Мен- з елімні патриотымын Трбие сааты 5 сынып


«Бекітемін» Келісілген
____________________
Директор Тәрбие ісінің орынбасары
С.Мамлеева Ж.Сатымбаева
«___»_______ «___»_______
«Мен- өз елімнің патриотымын»
(5а сынып)
Сынып жетекшісі: Шахизатқызы Б
Талдықорған қаласы 2017жыл
Тәрбие сағатының тақырыбы: «Мен – өз елімнің патриотымын»
Мақсаты:
Оқушыларды өз елін  сүюге, құрметтеп қастерлеуге, өз  елінің  тарихын білуге , туған  еліне, жеріне деген сүйіспеншілігін арттырып, қазақ елінің тарихын білуге тәрбиелеу.
– оқушылардың таным белсенділіктерін,қызығушылықтарын дамыту. Ойларын жүйелі түрде жеткізе білу, шығармашылықпен жұмыс жасап,  мағынасын түсіне білу дағдыларын дамыту.– оқушыларды ұлтжандылыққа, атамекенін көздің қарашығындай сақтай білуге, патриоттық сезімге тәрбиелеу;
Көрнекілігі: Презентация, постер
Барысы:
Негізгі бөлім: 
Миға шабуыл (слайд)
Елбасы Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаевтың «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» үндеуі бойынша әңгіме жүргізіледі.
Мемлекет басшысының «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» мақаласында Қазақстанның үшінші жаңғыруының басталғанын баяндайды. Бұл жаңғырудағы мақсат айқын, ол әлемдегі дамыған 30 елдің қатарына қосылу. Ең бастысы – еліміздің рухын көтеретін, ұлы мақсаттарға жеткізетін Мәңгілік Ел ұлттық идеясының да ұғымы ерекше.  Мәңгілік Ел идеясы – елімізді өз мақсатына талай дәуір сынынан сүріндірмей жеткізетін тұғырлы идея. Мәңгілік ел- ата-бабаларымыздың сан мың жылдан бергі асыл арманы. Ол арман – әлем елдерімен терезесі тең қатынас құрып, әлем картасынан ойып тұрып орын алатын Тәуелсіз Мемлекет атану еді. Ол арман -тұрмысы бай- қуатты, ұрпағы ертеңіне сеніммен қарайтын бақытты Ел болу еді.
Осы тұста патриот деген кім? Ол қандай адам? деген сұрақтарды сендерге қойғым келіп отыр.
/Оқушылардың пікірлері тыңдалады/
Иә, рас айтасындар, біз армандарды ақиқатқа айналдырдық. Мәңгілік елдің іргетасын қаладық. Патриот – ұлтын сүйетін, өз тарихын, туған тілін құрметтейтін, ұрпақтан ұрпаққа жалғасқан салт – дәстүрін дәріптейтін, ұлттық қадір – қасиетімізді арттыруға үлес қосатын саналы тұлға. Туған елі үшін үнемі тер төге қызмет етіп, халқымыздың мол рухани құндылықтарын бағалай білетін асыл тұлға.
Топқа бөліну.
Оқушыларды топ-топқа бөлу үшін қағаздарға топ аттары жазылып жасырылады. Кім қай топты таңдаса, сол топқа кіреді.
1 топ. Отаншыл
2 топ. Намысшыл
3 топ. Білімді
Әр топ өздерінің топтарын қорғайды. Топтың ұраны.
Ой шақыру.
Мұғалімнің сөзі:
Отан деген не?
(Балалардың пікірлері)
Отан – әр адамның жүрегіне жылы тиер қасиетті сөз. Отан –сенің туған елің, туған жерің, Дос- жарандарың, туған туысқаның. Отан-бұл өзіңнің тұратын, өмір сүретін, қызмет ететін жерің. Отан адам үшін біреу ғана. Отанды анаға теңейді. Себебі, Отан сендерді анаңдай қорғайды, көмектеседі, күш береді.Біз Отанымызды, елімізді сүйеміз.
Әр топқа тапсырма беру.
1-топ: Ант етемін... тақырыбында постермен жұмыс
2-топ: Патриот баланың бойында қандай қасиеттер болу керек?
3-топ: Қазақстанды әлемге таныту үшін не істер едіңдер?
Мағынаны тыңдау.
Постер қорғау .Әскери міндетке жауапкершілікпен қарау;
Туған жерге деген ыстық сезім;
Ата- баба өсиетіне адал болу;
Өз Отанын күшті, айбынды ету, гүлдендіруге ұмтылу;
Бойындағы күш- қуаты мен білімін Отан игілігі мен мүддесі үшін жұмсау;
Ана тіліне деген құрмет;
Өз халқының әдет- ғұрпын және салт- дәстүрін құрметтеу;
Елдің тарихын құрметтеу;
Қазақстанда мекен ететін халықтарға деген құрмет сезім;
Өз халқының әлеуметтік, мәдени жеңістері үшін мақтану;
Мемлекеттік рәміздерге құрметпен қарау;
Заңға бағыну;
Үкіметті сыйлау;
Қандай да бір қастандық әрекеттерден Отанын қорғауға дайын болу;
Туған жерге, ата- бабасы жатқан жерге құштарлық;
Республиканың экономикалық, қорғаныстық әлеуетін тыңбай нығайту;
Басты байлығымыз – табиғат пен қоршаған ортаны гүлдендіруСұрақ-жауап ойыны.
Сұрақтары.
ҚР елтаңбасында не бейнеленген? – (тұлпар, шаңырақ, жұлдызша,күн)
Қазақстан өз тәуелсіздігін қай жылы алды? – (1991 жыл 16 желтоқсан)
«Отан қорғау» дегенді қалай түсінесің?
Қазақстан қандай мемлекеттермен шектесіп жатыр? Қытай, Ресей, Қырғыз, Өзбек, Түрікменстан, Әзірбайжан республикаларыменӘнұранның авторларын ата? – (Ш.Қалдаяқов,Ж.Нәжмединов,Н.Назарбаев.)
ҚР тұңғыш президенті кім? – (Н.Н.Әбішұлы)
ҚР неше облыс бар? – (14 облыс)
Қазақ хандығының құрылғанына неше жыл?
Тұңғыш қазақ ғарышкері кім? – (Тоқтар Әубәкіров)
Конституция күні? – (30 тамыз)
Облысымыздан шығатын газет? –
ҚР тәулсіздігін алғанына биыл неше жыл толады?
Тәрбие сағатын Н.Ә.Назарбаевтың сөзімен аяқтағым келіп тұр: «Өз Отанының патриоты болу – Қазақстанды өз жүрегінде ұялату».
Қортынды: - Міне, балалар, бүгін өздеріңді Тәуелсіз еліміздің болашағы екендеріңді, яғни, нағыз азамат екендіктеріңді көрсете білдіңдер. Белгілі ақын атамыз Ж. Молдағалиев:                          Өткеніңді еске алсаң,                          Өскеніңнің белгісі.                          Өткеніңді ұмытсаң,                          Өшкеніңнің белгісі, - деген екен. Сондықтан, халқымыздың бүгінгі уақытқа дейінгі жеткен жетістіктері өздеріңе аманат. Сондай-ақ, еліміздің егемендігін танытатын ресми ерекшелік белгілері: Ана тіліміз, Елтаңбамыз, Туымыз, Ата заңымыз, Әнұранымызды бойындағы бойтұмарындай сақтап қана қоймай, қашанда еліміздің, жеріміздің еркіндігін сақтар мықты ұрпақ, мықты азамат болатындарыңа сенімім мол. Жолдарың ашық, жарқын болсын, Тәуелсіз елдің азаматтары! 

Приложенные файлы


Добавить комментарий