге серуендеуге шығамынБ) мен де кезінде бала болғанмын. Уақыт өте бәрі өз орнына келеді. Бұған бола қорқудың еш қажеті жоқ.
Қорытындылау:
5-8 ұпай аралығында.
Сіз тамаша ата-анасыз. Ең бастысы отбасыңызды түсінеміз. Жанұяңдағы жағдайдың бәрі жатық болмаса да, шыдамдылық пен балаға деген махаббатыңыз керемет ғажайыптарды жасайтынын білесіз.
9-12 ұпай аралығында.
Сіз үшін аулаңыз ең қауіпсіз жер. Бірақ айнадағыларға күдікпен қараудан арыла алмай келесіз. Бұл әдетті тастау керек. Көршілеріңіз сіз ойлағандай жаман адамдар емес.
13-15 ұпай аралығында.
Сіздің ашуыңыздың шегі жоқ. Жағдайдың бәрін бақылап ұстауға тырысасыз. Мүмкін жанұяңызда жұмсағырақ болған жөн шығар.
Y.Сергіту. «Ата-ана мейірімі»
Ата-аналар ақ параққа гүлдің суретін салып, гүлдестелерге баласына деген сүйіспеншілігін жазып, өз ой- пікірлерін айтады.
YI. Ситуациялық сұрақтарды талдау.
1.  Балаңыз мектептен шағым айтып келеді. Мұғалім ұрысқанын, енді сабаққа барғысы келмейтінін айтты. Сіз қандай әрекет етесіз?
3. «Балаңыз түнімен теледидар көріп, ұйқысы қанбай қалды. Балаңыз:«Басым ауырып тұр, сабаққа бармай-ақ қояйыншы»,- деді. Сіздің әрекетіңіз?
4. Кейбір ата-аналардың баласының әрбір істеген іс-әрекетіне көңілі толмай: «Сен сала алмайсың, сен істей алмайсың», - деп айтып жататынын байқаймыз. Бала іс-әрекетіне теріс баға беруге қалай қарайсыз?
5. Сіздің балаңыздың сыныбында оқитындардың бәрінде ұялы телефон бар,тек сіздің балаңызда жоқ. Күнде «әпер» деп мазаңызды алады,сабаққа барғысы келмейді.Сіз жұмыссызсыз,не істейсіз?
7. Сіздің тұңғышыңызды атасы мен әжесі бауырына басқан.Сабағы қиындап кеткен соң, өздерің қадағалаңдар деп әкеп тастады. Ал балаңыз тәрбиеңізге көнер емес, не істейсіз?
YII. Қорытынды рефлексия.
Тренингтен алған әсерімен бөлісу
- Құрметті ата-аналар! Бүгін біз сіздермен бірге отырып, бала мен ата-ана арасындағы
қарым –қатынасты жақсартуға күш салдық. Олардың денсаулығы мықты, көңіл-күйлері көтеріңкі ақылды, мейірімді, еңбекқор болғанын тілейміз.
Күніміз ашық болсын,
Түніміз тыныш болсын.
Ауамыз таза болсын,
Суымыз мөлдір болсын!
Ұл-қызымыз аман болсын! -дей келе бүгінгі "«Бала тәрбиесіндегі ата-ананың рөлі»" атты тренинг сабағымыз аяқталды.

Приложенные файлы


Добавить комментарий