Баяндама таырыбы Тиімді діс-тсілдер сапалы саба кепілі


-997585-568960Абуева Гүлжамал Серікбайқызы №1Дінмұхамед Қонаев атындағы мектеп-гимназия Тарих пәні мұғалімі

Тиімді әдіс-тәсілдер -сапалы сабақ кепілі
Мақсаты: Мұғалімдерді оқыту мен оқудағы бағдарламаның 7 модулінің мақсаттары, негізгі ұғымдары, модуль тақырыптарына сәйкес әдіс-тәсілдерімен таныстырып, іс-тәжірибесінде пайдалануға бағыттау.
Мақсатқа сай оқу сапасын арттыру үшін қойылатын талаптың ерекшелігі неде?-деген сұраққа «ҰСМҚ»\ұстаным,себеп,мысал,қорытындысы\ әдісімен жауап беретін болсам;
Менің ойымша: Оқыту мен оқудағы бағдарламаның 7 модулін сабақтар топтамасына ықпалдастырудың маңыздылығында.
Себебі: Оқытудағы Кембридж тәсілінің теориялық негіздері сындарлы оқыту(ойлауды дамытуда бұрынғы алған білімдері астарласа қолданылады)теориясына, оқушының идеясы мен білім біліктілігін дамытуға негізделген тәсіл , тұлға бойында креативтілікті қалыптастыруды (жаңа идеялар қабылдау,дәстүрлі идеядан ауытқитын,проблемаларға өзгеше қарап оны шешу жолдарын ерекше тәсілмен шешетін индивид)мақсат етеді. Бағдарламаның 7 модулін сабақтар топтамасына ықпалдастыру жаңаша өзгеруімізге алып келеді. Мысалы: Деңгейлік бағдарламалар ойлаудың жаңа тәсілдерін ұсынады, содан кейін жұмысты ұйымдастыру жөніндегі идеялар мен сыныптағы жұмысқа жаңа әдістерді енгізуге көмектесетін құралдарды алға тартады. Ал аудан мектептеріндегі деңгейлік курстан өткен әріптестеріміз өз тәжірибелеріне қолданысқа енгізген әдіс-тәсілдерімен желілік қоғамдастықта бөлісуде.
Нәтижесінде немесе қорытындысында: Оқушының қалыптасқан дағдылары, қабілеттері мен оқушы әзірше өз бетінше орындай алмайтын,орындау үшін скаффолдердің көмегін қажет ететін тапсырмалар ауқымында қалыптасқан дағдылар арасындағы оқу кезеңі.Скаффолдер ролінде мұғалім немесе анағұрлым жақсы оқитын сыныптастары болуы мүмкін. \Л.Выготский енгізген ұғым\ .Оқушы әзірше өз бетінше орындай алмайтын,орындау үшін скаффолдердің көмегін қажет ететін тапсырмалар беру үшін мұғалім өзі ойлаудың жаңа әдіс-тәсілдерін меңгеріп,сабақ құрылымын ұйымдастыруда идеяларын көбейтіп,жаңа форматтағы мұғалім болып өзгеруі керек деп ойлаймын.
Білім беру мен білім алудағы жаңа тәсілдер,диалогтік оқыту,сыни тұрғыдан ойлауға үйрету модульдерін сабағыма қолдану нәтижесінде жасай алған өзгерістеріммен бөлісу үшін «Тиімді әдіс-тәсілдер –сапалы сабақ кепілі» тақырыбына панорамалық сабағымды ұсынамын.\Презентация\
Білім беру мен білім алудағы жаңа тәсілдер модулі сапалы және табысты оқыту үшін оқыту мен оқудағы бағдарламаның 7 модулінің мазмұны барлығымыз үшін таныс. Әдіс – оқу-тәрбие жұмыстарының алдында тұрған міндеттерді дұрыс орындау үшін мұғалім мен оқушылардың бірлесіп жұмыс істеу үшін қолданатын тәсілдері. Әдіс арқылы мақсатқа жету үшін істелетін жұмыстар ретке келтіріледі. Оқыту әдістері танымға қызығушылық туғызып, оқушының ақыл-ойын дамытады, ізденуге, жаңа білімді түсінуге ықпал етеді. Оқытуда ең басты нәрсе – оқушылардың танымдық жұмыстары. Оқыту әдістері ең анық фактілерді білуді қамтамасыз етеді, теория мен тәжірибенің арасын жақындатады.
Тәсіл – оқыту әдісінің элементі. Жоспарды хабарлау, оқушылардың зейінін сабаққа аудару, оқушылардың мұғалім көрсеткен іс-қимылдарды қайталауы, ақыл-ой жұмыстары тәсілге жатады. Тәсіл оқу материалын түсінуге үлес қосады.Оқыту тәсілдерінің түрлері:• ой, зейін, ес, қабылдау, қиялды жақсарту тәсілдері;• мәселелі жағдаят тудыруға көмектесетін тәсілдер;• оқушылардың сезімдеріне әсер ететін тәсілдер;• жеке оқушылар арасындағы қарым-қатынасты басқарутәсілдері.Сонымен тәсілдер оқыту әдістерінің құрамына кіреді, әдістің жүзеге асуына көмектеседі.Оқыту әдістерінің басты қызметі - оқыту, ынталандыру, дамыту, тәрбиелеу, ұйымдастыру.
Оқыту мен оқудағы жаңа тәсілдердің ішінде гуманитарлық пәндерді оқытуда диалогтік оқытудың маңыздылығын оқушылардың бірлескен сұхбатынан келетін пайданың дәлелдерінен көреміз. Диалог негізінде оқыту мен оқу оқушылардың өзара сұхбаттасуы және мұғалім мен оқушы арасындағы диалогтың шәкірттердің өзіндік ой - пікірін жүйелі дамытуына көмектесетін амал екенін меңзейді. «Қалай оқу керектігін үйрену» оқушыларға оқуды өз бетінше жалғастыра алатын білім жинау жауапкершілігін түсінуге және оны өз мойнына алуға қалай көмектесуге болатынын көрсетеді.
Нағыз сабақ – ол әрқашан диалог, іздене, дайындала, үйрене, шәкірттер болашағын ойлай жасалған еңбек пен тәжербиенің бірлігі.
Диалогтік оқытуды ұйымдастыру формалары Жеке,жұптық,топтық,ұжымдық. Әңгіменің түрлері
Мерсер (1995) әңгімелесудің үш түрін анықтады:
-Әңгіме-дебат (мәлімдеу және қарсы мәлімдеу) -Кумулятивтік(қайталау, мақұлдау, түсіндіру)\айтылған пікірлермен тыңдаушылардың механикалық түрде келісуі ,әңгіме білім алмасу мақсатында жүргізілгенімен, өзгелер ұсынған идеяларды төзімділікпен тыңдау,идея қайталанады, жасалынады, бірақ мұқият бағалана бермейді \
-Зерттеушілік (сыни әрі сындарлы)әркім ақылға қонымды мәлімет ұсынады,әркімнің идеясы пайдалы ретінде бағаланғанымен, мұқият бағалау жүргізіледі ,қатысушылар бір-біріне сұрақ қояды,қатысушылар сұрақ қояды, айтқандарын дәлелдейді, осылай дәлелдеме болады,топтағы қатысушылар келісімге жетуге тырысады
Сонғы екеуі PSHE-де кең тараған, өйткені олар оқушыларды эмоцияларын білдіруге, бағалауға, сипаттама беруге және өз ұстанымдарын білдіруге ынталандырады. Кейде дебат та болуы мүмкін, бірақ оның дәлелдерге негізделген стилі қауіпсіз және қолайлы орта құра алмайды. Бұл оқушыларды өз көзқарастарына бағытталған орынсыз шабуылдардан сақтанып, тайсалмай сөйлеуге итермелейді. Топтық әңгіме қауіпсіз ортаны құруға барынша ыңғайлы. Бұл жерде «сөйлеушілер әңгіме құрып, өз бетінше және өзара қолдау көрсету арқылы, сынап-мінемей ақпаратты ұсына отырып, білім және түсінік негізін бірлесіп құрады» (Мерсер, Сөздер мен Саналар, 2000)
Әңгімелесу әдісі. Оқушыны жаңа білімді алуға белсене қатыстырып, оны білім алу әдістеріне, мұғалім қойған сұрақтарға өз бетімен жауап беруге үйретеді. Эвристикалық әңгімелесу барысында мұғалім оқушылардың білімі мен тәжірибесіне сүйеніп, олардың жаңа білімді түсінуін, қорытынды жасауын жеңілдетеді. Бірлескен іс-әрекет арқылы оқушылар өздері еңбектеніп, ойланып жаңа білім алады.Білімді жинақтайтын, бекітетін әңгіме оқушылардан теориялық білімдерін, оны қолдану тәсілдерін жүйелеуге бағытталған. Оқушы өз білімін жаңа оқу және ғылыми мәселелерді шешуге қолданады.Әңгімелесу барысында мұғалім сұрақты бір оқушыға (жеке әңгімелесу) немесе барлық сынып оқушыларына (жаппай) қояды. Әңгімелесудің бір түрі - оқушымен әңгімелесу. Оны сыныппен, оқушылардың жеке топтарымен өткізуге болады, әсіресе жоғары сынып оқушылары өз пікірлерін айтып, сұрақтар қойып, мұғалім ұсынған тақырыпты талқылайды. Әңгімелесудің нәтижесі көп жағдайда сұрақтардың дұрыс қойылуына байланысты шешілетін басымдықтар болады.Сондықтан мүғалім сұрақты дұрыс қоя білуі тиіс.Сұрақ қою техникасы Мұғалім оқушылардың деңгейіне қарай өзі қоятын сұрақтары мен оқушылар қоятын сұрақтарға жауаптарын саралайды. Соңғы кезде диалог бойынша саралау жоғары қабілетті балалардың қажеттілігін қанағаттандыру мәселелерін шешуде шешуші кезең ретінде атап көрсетілуде.
Әңгіме түрлеріне қатысты «Көршіңмен сырлас»әдісіне тоқталып өтсек:бұл оқушылардың өз ойын ауызша білдіруіне үйретеді. Сұрақ қойып, ойлануына уақыт беріңіз. Өз ойымен көршісімен бөлісіп, ақылдасуын сұраңыз. Бір-бірінің жауабын толықтырып,берілген тақырып бойынша білімдерін ортаға салуын тапсырыңыз. Топтық жұмыс барысында мұғалім топ жұмысын бақылау үшін «біз не істеп жатырмыз?» деген сұрақ қою арқылы оқушылардың жұмысы нәтижелі болу үшін бағыт береді.»Сұхбат алу» Ортаға үш оқушы шақырылады Екі оқушы бір-бірімен тақырып бойынша сұхбат құрады. Үшінші оқушы түсінгенін әңгімелейді.
Әңгімелесу әдісінің артықшылықтары:•    ес пен тілді дамытуы;•    оқушылардың оқу-танымдық қызметін белсенді етуі;•    оқушылардың білімінің белгілі болуы;•    жақсы диагностикалық құрап;•    үлкен тәрбиелік күші бар.
Білім беру мен білім алудағы жаңа тәсілдер топтық жұмыстар арқылы ынтымақтастық оқу ортасын құру – бұл оқыту мен оқу тәсілі, аталған тәсіл проблемаларды шешу, тапсырмаларды орындау немесе әлдебір өнім жасау үшін оқушылар тобының бірлесіп жұмыс істеуін білдіреді. Ынтымақтастық оқу оқуды табиғи әлеуметтік әрекет ретінде қабылдауға негізделген, оған қатысушылар бір-бірімен әңгімелеседі, және осы әңгімелесу арқылы білім алады.
Педагогикада ынтымақтастық оқу тәсілдерінің саны жеткілікті, бірақ та бірлескен оқу үдерісінің негізгі сипаттамалары мынадай:
1. Оқу оқушылар ақпаратты игеретін және өздері игерген мәліметті бұған дейін меңгерген білімдерімен байланыстыратын белсенді үдеріс болып табылады. 2. Оқу тапсырмаларды орындау үшін механикалық есте сақтау мен қайталау емес, құрдастардың белсенді қатысып, ақпараттарды өңдеуі және қорытуын талап етеді. 3. Қатысушылар әр адамдардың көзқарасымен танысудан пайда алады.
Бірлескен оқудың мәні Орын алған проблеманы шешу мақсатындағы топтық жұмыс – оқытудың өте ықпалды тәсілдерінің бірі. Оқушылар ересек адамдарға тәуелді болмау үшін тапсырмаларды жоспарлайды және оларды орындауды ұйымдастырады.
Топтағы оқушылардың саны оқушылар арасындағы сонымен қатар, оқушылар мен мұғалім арасындағы қарым-қатынасты барынша тиімді қамтамасыз етуі тиіс. Топтың көлемі мен санының арасындағы тепе теңдікті орнату маңызды. Мысалы, көптеген шағын топтар немесе жұп шектеулі қысқа уақыт (мысалы, шамамен 5 минут) барысында тиімді жұмыс істей алады. Аздаған үлкен топтарда оқушылардың көңілі басқаға ауып, тәртіптерінің бұзылуына әкелуі ықтимал. Белгілі бір тапсырманы айрықша тиімді орындау үшін, мұғалім топ қатысушылар саны канша болатынын анықтап алуы қажет.
Топтық жұмыс арқылы диалогтік оқыту модулімен сыни тұрғыдан ойлауға үйретуге мақсатталған сын тұрғысынан ойлау технологиясының элементтерін кірктіріп,сабақта қолдану оқушылардың бойында креативтілікті қалыптастырады. Мерсер сыныпта талқылаудағы дәлелдің үш түрін анықтады. Олар: пікірталас-әңгіме, оқушылар бәсекеге қабілетті; басқа адамдардың көзқарасын қабылдауды қаламайды; кумулятивтік әңгіме; зерттеушілік әңгіме, ұсыныстар жайында күмән туып, қарсы дау айтылып, негізделген дәлел мен сыни тұрғыдан ойлау арқылы жалғасады.
Сын тұрғысынан ойлау технологиясының «БАСТЫ ТЕРМИНДЕР», «КЛАСТЕР», «ИНСЕРТ (INSERT)» , «Логикалық тізбекті ажырату»,»БББ», «Эссе жазу» , «Синквейнді жазу» , «Семантикалық карта».Дұрыс жауапқа “+” белгісін қояды, «РАФТ» стратегиялары сыни ойлауға жетелейді. Оқу пікірталастары оқытудың сөздік әдістерінің ішінде елеулі орын алады. Ауызша жаттығулар логикалық ойды, есті, тілді оқушылардың зейінін дамытуға көмектеседі.Жазбаша жаттығулар білімді бекіту және оны қолдану іскерлігін жасауда қолданылады. Оларды қолдану логикалық ойды дамытуға, жазбаша тіл мәдениетін, өздікті дамытуға көмектеседі.
Сын тұрғысынан ойлау үш бөліктен тұрады: Біріншіден, сын тұрғысынан ойлау өзіндік және жеке ойлау болып табылады.
Екіншіден , сын тұрғысынан оқыту жаттанды қағидаларды дәлелдеп айта беру емес, оқушы оқып, оны еске сақтап айту қаблеті жоқ, керсінше терең ойлау арқылы ескіге жаңаша көзқарас қалыптастыру мүмкін, тың идеялар ойлап табуы мүмкін.
Үшіншіден, сын тұрғысынан ойлау сұрақтар қойып, шешімін табуды қажет ететін мәселені анықтаудан басталады.Жалпы адамзат баласы тумысынан білуге құмар болып келеді.Өзінің жеке қызығушылықтарымен қажеттіліктеріне жауап беруге талпынады.
Сын тұрғысынан ойлау бағдарламасы қызығушылықты ояту, мағынаны ашу, ой толғаныс кезеңдерінен түзіледі.
Сабақтың мақсаты: а) қызығушылықты ояту – сұрақ қою; Үйрену процесі – бұрынғы білетін және жаңа білімді ұштастырудан тұрады. Үйренуші жаңа ұғымдарды, түсініктерді, өзінің бұрынғы білімін жаңа ақпаратпен толықтырады, кеңейте түседі. Сондықтан да, сабақ қарастырылғалы тұрған мәселе жайлы оқушы не біледі, не айта алатындығын анықтаудан басталады. Осы арқылы ойды қозғату, ояту, ми қыртысына тітіркенгіш арқылы әсер ету жүзеге асады. Осы кезеңге қызмет ететін “Топтау”, “Түртіп алу”, “Ойлану”, “Жұпта талқылау”, “Болжау”, “Әлемді шарлау” т.б. деген аттары бар әдістер (стратегиялар) жинақталған. Қызығушылықты ояту кезеңінің екінші мақсаты – үйренушінің белсенділігін арттыру. Өйткені, үйрену – енжарлықтан гөрі белсенділікті талап ететін іс-әрекет екені даусыз. Оқушы өз білетінін еске түсіреді, қағазға жазады, көршісімен бөліседі, тобында талқылайды. Яғни айту, бөлісу, ортаға салу арқылы оның ойы ашылады, тазарады. Осылайша шыңдалған ойлауға бірте-бірте қадам жасала бастайды. Оқушы бұл кезеңде жаңа білім жайлы ақпарат жинап, оны байырғы біліммен ұштастырады. ә) мағынаны ажырату – жауаптар іздеу, мәселені зерттеу; Ойлау мен үйренуге бағытталған бұл бағдарламаның екінші кезеңі мағынаны ашу (түсіне білу). Бұл кезеңде үйренуші жаңа ақпаратпен танысады, тақырып бойынша жұмыс істейді, тапсырмалар орындайды. Оның өз бетімен жұмыс жасап, белсенділік көрсетуіне жағдай жасалады. Оқушылардың тақырып бойынша жұмыс жасауына көмектесетін оқыту стратегияларын қолданады. б) ой толғаныс – ойлау процесінің ең жоғарғы сатысында мәселені талқылау, яғни үш фазада сабақты бөліп өту, оқыту мен оқу процесін осындай үш сатыда ұйымдастыру. Үйретушілер білетіндерін анықтап, білмейтіндерін белгілеп сұрауға әзірленеді. Бұл әрекет арқылы жаңаны түсіну үшін бұрынғы білім арасында көпірлер құрастыруға, яғни байланыстар құруға дағдыландырады Тақырып туралы ой-толғаныс – бағдарламаның үшінші кезеңі. Бұл үйрену сатысы – ойды қайта түйіп, жаңа өзгерістер жасайтын кезең болып табылады. Әр түрлі шығармашылықпен ой түйістіру болашақта қолданылатын мақсатты құрылымға жетелейді. Осы кезеңді тиімді етуге лайықталған “Бес жолды өлең”, “Венн диаграммасы”, “Еркін жазу”, “Семантикалық карта”, “Т кестесі” сияқты стратегиялар әр сабақтың ерекшелігіне, ауыр-жеңілдігіне қарай лайықтала қолданылады. Нәтижесінде: Сыни тұрғыдан ойлауды үйрену барысында оқушыларды оқуға, жазуға ғана емес, өз ойын еркін жеткізе білуге, сыни ойлауға, өз бетінше ізденіске,талдап,талқылауға,сараптауға, жинақтауға,сұраққа терең ойланып,сыни тұрғыдан жауап беруге ,пікірталас арқылы өз көзқарасын қалыптастыруға дағдыланады.
Оқыту әдістерін жетілдіру және мұғалімнің сабақтар жүйесінде оларды таңдай білуі бүгінгі күннің талабы. Сабақтың тақырыбы мен мақсатына, оқу материалының мазмұны мен көлеміне, оқушылардың дайындық дәрежесіне сәйкес, сабақтың құрылысы мен оқу әдісін ұдайы толықтырып отыруды мұғалім өзі белгілеп, өзі таңдап алады.
Оқыту әдісін таңдауға ықпал ететін шарттар:1. Оқыту әдістерін оның мақсат-міндеттеріне, оқушылардың жас және таным әрекетінің ерекшеліктеріне сай қолдану;2. Мектептің материалдық - техникалық негізін ескеру;3. Мұғалімнің шығармашылығы және шеберлігі. Оқытудың нәтижелі өтуіне негіз болатын сабақ мақсатының айқындығы. Себебі оқу материалын баяндауда негізгі идеясын немесе оқушылардың іс-әрекетін анықтап алмай, оқыту мақсатына жету мүмкін емес.
Қолданылған әдебиеттер:1. М.Жұмабаев. Педагогика. - Алматы: Ана тілі, 1992. -160 б.2. Г.Қ.Нұрғалиева. Педагогиканық логикалық-құрылымдық курсы, - Алматы, 1996.3. Деңгейлік бағдарлама нұсқаулықтары.
Желілік қоғамдастық аясында өткен тарихшылардың аудандық семинары
Деңгейлік бағдарлама біркүндігінің тақырыбы: «Білімді жетілдіру -біліктілікті арттырудан басталады»
Панорамалық сабақ
Абуева Г.С. №1 Дінмұхамед Қонаев атындағы мектеп-гимназиясы

Приложенные файлы


Добавить комментарий