Философия сабаында сын трысынан ойлау технологиясын олдануды тиімді жолдары


СЫН ТҰРҒЫСЫНАН ОЙЛАУ ТЕХНОЛОГИЯСЫН ФИЛОСОФИЯ САБАҒЫНДА ҚОЛДАНУ
Сын тұрғысынан ойлау технологиясының маңызы
Сын тұрғысынан ойлау технологиясы ұғымын ашып көрсету
Сын тұрғысынан ойлау технологиясын философия сабағында қолдану ерекшелігі
Сын тұрғысынан ойлау - ол тұлғаның қоршаған ортаны ақпаратты түрде түйсіне алатын, ұғына алатын интеллектуалды қабілеті болып табылады. Әдетте, сын тұрғыдан ойлау - кез-келген дүниеге сыни көзқараспен қарау деп түйсініледі. Дегенмен де, сын тұрғысынан ойлау ол таным объектісінің кемшіліктерін ақтару емес, керісінше таным объектісінің жағымды және кері әсерлерін, жақтарын жан-жақты қарастыру. Сын тқрғысынан ойлау - ақпаратты бағалау, талдау, қолдану аясына бағытталған интеллектуалды үдеріс болып табылады. Оның негізгі идеаясы, жаңа игеріліп жатқан мәселе, тақырыпты жан-жақты талдап, саналы ұғына алу. Сын тұрғысынан ойлау дегеніміз-сабақта білімгерлердің қызығушылығын арттыра отырып, өз ойыңды еркін және зерттей талпындырып, тұжырым жасау.Сын тұрғысынан ойлау дегеніміз — ой қозғай отырып, білімгердің өз ойымен өзгелердің ойына сыни қарап, естіген, білгенін талдап, салыстырып, реттеп, сұрыптап, жүйелеп, білмегенін өзі зерттеп, дәлелдеп, тұжырым жасауға бағыттау өз бетімен және бірлесіп шығармашылық жұмыс жасау. Сын тұрғысынан ойлау – оқу мен жазуды дамыту бағдарламасы. Білімгерді оқытушымен, сыныптастарымен еркін сөйлесуге, пікір таластыруға, бір-бірінің ойын тыңдауға, құрметтеуге, өзекті мәселені шешу жолдарын іздей отырып, қиындықты жеңуге баулитын бағдарлама. Білімгер — ізденуші, ойланушы, өз ойын дәлелдеуші. Оқытушы — әрекетке бағыттаушы, ұйымдастырушы.Сын тұрғысынан ойлауды дамыту бағдарламасы – әлемнің түкпір-түкпірінен жиылған білім берушілердің бірлескен еңбегі. Тәжірибені жүйеге келтірген Джинни Л.Стил, Куртис С.Мередит, Чарльз Тэмпл. Жобаның негізі Ж.Пиаже, Л.С.Выготский теорияларын басшылыққа алады.  Мақсаты барлық жастағы білімгерлерге кез-келген мазмұнға сыни тұрғыдан қарап, екі ұйғарым бір пікірдің біреуін таңдауға саналы шешім қабылдауға үйрету. Біздің елімізге Джордж Соростың ашық қоғам институты, “Сорос-Қазақстан” қоры арқылы келген бұл технология орыс және қазақ тілдерінде білім беру мекемелерінің тәжірибелеріне ене бастады. “Сын тұрғысынан ойлау” ұғымы белгілі бір идеяларды қабылдай отырып, оның неге қатысты екенін зерттеу, оларды жеңіл септикалық ойларға қарсы қоя білу, салыстыра алу, сол идеяларға қарсы көзқарастармен тепе-теңдікте ұстап зерттеу, оларға сеніммен қарау деп түсіндіреді. Сыни ойлау – белгілі бір мәселе туралы бар идеяларды жинақтап оларды қайта ой елегінен өткізу және шешім қабылдаумен аяқталатын күрделі психологиялық үрдіс» екенін атап көрсеткен. Сыни ойлау – адам өмірінің бір саласы. Себебі, бұл философия адамдарға көптеген жолдар мен шешімдер ішінен маңызды әрі пайдалы екенін, тек қажетті ақпараттарды ғана жинақтап, жаңа білімді бұрынғыдан ажырата алуға көмектеседі. Сыни ойлауды дамыту технологиясының дәстүрлі оқытудан басты айырмашылығы – білімнің дайын күйінде берілмеуі. 
Сын тұрғысынан ойлау – оқу мен жазуды дамыту бағдарламасы. Білімгерді оқытушымен, құрдастырымен еркін сөйлесуге, пікір таластыруға, бір-бірінің ойын тыңдауға, құрметтеуге, өзекті мәселені шешу жолдарын іздей отырып, қиындықты жеңуге баулитын бағдарлама. Технологияның басты мақсаты – дамыта оқыту негізінде “Сын тұрғысынан ойлау арқылы оқу мен жазуды дамыту” бағдарламасын іске асыру, білімгерлерге терең білім беру. Бұл бағдарлама Қазақстан қоры жанынан 1998 ж. қазан айынан бастап жүргізіліп келеді. Жаңа технология ретінде ең озық әдістерді дер кезінде игеру, іздену арқылы білімгер бойына дарыту, одан өнімді нәтиже шығара білу – әрбір ұстаздың басты міндеті.  «Оқу мен жазу арқылы сын тұрғысынан ойлауды дамыту» бағдарламасы бойынша ол:
-шыңдалған ойлау.кез-келген даму деңгейіне байланысты мәселелерге сыни көзбен қарау;
-күрделі мәселелерді шешуге, аса маңызды, жауапты шешімдер қабылдауға құштарлық;
-үйрету мен үйрену бірлігінен, үйренудің қызығушылығынан тұратын, үйренушінің сеніміне негізделген құрылым;
СЫН ТҰРҒЫСЫНАН ОЙЛАУ ТЕХНОЛОГИЯСЫНЫҢ ЕРЕКШЕЛІГІ
2. Дайын ақпаратты қабылдау емес, оны өзің оқыту процесінде дайындап, өңдеп, қалыптастыру
СЫН ТҰРҒЫСЫНАН ОЙЛАУ ТЕХНОЛОГИЯСЫНЫҢ ЕРЕКШЕЛІГІ
СЫН ТҰРҒЫСЫНАН ОЙЛАУ
Таным процесінің негізгі мақсаты ақпараттың көлемі мен саныда емес, ұғынудың жолдарын іздестіре отырып, оның мәнін айшықтау және оны өмірде қолдану
2. Дайын ақпаратты қабылдау емес, оны өзің оқыту процесінде дайындап, өңдеп, қалыптастыру
СЫН ТҰРҒЫСЫНАН ОЙЛАУДЫ ҚАЛЫПТАСТЫРУ ЖОЛЫ
Таным процесінің мақсатын анықтау қандай?
3. Таным процесінің тану құралдарының анықтау?
2. Таным процесінің тану бағытын анықтау?
4. Мақсатқа қол жеттіме?

СЫН ТҰРҒЫСЫНАН ОЙЛАУДЫ ОҚЫТУ ҮДЕРІСІНДЕ ҚОЛДАНУ
ҮШІН ҚАЖЕТТІ ШАРТТАР
Сын тұрғысынан ойлауды бағалау.

Білімгерлердің бір-бірінің жауабына жасаған сынының дәлелді, дәйекті болуын талап ету;
Сын тұрғысынан ойлауды тудыру үшін уақыт керек;
Білімгерлерге ойланып-толғануға, ойын ашық айтуға рұқсат беру;
СЫН ТҰРҒЫСЫНАН ОЙЛАУДЫ ОҚЫТУ ҮДЕРІСІНДЕ ҚОЛДАНУ ҮШІН ҚАЖЕТТІ ШАРТТАР
Үйрену барысындағы білімгерлердің белсенді іс-әрекеттерән қолдау;
Әр түрлі идеялар мен пікірлерді қабылдау

Сын тұрғысынан ойлауды дамыту деген ұғымды кез — келген жаңа идеяны сол күйінде қабылдау немесе оған түбегейлі сенім арту емес, ол идеялардың негізгі себептерін, жүзеге асыру жолдарын және нәтижесін білу, оларды өз ортаңа, өз мүмкіндігіңе, өз керегіңе, өз іс — әрекетіңе лайықты кіріктіру, талдау, ой елегінен өткізу, яғни проблемаға сыни тұрғыдан қарап, өз мақсатына пайдалана білу. Оқу үдеріснде қолданудағы мақсат – кез — келген мазмұнға сын тұрғысынан қарауды сабақта және сабақтан тыс уақытта үйрету.
ЖЕКЕ ТҰЛҒАҒА СЫН ТҰРҒЫСЫНАН ОЙЛАУДЫ МЕҢГЕРУ ҮШІН ҚАЖЕТТІ ҚАСИЕТТЕР
4. Жете түсінуі (өзінің және басқалардың пікірін қада,алауы)
Жеке тұлғаға сын тұрғысынан ойлауды меңгеру үшін мынадай қасиеттері болуы шарт:
2. Бейімделгіштігі
( басқалардың идеяларын қабылдай алуы);
3. Қайсарлығы (қиын тапсырмаларды кейінге қалдырмауы);
Жоспарлауға дайын болуы;
5. Ымыралы келісімді іздеуі.


 ЖЕКЕ ТҰЛҒАДА СЫН ТҰРҒЫСЫНАН ОЙЛАУДЫ
ДАМЫТУ ШАРТТАРЫ

ЖЕКЕ ТҰЛҒА
ЖӘНЕ
СЫН ТҰРҒЫСЫНАН ОЙЛАУ
Әрбір білімгер сын тұрғысынан ойлауға қабілетті;
Білімгерлердің өз пікірін білдіруге жетелеу және оның пікірін бағалау.
Оқыту үрдісінде білімгердің белсенділігін қолдау;
Әртүрлі идеялар мен пікірлердің тууына мүмкіндік жасау;
Жеке тұлғада сын тұрғысынан ойлауды дамыту шарттары
Білімгерлердің ойлауына жағдай туғызу;
Сын тұрғысынан ойлауды тәжірибе жинау үшін уақыт және мүмкіндік беру;


Сыни ойлау сабағының құрылымдық формуласы 3 кезеңнен (ERR) тұрады.
СЫН ТҰРҒЫСЫНАН ОЙЛАУ ТЕХНОЛОГИЯСЫ
ІІ. Мағынаны таныту ( мағынаны ажырату) – Реализация– оқып жатқан тақырыптардың қажетін түсіну.. Мағынаны тану кезеңі негізгі кезең сондықтан оқылып жатқан материалдың қажеттілігін түсіндіреді.
РЕАЛИЗАЦИЯ
III. Ой-толғаныс ( рефлексия, жаңа білім құрастырылады)- Рефлексия – тұжырымға келу, қорытындылау, жаңа білімді бекіту. Бұл бағдарламаның қорытынды үшінші кезеңінде үйренгенін саралап, салмақтап ой елегінен өткізеді, білімді бекітеді. Оқушылар осы кезеңде өз шығармашылықтарын көрсете алады. Өзіне және сыныптастарына сын көзбен қарайды. Өздерін бағалайды. Оқып, білгендерін таразылайды.
РЕФЛЕКСИЯ
I.Қызығушылығын ояту( «көпір жасау», ой қозғау) – Эвокация – қызу оқу жұмысымен шұғылдануға қызығушылықтың оянуы. Бұл кезеңде оқытушы бұрынғы білетін білімдерін жаңа материалмен ұштастыруға жағдай жасайды. Сабақтың мазмұнына сай алынған стратегиялар арқылы оқушылардың ойы шыңдалып, аршылады. Сабаққа белсенділігі, ынта – жігері артады. Бұл кезеңде оқытушы жаңа ақпаратты таныстырады.Тақырып бойынша жұмыс жасауға итермелейді.Таңдап алынған стратегияларға байланысты өз бетімен білім алуға көмектеседі.
ЭВОКАЦИЯ
 

Бірінші кезең «Қызығушылықты ояту». Кезеңнің мақсаттары:
— білімгер өзінде қалыптасқан білімі мен түсініктерін өзектендіру;
— оқылатын тақырыпқа танымдық қызығушылықты ояту;
— білімгердің белсенділігін ояту;
Жеке тұлғаның іс — әрекеті қолдануға болатын әдістер мен тәсілдероқылатын мәселелер бойынша не білетінін еске түсіреді, ақпаратты жүйелейді, жауап алуға қажетті сұрақтар қояды. Өзінің мақсатын тұжырымдайды. «Белгілі ақпараттар» тізімін түйін сөздер бойынша — әңгіме, кластерлер, дұрыс және дұрыс емесін мақұлдау және т. б. Бірінші кезеңде алынған ақпараттар тыңдалады, жазылады, талқыланады, жеке, жұп және топ бойынша жүргізіледі.
Екінші кезең «Мағынаны ашу». Кезеңнің мақсаты:
— жаңа ақпаратпен танысу;
— жаңа ақпараттармен өз білімімен ара — қатынас белгілеу.
Жеке тұлғаның іс — әрекеті қолдануға болатын әдістер мен тәсілдер
— оқытушы ұсынған белсенді оқыту әдістерін қолданып, жаңа тақырып материалдарын тыңдайды, оқиды;
— жаңа ақпараттардың мәнін түсіну барысында мәтін шетіне белгі қояды немесе жазып алады;
— қарастырылған материалдармен жұмыс істеу барысында өз түсінгенін қадағалайды, алдына қойған мақсаттарына жету үшін белсенді әрекет етеді.
Белсенді оқу әдістерін қолдану:
— инсерт;
— екі жақты күнделік;
— қосымша журнал;
— сабақтың бірінші кезеңінде қойылған сұрақтарға белсенді түрде жауап іздеу және т. б.
Бұл кезеңде жаңа ақпараттармен, ойлармен танысады, тиісті тақырыпқа байланысты кино көру, дәріс, әңгіме, тыңдау немесе тәжірибе — эксперимент жасау, мультимедиялық құралдарды пайдаланады. Сабақта жұмыс дара және жұп түрінде жүргізіледі.
Үшінші кезең «Ой толғау». Кезеңнің мақсаты:
— қабылданған жаңа және ескі түсініктердің ара қатынасын ашу.
— оқылған материалды талдау және қорытындылау.
— тақырыпты мұнан әрі меңгеру бағытын анықтау.
— мағынаны тану кезеңінде білімге сүйене отырып, бұрын және сабақ барысында не үйренгенін салыстырады.
— қарастырған тақырыптың мәнін толық түсіну және өзіне қойылған мақсатты іске асыру үшін жаңа тақырыпты талдайды, қажеттісін іріктеп алады.
— өзіне қойған сұрақтарға мағыналы жауап алғандарын бағалайды.
— алған білімдерін өмірмен байланыстырады, қорытынды нәтиже шығарады, өз бетімен жаңа идеяларды ойластырады. — кластер құру
— әртүрлі кезеңдегі ақпараттардың өзара қатынасын сипаттайтын кестелер толтырады.
— түйін сөздерге қайта оралу.
— дұрыс және дұрыс емесін мақұлдауға қайта оралу.
— рефлексивті сұрақтар
— пікір алмасу.
— шығармашылық жұмыстар жазу (синквейн, эссе) және т. б.
Оқылған ақпаратты талдау, түсіндіру, шығарманы өңдеу жұмысы топ бойынша жүргізіледі.
Технологияның стратегиялары (тәсілдері). Технологияны жетік меңгеру үшін бірнеше тәсілдер қолданылады. Кез-келген технологияны жүзеге асыратын әдіс-тәсілдер пайдаланылады. Оқытуда жақсы нәтижеге жету үшін осы стратегияларды оқыту үрдісінің әр кезеңінде сабақтың мазмұнына қарай пайдаланған жөн. Сыни тұрғыдан ойлау технологиясын қолдануымен жүргізілген сабақтың жоғары деңгейде өтуінің алғы шарты оның қағидаларында, яғни, стратегияларында. Стратегия дегеніміз – философия, әдістемелік ұстаным. Оқытушы мен білімгер кез-келген стратегияның әдіс-тәсілін, қыр-сырын жетік түсіне білуі қажет. Сонда ғана жұмыс нәтижелі болмақ. Стратегиялар білімгерлерді шығармашылықпен әрекет етуге, ізденімпаздыққа баулиды, еркін, терең, жан-жақты ойлауына, үздіксіз жұмыс жасауына жол ашады, стратегияның 80-нен аса түрі бар. Жұмыстың ыңғайына қарай стратегияларды өзгертіп те жіберуге болады. СТО технологиясын пайдалана отырып, сабақ құрылымын жоспарлауға шығармашылықпен қарау, әдістемелік лабораторияны жинақтау секілді мүмкіндіктерге қол жеткізуге болады. СТО – дамыту сабақтарының мақсаты біреу нақты сабаққа байланысты.  Міндеттері үш түрлі болады. Олар: мазмұнға байланысты, СТО -ды дамытуға байланысты, топпен жұмысқа байланысты. Сабақ құрылымы үш кезеңнен тұрғанымен, ондағы қолданылатын стратегиялар ауыса береді. Ал, кейбір стратегиялар кезеңге нақты арналған. Сол себептен, орынымен пайдаланған ұтымдырақ болады. Сабақ кезеңдері байланысты қолданылатын стратегияларға тоқталып өтейік:
№ Cабақ кезеңдері Қолданылатын стратегиялар1 Қызығушылығын оятуБолжау кестесі, Тірек сөздер, Венн диаграммасы, Т кестесі, Бір айналым күнделік, Блум таксаномиясы, Миға шабуыл, Топтастыру2 Мағынаны тану кезеңі Т кестесі, Пікір – талас, Аквариум, İNSERT, RAFT, ДЖИК СО, Куббизм, Геометриялық фигуралар, Бір айналым сұхбат, Түртіп алу, Жұпта талқылау, Бағытталған оқу, Талдау картасы, Топтастыру3 Ой толғаныс кезеңі Эссе, Топтастыру, Пирамида, Құндылық сызығы, Т кестесі, Sinkuein немесе бес жолды өлең, RAFT, Түйін сөз, Семантикалық карта, Концептуалды таблица, Бір айналым сұхбат,
Философия сабағында сын тұрғысынан ойлау стратегияларының қолданылуына мысал ретінде бірнеше стратегиларға тоқталып өтейік:
Инсерт (түртіп алу) жүйесі.  Бұл тәсіл бойынша оқу материалы дайын күйінде беріледі, мәтінді оқып отырып оның бір жақ шетіне немесе кесте түрінде жазылады:
«V» — білемін «+» мен үшін жаңа «-» басқаша ойлаймын «?» — түсінбедім, тереңірек білгім келеді
Кестені мәтіннің фрагменттері немесе толық абзац түрінде толтырады. Сонан соң білімгерлер жұп болып немесе топпен өзара пікір алмасады. Түсініксіз болған ұғымдарды оқытушы түсіндіреді немесе басқа ақпарат көздерінен іздеуге үйге тапсырма беріледі. Мұнда білімгерлерге аз таныс, қызықтыратын, энциклопедиялық сипаттағы, яғни құбылыстар туралы мәліметтер жинауға болады. Бұл тәсіл дәстүрлі оқытудағы «оқулықтан пәлен парагрофты оқыңдар» деген тапсырмаға қарағанда тиімді.
Мысалы, мына философиялық ойларды инсерт жүйесі бойынша талдап көрейік.
«Философияның негізгі мәселесін шешу жолындағы материализмге қарама-қарсы бағыт – идеализм (іdea – грек сөзі, -ой, идея). Дүниенің негізінде субстанция ретінде рухани болмыс жатыр,- деген қайсыбір дүниесезім мен дүние қабылдауды біз идеализм дейміз. Идеализм адам өмірінің рухани жағын бірінші орынға қояды. Бұл ағым қайсыбір белсенділік, шығармашылықтың қайнар көзі – рухта деген пікір айтады. Материя мойындалғанымен, ол енжар, болмыстың төменгі жаратылған түрі ретінде ғана қаралады. Идеализмнің қайнар көзі - сонау мифологиялық дәуірдің өзіне барып тіреледі. Өйткені, алғашқы қауымның шеңберінде өмір сүріп жатқан адам бүкіл Дүниедегі құбылыстарды адамға ұқсатып түсіндіреді – оларды жандандырады. Әрі қарай жүре келе, адамның абстрактылық ойлау дәрежесі жоғарылаған сайын, идеализмнің дүниеге келуіне толық жол ашылады».
№ «V» — білемін «+» мен үшін жаңа «-» басқаша ойлаймын түсінбедім, тереңірек білгім келеді
1 Философия
Материализм және идеализм Материализм Субстанция
Кестеден көрініп тұрғандай, студенттің «Философия» ұғымы туралы ой-түйсігі бар, ал «материализм мен идеализм» ұғымдары студент үшін жаңа ұғым, ал бұл ұғымдарды айшықтай келе, ұғына келе, талдай келе, «материализм» ұғымына өзінше ізденіп, басқаша тұжырым жасауы мүмкін. Ал, субстанция ұғымын материализм мен идеализм ұғымдарымен өзара байланысын айшықтау туралы шешім қабылдауы мүмкін. Бұл әдіс арқылы студент өз зерттеуінің мақсатын айшықтап, бағыттап алды.
4214495247650Венн диаграммасы – екі затты алып, олардың ерекшеліктері мен ұқсастықтарын салыстыру. «Вен диаграммасы» Бұл не? Диаграмма екі немесе одан да көп дөңгелекшелер тоғысқанда құрылады. Идеяларды, көріністерді, нақты деректерді салыстыруда қолданылады. «Вен диаграммасы» әдiсi – екi нәрсенi, екi мәселенi қиылысқан екi шеңберлi сызбамен салыстыруға бағытталған, мағынаны тануға арналған стратегия. Әр деңгейшедегі бос орындар олардың айырмашылығын жазуға, ортақ бөлім ұқсастықтарын жазуға арналған. Ағылшын ойшылы Джонн Венның құрметіне аталған.
1. Бос орындарды сабақта толтыру
2. Білімгерлер кіші топтарға 4 адамнан бірігіп, өз диаграммаларына толықтырулар мен салыстырулар кірістіреді.
3. Осы кіші топтарда ортақ сипаттамалардың тізімі жасалып, ол дөңгелектердің қиылысу нүктесіне жазылады. Мысалы, философияның зерттейтін негізгі мәселелері идеализм, материализм, дуализм ұғымдарын талдай келе, үш ұғымғада ортақ тұжырым ол «субстанция» деп алсақ, ал материализм мен дуализмге «болмыс», «субстанция», дуализм мен идеализм үшін «субстанция», «сана», материализм мен идеализм үшін ортақ тұжырым ол «субстанция» деп талдап көрсетуге болады.
929640130175
«Синквейн» тәсілі.  Мұны бес жолдан тұратын өлең деп те атайды. Бұл әрбір ой толғау кезеңінде қолданылады.
Синквейн жазу ережесі:
1) Бірінші қатарға бір сөзбен тақырып жазылады (зат есім түрінде).
2) Екінші қатарға тақырыпты екі сөзбен келтіруі (екі сын есім түрінде).
3) Үшінші қатарға үш сөзбен осы тақырып бойынша іс — әрекет жазылады (етістік, көсемше).
4) Төртінші қатарға төрт сөзден тұратын осы тақырыпқа қатысты сөйлем немесе сөз тіркесі.
5) Соңғы қатарға тақырып мәнін сипаттайтын бір сөзден тұратын синоним (метафора) жазылады.
Эссе стратегиясын ой толғау кезеңінде қолданған тиімді. Мұнда білімгерлер тақырыптық ішкі сырын терең түсініп, өз пікірін, өз ойын дұрыс жеткізіп, оқу материалының негізін анықтап, сол арқылы оларды өмірмен байланысын жазады.
2729230350520Кубизм стратегиясы – кубик жасалынып, оның 6 қырына 6 түрлі тапсырма жазылады. Бұл стратегия кубиктің 6 жағына байланысты және соған орай берілетін тақырып немесе тапсырмаларға байланысты. Студенттер әдетте алты топқа бөліне отырып, белгілі бір тақырып не оқу материалын жан-жақты талдайды. Яғни, әрбір топ өзіне берілген тапсырма бойынша белгіленген уақыт ішінде өз жұмыстарын жан-жақты, мәнді, терең ашып, талдап көрсетуі тиіс. Дайындыққа және өз жұмыстарын қорғауға уақыт белгіленеді. Мысалы, 1-топ «салыстырыңыз», 2-топ «суреттеңіз», 3-топ «талдаңыз», 4-топ «ұсыныс жасаңыз», 5-топ «дәлелдеңіз», 6-топ «ассоциация жасаңыз» деген тапсырмалар алады. Кейде әрбір топқа бөлек тақырыптар да берілуі мүмкін. 
БІЛЕМІН
БІЛГІМ КЕЛЕДІ
ҮЙРЕНДІМ
Бұл стратегияны 1984 жылы Чикаго университетінің профессоры Донна Огл шығарған. Оның мақсаты – таным үрдісінде рефлексивтілікті дамыту.   Ол үшін төмендегі кестені толтыру керек.
Білемін.       Үйрендім.    Білгім келеді.

Топтың мүшелерін дамыту мақсатында уақытты үнемдеу арқылы білімгерлердің барлығын тыңдауға мүмкіндік береді. Кестені толтыру барысында ұсыныстар және жаңа ойлар қосуға болады. Концептуалдық дөңгелек стратегиясы кластерге ұқсас, бірақ мұнда бір шоқтан таралуы керек. Мысалы, «Ежелгі үнді философиясы» тақырыбы бойынша кубтың алты жағына ежелгі үнді философиясының ортодоксальды 6 мектебін, яғни Веданта, Йога, Санкхья, Ньяя, Вайшешика, Миманса мектептерін тапсырма ретінде талдауға беруге болады. Ол үшін топ студенттерін алты топқа бөліп, әр топқа 6 мектепті беріп төмендегі тапсырмаларды орындауға уақыт беру керек. Бұл тәсіл білімгерлердің назарын оқылатын тақырыпқа аударуға, сабақ жоспарын жасауға мүмкіндік береді. Ол үшін «Кубизм» стратегиясы тақырыпты ашудың жолкөрсеткішін, алгоритімін пайдаланылады:
2537460124460
1-қыр Сипаттаңыз
2-қыр Салыстырыңыз
3-қыр Ассоциация құрыңыз
4-қыр Талдау жасаңыз
5-қыр Ұсынысыңыз
6-қыр Дәлелдеңіз
Блум таксономиясы. Бенджамин Блум-америкалық оқыту әдістемесінің психологі, Блум таксономиясының авторы. Пенсильванияда Ленсфорд қаласында туылған. 1935 жылы Пенсильван университетін бакалавр және магистр деңгейлерімен бітірген, 1942 ж Чикаго университетінде докторлық деңгейін қорғады. 1956 жылы «Блум таксономиясын» ұсынды. Бенджамин Блум (1913-1999 жж.) Таксономия – өсу күрделілігі бойынша, яғни иерархия бойынша ретпен орналасқан категорияларды сипаттау үшін қолданылатын, олардың шынайы өзара байланысы негізінде құрастырылған нысандарды топтастыру және жүйелеуді білдіреді. «Таксономия» термині биология ғылымынан алынған. Бұл терминді ғылымға ең алғаш өсімдіктерді топтастыруға швейцар ботанигі О. Декандол енгізген. Таксономия гректің «taxis» «орналасу», «рет», «тәртіп» және «nomos» «заң» деген сөздерінен алынған. Блум бойынша оқу мақсаттарының негізгі категориялары: Білім игеруге бағытталған 6 қадам. Бенджамин Блум таксономиясы оқу мақсаттарының негізгі категориялары білім алушылардың нәтижелерінің көрсеткіштері
1. Білу.Қайталау немесе тану арқылы мәліметтердің есте қалай сақталғанын тексеру, мағлұмат пен деректерді еске түсіру арқылы жүзеге асырылатын категория
2.Түсіну. Таным мен ойлау деңгейі – орта деңгей. Фактілерді, ережелерді, қағидаларды түсінеді;
3.Қолдану. Таным мен ойлау деңгейі – орта деңгей. Бұл категория оқу материалын нақты жағдай да және мүлдем жаңа ситуацияда қолдануды меңзейді. Мұнда ережелерді, әдістерді, ұғымдарды, заңдарды, қағидаларды, теорияларды, практикалық тұрғыдан қолдану кіреді.
4.Талдау. Таным мен ойлау деңгейі–жоғарғы деңгей. Оқу материалының құрылымын анық көрінуі үшін оны құрамдас бөліктерге бөлу:бүтіннің бөліктерін ажырату; бүтіннің бөліктеріні ңарасындағы өзара байланыстарды анықтау, бүтіннің қалайша ұйымдастырылғандығын сезіну.
5.Синтез (жинақтау). Таным мен ойлау деңгейі–жоғарғы деңгей. Оқу материалының элементтерінен жаңашыл сипаттан бүтінді (нәтижені) құрастыру.
6.Бағалау. Таным мен ойлау деңгейі–жоғарғы деңгей. Оқу материалының маңызын анықтау, ол туралы өзіндік пікір келтіру, ойын білдіру.
-31115-59690
БІЛУ
Тыңдайды, қабылдайды, есте сақтайды,
түсінеді, ойлайды.
ТҮСІНУ
Түсіндіреді, айтады, көрсетеді, жазады.
ҚОЛДАНУ Ойланады, салыстырады, табады,
талқылайды, ашады, іздейді.
ТАЛДАУ
Бұрынғы білім негізін пайдалана отырып,
жаңа мəселені шешеді.
ЖИНАҚТАУ
Ойлап табады, құрастырады, шығарады,
байланыстырады.
БАҒАЛАУ
Бағалау бағалайды, талқылайды, өз талабын
Блум таксономиясы стратегиясын философия сабағында студенттің өз бетінше жұмыстарын ұйымдастырғанда қолданған өте тиімді. Топтағы әр студентке жеке-жеке тақырыптар беріп, семестр бойы тек сол бір тақырып аясында жұмыс атқарған жөн. Мысалы, Жаңа заман философиясы тақырыбы бойынша студент:
1) 1-2 апталарда білу сатысында ақпараттар жинаумен, танысумен айналыса отырып, конспект, эссе, презентация дайындайды.
2) 3-4 апталарда түсіну сатысында жаңа заман философиясы бойынша глоссарий құрастырып, мазмұныны айшықтайды.
3) 5-7 апталарда қолдану сатысында жаңа заман философиясы бойынша тест сұрақтарын дайындайды.
4) 8-10 апталарда талдау сатысында ВОУД форматтағы тест тапсырмаларын, кейс, презентациялар дайцындайды.
5) 11-13 апталарда жинақтау сатысында әдіснамалық кесте дайындайды. Ол кесте СӨЖ жазу барасында қолданылған әдебиеттер негізінде құрастырылады.
№ Автор Жыл Қосқан үлесі Ескерту
Немесе жаңа заман философиясының мазмұнына сәйкес кесте құрастыруға болады.
6) 14-15 апталарда бағалау сатысында студент 15 апта бойы атқарған жұмыстарын қорытындылай келе мақала, портфолио дайындайды.
Сонымен, сын тұрғысынан ойлаудың әдістемелік тәсілдерін оқу үрдісінде қолданғандағы маңыздылығы мынада:
— мотивацияның артуы;
— дербес іс — әрекеттің артуы;
— ойлаудың белсенді болуы;
— білімгерлердің білігі мен біліктілігінің жан — жақты дамуы;
— логикалық ойлаудың жүйелілігін меңгеру.
Сын тұрғысынан ойлау технологиясын қолдану нәтижесінде жеке тұлғаның қабілеттері жандана түседі және білім прагдимасы қалыптасады.

Приложенные файлы


Добавить комментарий