Сыныптан тыс шара. Білім алаы


Дарабоз
Сабақтың мақсаты:1.Білімділік: оқушылардың барлық пәндер бойынша алған білімдерін тексеру;2.Дамытушылық: оқушылардың сөздік қорларын молайту, дүниетанымдарын кеңейту, тіл байлығын, шығармашылық қиялын, логиқалық ойлау қабілетін дамыту;3.Тәрбиелік: болашаққа өз үлесін қоса білетін, ізденімпаз ұрпақ етіп тәрбиелеу. Туған тілімізді сүюге, басқа тілдерді қадір тұтуға, туған елін, жерін құрметтеуге, жан-жақты білімділікке баулу.Сабақтың түрі: интеллектуалды жарыс сабақСабақтың әдіс-тәсілдері: сұрақ-жауап, шығармашылықСабақтың көрнекілігі: ұлағатты сөздер, сабаққа сай слайдтар.Пәнаралық байланыс: әдебиеттік оқу, математика,қазақ тілі, дүниетану, орыс тіліҚажетті құрал-жабдықтар: интербелсенді тақтаСабақтың барысы:1. Ұйымдастыру кезеңі.2. Психологиялық сәт.3. Кіріспе бөлім.Мұғалім сөзі: Қайырлы күн оқушылар. Бүгін сіздерге арнап өткізгелі отырған «Білім алаңы» тапқырлық сайысына қош келдіңіздер.«Біз бәріміз бір атаның- қазақ халқының ұрпағымыз. Бәріміздің де туған жеріміз біреу: ол қасиетті қазақ даласы. Бұл дүниеде біздің бір ғана Отанымыз бар: ол тәуелсіз Қазақстан»- деген болатын елбасымыз Н.Ә.Назарбаев. Олай болатын болса тәуелсіз Қазақстанның жас ұрпақтарынан күтер үміті зор. Ол жас ұрпақ мына сіздерсіздер! Сіздер елбасымыздың, ата- аналарыңыздың, ұстаздарыныздың үмітін ақтайды деген сенім білдіре отырып сайысымызды бастайық. Бұл сайыста сіздер бойларыңызға, ойларыңызға қандай білім, ілім түйгендеріңізді байқайтын боламыз.
1 топ-
2 топ-Енді ойыншыларымыздың білімін, ой-өрісін бағалайтын, сараптау жасайтын сарапшылар тобымен таныстырып өтейін:1.Еңбек пәнінің мұғалімі – Адаменко В.П2.Дене шынықтыру пәнінің мұғалімі – Иржанов ОЕндеше бүгінгі білім сайысының шарттарымен таныс болайық. Барлығы 8 турдан тұрады.1-кезең: «Кім көп біледі?»2-кезең: «Полиглот»3-кезең: «Біліміңді нықта »4-кезең: «Өлең- сөздің патшасы, сөз сарасы»5-кезең: «Кім қырағы»6-кезең:«Тапқыр болсаң, тауып көр »7-кезең: «Жорға»Олай болса сайысымызды бастаймыз.1- кезең: «Кім көп біледі?» Бұл кезеңде сіздер берілген сұраққа бірінші болып жауап беруге тырысасыздар.жалаушаны кім бірінші көтерсе сол сайыскер жауап береді. Жауабыңыз дұрыс болмаса, келесі бала жауап береді.Әр дұрыс жауап үшін 1 ұпай. Барлығы 20 сұрақ оқылады. Сұрақтар:1. Қазақстан Республикасының мемлекеттік тілі? (Қазақ тілі)2. Жаңа әнұран қай кезде шырқалды? (2006ж 1 қаңтар)3. Қазақстан Республикасының ақшасы (теңге) қHYPERLINK "http://orleu.kz/?p=153877" \t "_blank"ашан енгізілді? (1993ж 15 қараша)4. «Кел балалар,оқылық!» өлеңінің авторы кім? (Ы.Алтынсарин)5. Басты байлық? (Денсаулық)6. . Фонетика ненізерттейді. (Фонетика – тіл  дыбыстарынзерттейтін сала)7. Заттың атын білдіретін сөз табы? (Зат есім)8. Қазақстан Республикасы тәуелсіздігін қHYPERLINK "http://orleu.kz/?p=153877" \t "_blank"ашан жариялады? (1991ж 16желтоқсан)9. «Көксерек» кімнің әңгімесі? (М.Әуезов)10. а+37 бұл қандай өрнек? ( Әріпті өрнек)11. Жеміс неден пайда болады? ( Тұқымнан )12. Құстар қалай көбейеді? (Жұмыртқа салу арқылы)13.Отан туралы 3 мақал-мәтел айт14. Қазақ хрестоматиясын кім жазды? (Ы.Алтынсарин)15. Көре-көре көсем боласың,Сөйлей-сөйлей … боласың/шешен/16. «Алып бала» кім туралы? (Қажымұқан)17. Ұя салмайтын құс? (Көкек)18. Жұмадан кейін қай күн? (Сенбі)19. Орман дәрігері? (Тоқылдақ)20. Қазақша жылдың басы? (Тышқан)2- кезең. «Полиглот»Бұл айналымда «Өзге тілдің бәрін біл, өз тіліңді құрметте», — деп Қадір Мырзалиев ағамыз айтқандай, өз ана тілімізбен қоса орыс тіліндегі білімдерің сараланады.Жұмбақтар. 10 жұмбақ 2 ұпай1. Мамықтай ұлпа, қанттай ақҚыста жер бетін басады,Жазда сайға қашады. (Қар-снег)2. Сөзі дана, үні жоқ,Сөйлемейді тілі жоқ.Қолыңа алсаң шешен,Ақылы асқан көсем. (Кітап-книга)3. Сырты жасыл, қап-қатты,Іші қызыл тәп-тәтті. (Қарбыз-арбуз)4. Жазу жазып жалықпаған,Жазу жазып арықтаған. (Бор-мел)5. Қалқиып екі құлағыЕлеңдеп қорқып тұрады. (Қоян-заяц)6. Тарыдай болып кіресіңТаудай болып шығасың. (Мектеп-школа)7. Алты қырлыАлты сырлы. (Қарындаш-карандаш)8. Бұдан кір қорқады,Судан ол қорқады. (Сабын-мыло)9. Қызықтырып әркімді ақ,Суда жүрер жалтылдап.«Б» әріпінен басталған,Ол жәндіктің атын тап. (Балық-рыба)10. Жетектесең ереді,Түздің алып кемесі.Шың көтеріп келеді. (Түйе-Верблюд)Біздің ойынымызда айқын жеңімпаздар байқалып келеді, дегенмен басқалары келесі сайыста қуып жетулеріне болады. Сонымен ойынымыздың 3 кезеңіне көшеміз.Енді, әділқазы алқасы сайыскерлеріміздің баллдық жүйесін есептеп болғанша.3- кезең: «Біліміңді нықта» деп аталады. Бұл білім жарысында сендерге өткен пәндер бойынша деңгейлік сұрақтар беріледі. Мына тұрған пәндерден 2 пәннен таңдайсыңдар.Сұраққа ойлануға 10 секунд уақыт беріледі. Егер қатысушы жауап бере алмаса, келесі оқушы жауап беруге құқығы бар.Математика пәні бойынша1.Жетінші разрядтың атауы.(миллион)2.Шаршының қабырғасы 7см,ауданы қанша?(49см.)3.Әкесі 50 жаста, баласы оның жартысынан 5 жас кіші.Баласы неше жаста?/20/4.3 тәулік 12 сағатта неше сағат бар?/84/5. 6 разряд атауы(100000)
6. қосудың неше қасиеті бар/2/Әдебиеттік оқу1. Қазақ ауыз әдебиетінің түрлері (ертегілер, жаңылтпаштар, мақал-мәтелдер,жұмбақтар, аңыз-әңгімелер,бесік жыры)2.Алдар алдап кеткен Бізбикештің әкесінің аты. ( Шықбермес Шығайбай)3.Абылай ханның шөбересі /Шоқан/4. Дән-Қауынның жүрегі,Осы өлмесе,ол мәңгі жасайды деген жолдары бар мәтіннің тақырыбы? (Қауын мен Қарбыз)5. Ы.Алтынсариннің бір өлеңін оқы
6. диалог дегеніміз не?(2 адамның кезектесе сөйлесуі)Дүниетану1.  Көкжиек сызығы дегеніміз не? ( көзбен қарағанда жермен аспанның қосылған жері)2 .   Қай ағаш  бір жазда 2000 литр суды буландырады? (терек)3. Сұлба дегеніміз не? ( суретті жоғарыдан қарауы)4. Түсті метал кендеріне не жатады?/мыс,алюминий,қорғасын,мырыш/5. Жыра неден пайда болады?/ағын судан/
6, 2 жылдық өсімдіктерді атаҚазақ тілі1.Етістік дегеніміз не?2 .Сөйлем құрылымына қарай нешеге бөлінеді?/жай және құрмалас/3.    «Амал қанша, абырой бергенде, бағымызға қарай»сөздері қыстырма сөздердің қай түріне жатады?(Қуанышты, ренішті, аяушылықты білдіретін)4. Қиқулайды сөз құрамына талда5. Қаратпа сөзі бар сөйлем құра
6. Сөз табына нелер жатады, ережелерін атаАна тілін сүйгендер,Тақпақ айтып тақылдап,Саналы білім үйренер.Айтады шәкірт саралап4- кезең: «Өлең- сөздің патшасы, сөз сарасы» Қазақстан туралы ақын –жазушылардың өлеңдерін мәнерлеп оқиды.5- кезең:«Кім қырағы?»(30сек) Төмендегі сөздерді көрген соң есте қалғанын жазу.Шеңбер, апта, математика , ана , су , тас , Қазақстан,теңдеу , компьютер, периметр, мектеп.6- кезең : «Тапқыр болсаң, тауып көр »Шарты: Тұрақты сөз тіркестердің мағынасын табу,сөйлем құрауИт өлген жер – алысҚас пен көздің арасында – тезТөбесі көкке жетті – қуандыБеті бүлк етпеді – ұялмауИт терісін басына қаптады – ұрыстыҚол ұшын берді – көмектестіҰшан-теңіз – көпЖүрек жұтқан – батырЖүрегі аузына тығылды – қорықтыКөзді ашып-жұмғанша – тез, жылдам 7 кезең «Жорға» Бұл кезеңде берілген 15 сұрақтың нешеуіне жауап бергеніне қарай ұпай жинайды.1 топ 1.Әр адамның шағын Отаны /отбасы/2.Жаңылтпаш айтуға балалардың көбінің тілі келмей,арты қыран -топан күлкіге айналды деген жолдары бар әңгіменің тақырыбы /Ақкөл жағасында/3.Жылдан құр қалған жануар. /түйе/4.Адам денесінің тірегі не? /қаңқа/5.Көкжиектің неше тұсы бар? /4/6.Бес дұшпанды атаңыз. /өсек, өтірік, мақтаншақ, еріншек, бекер мал шашпақ/7. Астана күні /6-шілде/8.Күйді орындаушы адам. /күйші/9.Қобыландының тұлпарының аты. /Тайбурыл/10.Қазақстан Республикасының туының авторы /ШәHYPERLINK "http://orleu.kz/?p=153877" \t "_blank"кен. Ниязбеков/
11. Төрт түліктің пірлерін ата. (түйе атасы – Ойсылқара, жылқы атасы – Қамбар ата, сиыр атасы – Зеңгі баба, қой атасы – Шопан ата, ешкі атасы – Сексек ата)12. Іс тігу үшін нелер қажет? (ине, жіп, қайшы, оймақ)13. Торсық неден жасалады? (теріден)14. Қағаз неден жасалады? (ағаштан)15. етістіктің түрлерін ата. (дара, күрделі, болымды, болымсыз, негізгі, туынды)
2 топ1. Төрт түліктің пірлерін ата. (түйе атасы – Ойсылқара, жылқы атасы – Қамбар ата, сиыр атасы – Зеңгі баба, қой атасы – Шопан ата, ешкі атасы – Сексек ата)2. Іс тігу үшін нелер қажет? (ине, жіп, қайшы, оймақ)3. Торсық неден жасалады? (теріден)4. Қағаз неден жасалады? (ағаштан)5. етістіктің түрлерін ата. (дара, күрделі, болымды, болымсыз, негізгі, туынды)6.«Жаңылмасам, сіз осы мектептің директоры боларсыз?»Қыстырма сөзді тап/жаңылмасам/7. Заттың түрін, түсін, сапасын, көлемін білдіретін сөз табы? / Сын есім/8. Екі не бірнеше адамның сөйлесуі? / Диалог/9. Рейхстагқа ең алғаш ту тіккен қазақ жауынгері кім? /Р. Қошқарбаев/10. Ақ алтын /мақта/11Ақ сүт берген аналардың анасы кім? /әже/12.Президентіміздің туған күні / 6-шілде/13.Отбасының пірі, қара шаңырақ қожасы кім? /әке14.3сағ45мин-? мин /225мин/15.Тауықтың түсіне кіретін дән. /тары/Қорытынды:Мұғалім: Енді, ортаға сайысты қорытындылап, сайысқа қатысушыларды марапаттау үшін әділқазылар алқасына сөз беріледі. (Әділқазылар сөйлейді)Тіліміз аман, еліміз тыныш болсын. Бүгінгі сайыс көңілдеріңізден шықты деп сенемін. Келген қонақтарға мың да бір алғысымызды білдіремін.
Сабақтың тақырыбы: Озық ойлы оқушы. (Интелектуалды ойын)
Мақсаты: Білімділік: Оқушылардың зеректік қабілетін дамытып ой өрісін кеңейту, білімге деген құштарлығын арттыру, озық ойлы оушыны анықтау.
Дамытушылық; оқушылардың дүниетанымын, білімге қызығушылығын және ойлау, ойды жүйелеу қабілеттерін дамыту.
Тәрбиелік: өз мүмкіндігін дұрыс пайдалана алатын зейінді тұлғаны тәрбиелеу.
Көрнекіліктер: интерактивті тақтаға жазылған жазылған слайдтар, карточкалар.
Сайыстың жүру барысы:
I. Ұйымдастыру.
Амандасу.
Бәйгеге түсіп жарыспай
Жүйріктің бағы жанар ма?
Біліммен өнер жарысып,
Тәрбие, тәлім табар мән.
Бұл бәйге ойдың бәйгесі
Кім жүйрік ойға,сол алда,-дегендей, осы уақытқа дейін алған білімдеріңді,көрсетіп, ортаға салындар.
II. Сайысқа қатысушыларды анықтап , қалақшалар беру.
1,2,3,4,5,6,7,8 деген нөмер нөмірлер ілу.
III. Оқушылар өздерін таныстыру.
1.
2.
3.
4.
5.
6.
7.
8.
IV. Әділқазылар алқасы тағайындалады.
1.Директордың тәрбие ісі жөніндегі орынбасары:
2.Бастауыш сынып әдістеме бірлестігінің жетекшісі:
3.Бастауыш сынып мұғалімі:
Ойын 4турдан тұрады.
Кім жүйрік?
Жорға
Құпия сандық
Бәйге.
I тур. Кім жүйрік?
Оқушылар жауабын парақшаға жазып көрсетеді. Дұрыс жауақа 5 балл.
Сұрақтар интерактивті тақтада көрсетіледі.
1. Сөздің әрі қарай бөлінбейтін ,мағыналы бөлігі.
- түбір2. Орман емшісі.
- тоқылдақ
3.Астана қай өзеннің бойында?
-Есіл4.Қай айда 28күн бар?
- барлық айда 28 күн бар
5. Аптаның соңғы күні.
-жексенбі6.Қабырғалары бірдей фигура.
-шаршы7.Қатып қалған су.
-мұз
8.Сандарды немен белгілейміз?
-цифрмен9.Алты 7-ден 100санын шығар.
7 7 7 7 7 7=100
-(777-77):7=100
10.Қасқыр қоянды қуып жете алмай жүрген жер.
-мултьфилм «Ну,погоди!»
Ұпайы аз 1 оқушы ойыннан шығады
II тур. Жорға
Қазақ тілі – 10
1.Кейде дауысты, кейде дауыссыз болатын дыбыс.(у)
Қазақ тілі - 20
2.Батыр сөзіне жуық мәндес сөзді ата. (ер,қаһарман)
Қазақ тілң – 30
3.4 дыбыстан тұратын а-дан басталып, а-дан аяқталатын сөз.(алма,айна)
Әдебиеттік оқу – 10
4.1ғасырға жуық өмір сүрген ақын кім?(Ж.Жабаев)
Әдебиеттік оқу – 20
5.Төрт мезгілге арнап өлең жазған ақын. (А.Құнанбаев)
Әдебиеттік оқу - 30
6.Ақ тарының рекорды кім?(Ш.Берсеев)
Дүниетану – 10
7.Жартысы ащы, жарты бөлігі тұщы көл. ( Балқаш)
Дүниетану - 20
8.14 облыстан құралып тұрған ел. (Қазақстан)
Дүниетану – 30
9.Адам денесіндегі бұлшық ет саны нешеу? (650)
Математика – 10
10.Математикада неше амал бар. (4амал)
Математика – 20
11.Уақытты жылдамдыққа көбейткенде нені табуға болады? (қашықтық)
Математика – 30
12.45²-нешеге тең? (2025)
Ұпайы аз 1 оқушы ойыннан шығады
III тур. Құпия сандық.
Бұл айналымда жұмбақ жасырамын, сендер жұмбақтың шешуін 3 тілде (қазақша,орысша, ағылшынша) айтуларын керек.
Қолы менен қаламы жоқ.
Бірақ сурет салады көп. (аяз-мороз-frost)
Қоймасын қыс ақтарып
Жерді жапты ақ мамық. (қар-снег-snow)
Бірін – бірі қоштаған,
Бір үйден көрдім,
Қырық екі дос – жаран. (әріп-буква-letter)
Жұқа тақтай бөлшегі
Ұзындықтың өлшемі. (сызғыз-линейка-ruler)
Қалқиып екі құлағы,
Елендеп,қорқып тұрады. (қоян-заяц-hare\rabbit)
Жолбарыстан аумайды,
Тышқандарды аулайды. (мысық-кошка-cat)
Жеп көріп ем өзім мен,
Жас шығарды көзімнен. (пияз-лук-bow)
Бұландаған құйрығы,
Бір алдарлық қулығы. (түлкі-лиса-fox)
Әттен, даусым, тілім жоқ,
Құшағымда білім көп. (кітап-книга-book)
Суда қалқиды
Жылыда балқиды. (мұз-лед-ice)
Ұпайы аз 2 оқушы ойыннан шығады.
IV тур. Бәйге.
Ең үлкен 2 таңбалы сан (99)
Үш орындықтың аяғы нешеу? (12)
12 ай бір сөзбен. (жыл)
1-ші мүшел жас неше жас? (13)
1 сағаттың 3\1 бөлігі. (20мин)
Жарты жылда неше ай бар? (6ай)
Абайдың әжесі кім? (Зере)
Аюдың баласы (қонжық)
Суда өседі тамыры жоқ (балдыр)
Жылқының сүті. (қымыз)
V.Жанкүйермен білім сынау.
1) Математикалық шынжыр.
2,10,50,250...? (1250)
4,9,14,19...? (24)
3,9,27,81...? (243)
VI. Қорытындылау.
Озық ойлы оқушыны анықтау. Марапаттау. 1,2,3 орынға диплом беру.
Сыныптан тыс жұмыс Жұмыстың тақырыбы: «Ең ақылды оқушы» интеллектуалды ойыны. Жұмыстың мақсаты: 1. Оқушылардың жан-жақтама білімін тексеру, пысықтау; 2. Ой-өрісін, танымдық белсенділігін дамыту, әр түрлі пәнге қызығушылығын, шығармашылық қабілеттерін арттыру; 3.Тапқырлыққа, жылдамдыққа баулу; Жұмыстың түрі: Интеллектуалды ойын. Көрнекілігі: Интерактивті тақта, әр түрлі сұрақтар, тесттер. Ойыншылар: 2 «А» сынып оқушылары 1. Даниял 2. Шапағат 3. Мейіржан 4. Айдана 5. Иманғали 6. Қарақат 7. Ғибрат 8. Жазира 9. Даниал 10. Адиля Жұмыстың жоспары: І кезең «Тестпен жұмыс» ІІ кезең «Кім жылдам?» ІІІ кезең «Тапқыр болсаң тауып көр» «Қорытындылау» Мұғалім: Сәлеметсіздер ме, құрметті ұстаздар мен қадірлі оқушылар! Бүгінгі 2«А» сыныбында өткізгелі отырған «Ең ақылды оқушы» интеллектуалды ойынына қош келдіңіздер! Көңілді тапқыштар мен білгіштер, Бар өнерін алдарыңа салады. Кім біледі? Көп оқыған болса егер, Бүгінгі күннің жеңімпазы болады. Білімімен сайысады ойыншылар, Алға озар ең мықтысы осы жолы Көпшілік өнерлерін қызықтайық, Сұрайық шығуларын жұрт алдына! Сонымен қарсы алыңыздар ең ақылды оқушылар! 1. Ойыншымыз Даниял. -Даниял өткен оқу жылында қандай жетістіктерге жеттің? - Мен өткен оқу жылын үздік бағамен бітірдім. - Өте жақсы! 2. Ойыншымыз Шапағат. - Шапағат есейгенде кім боласың? - Дәрігер. - Дәрігер болудан қорықпайсың ба? - Жоқ.Мен укол салуды жақсы көремін. - Керемет! 3. Ойыншымыз Мейіржан. - Мейіржан, көңіл-күйің қалай? - Менің көңіл-күйім өте жақсы. - Тамаша! 4. Ойыншымыз Айдана . - Айдана бос уақытыңда немен айналысқанды ұнатасың? - Мен бос уақытымда ән салып, би билегенді ұнатамын! - Керемет! - Ойыншымыз Иманғали. - Ойынға қатысуға дайынсың ба? - Ия, дайынмын! - Өте жақсы! 5. Ойыншымыз Қарақат. - Қарақат бүгінгі көңіл-күйің қалай? - Көңіл-күйім өте жақсы! - Тамаша! 6. Ойыншымыз Ғибрат. - Ғибрат өскенде әскери қызметкер болатындығыңды айтқан едің. - Неге? - Мен елімнің, жерімнің тыныштығын қорғағым келеді. - Міне, нағыз батыр! 7. Ойыншымыз Жазира. - Жазира ,есейгенде кім боласың? - Менің келешектегі арманым мұғалім болу.Өйткені мұғалім болу -ұлы іс. Мұғалім- мектептің жүрегі. - Жарайсың Жазира! 8. Ойыншымыз Даниял. - Даниял, біздің ойынымызға қош келдің! - Бос уақытыңда немен айналысасың? - Мен бос уақытымда гимнастикамен айналысамын - Жарайсың , Даниял! 9. Соңғы ойыншымыз Адиля. - Адиля ,бүгінгі ойынымызға қош келдің! - Рахмет! - Өте жақсы екен балалар. - Олай болса өздерің қандай дайындықпен келдіңдер? Оқушылар хормен: Бір сыныпта оқимыз бәрімізде Достық сөзі әрқашан жанымызда Жарысуға өзіміз келіп тұрмыз Мына жұрттың таңырқасын бәрі бізге Жүргізуші: Біреуінің жүрегінің түгі бар Біреуінің арқалап жүрген қоғамдық жүгі бар Біреуінің күмбірлеген күйі бар Енді біреуінің қатты істейтін миы бар. Сендерді біз айта алмаймыз нашар деп Ойламаңдар қорқып бізден қашар деп Дайынбысың жарысуға достарым Көрсетіңдер өздеріңде қандай күш барын – деп, біз ойынымызды бастаймыз. Балалар, орындарыңа жайғаса қойыңдар. - Жалпы ойынның тәртібімен таныстырып өтейін: Ойынға барлығы 10 ойыншы қатысады. Ойын ережесі: Ойын 3 кезеңнен тұрады. Ойынның І кезеңінде сендер білімнің әр алуан саласынан алынған сұрақтарға жауап бересіңдер. Әрбір сұрақтың жауабы үшін сендерге 5 секунд уақыт беріледі. Барлығы тест түрінде сендерге ортақ 20 сұрақ қойылады. Әрбір сұрақтың 3 жауап нұсқасы бар. Ең көп ұпай жинаған 6 ойыншы келесі кезеңге өтеді. Сонымен барлықтарыңызға сәттілік тілеймін! Біз ойынымызды бастаймыз. І кезең «Тестпен жұмыс» Ойын барысы: І кезеңде 10 ойыншыға экран арқылы 20 сұрақ қойылады.Әрбір сұрақтың 3 жауабы бар.Әр ойыншы дұрыс жауап нұсқасын көрсету керек . ЕҢ көп ұпай жинаған 6 ойыншы келесі кезеңге өтеді. 1. С. Жүнісовтың «Кімнің мекені жақсы?» мәтіндегі “ Өзі тар, өзі қараңғы, өзі қауіпсіз ” ненің мекені? ( Тышқанның) 2. Ең үлкен екі таңбалы санды көрсет (99) 3. Қалың киімді ұнатады, шешіндірсең жылатады. (пияз) 4. Жыртқыш құстарға қайсысы жатады? (бүркіт) 5. Уақыттың өлшем бірлігі? (сағат, минут) 6 . «Жаңбыр жаумаса – жер жетім» деп бастаған шешендік сөзді кім айтқан? ( Төле би) 7. Дауысты у дыбысы бар сөзді тап. (сусын) 8. Телефонда 103-ті теріп қай қызметті шақырса болады?(жедел жәрдем) 9. Көкжиек тұстарын анықтайтын құрал. (тұсбағар) 10. «Маң-маң басқан, маң басқан, Шудаларын шаң басқан» не? (түйе) 11. Екі шеті тұйықталған сызық? (кесінді) 12 Шыншыл ертегілер тобына жататын ертегіні көрсет. (Байлық пен ақыл) 13. Қай құс жұмыртқасын басқа ұяға салады? (көкек) 14. Өсімдік қай мүшесімен тыныс алады? (жапырақ) 15. Төмендегі жануарлардың қайсысы қысқы ұйқыға кетеді? (аю) 16. Тұңғыш Президент Күні - қай күн? (1 желтоқсан) 17. « Ғылым таппай мақтанба» – өлеңі н кім жазған? (Абай) 18. Ең үлкен бір таңбалы санды . (9) 19. Үш сомға бір қой сатып алған қай кейіпкер?(Алдаркөсе) 20. Күні бойы тынбайды, Дәмді тағам жинайды.(ара) Ойынға қатысып, бірақ 2 кезеңге өте алмаған оқушыларға үлкен алғысымызды айтамыз. Ал, келесі кезеңге өткен оқушыларға сәттілік тілейміз! ІІ кезең «Кім жылдам?» Ойынды ең ұпайы көп ойыншы бастайды. Экраннан 6 тақырып көрсетіледі. 1. « Ана тілі» 2. « Қазақ тілі» 3. «Математика» 4. « Дүниетану» 5. «Кім тапқыр?» 6. «Мақал сөздің – мәйегі» Әр ойыншы өзінің қалаған тақырыбы бойынша берілген 1 минут ішінде экранда көрсетілген сұрақтарға жауап қайтару керек. Бұл кезеңде да ұпайды көп жинаған 3 ойыншы келесі кезеңге өтеді.  Ана тілі 1.“Алтын ұяң-Отан қымбат” деп басталатын шешендік сөзді кім айтқан? (Қазыбек би) 2 . “Ұр, тоқпақ” ертегісі ертегілердің қай тобына жатады?(Қиял-ғажайып) 3. “Ұшқан ұя” шығармасы кімнің атынан әңгімеленген? (Б.Момышұлы) 4. “Еті-тамақ, шұбаты-сусын, жүні-киім”-деп, қай түлікті айтамыз? (түйе) 5. Өмірде болған адам басындағы оқиғаға құрылған әңгіме қалай аталады? (аңыз) 6. Бойына сеніп, жыл басынан құр қалған жануар. (түйе) 7. “Мүйізі айдай иілген Мұрнын көкке шүйірген” не? (сиыр) 8. Қазақтың ұлы ағартушысы (Ы.Алтынсарин) 9. Қойдың төлі қалай аталады? (қозы) 10. Қазақтың ұлы ақыны. (Абай) 11. Мақалды аяқта: Батыр бір рет өледі, Қорқақ .... (мың рет өледі) 12. Әліппенің атасы кім?(А.Байтұрсынов) Қазақ тілі 1. Қазақ тілінде неше әріп бар?(42) 2. Дауыссыз дыбыстар нешеге бөлінеді? (3) 3. Ұйқасын тап. Сатып алдық кеше, Шай ішетін ... (кесе) 4. Заттың атын білдіретін сөздерге қандай сұрақ қойылады? (Кім? Не?) 5. Батыр, ержүрек, батыл, ер – бұлар қандай сөздер?(Мәндес) 6. Сөйлем айтылу мақсатына қарай нешеге бөлінеді?(3) 7. Сөздің одан әрі бөлінбейтін мағыналы бөлігін не дейміз?(түбір) 8. Өзім сөзден тұрамын, Аяқталған ойды құрамын.(сөйлем) 9. Отырды, жазды, ойнады, күлді- деген сөздер заттың несін білдіреді? (заттың қимылын) 10. Міне, нағыз жігіт! Қандай сөйлем? (лепті сөйлем) 11.Сөз мағынасын өзгертетін қосымшаны не дейміз? (жұрнақ) 12. «Уақыт»-сөзінде у қандай дыбыс? (дауыссыз) Математика 1. Математикада неше амал бар? (4) 2. Барлық қабырғалары тең болатын геометриялық пішін. (шаршы) 3. Бұрыштары жоқ геометриялық пішін (дөңгелек) 4. Сантиметр қай бірлікке жатады? (ұзындық) 5. Төрт тышқанның құлағы нешеу? (8) 6. Қосындының компоненттерін ата. (қосылғыш, қосылғыш, қосындының мәні) 7. 1 кг мақта, әлде 1 кг темір ауыр ма? (екеуі тең) 8. Стол бетінің бір бұрышын кесіп тастаса неше бұрышы қалады? (5) 9. Бір тәулікте неше сағат бар? (24) 10. Басталатын нүктесі бар сызық. (сәуле) 11.Түзу сызық сызу үшін қолданатын оқу құралы.(сызғыш) 12. 1 ғасырда неше жыл бар?(100жыл) Дүниетану 1. Өсімдіктің топырақ арасындағы мүшесі қалай аталады? (тамыр) 2. Орман емшісі атанған құс. (тоқылдақ) 3. Жылдың неше мезгілі бар? (4 мезгіл) 4. Көкжиек тұстарын ата. ( солтүстік, оңтүстік, шығыс, батыс) 5. Табиғатта өздігінен тіршілік ететін жануарларды қалай атаймыз? (жабайы аңдар) 6. Жай көзбен қарағанда көз жеткен жерге дейінгі кеңістік қалай аталады? (көкжиек) 7. Түнде көзі жақсы көретін құс. (жапалақ) 8.Үрленген шардың ішінде не болады? (ауа) 9. Бақа жануарлар тобының қай түріне жатады? (қосмекенді) 10. Жердің өсімдік өсетін жұмсақ, борпылдақ қабаты. ( топырақ) 11. Бу қайдан пайда болады?(судан) 12. Сәбіз неше жылдық өсімдік? ( 2жылдық) Кім тапқыр? 1. Тұла бойы – ине, тұмсығында – түйме. (кірпі) 2. Ақ көрпесін тұйықтап, қыстай жатыр ұйықтап. (қар) 3. Өртесең де күймес, теңізге батуды білмес. (мұз) 4. Тілдерімен жүреді, Уақытты біледі. (сағат) 5. Күндіз көрінбейді, түнде көлбейді. (жұлдыз) 6. Күнді жабады, жаңбыр болып жауады. (бұлт) 7. Сыртта қапырық болып тұр, үйде ол селкілдеп тоңып тұр. (тоңазытқыш) 8. Құйттай ғана бойы бар, Кілем тоқыр ойы бар. (өрмекші) 9. Күндіз тіпті ұшпайды, Түнде тышқан аулайды, Көзі шамға ұқсайды. (укі) 10. Жарқ етсе сабау қамшы, Нөсерлетіп жауар тамшы.(найзағай) 11.Тал басында түндіксіз отау. (ұя) 12. Тарбаң, тарбаң тарбиған, Түрі жаман барбиған.(бақа) Мақал – сөз атасы. Осы сөздерге байланысты мақал-мәтел айт. 1. Отан 7. Денсаулық 2. Туған жер 8. Нан 3. Батыр 9. Әке, ана 4. Еңбек 10. Әдеп 5. Білім 11. Дос 6. Өнер 12. Тіл Финал ІІІ кезең «Тапқыр болсаң тауып көр» Финалда 3 ойыншы қызыл, сары, көк түстің бірін таңдап, 20 секунд ішінде өз сұрақтарының орналасу тәртібін есте сақтап қалуы қажет. Әрбір дұрыс жауапқа 3 ұпай беріледі. Егер ойыншы қарсыласының ұяшығын ашып, дұрыс жауап берсе- онда 2 ұпай алады, егер жалпы сұрақтарды ашса- онда 1 ұпай алады. Қызыл түс сұрақтары: 2. Суретте кім бейнеленген және ол туралы не білесің? 5. Қазақтың тұңғыш палуаны кім? 8. Қандай кенді «қара алтын» дейміз? 12. Аспанда құстар ұшып жүр: торғай, инелік, қарлығаш, шыбын, қарға, ара. Аспанда неше құс ұшып жүр? 16. «Кірпік қақпады» - деген сөз тіркесінің мәнін түсіндір. 21. Бұлттан бөлініп жерге түсетін су тамшылары? Көк түс сұрақтары: 1. Суреттегі кім және оның қандай шығармаларымен таныстық? 6. Солтүстікте тіршілік ететін, ұша алмайтын құс. 11. «Ақ алтын» деп нені айтамыз? 15. Есеп-жұмбақ Айдын көлге екі аққу Ұшып келіп қонысты. Үш қаз және бір үйрек Жүзіп жүрген жолықты. Қарсы алуға оларды Төрт балапан шығысты. Жауабын тез айта салшы, Барлық құс нешеу болысты? 20.«Көзге ілмеді»- сөз тіркесісің мәнін аш. 24. Қалың ағаш өсетін жер қалай аталады? Сары түс сұрақтары: 4. Бұл қай бидің суреті және оның қандай шешендік сөзін білесің? 9. Иілген ұзын мойынды ,ақ қауырсынды, халық киелі санайтын құс. 10. Самаурындағы су қайнағанда азайып ортаяды. Неге? 14. Жұмбақ-есеп. Шегірткелер он жеті Бірлесіп хорға ән салған, Жетеуі оның кенеттен Айырылады дауыстан. Екеуі қайта қосылды Бірлесіп ән салуға. Есептеңдер енді тез Естиміз неше дауысты? 17. Берілген сөз тіркесінің мәнін түсіндір: Қол ұшын берді 19. Серік Сапиев қай спорттың шебері? Жалпы сұрақтар: 3. Алдауыш таяғымды әкелемін деп, байдың атын мініп кеткен кім? 7. Өзі ет жемей, шапанына ет жегізетін аңыз кейіпкері. 13. Жазғы Лондон олимпиадасында біздің толағайлар неше алтын медаль алды? 18. Тарансаң да, Қарансаң да, Алдына оның келесің, Өзіңді өзің көресің. 22. Кемпірқосақта неше түс бар? 23. Ақ күрішті аймақты ата. Қорытынды: Ең көп ұпай жинаған оқушы жеңімпаз атанады. Марапаттау. І кезең - «Тестпен жұмыс» № Аты – жөні 1 2 3 4 5 6 7 8 9 10 11 12 13 14 15 16 17 18 19 20 Ұпай саны 1 Даниял 2 Шапағат 3 Мейіржан 4 Айдана 5 Иманғали 6 Қарақат 7 Ғибрат 8 Жазира 9 Даниял 10 Адиля Әрбір дұрыс жауапқа – 1 ұпай ІІ кезең - «Кім жылдам?» № Аты – жөні 1 2 3 4 5 6 7 8 9 10 11 12 Ұпай саны 1 2 3 4 5 6 1 минут ішінде қойылған сұрақтарға жауап қайтару керек Әрбір дұрыс жауапқа - – 1 ұпай ІІІ кезең - «Тапқыр болсаң тауып көр» № Аты – жөні 1 2 3 4 5 6 7 8 Ұпай саны 1 2 3 Өзінің ұяшығын ашып дұрыс жауап берсе – 3 ұпай Қарсыласының ұяшығын ашып жауап берсе – 2 ұпай Жалпы сұрақтарды ашып жауап берсе – 1 ұпай

Приложенные файлы


Добавить комментарий