Технологиялы карта Экология негіздері


Ұйымдастырылған оқу қызметінің
технологиялық картасы күні: 09.10.17ж
Бірінші кіші топ «Тамшы»
Білім саласы: «Таным» Тәрбиеші: Мукашева А.Ж
Жаратылыстану
Тақырыбы: «Көкөністермен танысу»Мақсаты: Балаларды қызылша, картоп, қызанақ, қияр, қырыққабат көкөністерін ажыратуға үйрету.Тәрбиешіні естіп, сұрақтарына жауап беру және баланың сенсорлы сезімін дамыту.Көкөністің дәмі мен сапасын білу ынтасын тәрбиелеу. Сөздік жұмыс: көкөністер.
Қызмет кезеңдері
Тәрбиешінің қызметі Балалардың іс-әрекеті
Мотивациялық –лептік
Ойын жағдаятын құрады:
Үлкен себет толы көкөністер топ ортасында тұрады. Көкөністерге назар аударып, олардың мұнда қайдан пайда болды екен деп таңданады. Балалар себеттегі көкөністерді көріп,қызығушылық танытады. Көкөністерді көргісі келеді.
Ұйымдастық –ізденістік Балалар мынау көкөністер, өйткені бақшада өседі. Балалардан не көріп тұрғандарын сұрайды. Оларға жауапты дұрыс айтуға көмектеседі.
О\ж «Кішкентай-үлкен»
Көкөністерді қалай өсіріп, баптау керектігін айтып,түсіндіреді.
Көкөністер жақсы өсу үшін оларды суару,топырағын қопсыту керектігін айтады. Балалар сұрақтарға жауап береді.
Көкөністерді атайды.
Отырып-тұрып ,қимыл-әректерді көрсетеді.
Балалар тәрбиешінің әңгімесін тыңдайды
Бақшадағы еңбек қимылыдарын көрсетеді.
Рефлексивті – тузетуші
Д\о «Не жоқ?»
Көкөністердің қандай пайдасы бар?
Балаларды мақтап – мадақтау. Көкөністерді танып, атау.
Балалар сұраққа жауап береді.
Балалардың көңілдері көтеріңкі.
Бақшаның не екенін, көкөністердің қалай өсіп-өнетінін ұғынады
Еңбек дағдылары жайлы түсінеді
Көкөністерді ажыратып, атауын атай алады
Ұйымдастырылған оқу қызметінің технологиялық картасы күні: 18.09.17ж Бірінші кіші топ «Тамшы» Тәрбиеші: Мендыбаева У.Б
Білім беру саласы: Таным
Жаратылыстану
Тақырыбы: «Күз жайында әнгіме»
Мақсаты: Күз жыл мезгілі туралы түсініктерін қалыптастыру. Күздің сыртқы сипаты бойынша балалардың білімін жүйелеу. «Қайын», «шырша» ағаштарын атап, ажырата білу. Діңі, бұтағы, жапырағы деген ұғымдарды енгізу.
Сөздік жұмыс:күз ,жапырақ ,жаңбыр ,құстар .
Қызмет кезеңдері
Тәрбиешінің қызметі Балалардың іс-әрекеті
Мотивациялық –лептік
Балалар сендер балабақшаға келе жатқанда күн қандай болды? Балалар күннің қандай екенін өздері әңгімелейді.
Ұйымдастық-ізденістік Балалардың назарын интерактив тақтаға аудару.
Балалар қазір қай жыл мезгілі? Күзде күн суыта бастайды,жапырақтар сарғайып жерге түседі. Олардың сары,қызыл,жасыл түстері әр түрлі жатқан кезінде кілемшеге ұқсайды. Жаңбыр жие жауады. Құстар топ-топ болып жылы жаққа ұшады,адамдар да жылы киіне бастайды Сергіту сәтін орындату. Балалар интерактивтік тақтаға қарайды. Жыл мезгілі күз. Күн суытады, жапырақтар сарғаяды. Жаңбыр жауады, құстар жылы жаққа ұшып кетеді. Балалар тәрбиешінің сөздерін қайталайды. Сергіту сәті: Орнымыздан тұрайық Қолды белге қояық. Оңға,солға бұрылып Бір отырып,бір тұрып. Біз тынығып алайық.
Рефлексивті – тузетуші
Күзде табиғатта қандай өзгерістер болады. Балаларды мадақтау. Балалар сұрақтарға жауап береді.

Күз мезгілінің ерекшелікерін ұғынады
Күзгі ауа-райы туралы түсінеді
Қайын», «шырша» ағаштарын атап, ажырата алады.
Ұйымдастырылған оқу іс-әрекетінің айы:Қазан
технологиялық картасы күні:07.10.2014
Тәрбиеші: А.С.Белгибаева
Бірінші кіші тобы «Балапан»
Білім саласы: «Таным»
Кіші сала : Экология негіздері.
Тақырыбы: «Жемістермен таныстыру»
Мақсаты:Жемістерді дұрыс атауға және ажыратуға үйрету.Сөздік қорын дамыту(алма,алмұрт,банан,өрік,шие,апельсин,мандарин)оларды ажырата білу.
Билингвалдық компонент: Жемістер- фрукты, алма- яблоко, алмұрт-груша.
Іс-әрекет кезеңдері. Тәрбиешінің қызметі Балалардың іс-әрекеті
Дәлелдеп талаптану Шаттық шеңбері:
Үлкенге де «сіз»
Кішіге де»сіз»
Баршаңызды құрметтеп
Бас иеміз біз! Шеңбер бойында тұру.
Қолды алға созу.
Қолды кеудесіне қою.
Басты төмен ию.
Ұйымдастырушылық ізденіс Ғажайып сәт.
Қонаққа әже келеді.
Сәлеметсіңдер ме балалар.
Өл өзімен бір кәрзенке жемістер әкеліпті.
Балалар жемістер әр түрлі және әр түсті болады.
Мынау қандай жеміс?
Дәмі қандай?
Ал мынау қандай жеміс?
Бүнін дәмі қандай?
Ал мынау не?
Дәмі қандай?
Сергіту сәті:
Тербеледі ағаштар
Жел бетіме есеіді
Кіп-кішкентай бұтақтар
Үп-үлкен болып өседі.
-Балалар, жемістер ағашта өседі.
Д/о: «Дәмінен тану». Балалар әжесінің келгеніне қуанып амандасады.
-Жемістер.
-Алма.
-Тәтті.
-Алмұрт
-Тәтті
-Лимон
-Қышқыл
Рефлексивті-коррекциялау Балаларды мадақтау.
Ризашылықтарын білдіреді.
Күтілетін нәтиже:
Жемістер ағашта өсетінін ұғынады
Жемістер туралы түсінеді
Жемістерді дұрыс атай алады
Ұйымдастырылған оқу іс-әрекетінің айы: қазан технологиялық картасы күні:21.10.14 ж
Бірінші кіші «Балапан» тобы
Білім саласы: «Таным»
Кіші сала: Экология негіздері Тәрбиеші: Белгибаева.А.С
Тақырыбы: «Мысықпен танысу»
Мақсаты: Мысықпен және оның балалармен таныстыру. Оларды суреттен тауып алып, дұрыс айтуға үйрету. Сөздік қорларын дамыту (мысық-марғау, мияулайды)
Билингвалдық компонент: мысық-кошка
Іс-әрекет кезеңдері. Тәрбиешінің қызметі Балалардың іс-әрекеті
Дәлелдеп талаптану Балаларға мысық қонақа келеді. Балалар қызыға қарайды.
Ұйымдастырушы-лық ізденіс Тәрбиеші мысықпен таныстырады.
Балалардың назарын интерактивтік тақтаға аударту.
Мынау не?
Мысық не істеп жатыр? Мысықтың пайдасын айту. Мысық не жейді?
Сергіту сәтін қимылмен орындату.
Д/О «Суреттен тауып ал» Балалар мысықпен танысады.
Балалар көңілі тақтаға ауады.
Мысық
Мысық ойнап жатыр. Мысық тышқан аулайды. Мысық сүт ішеді, ет жейді. Сергіту сәті
Ал, балалар тұрайық,
Алақанды соғайық.
Бір отырып, бір тұрып
Біз тынығып алайық.
Балалар ойынға белсене араласады.
Рефлексивті-коррекциялау Сұрақ-жауап арқылы қорытындылау. Балалар өте риза болады.
Күтілетін нәтиже:
Мысық үй жануары екенін ұғынады
Үй жануарлары туралы түсінеді
Суреттен тауып алып, дұрыс айтуды қолдана алады.
Ұйымдастырылған оқу іс-әрекетінің айы: қазан технологиялық картасы күні:28.10.14 ж
Бірінші кіші «Балапан» тобы
Білім саласы: «Таным»
Кіші сала: Экология негіздері Тәрбиеші: Г.Б.Нигметжанова
Тақырыбы: «Мысықпен танысу»
Мақсаты: Мысықпен және оның балалармен таныстыру. Оларды суреттен тауып алып, дұрыс айтуға үйрету. Сөздік қорларын дамыту (мысық-марғау, мияулайды)
Билингвалдық компонент: мысық-кошка
Іс-әрекет кезеңдері. Тәрбиешінің қызметі Балалардың іс-әрекеті
Дәлелдеп талаптану Балаларға мысық қонақа келеді. Балалар қызыға қарайды.
Ұйымдастырушы-лық ізденіс Тәрбиеші мысықпен таныстырады.
Балалардың назарын интерактивтік тақтаға аударту.
Мынау не?
Мысық не істеп жатыр? Мысықтың пайдасын айту. Мысық не жейді?
Сергіту сәтін қимылмен орындату.
Д/О «Суреттен тауып ал» Балалар мысықпен танысады.
Балалар көңілі тақтаға ауады.
Мысық
Мысық ойнап жатыр. Мысық тышқан аулайды. Мысық сүт ішеді, ет жейді. Сергіту сәті
Ал, балалар тұрайық,
Алақанды соғайық.
Бір отырып, бір тұрып
Біз тынығып алайық.
Балалар ойынға белсене араласады.
Рефлексивті-коррекциялау Сұрақ-жауап арқылы қорытындылау. Балалар өте риза болады.
Күтілетін нәтиже:
Мысық үй жануары екенін ұғынады
Үй жануарлары туралы түсінеді
Суреттен тауып алып, дұрыс айтуды қолдана алады.

Ұйымдастырылған оқу іс-әрекетінің айы:қазан
технологиялық картасы
Бірінші кіші «Тамшы » тобы күні:16.10.17 ж
Білім саласы: «Таным» тәрбиеші: Мендыбаева У.Б.
Тақырыбы: «Итпен танысу» (сурет арқылы) Мақсаты:Балаларды итпен және олардың балаларымен таныстыру. Оларды суреттен тауып, дұрыс атауға үйрету.
Үй жануарларына деген сүйіспеншілігін қалыптастыру.
Сөздік қорларларын дамыту (ит- күшік,үреді) Сөздік жұмыс : суреттер, бейне көрме, әдістемелік нұсқау.
Іс-әрекет кезеңдері. Тәрбиешінің қызметі Балалардың іс-әрекеті
Мотивациялық-қозғаушы . Үй күзетеді, үреді. Бұл қандай үй жануары? Балалар жұмбақтың шешуі: «ит»- дейді.
ізденіс Ұйымдастырушы- лық Балалардың назарын интерактив тақтаға аудару.Ит және күшікпен таныстыру. Ит- ол үй жануары, оның отбасы болады, күшігі болады. Балаларға сұрақтар қою:-Ит қалай дыбыстайды?
-Ит қалай жүреді?
Сергіту сәті:
Орнымыздан тұрайық
Қолды белге қояйық. Оңға,солға бұрылып Бір отырып,бір тұрып. Біз тынығып алайық.
Ит- үйді күзетеді, ит адамның ең жақын досы да бола алады. Балалар қызығушылығын арттырады
Қойған сұрақтарға жауап беруге тырысып,өз ойларымен бөлісуге талпынады.
.Балалар жауаптары:
Ит пен күшік «Гаф-гаф,аф-аф», деп дыбыстайды
Ит төрт аяқтап жүреді, жүгіреді
Балалар орындарынан тұрып, Қолдарып белге қойып, Оңға және солға бұрылады. Орындарында бір отырып, бір тұрып
Терең тыныс алып жаттығады.
Рефлексивті-коррекциялау Иттің баласын қалай атайды? Сұраққа жауап берген балаларды мадақтау. Иттің баласын күшік дейміз.
Күтілетін нәтиже:
Ит жануарының маңызын ұғынады
Ит үй жануары екенін түсінеді
Ит деп атай алады.
Ұйымдастырылған оқу қызметінің айы: қараша
технологиялық картасы күні:13.11.17ж
Бірінші кіші тобы «Тамшы»
Білім саласы: «Таным» тәрбиеші:Мукашева А.Ж
Жаратылыстану
Тақырыбы: «Тауықтар жанұясымен танысу»
Мақсаты: Тауықтар жанұясы бойынша алғашқы көріністі ұсыну. ( әтеш пен
тауық және олардың балапандары) үй құстарына деген
сүйіспеншілікті қалыптастыру.
Жабдықталуы: үй құстардың суреттері,тауық, әтеш, балапан жұмыртқаның
суреті
Коптілділік компонент – Полиязычный компонент: тауық – курица, петух – әтеш, балапан – цепленок .leaves fall ливз фол

Қызмет кезеңдері
Тәрбиешінің іс-әрекеті Балалардың іс-әрекеті
Мотивациялық –лептік
-Балалар шаттық шеңберіне тұрып, жұмбақ шешейік.
Бұрап қойған сағаттай,
Айғайлайды таң атпай. (әтеш) Балалар дөңгелене тұрып, тәрбиешінің көмегімен жұмбақ шешеді.
Ұйымдастық –ізденістік Балалардың назарын интерактивтік тақтаға аудару.
Үй құстардың дауысын тындату.
-Балалар, сендер қандай құстардың дауысын тыңдадыңдар?
-Иә,балалар, үй құстарының дауысы екен?
-Дұрыс, тауық, әтеш, қаз, үйрек балапан. Бұл құстарды неліктен үй құстары деп атайды?
Суретпен жұмыс.
-Балалар, үй құстарының адамға пайдасы өте көп. Олардың жұмыртқасы мен еті- тамақ. Бүгін үй құстарының бірі-тауық және оның балапанымен танысамыз.
Тауық- ең көп тараған құстардың бірі. Оның балаларын балапан деп атаймыз.
Тауықтың баласын не деп атайды екенбіз?
-Балапанның түсі қандай?
-Тауықтарға жем, су береміз.
Тауықтар бидайды жақсы көреді. Міне, балалар, суреттен көріп тұрғандарыңдай, әтештің тауықтан ерекшілігі мынандай: оның айдары бар, ал қауырсыны түрлі түсті болады.
Тауықты сипап көрейік (Жұмсақ ойыншық тауықты көрсету) жүні майда, айдары бар, тұмсығын,қанатын созып көрейік, ол қанатының астына балапандарын алып қорғайды. Аяғында тырнағы бар екен. Онымен жер тырналап, балапандарына жем тауып береді.
Үй құстары қалай дыбыстайды?
Сергіту сәті.
«Шөжелерім» әнімен орындалады.
Үлестірмелі материалмен жұмыс.
Шарты: суреттегі тауықтың салынбай тұрған бөлігін тауып жапсыру.
Балалар тыңдайды.
Балалардың жауаптары тыңдалады.
Балалар құстардың атына атап қайталайды.
-Үйде күтіп-баптап өсіретін құстарды үй құстары деп атайды.
-Балапан.
-Сары.
Балалар қайталап айтады.
Үй құстарының дауысын салады.
-Қыт-қыт.
-Ку-ка-ре-ку.
Балалар қимыл-қозғалыспен айтады.
Балалар тәрбиешінің көмегімен бірге орындайды.
Рефлексивті – тузетуші
Сұрақ-жауап әдісі арқылы оқу іс-әрекетінде оқып үйренгендерін пысықтайды Себебі тауықтар жанұясында тауық, әтеш, балапандары бар. Тауықтар жанұясы тары, бидай жейді.
Күтілетін нәтиже: ожидаемый результат:
Үй құстарының аттарын,түстерін ажырата ұғынады -воспроизводят:
Тауқтың адамдарға тигізетін пайдасы туралы түсінеді -понимают: Үй құстарына деген қамқорлық жасай алуы- применяют:
Ұйымдастырылған оқу қызметінің
технологиялық картасы
Бірінші кіші топ айы:желтоқсан
Білім беру саласы: «Таным. Жаратылыстану. күні:04.12.17ж
Тақырыбы: «Қыс қызығы»
Мақсаты:Қыс мезгілімен таныстыру Қыс мезгілінің өзіндік ерекшеліктер арқылы сөз байлығын дамыту. Табиғатқа деген сүйіспеншілігін ояту. : Жабдықталуы:боран, аяз. Коптілділік компонент – Полиязычный компонент: : қыс-зима, қар-снег. leaves fall ливз фол
Тәрбиеші: Мендыбаева У.Б
Қызмет кезеңдері Тәрбиешінің қызметі Балалардың іс-әрекеті
Мотивациялық –лептік
Жұмбақ шешу
Қыста ғана болады,
Ұстасаң қолың тонады
Ол не? (Қар) Балалар жұмбақтың жауабын айтуға
тырысады.

Ұйымдастық –ізденістік Әңгіме жүргізу.
-Балалар, барлығымыз терезеден далаға қарайықшы. Қазір жылдың қай мезгілі?
-Оны қайдан білдік?
-Қыс айлары: желтоқсан, қаңтар, ақпан.
Суретпен жұмыс.
-Қыс мезгілі. Даланы аппақ қар басты.
Қыс мезгілінде ауа райы суық болады.
Қыста адамдар қалай киінеді?
-Дұрыс айтасыңдар, балалар, қыста адамдар қалың киінеді.
-Кәне қыста киімдерді атайық?
- Тон, етік, қолғап т.б.
Сергіту сәті.
Үлестірмелі материалмен жұмыс.
Төрт мезгіл бейнеленген суреттердің ішінен қыс мезгілін тапқызып, оны сызып көрсеткізу.
«Қар жинау» ойыны.
Шарты: екі топқа бөлініп, мақтадан жасалған қарды жинап, себетке салудан жарысу.
Балалар терезеге қарайды.
-Қазір жылдың қыс мезгілі.
-Дала аппақ қар. Күн суық.
Балалар суретке назар аударады.
-Қыста адамдар жылы киінеді.
-Күн суық адамдар жылы киініп алған, айнала аппақ қар.
-Сергіту сәтін тәрбиешінін көмегімен
орындайды.
Тәрбиешінің көмегімен бірге орындайды.
Балалар ойынды қызыға ойнайды.
Рефлексивті – тузетуші
Сұрақ-жауап арқылы не үйренгендерін пысықтау. Балалардың жауаптары тыңдалады.
Қыс мезгілінің, жылдың басқа мезгілдерінен ерекшелігін ұғынады
Жұмбақ шешіп, суретке қарап қыс ерекшілігін түсінеді
Қыс мезгілінің ерекшеліктерін және ойын түрлерін туралы білімді қолданады

Ұйымдастырылған оқу қызметінің
технологиялық картасы
Бірінші кіші тобы «Қошақан »
Білім беру саласы: «Таным »Жаратылыстану
Тақырыбы: «Аю-орман тұрғыны »
Мақсаты: Орман және орман тұрғындары бойынша алғашқы түсініктерін қалыптастыру. Тәрбиешінің сұрағына баланың толық жауап беруіне үйрету. Орман тұрғындарына сыйлы көзқараспен қарауға үйрету. Дене бөліктерін атауға үйрету.
Билингвалдық компонент: аю- медведь; қонжық-мишка; орман –лес;
Сөздік жұмыс: сыйлы көзқарас
Іс-әрекет кезеңдері. Тәрбиешінің қызметі Балалардың іс-әрекеті
Мативациялық қозғаушы Қандай жақсы бір тұру,
Достарыммен бір жүру
Қайырлы күн Жер-ана!
Қайырлы күн достарым! Балалар тәрбиешінің артынаң қайталайды.
Ұйымдастырушылық ізденіс Қонаққа қуыршақ Сауле келеді.
Балалармен амандасады.
Балалар сендер орманда болдыңдар ма?
Қандай жануарлар орманда тұрады кім біледі?
Жарайсыңдар балалар жануарларды білесіңдер.
Мен сендерге аю жануары туралы айтып берейін.
Слайдтарды көрсету.
Аю ол орманда тұрады.
Аю ол қыс бойы ұйықтайды, оның өз үйі бар, ал күн жылыңса ұйқысынан тұрады. Аюдың баласың қонжық деп атайды.
Сергіту сәті:
Балалар аю қалай жүреді екен?
Аю туралы тақпақ білесіңдер ме? Балалар қуыршақты жылы жүзбен қарсы алып, амандасады.
Ия, жоқ.
Аю ,түкі ,қоян...
Балалар қызығушылықпен суреттерді қарап, тыңдайды.
Ормандағы аюдың
Құлпынайы көп екен
Теріп, теріп аламыз
Қалтамызға саламыз.
Балалар қимыл қозғалыспен көрсетеді.
Рефлексивті-коррекциялау Қуыршақ Сауле: Мен өте риза болдым сендерге балалар, өте жақсы білесіңдер екен жануарлар туралы. Ақылды балалар екенсіңдер
Күтілетін нәтиже:
Толық жауап береуді ұғынады.
Орман және орман тұрғындарын түсінеді.
Орман тұрғындарына сыйлы көзқараспен қарауға, дене бөліктерін атауға қолдарынан келеді.
Ұйымдастырылған оқу қызметінің технологиялық картасы
Бірінші кіші тобы «Қошақан»
Білім беру саласы: «Таным» Жаратылыстану. Тақырыбы: «Қанатты Жолдастар»
Мақсаты: Балаларды қыстайтын құстармен таныстыру. Оларға құстардың қысқы өмірі туралы түсінік беру (сыртқы бейнесі, тамақтануы, түсі, көлемі), бір-бірінен ажырата білу, ән салады, шоқиды, ұшады деген сөздерді еңгізу. Орман құстарына деген сыйлы көзқараспен қарауға тәрбиелеу. Билингвалдық компонент: достар-друзья;
Сөздік жұмыс: ән салады, шоқиды, ұшады
Іс-әрекет кезеңдері. Тәрбиешінің қызметі Балалардың іс-әрекеті
Мативациялық қозғаушы Балаларга үнтаспадан құстардың дауыстарын тыңдатады. Балалар үнтаспадан шыққан дауысты тыңдайды
Ұйымдастырушылық ізденіс -Балалар сендер неның даусын естып тұрсыңдар ?
Ин.тақтамен жумыс:
Суретте не бейнеленген?
-Торғай тоқылдақ осылардың бәрін бір сөзбен құстар деп атаймыз.
Құстар быздің досымыз.Құстардың адамдарға табиғатқа пайдасы өте зор.
Құстар зиянкес жәндіктермен қоректенеді.
Бұл құстар қыстайтын құстар.
Мысалы:бұл тоқылдақ орманда өмір сүреды.Тоқылдақтың даусын естіңдерші.
Қалай дыбыстайды? Сондықтан тоқылдақ деп аталады.
Бұл торғай -кең далада тіршілік ететін әнші құс.
Денесінің пішіні сопақша, басы дөңгелек ,тұмсығы үш бұрышты,қанаты ұзын болып келеді.
Сергіту сәті: Торғаймын
д/ойын: «не жоқ?»
Құстардың даусы екенін айтады.
Суретті қарап әңгімелеуге тырысады.
Балалар мұқият тыңдайды.
Балалар тоқылдатып дыбыс шығарады.
Балалар дыбыстап қайталайды.
Балалар қимылмен көрсетеді.
Рефлексивті-коррекциялау .Сұрақ-жауап арқылы не үйренгендерін пысықтау. .Балалдардың жауаптары тыңдалады.
Күтілетін нәтиже:
Тоқылдақпен торғайды ажыратып ұғынады. Құстардың қысқы өмірі туралы түсінеді.Құстарды әнгімелеу
Ұйымдастырылған оқу қызметінің
технологиялық картасы Бірінші кіші «Қошақан» тобы
Білім беру саласы: «Таным» Жаратылыстану. Тақырыбы: «Қоян орман тұрғыны» Мақсаты : Орман және орман тұрғындары бойынша алғашқы түсініктерін қалыптастыру. Тәрбиешінің сұрағына баланың толық жауап беруіне үйрету. Жануарларға деген сүйіспеншілігін арттыру. Көрнекіліктер : интерактивтік тақтадан суреттер көрсету. Билингвалдық компонент: орман-лес, қоян-заяц. Сөздік жұмыс:
Іс-әрекет кезеңдері. Тәрбиешінің қызметі Балалардың іс-әрекеті
Мативациялық қозғаушы. Орман суреті көрсетіледі. Орманда қандай жануарлар мекендейді? Балалар орман суретін қарайды. Орманда түлкі, қасқыр, аю .
Ұйымдастырушылық ізденіс Балаларды суретпен таныстырып, әңгімелеу.Орман жануарларымен жалпы таныстыру,Балалар мен жұмбақ жасырамын: Ұзын құлақ, өзі қорқақ Ол не? Ендігі бір орман тұрғыны ол қоян. Қоян шапшаң, әрі қорқақ жануар. Қоян қалай секіреді?
Сергіту сәтін :
Ұзын құлақ сұр қоян Естіп қалап сыбдырды Ойлы-қырлы жерлермен Ытқып-ытқып секірдіҚоян не жегенді ұнатады?
Қоян сонымен қатар шөппен, қырыққабатпен қоректенеді. Қоянның түсі -ақ, күзде сұр болады.
Қоянның құлағы қандай ?
Д/О: «Не жоқ» Балалар мұқият суретке зейіндерін аударып, өзара әңгіме құрастырады.
Балалар тәрбиешіні мұқият тыңдайды.
Балалар жұмбақ шешуі:
«қоян» - деп жауап береді.
Тәрбиешіні балалар мұқият тыңдайды.
Балалар қоян сияқты секіреді.
Сергіту сәтін орындайды.
Қоян сәбіз жегенді ұнатады.
Балалар тәрбиешінің айтқанын қайталайды.
Қоянның құлағы ұзын.
Балалар қандай аң жоқ екенын айтады
Рефлексивті-коррекциялау Ұйымдастырылған оқу іс-әрекетіне жақсы қатысқан балаларды мадақтау. Балалар ризашылықтарын білдіреді.
Күтілетін нәтиже: Қоян тіршіліг жайлы түсінеді
Орман және орман тұрғыны жайында ұғыну Орман,қоян деген сөздерды анық айтып ,сөйлем арасында қолданады.
Ұйымдастырылған оқу іс-әрекетінің айы: ақпан .
технологиялы картасы Бірінші кіші«Балапан» тобы күні:10.02.15жБілім беру саласы: «Таным» тәрбиеші: Белгибаева.А.С
Кіші сала: ЭкологияТақырыбы: «Аквариумдағы балықтар»Мақсаты:Балаларды аквариумдағы балықтармен таныстырып,оларды ажыратуға үйрету.Балаларға балықтарға деген қамқорлық сезімін тәрбиелеу. Билингвальдық компонент: балық-рыба.Сөздік жұмыс: жүзеді.
Іс-әрекет кезеңдері. Тәрбиешінің іс-әрекеті Балалардың іс-әрекеті
Мотивациялық қозғаушы Орамал астынан жасырылған аквариумдағы балықтар. Бұл не екенын жұмбақ шешуы арқылы тауып көреиік.
«суда оның өмірі, суда оның қорегі.» Балалар жұмбақтың шешуін: «балық» - дейді.
Ұйымдастырушылық ізденіс -Өте жақсы
-Ендеше алдымызда аквариум екен.
Аквариум дегеніміз балықтарды зерттеуге арналған шыны ыдыс.
-аквариумда нелер өмір сүреді?
Олай болса балықтар туралы жан –жақты мәлімет алайық.
Балықтар суда,теңізде,көлде,аквариумда т.б жерлерде өмір сүреді.
Балықтардың түрлері өте көп.
Аквариумдағы балықтардың тыныс тіршілігін топта бақылап жүреміз.
Біз оралға күтім жасаймыз.
Аквариумды жуып, тамағын саламыз.
Сергіту сәтін :
Кәне балалар тұрамыз
Бойымызды жазамыз
Балықтарға ұқсап біз
Жүзіп-жүзіп аламыз
Тәрбиеші балықтарды дұрыс тамақтандыру туралы білімімен бөлісіп, көрсетеді.
Балалар аквариумді көріп қуанады.
Шыны ыдыс деп қайталайды
- аквариумда балықтар өмір сүреді.
Балалар балықтарды бақылайды
Балықтарды тамақтандырып көреді.
Балалар қимылмен көрсетеді.
Рефлексивті-коррекциялау Ойын: «Балық аулау» әр бала бір-бір балықтан аулап тәрбиешінің қортынды сұрағына жауап беру Балалар балық аулай отырып , сұраққа жауап береді
.
Күтілетін нәтиже: Балықтардың тіршілігі туралы ұғынады
Балықтарға қамқор болу керектігін түсінеді
Балықтарға қамқор бола алады

Ұйымдастырылған оқу іс-әрекетінің айы: ақпан.
технологиялы картасы Бірінші кіші«Нұрсәуле» тобы күні:29.02.16жБілім беру саласы: «Таным» тәрбиеші: Кемелова.Т Кіші сала: ЭкологияТақырыбы: «Түлкі- орман тұрғыны»Мақсаты:Орман және орман тұрғындары бойынша алғашқы түсініктерін қалыптастыру. Басқа аңдардан айырмашылығы туралы түсінік беру. Орман тұрғындарына деген сүйіспеншілігін дамыту.Сөздік жұмыс:түлкі
Іс-әрекет кезеңдері. Тәрбиешінің қызметі Балалардың іс-әрекеті
Мотивациялық қозғаушы Балалар біз бүгін сиқырлы пойызбен орманға саяхатқа барамыз. Балалар қуанады. (бір-бірінің иығынан ұстап жүреді)
Ұйымдастырушылық ізденіс Балалармен орманда келе жатып шырша түбінен дорба тауып алады -Ой мына дорбаны қараңдар, -
Бұл дорбаға бір аңды сиқырлап салып қойган сияқты. Тәрбиеші жұмбақтап: «құйрығы ұзын, озы қу»деп айтады.
Қане қарайын,дұрыс таптыңдар бұл түлкі екен. Түлкінің түсі қынасары Құйрығы ұзынба ,қысқама? Түлкі калай жүреді. -Балалар сены дорбадан щығарып алды ,енды неге көңілсізсің?(тәрбиеші құлағын тосып,тыңдағандай болады ) Түлкі:сендерге қарап қызығып тұрмын, бір біріңмен дос щығарсындар. -Мен жалғызбын,маған дос табуға көмектесесіңдерме. Ойын :«Ойлан тап» Мақсаты:баланың ойлау,есте сақтау қабілетін дамыту. Нелерді құрастырдық?
сен жалғыз емессің, достарың бар(тәрбиеші түлкіге тақап Түлкі ризашылығын білдіріп,балаларға шар береді. Түлкі балалармен қоштасады. - Енді біз сиқырлы пойызбен топқа қайтайық Балалар дорбаны көріп:ішінде не бар екендеп,көруге асығады.
Балалар түлкі деп жауап береді-
Дұрыс тапқандарына қуанады. Қынасары деп қайталайды. -Құйрығы ұзын Түлкінің майысып ,сызылып жүрген жүрісін көрсетеді.
Әрине түлкі біз саған көмектесеміз сенімен дос боламыз.
Балалар түлкіге орманда мекендеитін аңдарды құрастырып береді . Өздері құрастырған жануарларды атап айтады Қоян.аю,қасқыр Бір сөзбен аңдар деп атаймыз.
Балалар шарды көріп,қуанып қалады
Балалар түлкімен қоштасып, бір-бірінің иығынан ұстап жүріп кетеді.
Рефлексивті-коррекциялау Балалар біз қайда бардық? Дорбадан нені шығарып алдық? Тағы қандай аңдар бар екен? Біз орманға бардық Дорбадан түлкіні шығарып алдық Қасқыр, қоян,аю.
.
Күтілетін нәтиже: Түлкінің басқа аңдардан айырмашылығын ұғынады Жабай аңдардың орманда мекендейтінінтүсінеді
Түлкіге көмек беру қолдарынан келеді
Ұйымдастырылған оқу қызметінің технологиялы картасы Бірінші кіші«Қошақан» тобы
Білім беру саласы: «Таным» Жаратылыстану Тақырыбы: «Суды бақылау»Мақсаты: Су туралы алғашқы түсініктерін қалыптастыру.Судың қандай болатыны туралы түсінік беру(таза ,кір,жылы,суық,мөлдір)
Билингвалдық компонент: Балық рыба Сөздік жұмыс: мөлдір, тұнық
Іс-әрекет кезеңдері. Тәрбиешінің қызметі Балалардың іс-әрекеті
Мотивациялық қозғаушы Балаларға беті матамен жабылған затты көрсету. Балалар көруге асығады.
Ұйымдастырушылық ізденіс Дәмі де,жоқ,түсі жоқ
Пайдаламбас кісі жоқ.
Ол не?
-Иә балалар дұрыс айтасыңдар,
Жұмбақтың шешуі –су.
Су-мөлдір,сұйық зат.
Суреттерді көрсету.
-Су адамға не үшін қажет екен?
-Суды ішеміз,тамақ әзірлеу үшін пайдаланамыз,шомыламыз,киімді жуамыз,уйді тазалаймыз.
-Ал енді су кімге және не үшін қажет екенін білесіңдерме?
-Иә сусыз адам да,жануар да,өсімдікте тіршілік ете алмайды. Көрдіңдер ме, балалар судың қажет емес жері жоқ ,сондықтанда суды үнемдеп пайдалану керек, суға қоқыс тастауға болмайды.«Су –тіршілік көзі» деп бекерге айтпаған.
-Мына екі ыдыстағы мөлдір судың біреуіне аз ғана топырақ салып көрейік.
Судан қандай өзгеріс байқадық?
Енді оны іше аламызба?
Сондықтан ,суды әрдайым таза ұстауымыз керек.
Сергіту сәтін өткізу.
Ойын:«Күн мен жаңбыр»
Шарты:балалар «күн» дегенде қолдарын жоғары көтеріп,алақандарын ашады, «жаңбыр жауды» дегенде отырып,еденге саусақтарын тықылдатады.
Балалар щешуін тәрбиешінің көмегімен бірге табады.
Балалар тәрбиешінің көмегімен қайталайды.
-Сусыз тіршілік жоқ. Су адамға, жануарларға, құстарға, өсімдіктерге керек.
Балалар қайталап айтады.
Балалар тәрбиешінің көмегімен сұрақтарға жауап береді.
Балалар тәжірбиені бірге орындайды.
Судан қандай өзгерістер байқағандарын айтады.
Балалар ойынды қызыға ойнайды.
Рефлексивті-коррекциялау Тыйым және нақыл сөздердің мағыналарын түсіндіру.
Суға түкірме.
Су-өмір нәрі.
Бұлақ көрсең, көзін аш.
Қортындылау. Тәрбиешімен бірге тыйым ,нақыл сөздерді қайталап айтады.
Күтілетін нәтиже: Судың мөлдір болатынын және тіршілік үшін қажет екендігін ұғынады
Су туралы тыйым,нақыл сөздерді түсінеді
Суды дұрыс қолдана алад
Ұйымдастырылған оқу қызметінің айы: қазан технологиялық картасы күні: 30:11.17 Бірінші кіші тобы «Тамшы» Тәрбиеші: Мукашева А.Ж Білім беру саласы: «Таным» Жаратылыстану. Тақырыбы:Бөлме өсімдіктерімен таныстыру Мақсаты:Балаларды бөлме өсімдігі-бальзаминмен таныстыру(сабағы,жапырағы,гүлі) Бөлме өсімдіктері туралы көзқарастарын кеңейту. Бөлме өсімдіктеріне деген -сүйіспеншіліктерін ояту. Коптілділік компонент – Полиязычный компонент: . өсімдік- растение leaves fall ливз фол

Қызмет кезеңдері
Тәрбиешінің қызметі Балалардың іс-әрекеті Мотивациялық –лептік
Балалар назарын табиғат бұрышындағы өсімдіктерге аударады. Балалар өсімдіктерге сүйсіне қарайды. Ұйымдастық –ізденістік Өлең оқу: А.Меңжанованың
«Гүл» гүл туралы өлең оқып беру.
Әңгіме жүргізу.
-Балалар, өлеңде гүл туралы айтылған.Біз бүгін табиғаттың ғажайып байлығы- гүлдермен танысамыз, гүлдердің көптеген түрлері бар. Дала гүлдері, бөлме гүлдері, емдік гүлдер және т.б.
Дала гүлдеріне қызғалдақ, бақбақ, түймедағы т.б. жатады. Бұл гүлдер далада өседі Сондықтан дала гүлдері деп аталады.
Балалар бізге гүлдер не үшін керек?
-Бөлмедегі ауаны тазартады, әдемі сән береді, гүл адамға қуаныш сыйлайды. Мереке күндері анамызға гүл шоқтарын сыйлаймыз.
Егер де гүлдер жоқ болса не болар еді?
-Гүлдің тамыры сабағы, жапырағы болады.
-Бұл гүлдің аты- бальзамин
Бальзамин - бұтақтары нәрлі және нәзік өсімдік. Өсімдіктің діңі жуан болса да жапырағы майда ірі болып келеді.
Бальзамин әртүсті болады
Жапырағы қандай болып келген?
Бөлме температурасының тым ыстық болуынан және желде қалғандығынан жапырағы түсе бастауы мүмкін.
Бөлме өсімдіктерді балалар күтіп ұстау керек.
Оларға балалар су құю керек,жерін қопсытып, онымен сөйлесу керек.
Соңда балалар ол әсем болып өседі,оның гүлі шығады.
Балалар бөлме өсімдіктерін сындыруға бола ма? Сергіту сәті:
Д/О: «Бөлме өсімдіктерін қарау» Өлеңді бірге қайталап айтады.
-Қызғалдақ, бақбақ, түймедақ.
-Ауаны тазартады,сән береді.
Анамызға сыйлаймыз.
-Көңіл күйміз төмендейді.
-Гүлдің тамыры, сабағы, жапырағы бар.
-Бальзамин гүлі.
-Жасыл.
Балалар өсімдікпен танысып болған соң,тәрбиешімен бірге жапырағын сүртеді.
Оларға балалар су құяды,жерін қопсытады, онымен сөйлеседі.
Жоқ болмайды.
Сергіту сәтін қимылмен орындайды.
Балалар ойынға белсене қатысады. Рефлексивті – тузетуші
Қандай бөлме гүлдерін білесіңдер?
Бөлме гүлдерін қалай күтеді? Балалар сұрақтарға жауап беруге тырысады
Күтілетін натиже: ожидаемый результат:
Бөлме гүлдері және оларды қалай күтіп- баптауды ұғынады - воспроизводят
Бальзамин гүлі туралы мағлуматтарды түсінеді-понимают
Гүлдерге су құйып, жапырағының шаңын сүрту сияқты енбек іс-әрекет дағдыларын қолданады - применяют

Ұйымдастырылған оқу қызметінің технологиялық картасы Бірінші кіші тобы «Қошақан»
Білім беру саласы: « Таным» Жаратылыстану. Тақырыбы:Жуаны отырғызу. Мақсаты: Жуаның адам денсаулығына пайдалы екендігі туралы түсініктерін қалыптастыру. Жуаны су құйылған шыны ыдысқа отырғызып, әрі қарай бақылауға үйрету. Бақылағыштық пен білуге құмарлықты тәрбиелеу. Сөздік жұмыс: пияз
Іс-әрекет кезеңдері. Тәрбиешінің қызметі Балалардың іс-әрекеті
Мативациялық қозғаушы Есік қағылып,шалқан ертегісіндегі ата қонаққа келеді. Балалар қуанып атамен амандасады
Ұйымдастырушылық ізденіс -Мен сендерге сиқырлы қорапша әкелдім. Бұның ішінде не бар деп оилайсыңдар? -Қане барлығымыз ойланайықшы. Ол көкеніс тобына жатады.Оны пісіріпте,пісірмеиде жейміз. Оны тамақтың барлық түріне пайдаланамыз.Оның түсі сары,озы сопақша немесе дөңгелек болып келеді. Ол туралы мынадай жұмбақта бар. Ұрмай-соқпай жылатады, Ұрмай соқпай жылатады. Дұрыс айтасыңдар бұл алдын ала суға салып,тамырлатықан, сабағы шыққан жуа мен енды сендермен осы жуаны отырғызамын. Балаларға жуа жайында слайт көрсеті,әңгімелеиді.Балаларға жуаны қалай отырғызу керектігін көрсетеді.Жуаны отырғыздық енді күнделікті бақылап отырамыз Сергіту сәті: Терезені ашайық, Таза ауа кірсін деп. Жаттығуды жасайық, Денем мықты болсын деп Енді мен басқада балабақшаға баруым керек,мен кетейін.
Балалар қорапшадағы затты көруге асығады.
Балалар ойланады.
Балалар табуға тырысып, шатысыпта жатады.
Жуа деп жауап береді.
Балалар мұқиат тыңдап,тамащалайды.
Балалар бақылап отыруға сөз береді.
Жаттығуды орындайды.
Балалар атамен қоштасады.
Рефлексивті-коррекциялау Жуа көкөніске , әлде жеміске жата ма? Жуа не үшін қажет? Суақ-жауап арқылы қортындылау. Сұрақтарға жауап береді.

Күтілетін нәтиже: Көкөністер мен жемістердің айырмашылығын ұғынады. Жуа туралы түсінеді Жуаны күнделікті бақылау қолдарынан келеді.
Ұйымдастырылған оқу қызметінің
технологиялы картасы
Бірінші кіші «Қошақан» тобы. Білім беру саласы: «Таным» ЖаратылыстануТақырыбы: « Жел, жел, самал жел»Мақсаты: Балаларға желдің табиғат құбылыстарының бірі екендігін түсіндіру. Оның табиғат және адам өміріндегі рөлін анықтау. Экологиялық мәдениеттің алғашқы түсініктерін қалыптастыру.
Іс-әрекет кезеңдері. Тәрбиешінің қызметі Балалардың іс-әрекеті
Мотивациялық қозғаушы !
Табиғат құбылыстарына байланысты сұрақтар қою. Балалар өлең шумақтарын қайталайды.
Қыста қар жауады, боран соғады. Көктемде жаңбыр жауады, күн жарқырап тұр.
Ұйымдастырушылық ізденіс Балаларға үнтаспадан дыбыс естіртеді -Жарайсыңдар,дұрыс ал енді барлығымыз өз алақандарымызға үрлеп көрейік. Тәрбиеші алақандарына үрлеп көрсетеді.-Балалар не сездік? Не болды? -Жел- табиғат құбылысының бір бөлігі болып табылады. Жел-жылы болады және салқында болады. Сергіту сәті:Тербеледі ағаштар,Алдымнан жел еседі,Кіп-кішкентай ағаштар,үп-үлкен боп өседі.Тәрбиеші балалармен серуенге шығып самал желді сезіну.Сөздік жұмысойын: «Шар үрлеу»Ауызбен жел шығару арқылы шарды урлеу . (топта орындау) Балалар желдің дыбысы екенін бірден тауып айтады
Балалар алақанға үрлеу қимылын орындайды. Қойған сұрақтарға жауап беруге тырысып, өз ойларымен бөлісуге талпынады.
Балалар қолдарын жоғары көтеріп, онға-солға қарай тағаш тәрізді тербеледі.Алақандарын кеудесінің тұсына қойып, желдетеді.Төмен отырып, қайта жоғары қолдарын созып тұру.
жел-ветер, табиғат-природа;Балалар ойынға белсенді қатысады.
Рефлексивті-коррекциялау Балалар сабақта не туралы айттық? Табиғат құбылыстарын қайталайды. Табиғат құбылыстарын қайталайды, естерінде сақтауға тырысады. Балалар сабаққа риза болды.
Күтілетін нәтиже: Желдің табиғат және адам өміріндегі рөлін ұғынады
Экологиялық мәдениетті түсінеді
Шарды үрлеу қолдарынан келеді.

Ұйымдастырылған оқу қызметінің технологиялы картасы айы: 25.04.2017ж
Бірінші кіші топ «Қошақан» Тәрбиеші:Баймуханова.А.С Білім беру саласы: «Таным» Жаратылыстану Тақырыбы: «Ағаштардың бүршіктерін бақылау»
Мақсаты: Көктем мезгілінде балаларды табиғаттың бір бөлігі- ағаштармен таныстыру.(діңі,бұтағы,жапырағы) Бүршік ағаштың дамуындағы негізгі кезеңнің бірі екендігін айтып, білімдерін жалғастыру
Іс-әрекет кезеңдері. Тәрбиешінің қызметі Балалардың іс-әрекеті
Мотивациялық қозғаушы Жұмбақ шешу. «Көктем» А.Байтұрсынов.
Қар,мұз еріп,су көбейіп,
Сай-салада ағады.
Айтыңдаршы, балалар,
Бұл қай кезде болады?
-Дұрыс балалар бұл көктем мезгілі екен.
Балалар жұмбақтың жауабын тәрбешінің көмегімен бірге айтады.
-Көктем

Ұйымдастырушылық ізденіс 1.Әңгіме жүргізу
-Көктем мезгілі үш айдан тұрады.
Олар:Наурыз,сәуір,мамыр.
Ағаштар бүршік жарып,алғашқы гүл-бәйшешек шығады.
Ағаштардың діңімен,бұтағымен,жапырағымен таныстырып,көрсету.
Көктемде табғат жаңарады ,барлық тіршілік елері оянады.
Балалар үлкендердің көмегімен балабақша ауласында гүл егеміз, ағаштың түптерін қопсытамыз,құстарға ұя жасаймыз.
Сергіту сәті: «сұр қоян»
Ойын «Сөйлемді жалғастыр»
Шарты:көктем мезгілінің басты ерекшілігін атап айту. Тыйым сөздер.
Көк шөпті жұлма,ағашты сындырма.
Үлестірмелі матерялдармен жұмыс
Тапсырманы қалай орындау керектігін түсіндіру.
Ай аттарын балалар бірге қайталпайды.
Көктем мезгілі туралы білетіндерін айтады.
Ағаштардың діңімен,бұтағымен,жапырағымен танысып,көраді.
Қоянның қмылын келтіреді.
Сөйлемдер құрастырады,сөйлемдерді аяқтайды.
Балалар суреттегі күнді бояйды.
Рефлексивті-коррекциялау Сұрақ –жауап арқылы қортындылайды. Балалардың жауаптарын тыңдайды.
Күтілетін нәтиже: Ағаштың діңі,бұтағы,жапырағы туралы ұғынады
Бүршік ағаштың дамуындағы негізгі кезеңнің бірі екендігін түсінеді
Ағашты сындырмау,жапырақты жұлмау қолдарынан келеді
Ұйымдастырылған оқу қызметінің
технологиялы картасы
Бірінші кіші «Қошақан» тобы. Білім беру саласы: «Таным» Жаратылыстану Тақырыбы: «Жыл құстары» Мақсаты: Жыл құстарының көптүрлігі жайында түсініктеме беру.Құстардың сыртқы сипатына қарай ажыратуға үйрету(түсі,көлемі).Балаларды құстарға қамқорлық жасауға тәрбиелеу.
Билингвалдық компонент: құстар птицы
Іс-әрекет кезеңдері. Тәрбиешінің қызметі Балалардың іс-әрекеті
Мотивациялық қозғаушы Тәрбиеші жасырын үнтаспадан дыбыс естіртеді.оны іздеп табу керектігін айтады Құстың даусы екенін біліп іздеуге кіріседі.
Ұйымдастырушылық ізденіс -Балалар бұл не ?
-сен қандай құссың,қайдан жүрсің?
-мен жыл құсы қара торғаймын ,досым қарлығашты тауып беремізбе?
Балабақша маңайындағы құстарды көрсетейік,мүмкін осы маңайдан табылып қалар.
Инт.тақтадан құстарды көрсетеді.
-бұл қара торғай,қарлығаш,жабайы үйрек.
Бұлар жыл құстары болып табылады
-бұл құстар жылдап мекендегендіктен жыл құстары деп аталады
-торғай,бұл жерде сенің достарың барма?
-ия бұл менің достарым
Құстардың адамдарға пайдасы өте зор.
Құстар зиянкес жәндіктермен қоректенеді.
Өз достарын тапты,сендерге ризашылығын білдіріп жатыр
Сергіту сәті:
Нан қыйқымын шашпаңдар,
Жерде жатса баспаңдар .
Теріп алып қастерлеп,
Торғайларға тастаңдар.
Д/ойын: ұшты ұшты
-құс
Балаларға досы қарлығаштан адасып қалғандығын айтады
-көмектесеміз
Суреттерден құстарды көреді
Тәрбиешіні мұқият тыңдап, бірге қайталайды.
Тәрбиешінің айтуымен түсін,пішінін,айырмашылықтарын айтуға тырысады.
Достарын тапұанына қуанады.
Суреттерді көріп тамашалайды.
Балалар торғаймен қоштасады.
Жаттығуларды орындайды.
Рефлексивті-коррекциялау Сұрақ –жауап арқылы қортындылайды. Балалардың жауаптарын тыңдайды.
Күтілетін нәтиже: Жыл құстарын танып ұғынады
Құстардың адамдар тигізетін пайдасы туралы түсінеді
Құстарға қамқор болу қолдарынан келеді

Приложенные файлы


Добавить комментарий