Дауыссыз л мен р 2 сынып аза тілі


Сыныбы: 2 «Ә»
Пәні: қазақ тілі
Сабақтың тақырыбы: Дауыссыз л мен рСабақтың мақсаты:
Сөз басындағы л, р әріптерінің алдынан ы, і, естілгенімен, ы мен і жазылмайтынын түсіндіру
Дауыссыз дыбыстардың түрлерін ажырата білуге, сауатты жазуға үйрету;
Көркем, таза сөйлеуге тәрбиелеу
Сабақтың түрі: Жаңа материалды меңгертуСабақтың әдісі: ой қозғау, сұрақ-жауап, түсіндіру, әңгімелеуСабақтың көрнекілігі: суреттер, оқулықСабақтың барысы: І. Ұйымдастыру кезеңі
Барлығымыз бірге ойымызды жинақтау үшін ауа райын қимылмен сипаттайық...
Үй тапсырмасын тексеру. Үйге 5 – жаттығу, яғни ребустың жауабында шыққан сөзге әңгіме құрастыру. Әңгімені оқып шығайық.ІІ. Оқулықпен жұмыс:а) Бүгінгі күнді жазуә) Ережені қайталауб)Дыбысқа талдау жасау. Астық, шөп сөздерін талдауТақтада берілген сөздерді көшіріп жазу. Сөз басындағы л, р дыбыстарының айтылуына назар аудар. Осы сөздердің мағынасын түсіндір.
Лашын, лебіз, лайық, лезде, лауазым, рең, рәсім, разы, рауғаш, раушан
- Сөз басындағы л , р әріптерінің алдынан ы, і, естілгенімен, олар жазылмайды: лақ, лауазым, рет, рас
2 – жаттығу
Мақалды оқып, жатқа жаз. Сөз басындағы л мен р әріптерінің астын сыз. Олардың айтылуы мен жазылуын салыстыр.
Еңбек түбі – рақат.
Ағайыңнын алтын сарайынан
Анаңның жыртық лашығы артық.
3 – жаттығу Екі бағандағы сөздерді салыстыр. Содан соң одан қорытынды жаса.
Лашын, лауазым, лебіз, рақмет, рақым рең.
Іле, ілгіш, ілесу,ірі, ірімшік, ылди, ылғал.3. Шығармашылық тапсырма:
4 – жаттығу Л дыбысынан басталатын сөздерді бір бөлек, р дыбысынан басталатын сөздерді бір бөлек топтастырып жаз. Бұл сөздердің жазылуын есте сақта.
Лақ, лай, рұқсат, ренжу, лайық, лақтыру, рас, рет.
IV. Қорытынды:- Л және р дыбысына анықтама бер
Л, р дыбыстарынан басталатын бірнеше сөзге сөйлем құрастыр.V. Үйге: Ереже жаттау 5 -жаттығу 55-бетVI. Бағалау Сабаққа белсенді қатысқан оқушыларды бағалау.
Сыныбы 2 «Ә» Пәні: Әдебиеттік оқу
Тақырыбы
Ешкі мен қойдың айтысы
Мақсаты
 Оқушылардың жеке қабілетімен белсенділігіне сүйене отырып, өлеңінен түйінді ойды ашуға жағдай жасау.
Күтілетін нәтиже Өлең мазмұны арқылы төрт түліктің жасына қарай ажырата алады, төрт түлік пен адамдар арасындағы байланыстырады.
Дереккөздер, құрал-жабдықтар кестелер, таратпа материалдар, стикерлер, түрлі-түсті қарындаштар, постер
Сабақтың барысы Мұғалім әрекеті Оқушы әрекеті Бағалау
Кіріспе.
Топқа бөлу.
Топ ережесін еске түсіру.
Ұйымдастыру кезеңі.
Сәлемдесу. Оқу құралдарын түгендеу.Сыныпта ынтымақтастық атмосферасын қалыптастыру.
Төрт түлік атаулары жазылған стикерлер бойынша.

Топ ережесін көрсетеді.

Оқу құралдарын дайындау.
Бір-біріне жақсы көңіл-күй сыйлау үшін тілек айтады.
Төрт түлік атаулары бойынша
топқа бөлінеді.
Оқушылар еске түсіреді.Оқушылар бірлесе отырып құрады. Оқушылар бағалау парағы бойынша бағаланып отырады. Мадақтама сөз Смайликтер бойынша бағаланатынын айтады.
Үй тапсармасын сұрау.
Ыстық орындық Миға шабуыл.
1.Үлектен адамдар неге қорқады екен?
2.Шығармада үлектің қандай пайдасы әңгімеленген?
3.Түйе малының төлі қалай аталады?
4.Түйенің пайдасы қандай? Мәтінді мазмұндап әр топтан бір оқушы айтып береді. Сұрақтарға жауап береді. Ынталандыру сөздері
«Ой-қозғау»
Жұмбақ шешу арқылы мәтіннің тақырыбын ашу.
1Апан-апан
Ескі шапан.
Иір қобыз
Жарық жұлдыз. (Түйе)
2.Кішкене ғана бойы бар,
Айналдырып киген тоны бар.(Қой) Оқушылыр жұмбақты шешеді.
Төрт түлік туралы өз пікірлерін айтады. Мақұлдау
Түсіну.
Сергіту сәті.
Оқулықпен жұмыс.Автор туралы түсінік беру.
Өлеңді мәнерлеп оқып беру.
Рольге бөліп айтқызу

Ноутбуктен музыка әуенін қояды. Өлең шумақтары бойынша оқушылар оқып, өз кейіпкерінің сөзін оқиды.
Оқушылар музыка ырғағымен билейді. Ауызша алғыс
Қолдану.
Малды жасына қарай қалай атайтынын айтып беру.
-Түйе атаулары:
-Қой атаулары:
-Жылқы атаулары:
-Сиыр атаулары: Постерді қорғау арқылы . Әр топтан бір спикер шығып қорғайды. Түйінді ойды айтады. «Екі жұлдыз, бір тілек»
Жинақтау.
Түлік жайлы не білдік?.
Ассоциация құрғызу.
Оқушылар берілген тапсырма бойынша ұқсастығымен даралығын ажырата білу Мадақтама
Бағалау
Кері байланыс

Белсенді топ. Сынып көшбасшысы
Стикерге өз ойын жазады. –Түсіндім -Жартылай түсіндім -Түсінбедім. Үйге тапсырма.
Өлеңді жаттау
Барлық сынып оқушыларына сабақтағы белсенділіктері үшін алғыс айту

Приложенные файлы


Добавить комментарий