Шыыс азастандаы археологиялы ескерткіштері. 5 сынып


Қазақстан Республикасының ғылым және білім министрлігі
Шығыс Қазақстан облысы
Бағыты: Қазақстанның тарихи ескерткіштері мен болашақ дамуы бар саяхат маршруттары.
Секциясы: Қазақстан тарихы
Тақырыбы: ''Шығыс Қазақстандағы археологиялық ескерткіштердің ерекшеліктері''
Авторы: Топтаева Малика,
Қ.Рысқұлбеков атындағы орта мектеп
Ғылыми жетекші: Борашева Гаухар Бейсехановна,
Қ.Рысқұлбеков атындағы орта мектеп
Семей қаласы – 2018 жыл
Мазмұны:
Кіріспе ..............................................................................................................3-4
Теориялық бөлім..............................................................................................5-17
І–тарау. Шығыс Қазақстандағы Шілікті ескерткіштері...................................................................................................5-10
1.1. Шілікті патша қорғандары...........................................................................5-7
1.2. Шілікті қорғанынан табылған «Үшінші алтын адам»...................................................................................................................8-10
ІІ–тарау. Ұлы даланың құрияға толы Берел қорғандары.......................................................................................................11-16
2.1. Берел қорғандары............................... ....................................................10-13
2.2. Берел қорғанынан табылған тарихи жәдігерлер мен берелдіктердің жерлеу салты....................................................................................................14-17
Зерттеу бөлімі..................................................................................................18-19

Қорытынды.......................................................................................................20
Пайдаланылған әдебиеттер тізімі....................................................................21
Қосымшалар.....................................................................................................22-26

Кіріспе.
Өзектілігі: Еліміздегі көне тарихи ескерткіштерді зерттеудің маңызы зор. Археологиялық ескерткіштер ел тарихының бірнеше өзекті мәселелерін ашуға, сондай-ақ, ежелгі және ортағасырлық кезеңдердегі халқымыздың байлығымен, өскелең өркениетімен және мәдени мұраларымен танысуға кең жол ашады.
Ескерткіштер тарихи-мәдени байлығымыз, өзіндік мәдениет құндылықтарымен дәстүрлерді қорғау және молайту арқылы ұрпақ сабақтастығын байланыстыратын жол іспеттес. «Халықтың өткені болмай болашағы болмайды» деп Елбасымыз өзінің жолдауында бірнеше рет атап өткен болатын. Тарихи ескерткіштерімізді қорғау, оларға қамқорлық таныту әрбір азаматтың парызы. Ал еліміздің тарихи ескерткіштері туралы сөз еткенде ең әуелі Берел, Шілікті қорымдары аузымызға түседі. Әлбетте археология Шығыс өңірінің бойтұмары деп бекер айтылмаса керек.
Ұлттық тарихи-мәдени жадымызды жаңғыртуда Тарғабатай баурайларындағы, әсіресе Шілікті жазығындағы зертеулердің мазмұны табысты болды
Біздің мақсатымыз – ескерткіштерді, тарихи мұрамызды көпшілікке, әсіресе жас ұрпаққа дәріптеу. «Шығыс Қазақстан облысы аумағында 623 тарих және мәдениет ескерткіштері бар, оның ішінде 16-сы мемлекеттік маңызға, ал 607-сі жергілікті маңызға ие ескерткіштер». [5; 9]
Қазақстан Республикасының мәдениет саласының басты бағыттарының бірі – тарихи-мәдени мұраларды қорғау мәселесі болып табылады. Қазіргі заман мәдениет ортасын қалыптастыруға ықпал жасайтын, танылмаған және жаңа тарих пен мәдениет ескерткіштерін анықтап олардың архитектуралық-көркемдік ерекшеліктерін және бүгінгі таңдағы жағдайын айқындап, қорғауға алуды қамтамасыз етеді.
Шығыс Қазақстан өңірі өзінің бай тарихымен белгілі аймақ. Облыс әкімі Даниал Ахметовтың бастамасымен «2016-2018 жылдардағы Шығыс Қазақстан облысында археология саласында ғылыми-зерттеу жұмыстарын дамыту бағдарламасы» қабылданған болатын. Осы бағдарлама аясында 4 кезеңге бөлініп 3 жылға арналған жұмыс жоспары бекітілді. Бағдарламаның негізгі мақсаты - өңірдің туристік бағытын дамыту үшін мәдени брендін қалыптастыру, Әлемдік ЮНЕСКО қорын толықтыру». Мәдениет, мұрағаттар және құжаттама басқармасының бастамасымен құрамында Зейнолла Самашев, Карл Байпақов, Әбдеш Төлеубаев сынды археологтар бар арнайы жұмыс тобы құрылды. Сонымен бірге зерттеу жұмыстарына Ұлыбритания, АҚШ, Италия, Бельгия, Венгрия, Польша, Жапония, Түркия, Қытай, Қырғызстан және Ресей мемлекеттерінің белгілі ғалымдары да қатысты. Бұл жобаның тағы бір жетістігі, археологиялық қазба жұмыстарына студенттер де қатысып, үлкен тәжірибе жинақтады. Барлығы 5 археологиялық нысан: соның ішінде Катонқарағайдағы Берел қорғандарында, Зайсандағы Шілікті обаларында зерттеу жүргізіліп құнды жәдігерлер анықталды. [8;9]
Тағы бір айта кетерлігі, 2011 жылы аяқталған «Мәдени мұра» мемлекеттік бағдарламасының маңызы зор болды. Бұл бағдарлама өзінің ауқымдылығымен бірегей, яғни тек қазақстандықтардың ғана емес, жалпы адамзаттың мәдени және рухани дамуына үлес қосты. Бағдарламаның жүзеге асуына отандық және шетелдік білім беру, мәдениет саласындағы ғалымдар жұмылдырылды. Бағдарлама аясында жүргізілген кең ауқымды археологиялық зерттеулердің нәтижесінде ел тарихының жаңа парақтары ашылды.
Шығыс Қазақстан облысындағы Шілікті мен Берел қорғандарындағы қазбалар, «скиф-сібір аң стиліне» немесе сақ өнеріне (б.з.б.V-IIIғғ.) жататын алтын бұйымдар әлемге әйгілі болды.[20;15]
Өткенді объективті жаңғырту бүгінгі ұрпақ үшін маңызды міндет болып табылады. Біз өз кезегінде келесі ұрпаққа тапсыратын бабларымыз жүріп өткен тарихи жолдарды көрсету үшін тек шынайы білім ғана сенімді негіз бола алады. Елбасының бастамасымен 2004-2011 жылдары жүзеге асырылған «Мәдени мұра» мемлекеттік бағдарламасы бүгінгі таңда Мәдениет және спорт министрлігінің стратегиялық жоспары аясында жалғасын табуда. Қазақ халқының бай мәдени мұрасын зерттеу, оның ішінде ұлттық тарих үшін ерекше маңызы бар тарихи-мәдени және сәулет ескерткіштерін қалпына келтіру – заман талабы. [11;84]
Қазақстан тәуелсіздік алғаннан кейін ірі тұлғаларды, саяси қайраткерлерді, мәдени ескерткіштерді зерттеу ісі жолға қойылды.
Шілікті «Алтын адамы» қандай? деген сұрақтарға әлі толық жауап берілген жоқ. Сондай-ақ, ерте темір дәуіріндегі Шығыс Қазақстан тарихын, сол жерді мекен еткен көшпелі тайпалардың өмірін жан-жақты талдау арқылы ғана мүмкін болады. Себебі, бізге нақты дерек беретін археологиялық мәдени ескерткіштер. Сондықтан ғылыми жобаның басты зерттеу нысаны «Алтын адамдардың» өмір сүрген кезеңін жан-жақты ашып көрсету болып табылады.
Зерттеу жұмысының мақсаты: ежелгі тарихи археологиялық, тарихимәдени ескерткіштері әлі күнге дейін атадан балаға мұра болып келе жатқан жәдігерлерді насихаттап, зерттеу.Зерттеу жұмысының міндеттері:
Ежелгі тарихи археологиялық ескерткіштер туралы ақпараттар жинау;
Қазіргі таңдағы Қазақстан жеріндегі тарихи археологиялық ескерткіштерін ғылыми тұрғыда зерттеу жұмыстарын насихаттау;
Еліміздің құндылықтарын, сол кездегі жетістіктерін зерттеу;
І тарау. Шежірелі мекен Шілікті.
1.1 Шілікті патша қорғандары
Шілікті қорымы Зайсан ауданы, Шілікті ауылынан оңтүстік батысқа 3 км жерде орналасқан. Ұзындығы - 80, ені – 30 шақырым осы кең жазықты оңтүстігінде Тарбағатай, шығысында Сауыр-Сайқан, солтүстігінде Маңырақ таулары қоршап жатыр. Шілікті жазығы сақтардың алғашқы мемлекетінің ордасы тігілген қасиетті мекен. Жердің қасиеттілігін жақсы білген біздің ата-бабаларымыз өз мемлекетінің алғашқы ордасына бұл жерді бекер таңдамаған. Ортағасырлық аңыз бойынша Асанқайғы Сауыр тауының басына шығып тұрып: «Мына даланың үш есігі бар екен, әттеген-ай төртінші есігі болғанда жердің жәннаты болғандай екен» - деген екен. [20;13]
Бұл жазықтың географиялық жағдайы адам өмір сүруіне өте қолайлы. Жазы салқын, қысы қарсыз және жылы болып келетін бұл өңір Зайсан-Тарбағатай аймағындағы бір ерекше оазис өлке. Ал, осы жазықтың «Шілікті» аталуын ғалымдар: «Кезінде мұнда шілік өскендіктен, осы атауы қалыптасқан болуы керек» деп тұжырымдайды.
Шілікті ерте сақтар заманындағы элитарлық ескерткіштердің бірегейі. Бұл шынымен Патша алқабы, себебі, мұнда 200-ден астам қатар-қатар үлкен қорғандар орналасқан. Шілікті даласында көне мәдениеттің аса бір өркендеген уақыты б.з.д. Ι-мыңжылдыққа сәйкес келеді. Бұл кезде Шілікті даласын сақ тайпалары мекендеген. Олардың елу шақтысы патша және ақсүйек обалары. Табиғаттың үйлесімді әсерінің және адамның ғасырлар бойы қызметінің салдарынан пайда болған тарихи-мәдени ландшафт аймақтың басты құндылығы болып табылады. Оның ең көп шоғырланған жерін            Шілікті ескерткіштері деп атайды. Бұл — жүздеген жылдар бойы кісі жерленген, тайпалар мен ру көсемдерінің үлкен зираты. Обаны қазу жұмыстары оның құрылымын қайта қалпына келтіруге мүмкіндік берді. Шілікті обасы  б.з.б. VІІ-VІ ғасырға жатқызылады. Шілікті қорымында барлығы 51 оба бар. Шіліктідегі көне сақ ескерткіштерінің тарихы б.з.д. VIII ғасырдан бастау алады. Ал, сақ заманнан кейінгі қорғандар б.з.д I-II ғасырды құрайды. Ескерткіштердің кейбірі үйсін, түркілердікі болып келеді. Шамамен б.з.д VI-VII ғасырлардағы түркілердің көне жәдігерлері де кездеседі.[12;73]
Бұл ескерткіштерді бірінші зерттеген семейлік гидротехник Г.Н.Бокий еді. 1909-1910 жылдары ол Шілікті даласының шығыс шегінде орналасқан Шаған оба қорымдарын қазып зерттеді. 1949, 1959, 1961 және 1962 жылдары Шілікті қорымдарында профессор С.С.Черников қазба жүргізді. Ол №5 «Алтын қорғанды» ашты және барлығы 13 обаны қазып зерттеді. Черников зерттеу барысында Шілікті сақтарының шаруашылығына, тұрмысына, дүниетанымына қатысты материалдарды зерттеді. Қолы жеткен дерек көздерін ғалым 1965 жылы «Алтын адамның құпиялары» деген  еңбегінде жариялады. «Шілікті обалары, Шілікті жәдігерлері – сақтардың ерте кезіндегі тарихына қатысты» – деп жазылған сөздерді көздеріңіз шалады. Қазіргі таңда Черниковтың тапқан алтын бұйымдары Эрмитаждың төрінде тұр. Обаны қазу жұмыстары оның құрылымын қайта қалпына келтіруге мүмкіндік берді. [23;25]
Бұл қорғандар алып немесе орташа қорғандар. Алып қорғандардың диаметрі 100 метр, ал биіктігі 8-10 метрге жетеді. Мұндай обаның саны - 13. Орташа обалардың шеңберінің диаметрі 20 метрден 60 метрге жетеді, биіктігі 2 - 5 м. Қорған ертеректе қатты тоналған. Бірақ кейбіреулерінде зергер бұйымдар сақталған. Соның бірі 1960 жылы қазылған "Алтын қорған" деген оба. Обаны үйерден бұрын қабір шұңқыры қазылған. Оның орта шенінен шығыстан батысқа қарай бағытталған дөліз (дромос) жасаған, оның ені 2 метр, ұзындығы 12 метр. Қабір шұңқырының ішінен қабырғалары 5 м жуық балқарағай бөренелерінен қабір үйін салған, биіктігі 1 м. Айналасына - тас толтырылған. Дәліздің қабырғасын таспен қалап, төбесін бөренемен жапкан. Жердің бетінен аумағы 58 шаршы метрдей, терендігі 1 метрдей шұңқыр қазылған. Оның ішіне балқарағайдың жуан боренелерінен шаршы қима жасалған, бөліктерінің қабырғалары екі, ал төбесі бір қатар бөренелерден тұрады; бөренелер жылжып кетпес үшін шұнқырдың қабырғалары мен ағаш құрылыс арасына уатылған тас толтырылған. Қиманың бұрыштары бөренелердің бір-біріне тиер жерінде күйдіріліпті. Ағаш моланың ішінде, батыс жақ қабырғасы жанында, жонылған қалың тақтай еденде 40— 50 жастағы еркек пен 50—60 жастағы әйел және олардың жанына қойылған заттар жатты. Өліктерді қабірге шығыс жағынан жалғасқан дәліз-дромос арқылы кіргізген. Жерлеп болғаннан кейін дромос бөренелермен жабылып, бүкіл құрылыс уатылған ірі тастармен көмілген. Содан кейін тығыз сары түсті балшықтан үйінді тұрғызылып, оның үстіне майда малтатас араласқан топырақ үйілген. Алғашқы түрінде обаның диаметрі 45 м, биіктігі шамамен 10 м үйінді болған. Моланың жердің бетіндегі бөлігі таспен үйілген. Сонымен қатар обадан 13 кола жебе, жебе салатын корамсақтың қалдығы табылды. Жебелер екі кырлы, ұңғылы. Қорамсақтың сыртына алтыннан жасалған бүғы мүсінді бірнеше әшекей қапсырма жапсырылған. Мұнда 524 алтын зат табылды. «Ұшып келе жатқан бұғы» түріндегі қапсырмалар, аяқтары бүгулі бұғы түріндегі қаптырмалар (14 дана), басы бұрулы бүркіттердің (9 дана), шиыршықтала бүктетілген қабыланның (29 дана) бедерлі мүсіндері, жұқа қаңылтырдан қиып жасалған қабандардың мүсіндері (12 дана), балық бейнесі, бейнелерінің мүлтіксіздігі және мәнерлілігі таң қалдырады. [21;135]   Алтын бедерлі мүсіндер ғажайып шеберлікпен, көркем жасалған.
Бұл обалардың салынған уақыты б.з.б. 7-6 ғасыларға жатады. Аталған қорғандар  ерте заманда-ақ тоналып кеткен. Бірақ кейбіреуінде зергерлік өнердің өте бағалы заттары сақталған. [9;1]
Шілікті обасы өз кезеңі үшін күрделі архитектуралық құрылыс болды және обаны тұргызуга көптеген адамдардың еңбегі пайдаланылған. Обаға қажетті тас одан 15 шақырым жердегі ең жақын деген таулардан, ал бөренелер аңғардың шығыс жағындагы 40 шақырым жердегі карағайлы орманнан тасып әкелінген. перуза тас көмкеріліп, майда домалақ алтын түйіршіктермен әшекейленген, қанаттары жаюлы құс түріндегі қаптырма және басқа неғұрлым ұсақ зергерлік әшекейлер бар. Мұнда Еуразия далаларындағы көшпелі тайпалардың қолданбалы өнері айқын көрсетілген. Шілікті обасындағы аң стиліндегі бірқатар көркем туындылар сақ-скиф дүниесі өнерінің алғашқы үлгілеріне жатады. [25;46]
Ғимараттың ішкі микроклиматы бір қалыпты температурада сақталған. Сақтар адамдарын жер қойнауына тапсырған кезде міндетті түрде арнайы дәрілермен мумификация жасаған. Ол адам денесінің еті ағып кетпеуі үшін, адам денесінің сақталуы үшін жасалатын дүние. Шіліктіде қазылған обалардың барлығы мумификация жасалған. Адамдарды шалқасынан батысқа қаратып жерлеген. Бір ғажабы, обаны ірі бөренелерден салған.
Қазба барысында тас обаның сыртын түгел ашып болғанда шығыс жағынан кішкене бір ойыс көрінді. Бір науа секілді. Әрі қарай қуалап қазып едік, көлденең бөренелер шықты. Сол бөренелер арқылы шығысқа кететін жер асты дәлізін анықтадық. Ірі бөренелердің ұзындығы 12-13 метрді құрайды. Еденінің көлемі 18 ш.м. жуық. Қабірхананың іші үй секілді бір-бірімен қиыластырып салған. Ортасындағы ашық тесіктерге тас толтырып тастаған. Бөренелерден биіктігі 7 қатар құрайтын үлкен ғимарат секілді. Қабірхананың шығыс бөлігіне дромс орналасқан. Сол жер асты дромс дәліз арқылы патшаның жақын туысқандары өлгенде, қасына апарып жерлеп отырған.
Обаны қазу барысында тереңдігі 1 де 70 см болатын, қабырғалары сыланып-бекітілген басқа ескерткіштерден өзгеше оба табылды. Бұның жерасты дәлізі оңтүстік шығысқа қарап жатыр. Жан-жағын таспен қоршап тастаған. Қабірхананы самырсын ағашпен жапқан. Ағаш осы уақытқа дейін өз формасын сақтап тұр. [3;55]
Ескерткіштің бірегейлігі: Шіліктінің алтын әшекейлері сақтар өнерінде ең алғашқысы. Сақ басқарушысы маңызды мерекелер кезінде алтын қапсырмалармен безендірілген киім киген. Бұл мерекелік костюмді ғалымдар бұрынғы қалпына келтірген. Тек Қазақстанда емес, бүкіл Еуразиялық кеңістікте бірегей «Алтын адам» табылды. Материалдар ерте сақ дәуірінің б.з.б. VIII –VII ғасырды қамтиды. Шілікті қорғанынан табылған жәдігерлер біздің дәуірімізге дейінгі бірінші мыңжылдықтардың орта кезеңін қамтып, мәдени–тарихи процестерді қайта қарауға әсерін тигізетін соңғы жылдардағы таңғажайып қазбалар қатарына жатады. [24; 53]
Шілікті жазығында жүргізілген бір ғасырдан астам археологиялық зерттеулер нәтижесінже көптеген құнды мәліметтер мен жәдігерлер жинақталды. Деректердің сан түрлі болуы мен бірге ерте сақ дәуірінен бастап дамыған орта ғасырлар кезеңіне дейінгі уақытты қамтитын деректермен толықты.
Еуразия даласында дәл Шілікті жазығындағыдай элитарлық обалар тығыз топтасқан аймақ өте сирек кездеседі. Жылқымен бірге жерлеу дәстүрі Шіліктіде бұрын-соңды кездеспеген болатын. Обаның үстіңгі бөлігінде қолы мен аяғы байланған әйел мүрдесі, одан 70 сантиметрдей төменде ерінің жерленгені анықталды. Бұл да зерттеуді қажет ететін тың жаңалықтың бірі.
1.2. Шілікті қорғанынан табылған Үшінші «Алтын адам»- сақ патшасы.
Үшінші «Алтын адам» 2003 жылы табылған. Үшінші Алтын адамды Шығыс Қазақстан облысына қарасты Зайсан ауданының Шілікті жазығынан археолог-этнолог,профессор, тарих ғылымының докторы Әбдеш Төлеубаев бастаған археологтар қазба жұмыстары кезінде тапқан. Жалши ауылындағы маңайда үлкен 17 оба бар. Солардың ең басында тұрған үлкен оба тегін адамға қойылмаған ескерткіш екенін сезген. Шілікті патша қорғанынан табылған. [1; 23]
Алтын адам біздің дәуірімізге дейінгі VIII-VII ғасырдың басындағы жәдігерлердің бірі. Ел басқарған, қоғамда ерекше әлеуметтік орны бар адамдарды жерлеу ерекше салтанатпен, бүкіл елдің қатысуымен, басына аса көрнекті ескерткіш-мола салумен дараланған. Біз ашқан обада жерленген адам сақ патшалығының алғақы патшаларының бірі болу керек. Оны тұп-тура сап алтыннан құйылған әшекей жапсырма-түймелермен әсемдеген алтын киімде жерлеген. Геродоттың хабарлауынша, сақтардың патшасын «басилей» деп атаған. Ол сөздің мағынасы «елбасы» дегенді білдіреді. Сақтар елбасыларын ерекше қастерлеген. Жалпы ел басқарушылық, пеатшалық қасиет жоғарғы бір ерекше күштің – Тәңірдің сыйы деп есептеген болу керек. Патша құзырының космологиялық табиғаты бар деп түсінген секілді. Сондықтан оны күн түстес алтын киімге орап, қабірінің есігін күншығысқа қаратып, ерекше жұлдызша белгі тағып, үстіне обадан кіші әлемді (микрокосмос) орнатып қойған. Қазақстан жерінде табылған Алтын адамдардың ең көнесі. Мекен еткен жеріне және үстіне құйма алтыннан жасалған аң-құс белігілеріне қарағанда сақ патшасына келетін бұл олжа сақ дәуірінен жеткен құнды тарихи жәдігер. Бұл жәдігер тарихқа «Бәйгетөбе» деген атаумен енді. Бәйгетөбе обасының қабірханасындағы бөренелерінің дендрохронологиялық сараптамасы бойынша ағаш ғимараттың салынған кезі мөлшермен б.з.б. 810-760 жылдарға сәйкес келеді. Бұл археологиялық жаңалық тарих ғылымында сақ дәуірінің тағы бір жарқын ескертіші ретінде танылып отыр. Ол Жалшы ауылының оңтүстік жағында орналасқан. Обаның биіктігі 8 м, диаметрі 100 метрге жуық. Ол үш қабаттан тұрады. Үстінгі қабаты топырақпен, астыңғы қабаты тастан үйілген.Тас үйіндінің ішінде сағана-қабірхана орналасыпты. Қабірхана жер бітіне салынған. Оның қабырғалары ұзынан екі қатар етіп қойылған жуан самырсын бөренелерден тұрғызылған. Осындай алып ғимараттың ішінде бірғана ер адам жерленген. Адамды сом алтыннан құйылған қаптырма, әшекей түймешектермен безендірілген киімімен жерленген. Киімінің алтын қаптырма – түймешектерінің барлық саны 4303 данадан тұрады. Олар аңдық стильде құрылған. Патша киімдеріне тағылған алтын жапсырмалардың жасалуы сом алтыннан құйылған әшекей дүниелер, яғни таза құйма алтындар. Олардың ішіндегі ең үлкені – арқардың мүсіні.3-Шілікті қорымының Бәйгетөбе обасынан барлығы 4303 дана алтын заттар табылды. Оның 153 данасы мәліннің маскасы бейнесінде, 36 данасы бүркіт-самұрұқ, 20 данасы бұғылар, 39 данасы қасқыр (аю) түрінде, бір түйме-қаптырма бесжұлдыз, бір қаптырма арқар бейнесінде. Сонымен қатар 23 дана қоңырауша түріндегі,63 дана кеңірдекше түріндегі, 17 дана алтын тілікше, 7 дана алтын сым, 141 дана жартышар сияқты салпыншақтар, 2835 дана миниатюралық құлақшалы, кесеге ұқсас салпыншақтар, 223 ұсақ кеңірдекше тізбе, 743 шығыршық тізбе және бір дана кішкене қапсырма шеге табылды.3- Шілікті қорымындағы Бәйгетөбе обасының ірі және өте күрделі архитектуралық құрылысы әлеуметтік-мәдени және табиғи-қорықтық қызмет атқарған. Ескерткіштің осыншама ірі көлемі онда жерленген адамның қоғамда өте жоғары мәртебеге ие болғандығын дәлелдейді. Бәйгетөбе обасында сақ жұртының ең алғашқы патшаларының бірі жерленген. Химиялық анализ Шілікті алтын әшекейлерінің 960-970 проба екендігін және бұл алтындар өндірістік жолмен алынғандығын анықтады. Шілікті даласын көмкеріп жатқан Тарғабатай, Маңырақ, Сауыр-Сайқан тауларынан кейінге джейін бірнеше жерде алтын өндіріліп келген.[20;96]
Шілікті қорғанынан табылған Үшінші Алтын адам сақ патшасы. Шілікті қорғанынан екі бұғының мүйізі айқасып тұрғанын бейнелейтін алтын жапсырма «Мәңгі әлем бәйтерегі» өрнегін еске түсіреді. Ал бір-бірімен тұмсық түйістіріп тұрған екі таутекенің басы кейіпінде жасалған жапсырмадан үш сюжетті көреміз. Оның біріншісі, қос таутекенің басы десек, екіншісі тура қарап тұрған барыстың бейнесі. Үшіншісі осы жапсырманы жатқызып қойып қырынан қарағанда, оның ұшып бара жатқан құсқа ұқсайтындағы. Өз дәурінде өнердің аса шеберлікпен өркендегенін көруге болады. Бұл деген нағыз өнер шыңы. Жалпы бір форма арқылы бірнеше мағына беру- сақ бейнелеу өнерінің өте ерте замандағы кезеңіне тән құбылыс. Аса бір геометриялық дәлдікпен жасалған бесжұлдыз бейнелі түйме де еріксіз таңдандырады. Бесжұлдыздың тіні алтын жұлдызшалары көк лазурит тасынан жасалған. Айналасы сүйекпен көмкерілген. Ортасына томпақ мүйіз орнатқан. Бесжұлдыз сол заманда да биліктің белгісі саналған. Бесжұлдыздың қырларымен түйменің ортасындағы жұлдызша Еуразия даласына сақтардың әкелген үлкен жетістігі деуге болады. [20; 102]
Үшінші Алтын киімді адам екінші Алтын киімді адамнан мың жылбұрын өмір сүрген. Есік қорғанынан табылған Алтын адаммен салыстырсақ айырмашылықты да көруге болады. Енді салыстырсақ Есіктен Есіктен табылған жәдігердің үстіндегі алтын бұйымдар жұқа фольга түрінде киімге тігілген әшекей. Бұл өлген адамға арналған киім. Яғни жерлеу рәсімінде қолданылатын ритуалдық киім. Өнер бұйымы ретінде құндылығы шексіз. Алтынмен апталған жас әскербаының сыртқы киімдері кезінде қалай көмілсе сол күйінде бізге аман жеткен. Бұл оба тоналмаған. Шілікті үшінші Алтын адам обасы тоналған. Патшамен ұқойлған ірі ірі заттар-алтын тәж, семсер, қанжар, салтанатты аса таяғын тонаушылар алып кеткен. Аса қымбат, көзге ілінетін ірі дүниелерді және алтын заттардың біразын алып кеткен. Үшінші Алтын адамның киімі тірі кезінде киген киімі. Оның үстіне мұның алтынмен безендірілген киімдері тірі кезінде киіп жүрген киімі екені белгілі болып отыр. Ритуалдық киім емес. Бұл алғашқы Алтын адамның киімінен басты айырмашылық деуге болды. [14;78] Мұндағы алтын әшекейлер күрделі зооморфтық қалыптарға негізделе құйма алтындардан жасалған. Зерттеушілер бұл олжаны сақ патшасы болуы мүмкін деп жорамалдап, баға жетпес жәдігердің кілтін тауып, құпиясын ашуға ұмтылуда жаңылысқан жоқ. Ежелгі көшпенділер өнерінің төлтума жауһары – екі бұғыдан жасалған геральдикалық композициясы бар қапсырма. Бұл жәдігер өз заманында сақ патшасы болғандығымен ерекшеленіп әлем назарын тағы да өзіне аударды. Бұл жәдігерді ғалымдар Шілікті «Алтын адамы» деп таныды. Оның қайта қалпына келтірілген алғашқы нұсқасы жасалынды. 2013 жылы шілде айында жәдігер өз өлкесіне қайта әкелінді.[16; 184]
Ә.Төлеубаев өзіңнің бір сұхбатында былай деген екен. «Қашанда «жақсыдан шарапат» деген бар ғой. Шілікті алтын адамы өз заманының алды, елінің панасы, абыройы болғандықтан да оның замандастары, ұрпағы басына зәулім зират салып, алтын киімге орап ерекше әспеттеп қойған. Тегінде алтын киім кигізіп қоюдың мәні – ол кісінің ғұмыры, атақ-даңқы мәңгілік болсын дегенге саяды» [26;1]
Үшінші «алтын адамның» қабірінен шыққан әшекей бұйымдардың бұған дейінгі табылғандардан ерекшелігі - олардың құйма алтыннан жасалғандығы.Зерттеушілер қазақ даласында әлі ашылмаған сыр аз емес дейді.Қазақстан президенті Нұрсұлтан Назарбаев «Мәдени мұра» мемлекеттік бағдарламасын жүзеге асыру жөніндегі қоғамдық кеңес мүшелерімен кездесуінде Қазақстаннан табылған үшінші «алтын адамға» кең көлемде зерттеу жүргізуді тапсырды.[10;218]
Ұлы даланың заманалар керуенінің белін қайыстырған ұлық өркениетіне зер салған жан баласы адамзат тарихының біз шеше алмаған жұмбақтары әлі де көп екеніне шүбә келтірмес. Соның бірі «Алтын адам» бейнесі. Қазақ топырағының төрт тарабынан да Алтын адамның табылуы –тарихи сананың бетбұрыс жасар тұсы болса керек. Тарихи сана дегенде біз өз мәдениетін ерекше, өзгелерден зор санайтын халықпыз. Қазақстан жерінен табылған «Алтын киімді адамдар» - құнды жәдігерлер, мәдени-тарихи мұралар, тарихи құндылықтар. «Алтын киімді адамдар» - тарихи деректер, тұнып тұрған көне тарихи шежіре. «Алтын киімді адамдар» - өз дәуірінің лауазымды тарихи тұлғасы. Қазақстан жерінен табылған «Алтын киімді адамдар» - қилы тарихымыздың даңқын алысқа жеткізген асыл сүйекті бабаларымыз.
ІІ тарау. Ұлы даланың құрияға толы Берел қорғандары.
2.1. Берел қорғандары.
Қазақстан жері тек республикалық ғана емес, сонымен қатар әлемдік маңызға ие болған тарихи және археологиялық ескерткіштеріне бай. Соның дәлелі сақтардан қалған тарихи ескерткіш Берел қорымдары.
 Шығыс Қазақстан облысы Катонқарағай ауданында Бұқтырма өзенінің оң жағалауында Берел ауылынан оңтүстік-батысқа қарай 7-8 км жерде орналасқан. Қорым солтүстігінде Берел және Бұқтырма өзендерінің қосылған жерімен, оңтүстігінде Қансу өзенімен, ал батысы мен шығысында таулармен шектелген Бұқтырма өзенінің оң жағасындағы алаңда орналасқан.
Ескерткіштің координаттары: 490 градус 20 сағат солтүстік ендік, 860 градус 22 сағат шығыс бойлық. Обалар Бұқтырма өзенінен 40-45 метр биік жатқан үшінші террассасында шоғырланған. Сақ және түркі кезеңдерімен мерзімделетін жетпістен астам обалардан құралған қорым 4000х1000 шаршы метр жерді алып жатыр. Берел қорымындағы обалар мен ғұрыптық ескерткіштер оңтүстік-шығыстан солтүстік-батысқа созылып жатқан бірнеше тізбекке және жеке топтарға шоғырланған. Әрбір тізбекте бұл өңірді б.з.б. 1 мыңжылдыңтың екінші жартысында мекендеген тайпалық одақтардың өкілдері жерленген болуы мүмкін. Тізбектердегі үлкен, орташа жєне кішігірім обалар сол замандағы әлеуметтік жіктің болғандығының көрінісі болып табылады.[17; 17]
Қорымдағы ең ерте обалар б.з.б. 4-3 ғасырларда үйілген (2400-2300 жылдары бұрын), ал кейінгілері көне түркілер дәуірімен мерзімделеді - б.з. 7-8 ғасырларда (1200-1300 жылдары бұрын). Берел ескерткішін ең алғаш болып 1865 жылы Вильгельм Радлов зерттеп, осы ауамақтағы ең алып нысан «Үлкен Берел қорымын» ашқан болатын. Мыңжылдықтар тарихын арқалаған Берел қорымы – Қазақстанның жалпыұлттық киелі орындары қатарына енген қасиетті мекен. Вильгельм Радлов алғаш рет жерлеу камерасында мұздың кристалдары болғанын күнделігінде жазғаны белгілі. Қорымнан табылған құнды жәдігерлер бүгін де Мәскеудегі Мемлекеттік тарихи мұражайда сақталған деген дерек бар. [8;9]
 Берел қорымына Вильгельм Радловтың зерттеуінен кейін 100 толғанда Ресей Федерациясының мемлекеттік Эрмитажынан Сергей Сорокин 1959 жылы археологиялық қазба жұмыстарын жүргізді.
Одан кейінгі кезекте есімі Берел ескерткіштерімен қатар аталатын зерттеуші Зейнолла Самашев. 1998 жылы Халықаралық қазақ-француз экспедициясы (жетекшісі З.Самашев) қорғанның «патшалық оба» кезеңін зерттеді. [4;13]
1998 жылы Халықаралық қазақ-француз экспедиция (жетекшісі З.Самашев) қорымның жаңа жобасын болжап, бірнеше қорғанды зерттеді. Қорым 3 қорғандар тобынан тұрады. Бірінші топтағылары таудағы кертпеш ортасына орналасқан. Ол солтүстік-батыстан оңтүстік-шығысқа созылған 6 қорғаннан тұрады. Екінші топ солтүстік-батыстан оңтүстік-шығысқа қарай тізбектеліп созылған 12 қорғаннан тұрады. Ол кертпештің батыс жағында орналасқан. Үшінші топты 9 қорған құрайды. Ол кертпештің шығысында орналасқан. Осы топтағы ең үлкен қорған ғылымға Үлкен Берел қорғаны деген атпен белгілі. Обалар таудың жақпар тастарымен араласқан өзеннің ұсақ малта тастарынан үйілген. Шұңқырда ағаш қимасы бар, оның сыртында әлеуметтік мәртебесі жоғары адамдардың қабіріне бірге қосып көметін жылқы қаңқаларының жатуы, қарағайдың жуан діңгегінен қақ жарып қашап жасаған астау – табыт ертедегі Алтай көшпелілерінің ескерткіштеріне тән. Қазба кезінде қорғандардың ішінен 2–3 м тереңдікте ағаштан жасалған қима, оның бет жағынан бірнеше жылқының қаңқасы мен әбзелдерімен тоңда сақталған жылқы мумиясы, сыртына алтын жалатылған ағаш әшекейлер, адамның қаңқасы мен адам мумиясы алынды. Заттай деректер Берел қорымы Пазырық мәдениетінің орта (б.з.б. 5 ғасыр) және соңғы (б.з.б. 5–4 ғасырлар) кезеңінде салынғанын дәлелдейді. [16;143]
 Берел қорымында 1997 жылдан қазіргі кезге дейін 20 ескерткіш зерттелді, солардың ішінде №4, 9, 10, 11 обаларынан тоң басқан қабірлер аршылды.
 Берел қорымы обалардан табылған ақсүйектер мен скиф-сібір аң стилінде жасалған заттарының нәтижесінде әлемге әйгілі болды.
Зейнолла Самашевтың жетекшілігімен 1999 жылы Шығыс Қазақстан облысы Қатонқарағай ауданы Берел ауылының маңынан б.э.д IV-III өмір сүрген сақ көсемінің қорғаны табылды. Қазба жұмыстарының нәтижесінде Берел қорымындағы ең атақты № 11-оба толық ашылып, онда астау табытқа  жерленген 45 жастағы ер адам мен одан егделеу әйелдің мумияланған мәйіті табылды. Ғалымдар радиологиялық әдіспен мәйіттердің б.з.б. ІІІ ғасырда жерленгенін анықтады. Мәйіттер айрықша сән-салтанатпен киіндіріліп қойылған. Қаңқа сүйектің әр жеріндекиім-кешектің шірінді қалдықтары сақталған. Мәйіт киімі інжу-моншақтар мен алтын жапырақшалар қадалып, әшекейленген. Осымен бірге Берел қорымындағы қабірден адаммен бірге жылқылар жерленген. құрбандыққа шалынған 13 жирен жылқының қаңқасы табылды. Аттар белгілі тәртіппен әр қатарда 4 аттан 4 қатар болып орналастырылған. Обаға аттармен қоса ер-тұрман да қоса көмілген. Ат әбзелдері алтынмен қапталған. Берел қормындағы обалардың ішкі құрылымдары мен жерлеу ғұрпы туралы Зейнолла Самашев келесідей деректер келтіреді: «№11 ең үлкен обада, сөзссіз, көшпелілер қоғамының билеушісі жерленген. Ер адам мен әйелдің мүрдесі жер үстінен төрт метр тереңдікткегі кең көлемді қабірдің түбіне орнатылған қима-таған ішіне орналастырылған көп ғасырлық самырсын ағашынан ойылған астау-табыт ішіне, бастарын күншығыс жаққа қаратып, ер адамды шалқасынан, әйелді аяғын бүгіп жатқызған. Ер адамның басы ағаштан жасалған арнаулы жастықта жатты».[17;36]
Зейнолла Самашевтің «Берел» атты зерттеу еңбегінде: «Берел ескерткіші Шығыс Қазақстан облысы Қатонқарағай ауданының әкімшілік аумағында, ресей, Моңғолия мен Қытай мемлекеттері шекараларының түйіскен жерінде орналасқан. Ежелгі көшпелілер өз көсемдерін жерлеуде Қазақ Алтайының табиғаты ғажап бұл өңірді тегіннен тегін таңдамаған. Обалар орналасқан жазық жан-жағынан қалың орманмен көмкерілген биік таулармен қоршалып, өзге жерлерден әлдеқайда асқақтап тұр. Берел жазығы кейінгі көшпелілер үшін де киелі мекен болып қала берген: осы жерде орта ғасырларға жататын обалар да орналасқан. Берел қорымы төрт обалар тізбектерінен тұрады. Оның негізін СБ-ОШ бағытында созылған бірнеше қаз-қатар орналасқан обалар құрайды. Ең ірі тізбекте, үстінен қарағанда, эллипс тәріздес обалар болса, ал басқа тізбектегілер дөп-дөңгелек келген. Әрбір тізбекте доминат оба болады. Бұдан туындайтын ой – әрбір тізбекте, мүмкін, осы кеңістікте бірін-бірі алмастырып билік жүргізген көшпелілер әулеттердің билік мұрагерлері, олардың қандас туыстары мен қоғамның бекзадалары жерленуі мүмкін» деген деректер кездеседі.[21; 93]
Ежелгі көшпелілер өз көсемдерін жерлеуде Қазақ Алтайының табиғаты ғажап бұл өңірді тегіннен тегін таңдамаған. Обалар орналасқан жазық жан-жағынан қалың орманмен көмкерілген биік таулармен қоршалып, өзге жерлерден әлдеқайда асқақтап тұр. Берел жазығы кейінгі көшпелілер үшін де киелі мекен болып қала берген. Берел жазығының ежелгі тұрғындары өз билеушілеріне арнап тұрғызған орасан зор қабірлерде, бәлкім, марқұмадардың денелерін шірітпей ұзақ уақытқа сақтамақ болса керек. Олар адам мәйітін бальзамдаудың құпия әдістерін білген, ал тас құрылыстарды тұрғызу тәжірибесі обаның жерлеу камерасында маусымдық тоң қабатының қалыптасу мүмкіндігін есептей білген деген де болжам бар, себебі, табиғи тоң әдетте 2500-2700 м биіктіктерден бастап қалыптасады, ал Берел теңіз деңгейінен 1120 м ғана биіктікте орналасқан. Бұл мақсатқа жету үшін жерлеу ғұрпына байланысты атқарылар шараның бәрі қатаң регламентке бағынған, марқұмды о дүниеге аттандыру тек жылдың белгілі бір мерзімінде ғана іске асқан деген болжам бар. [11;113]
Берел қорымы обалардан табылған ақсүйектер мен скиф-сібір аң стилінде жасалған заттарының нәтижесінде әлемге әйгілі болды. Берел қорымынан табылған заттарды зерттеуде алғаш рет жаратылыстану ғылымдарының әдістері пайдаланылды. Бұл зерттеулердің нәтижесінде ерте көшпелілердің ДНҚ-ын анықтауға болатын, сонымен қатар Берел даласының палеоэкологиясы, палеозоологиясы мен антропологиясы 
бойынша құнды мәліметтер алынды. [9;2]
К.Алтынбековтың экспедиция жетекшісі З.Самашевпен кеңес отырып Берел жылқысына жасаған мүсіні бүгінде мұражайға келушілердің көзайымына айналған. Қайталай кетейік, сақ көсемінің жылқысы да алтынға алшынып тұр. Бір сөзбен айтқанда, Берел қорғанынан табылған Еуразия номадтарының өркениетін айғақтайтын осы мол мұра әлемдік деңгейдегі ғаламат жаңалық.
2.2. Берел қорғанынан табылған тарихи жәдігерлер мен берелдіктердің жерлеу салты.
Берел қорымындағы тоң басқан обалардың беретін мәліметтері де ерекше. Берел қорымындағы үлкен обаларда табиғат пен климаттың және обаны үйген материалдар мен ескерткіш құрылысының үйлесімінен пайда болған тоңның нәтижесінде органика, яғни киім, ат әбзелдері, ағаш бұйымдары, ер тоқым, тері мен киізден жасалған заттар шірімей жақсы сақталған. Жерлеу ғұрыптарына қарап, наным-сенімдері рухани дүниесінен мол хабар алуға болады. Онда табылған мифтік жануарлар, бұғы, пырақ, тәуешкі, т.б қазірде еліміздің маңызды нышандары болып отырған бейнелер. Еркіндікті бейнелейтін «қос мүйізді пырақ» пен «самұрық» құсы – тәуелсіз Қазақстан үшін мәңгілік өмірдің белгісі. Ежелгі мәдениеттердің бастауы болған, саяси-идеологиялық, этно-мәдени тұрғыдан Алтай өңірі сақтар, түркілер, қазақтар үшін киелі, қасиетті орын. [7;5]
Мыңжылдықтар тарихын арқалаған Берел қорымы – Қазақстанның жалпыұлттық киелі орындары қатарына енген қасиетті мекен. Бүгінгі күнге дейінгі Берелде қазылған обалардың ішіндегі ең көп ғылыми ақпарат бергені мен жан-жақты зерттелгені №11 оба. Обаның жер үсті көлемі, қабірдің тереңдігі мен ішіндегі құрамдас бөліктерінің күрделілігі, жерленген адаммен бірге қойылған мүліктердің және жылқылардың саны мен бағалылығы сияқты белгілерге қарай отырып, патшалық оба, билеуші әулеттің өкілдері, көшпелі қоғам шонжарлары, қолбасшы-батырға арналған жерлеу орындары ерекшеленіп бөлініп шығады. Қабірге адаммен бірге мумияланған жирен түсті 13 ат қоса жерленген. Төрт аттың басына ағаштан жасалып, былғарымен қапталған, сырты алтынмен көмкерілген таутекенің мүйізі кигізілген. Бабаларымыз ерте замандарда адаммен бірге жерленген ат иесін о дүниеге алып барады деп түсінген. [13; 185]
Қима-таған үстін бір-біріне тығыз қиюластырып қойған ағаш сырықтармен, бірнеше қабат қайыңтозбен және соның арасын толтырған қарт жоңышқа бұтасымен жапқан. Ботаник мамандар бұл өсімдіктің де іріп-шіруге қарсы қолданатын ерекше қасиеті бар дейді. Қима-тағанның солтүстік жағында екі қабат етіп қойылған он үш аттың қаңқалары да осындай қайыңтоз қабықтармен бірге жабылған.
Табыт қақпағының бұрыштарына сыртын жұқа алтынмен қаптаған қоладан құйылған төрт қиял-ғажайып самұрықтарды (олар грифон емес) орнатқан. Екеуі ұшуға қанаттанған, басқа екеуі қонуға ыңғайланған сәттерде бейнеленген. Бұл жайт, әрине, кездейсоқтық емес. Мифологиялық жүйе бойынша, самұрық құстар дүниенің төрт бұрышының қорғанышы, сақшысы және тірегі, не болмаса жер мен көкте не болып жатқанын патшаға жеткізіп отыратын жаршы болып есептеледі. Бұл құстар көк тәңірімен байланыстыратын медиативтік функцияларды атқартын жануарлар қатарына кіреді. Ағаш табыттың ішіндегі патша мен әйелдің мүрделері толық тонауға ұшыраған, киімдерінің бірін сыпырып алған, тек сүйектері ғана анатомиялық пошымын сақтап қалған. [14;174]
Ежелгі көшпелілер өз көсемдерін жерлеуде Қазақ Алтайының табиғаты ғажап бұл өңірін тегіннен таңдамаған. Обалар орналасқан жазық жан-жағынан қалың орманмен көмкерілген биік таулармен қоршалып, өзге жерлерден әлдеқайда асқақтап тұр. Байырғылардың мифологиялық түсініктері бойынша тауларға өте ерекше мән-мағына берген, себебі оның шығар басын Тәңір мекендеген, Жоғарға әлемге ата-бабалар рухы аттанып отырған. Обаның мифологиялық санадағы жоғарғы және төменгі әлемдерді жалғастырып дәнекерлейтін тау мен өзен жағасында орналасуының философиялық мәні өте тереңде жатыр. Жазық және жерлеу құрлысы оба-ғибадатхана рөлін атқарған.[5; 9]
Қорымдағы ең үлкен, көп жылқылардың қаңқасы табылған №1 оба, үшбұрышты пішінді Бұқтырма өзенінің үшінші террасасы болып есептелетін платформаның шетіне, өзгелерінен оқшау орналасқан. Оны 1865 жылы белгілі түркітанушы ғалым В.Радлов зерттеген.
Берел қорымына тиісті №2 және 19 қорғанындары жобасының жетекшісі тарих ғылымының докторы, профессор, А.Х.Марғұлан атындағы археология институтының бас ғылыми қызметкері Зейнолла Самашев. Берел қорымы б.э.д. IV-III ғасырларға жататын тарихи ескерткіш. Бұл ескерткіш көшпенділер тұрмысын айшықтаған тоң басқан жерлеу камераларымен және аң стиліндегі көз тартар әшекелерімен әлемдік танымалдылыққа ие болды. Бұл қорымнан ат әбзелдері, әшекейлер, қару, ыдыс-аяқ және тағы да басқа тұрмыстық дүниелер табылды. Зерттеу нәтижесі Берел даласын мекен еткен халық тоң басқан жерлеу камерасын дайындаудың құпияларын білгенін көрсетті. Сонымен бірге олардың тастан құрылыс нысандарын салу өнері жерлеу камераларын дайындауға бағытталғаны белгілі болды.[2;[18]
Біз қазба жұмыстарының екінші мауысымында, ескерткіштің құндылығы өте жоғары екендігі анықтала бастағаннан кейін, одан жан-жақты мәлімет алу үшін, көптеген жаратылыстану саласындағы мамандарды, солардың ішінде, геологтарды, геоморфологтарды, палеоботаниктерді, палинологтарды, медицина саласы қызметкерлерін, архитекторларды, топырақтанушыларды, дендрохронологтарды, паразитологтарды, палеозоологтарды, палеоветеринарларды, археоастрономдарды генетиктерді, этнологтарды, өнертанушыларды және тағы басқаларын Берел құндылықтарын бірігіп зерттеуге жұмылдыруды жөн көрдік. Бұл жұмыстардың біразы өз нәтижелерін бере бастады» деп жазады. Ерекше құрылым мен жерлеу рәсімі №36-шы обада тіркеліп отыр. Онда адам жерленген қима-таған мен ағаш табыттың сыртынан текше тас қоршаумен қаланған да оның үсті көлемді текше және сопақ, салмағы ондаған, тіпті жүздеген килограмм тас блоктармен ұзынынан және көлденеңінен аса мұқият қаланып жабылған. Бірақ, шаралар да тонаушылардан құтқармапты, олар көрдің бүйірінен тура адам жататын тұсынан тесіп кірген де, түк қалдырмай, барлық заттарын алып, мәйітті лақтырып кеткен». Берел обаларынан табылған әшекей бұйымдардың біразы қабанның азу тісінен жасалған. Деректерге сенсек, №10 обадан бірегей жапсырма кестелері бар он ертоқымның үлгісі табылған. Ол жапсырма кестелерде адам іспетті сақалы мен мұрты бар, басы тау ешкінің мүйізі секілді, қанатты жыртқыштардың денесі бар, құйрығы беде тәрізді, арыстанды еске түсіретін қияли болмыс бейнеленген. Автордың жазуынша, мифтік жыртықштардың бейбіт шеруін бейнелейтін мұндай өнер туындылары Орталық Азия көшпелілерінің мұраларының ішінен алғаш табылып отырғандықтан бұл өнер шыңының түпнұсқалылығы мен бірегейлігі және жергілікті екендігі талас тудырмайды. Деректерге сүйенсек, Берел қорымындағы обалардың ішінде қайталанбас ерекшелігі бар №36 оба. Онда 66 тал маралдың мүйізінен жасалған жылқы мен оның әшекейлері табылған. Маралдың мүйізінен жасалған ат әбзелдерінің ішіндегі ең негізгі бейне – грифон. Бұланның мүйізіндегі кейбір элементтерді айдар ретінде бедерленгендіктен оның синкретикалық бейнесі өсе түскен. Грифондар туралы «Берел» кітабында келесідей қызықты дерек кездеседі: «Заттарға құрылымдық-технологиялық сараптама көпшілік заттар мүйіздің белгілі бір қабаттарынан ғана және белгіленген мөлшерде жасалғандығын көрсетті. Ең ұзындары ер тоқымнан тарайтын қайыстарға, орташалары жүгеннің маңдайлығы мен өмілдірік, құйысқандарға пайдаланылған. Грифондардың бейнелерін төртбұрышты пластиналармен жасаған. Барлық қолданбалы-декоративтік сонымен қатар культтік-рәсімдік затттарда кездесетін қызыл, ақ және сары түстердің белгілі бір мифтік, поэтикалық көзқарастармен символикалық байланыстары бар болуы мүмкін. Мүйізден жасалған барлық бұйымдар ашық қызыл бояумен, кей жерлерде қалайымен және алтын фольгалармен қапталған. Бояу жағудың жүйелілігі былай жүрген: ең бірінші қызыл, сосын ақ, ең соңынан киелі сары түсті жаққанға ұқсайды. Барлық бояулардың қосындысы келіп, жылқы иесінің жердегі шексіз билігінің құдіреттілігін айғақтайды». [17;88]
Зерттеу нәтижесі бойынша қола, темір дәуірлеріне және ортағасырларға тиісті құнды жәдігерлер анықталды. Қорғандарда атпен бірге жерленген адамдардың мүрделері, ат әбзелдері, керамикалық құтылар, қола ыдыстар және т.б. табылды.
Ат әбзелдері Берелдің №10 және №11 обаларынан табылды. Ердің екі сопақша жұмсақ қасы және арты жоғарғы жағынан сүйек немесе ағаштан жасаған, қайыңтоздан ойылған ою-өрнектермен, ал екі қапталы жайын балық түріндегі және т.б. салпыншақтармен, жүннен иірген шашақтармен безендіріледі. Ат әбзелінің әшекейлерінде бейнеленген жануарлар ішінде мысық тұқымдас жыртқыштар, таутеке мен арқарлар, бұландар, жыртқыш құстар, сонымен бірге өсімдік нақыштары кездеседі. [16;199]
Көне берелдіктердің бейнелеу өнерінің негізгі мотиві – табиғатта жоқ қиял-ғажайып мақұлықтар-самұрықтар.
Олар ежелден көшпелілердің өнерінде ерекше танымалдылыққа ие бірнеше жануардың белгілерін біріктіруінен туындаан қиял-ғажайып хайуанның бейнесі. Жылқының сәнді әбзелдерінің, тартпасының әшекейі, оның ішінде қайыс қоспалардың түйілген тұсын жауып тұрған, көлемді, үш қырлы жапсырмалар аса қызығушылық туғызады.
Тауешкінің мүйізі іспетті ағаштан жасалған мүйіз өзінің мәні мен мағынасы жағынан кәдімгі қолданбалы өнерндің шегінен әлдеқайда тереңге кетеді. [10;104]
Алтайдағы археологиялық қазбаларды екі топқа бөліп қарауға болады. Зейнолла Самашевтің айтуынша, біріншісі, ерте темір дәуіріндегі сақтар кезеңі. Осы кезеңге тиесілі №2 және №19 қорғанға биыл қазба жұмыстары жүргізілді. №2 қорғаннан егде жастағы әйел мүрдесі мен жеті жылқы табылды. Патша әулетінен шыққандықтан мәртебесіне байланысты адаммен бірге жеті жылқыны қойған. Бірақ қорғандағы алтын бұйымдар тоналған, көп заттар табылмады. Патшайымның алтынмен әдіптелген киімінің кейбір жұрнақтары ғана сақталыпты. Жүздеген әшекейден тұратын алтын киімінің, өкінішке қарай, кейбір бөлігі ғана қалған. Сондай-ақ қоладан құйылған айна табылды. Оның сабы жыртқыш аңның бейнесінде жасалған. Қасына кендір дәнін ұнтақтайтын арнайы құрал мен ыдыс қойылған. Патшайым көп ауырған қартаң адамға ұқсайды. Қатты ауырған жан болғандықтан о дүниеге барғанда ем-домына қажет болады деген оймен жанына қойған. Сондай-ақ, бірнеше жылқының басына әшекейлі бетперде кигізілген. Бір аттың басында алтыннан құйған құстың бейнелері шықты. Бұған дейін №10 қорғанда табылған аттың ер-тұрманының әшекейлерінде бірнеше қораз бейнелері бедерленген болатын. №19 қорған да қатты тоналған. Бірақ тонаушылар қабірдегі мүрдені аяғынан сүйреп тартқан кезде бас киімінің бір бөлігі орнында қалып қалған екен. Яғни Есік қорғанындағы «Алтын адамның» бас киіміне ұқсас алтыннан жасалған сәукеле қалдықтары табылды. Өте қызық әрі құнды дүние. Бұл - енді бой жете бастаған жас қыздың мүрдесі. Берел қорымынан табылған жәдігерлер үлгісінің лабораториялық зерттеу жұмыстары қазір шетелдік зерттеу орталықтарында Токиодағы (Жапония) Ұлттық генетика институты мен Ресей ғылым академиясының Археология және этнография институтының Сібір бөлімінде жүргізілуде. [24.8]
 Берел қорымынан табылған заттарды зерттеуде алғаш рет жаратылыстану ғылымдарының әдістері пайдаланылды. Бұл зерттеулердің нәтижесінде ерте көшпелілердің ДНК-ын анықтауға болатын, сонымен қатар Берел даласының палеоэкологиясы, палеозоологиясы мен антропологиясы бойынша құнды мәліметтер алынды.
Темір дәуіріндегі көшпелі мәдениет кезеңінің қалыптасуы ақсүйек өкілдерінің мәйіті мен жылқылардың бальзамдалған қалдықтарынан аңғарылады. Қайталанбас көне өнер үлгілердің сақталуы және серілік-батырлық дәуірдің сипаты болып табылатын Тоң басқан оба-ескерткіштер үлкен құндылық. Патшалар алқабындағы (археологтар осындай атау берді) қорымдардың бірегейлігі — оның ерекше құрылымы қорым астын жасанды жолмен мұздатуға мүмкіндік берді.  Осының арқасында, жерлеу камераларындағы органика (егер ұрылар түспесе) бұзылмай сақталған. «Тоң астындағы мың жылдық қабірлердің» қалдықтарын зерттеу — археологтар үшін үлкен мүмкіндік болып отыр. Берел қорымы барша әлем археологтарының қызығушылығын тудыруда.
Зерттеу бөлімі.
Ғылыми жұмысты жазу барысында дерек көзі ретінде Шілікті патша орғандарын зерттеген С.Черников, С.Сорокин, Ә.Төлеубаев пен З.Самашевтың еңбектері мен қолжазбалары және облыстық, республикалық газет, журналдарға шыққан мақалалар пайдаланылды.
1.1. Шілікті қорымы туралы мәліметтер Коншиннің зерттеу еңбегінде кездеседі. Ондағы деректерге сүйенсек Шілікті алқабының 72 нүктесінде 1675 қорған бар. Шiлiктi даласының ескерткiштерi туралы алғашқы мәлiметтер 1869 жылы. «Томские областные ведомости» және 1887 ж. «Сибирская газета» басылымында кездеседі. 1909-1910 жылдары семейлік гидротехник Г.Бокий Шілікті даласының оңтүстік шығысына қарай Тарбағатай мен Сауыр тауларының түйісер жеріндегі Шағанобада сақ дәуірінің үлкен бір қорғанын қазған. Біз қарастырып отырған 1959 жылғы С.С.Черниковтың басшылығындағы археологиялық экспедицияның алдына қойған мақсаты 1949 жылы басталған Шілікті қорымы және Шаған оба қорымын нақтылай зерттеу болып табылды. Ә.Х.Марғұлан атындағы Археология институты мұрағатында 1959 жылғы зерттеу жұмыстарының қысқаша есеп түріндегі С.С.Черниковтың қолжбасы ғана сақталған.
1.2. Ә. Төлеубаевтың екі томдық таңдамалы еңбектерінің бірінші томына оның өткен ғасырдың 70-жылдарынан бастап бүгінгі күнге дейін жарияланған және баспа бетінде жарық көрмеген археологиялық мақалалары енген. Мақалалар негізінен Шығыс және Оңтүстік-Шығыс Қазақстанның қола және ерте темір дәуірі ескерткіштеріне арналады. Зерттеуші өзінің мақалаларын Шілікті даласындағы сақтардың патша обаларының мәдениетіне, әсіресе Бәйгетөбеден табылған «алтын адам» мәселесіне арнайды.
Ә.Төлеубаев 2003 жылдан бері Зайсан ауданындағы Шілікті сақ патша қорғандарын зерттеумен айналысып келеді. Осы жерден Қазақстан аумағынан табылған «үшінші алтын адамды» ашты. 2003-2008 жылдары Ә.Х.Марғұлан атындағы археология институтында өз бетінше ғылыми зерттеу тобын құрып, «Мәдени мұра» бағдарламасы бойынша «Шілікті» тақырыбын жүргізген. Ә.Төлеубаев Шілікті «алтын адамының» киімін тарихи-салыстырмалы тәсілмен зерттей отырып жаңғыртты, сол заманғы басқа да сақ, скиф киімдерінің үлгісімен ұқсастыра отырып қалпына келтірді.
2.2.
Шығыс Қазақстан өңірінен табылған сақ тайпаларынан қалған
Екі ескерткіштің бірі Алтайдың, екіншісі Тарбағатайдың қойнауында орналасқан. Екеуінің арақашықтығы да онша алыс емес. Екеуі де сақтардың мәдениетіне жатады. Обалардың құрылысына келсек Шілікті обасы топырақ, одан соң тас үйіндіден тұрады, ал Берел обасы тастан үйілген. Екеуінің де қабірханасы ағаштан салынған. Бірақ Шіліктінікі жер бетінде де, Берелдікі жер астына 3 метрден астам терең қазылған. Шіліктіде қабірханадан шығысқа қарай салынған ұзын дромос-дәліз бар, Берелде ол жоқ. Берелде екі адам: бір әйел, бір ер адам ағаш көнсайға жерленген, ал Шіліктіде бір-ақ адам жерленген. Ең бастысы Берел адамымен бірге 13 ат жерленсе, Шілікті адамымен бірге жылқы жерленбеген.
Қорытынды.
Бүгіндері әлем халықтарының назары қазақ еліне ауса, және өз мәдениттерінің терең қаптарында осы даламен сабақтас, тамырлас, іліктес оқиғалар тізбегі бар екенін сезсе және оны көшпенді халықтың ауыздықпен су ішкен, тұлпарының тұяғы тимеген жердің кеде-кем екендігін мойындап жатса, осы менкенде ғұмыр кешкен ұлттың арғы бабалары бір кездері адамзат тарихында орны бөлек өркениетті қоғам құрғандығына күмәнсіз сенсе, кең байтақ даламыздың әр қиырынан табылған құнды жәдігерлерге қызыға да, қызғана қараса, мұның бәрі де бір кездегі жауынгер болмысымыздың өзгеше табиғатынан. Қазақ даласының қай бұрышына барсаңызда - тұнған шежіре. Бірегей тарих. Қазақ жерінде санқилы тарих тағылымдарынан қалған мұралар бар. Ескертіш, обалар мен қорымдар, көне қалалардың орындары халықтың бай тарихынан сыр шертеді.
Біздің кең байтақ қазақ жерінде де санқилы тарих тағылымдарынан қалған мұралар бар.
Алтай аумағының бөлігі болып табылатын Шығыс Қазақстан облысы жалпыадамзаттық өркениетті бейнелейтін түрлі тарихи оқиғаларға, ескерткіштерге өте бай. Алтай және қазіргі Шығыс Қазақстан аумағы тек сауда-экономикалық, қаржы, мәдениет орталығы ғана болып қоймай, сонымен қатар қазақ елінің құрамына енген түрлі түркі тайпаларының қағанаттары пайда болған жер. Мәдениетаралық, қоғамдық-экономикалық байланыстардың негізінде дәл біздің өңірде көнетүркі жазулары (руна, ұйғыр жазулары) пайда болған. Осы жазулармен жазылған ата-бабамыздың тарихын баяндайтын көптеген көнетүркілік ескерткіштер бар.
2003-2006 жылдары Шілікті алқабындағы Қара оба-Бәйгетөбені қазып зерттеген ғалым Әбдеш Төлеубаев 3-ші «Алтын адамды» тауып, археология ғылымында әлемдік сенсация жасады. Үшінші «Алтын адамның» біздің аймағымыздан табылуы туған өлкенің құнды аймақтық компоненті болып табылады.
Шығыстың шырайлы өңірін ұлы ғұламалар Қаныш Сәтбаев, Әлкей Марғұлан, Ахмет Жұбанов зерттеп, қазақ тарихына жазып кеткен.
Қазақстан жерінен табылған «Алтын адамдар» құнды тарихи жәдігерлер.
Тарихи ескерткіштерді жаңғырту жұмысы ерекше ыждаһаттылықты талап етеді. Бұл құбылыс емес ғылыми жұмыс...
Н.Ә.Назарбаев
Елбасымыз Нұрсұлтан Назарбаевтың қазақтың мәңгілігі – мәңгі елдігі жөніндегі концепциясы
Қазақ кеше де Мәңгі ел болған!Бүгін де – Мәңгі ел!Ертең де – Мәңгі ел!

Пайдаланылған әдебиеттер тізімі:
Алтаев Қ. Зайсан тарихи-танымдық фотоальбом. Алматы, 2008. -208 б.
Алтынбаев Қ., Жұмахан Е. Ақсуат. Құнарлық топырық, құдіретті ұрпақ. Алматы, «Ер Дәулет», 1998, -288 б.
Арман Ә. Көне дәуір жылқышылары. // Ақиқат. 2013, маусым, -55 б.
Берел. //Дидар газеті 2009 жыл, тамыз, №135-136
Берел қорғаны. // Ана тілі газеті, 2016 жыл, 17-23 қараша, №46
Берел қорғаны. http://www.inform.kz/kz/berel-korgany_a2972697Берел қорғандары. // Дидар газеті, 2017 жыл, №144, 9-желтоқсан,5 б.
Берел құпиялары. // Сарбаз газеті, 2017 жыл, №33, 18-тамыз, 9 б.
Ерте темір дәуіріндегі Қазақстан. http://e-history.kz
Көркем суретті Қазақстан тарихы.1-том. Алматы, 2006 жыл, - 312 б
Қабышұлы И.Тұран әлемі. Алматы, «Санат», 2007. -320 б
«Қазақстан» Ұлттық энциклопедия. Нысанбаев Ә. Алматы,1998 жыл.
«Қазақ энциклопедиясы», 1993 жыл,2 том,
«Қазақстан Республикасы мемлекеттік орталық музейінің археологиялық коллекциясы: сақтар мен үйсіндер мәдениеті». Алматы, «Өнер», 2011 жыл. – 320 б
Қойшығара С. Түрік әлемі. «Елорда», Астана. 2000 жыл,- 476 б
Назарбаев Қ. Таудағы таңба, Фолиант, Астана ,2007. -286б.
Самашев З. Берел құндылықтары – ұлттық символ. Қолжазба. -2011 жыл
Сорокин С . Памятники ранных кочевных в верховьях Бухтармы. – Ахеологический сборник.1966, вып.8, с.44-45, 53,54-55
Сорокин С. Большой Берельский курган, л.1969, т.10, с.219
Төлеубаев Ә. Қазақстан археологиясының қола және ерте темір дәуірі мәселелері. 1-том. Алматы, 2013 жыл, - 520 б
Ұлы дала мемлекеттері. -Оқушылар энциклопедиясы, Алматы: «Адамдар» ,2006. – 216 б
Черников С.С. Предварительный отчет о работах Восточно-Казахстанской экспедиции ЛОИА АН СССР 1959г. (Рукопись).
Черников С.С .Отчет по научному проекту «Сакские памятники Шиликтинской долины» по Государственной программе «Культурное наследие» 2004г. Рукопись.
Черников С. Восточный Казахстан в эпоху бронзы.л. 1969
Черников С. Загадка золотого кургана. –М., 1965. С. 186-187
Шілікті патша қорғаны http://www.madenimura.kz
Қосымша -1

Шіліктіден табылған «үшінші алтын адам». Төлеубаев Ә. Қазақстан археологиясының қола және ерте темір дәуірі мәселелері. 1-том.
Қосымша -2


«Үшінші алтын адаммен» бірге табылған заттар. Төлеубаев Ә. Қазақстан археологиясының қола және ерте темір дәуірі мәселелері. 1-том.
Қосымша-3. Берел қорғаны

Берелдегі қатар жатқан сақ және түркі қорғандары / Архолог, ғалым З.Самашевтің жеке мұрағатынанБерел қорғанынан табылған әшекейлердегі еліміздің мемлекеттік рәміздерінде кездесетін бейнелер мен өрнектер. Самұрық, көкбөрі, қыран тұмсығы, арқар мүйіз, барыс және ою / Фото informburo.kz
Қосымша-4. Берел қорғаны.




Әскери-тарихи мұражайда тұрған Берелден табылған жылқы және ат әбзелдері. Толық қалпына келтіріліп, жабдықталған. Қайта қалпына келтірген суретші Қалиолла Ахметжан / Фото informburo.kz

Приложенные файлы


Добавить комментарий