8-наурыз мерекесіне арналан ис шара


8-наурыз халықаралық аналар мерекесіне арналған мерекелік кеш сценарийі
«Бүгін студияда»
Сынып жетекшісі:Ансаганова.А.Б
Фанфары.Музыка әуенімен 2 жүргізуші кіреді.
Еркебұлан: Армысың қазақ елі. Қайырлы күн,студиямызға келген ару қыздар, абзал аналар ақ жаулықты әжелер! Көктемнің жылы лебіндей келіп жеткен 8-наурыз мерекесі құтты болсын!
Еркебұлан.Қазақстан ұлттық телеарнасында «Бүгін студияда » бағдарламасы мен Еркебұлан Бегенов,және қызықты ойындар ғылымының докторы Аякөз Бейбітқызы.
Аягөз :Армысыздар құрметті көрермендер, 8-наурыз халықаралық әйелдер мейрамы құтты болсын, ал мен өз кезегімде сіздердің естеріңізге сала кеткім келеді сіздер студиямыздың парақшасына және инстаграм желісіндегі парақшамызға өз құттықтауларыңызды жіберіп,сүйікті әндеріңізге тапсырыс бере аласыздар. Бүгінгі бағдарламамыз 8 –наурыз халықаралық аналар мерекесіне арналады. Студия қонақтары Рудный қаласы әкімдігінің №14 орта мектебінің 1 «Г» сынып оқушылары өз аналарын төл мерекелерімен құттықтауға келіп отыр. Қарсы алыңыздар!
Оқушылар музыка әуенімен кіреді.
Би. Пять февральских роз
Еркебұлан:Бағдарламамызды парақшамызға келіп түскен хаттардан бастайық Рудный қаласының Ақерке, Жасұлан, Ақжан есімді тұрғындары аналарын құттықтап «Ақ мамам» әнін аналары үшін өтінген екен. Сіздердің тілектеріңіз қабылдаймыз ендеше «Ақ мамам » ән қабыл алыңыздар.
Аягөз: Осындай әдемі әннен кейін мен оқушыларға сұрақ қойсам деймін: Аналарыңыз сіздерді қалай еркелетеді? 3-4 баладан сұрап шығу.
Еркебұлан: Ал ,мен көрермен аналардан сұрап көрейін.
Аналарға сұрақ қойылады. Сәлеметсіз бе, сіз балаңызды қалай еркелетесіз?
Аягөз:Ал, мен ата-аналар мен балаларға қызықты ойын ойнауды ұсынамын.Ойын арқылы аналар мен балаларды сынап көрсем деймін. Ол үшін қазір ортаға 4 оқушы және ана шығады.Ойынымызды бастамас бұрын сіздер балаларыңызға жету үшін әр қадам аттаған сайын,жылы сөз айтуларыңыз керек. Аналары балаларының қасына барады. Сіздерге конверт беріледі, конверттің ішінде бір сурет бар, сіз балаңызға парақта не бейнеленгенін,сөйлемей ым-ишарамен, мимикамен түсіндіресіз.Қаталеспей тапқан жұпқа «Тапқыр ана» «Тапқыр бала» медальдарі беріледі.
Еркебұлан. Рахмет, қол соғып қошеметтеп отырыңыздар,бұл «Бүгін студияда» бағдарламасы, біз құттықтауларымызды ары қарай жалғастырамыз, сөз кезегін студия қонақтары Жандос, Ризат, Бибігүл,Ақылжан есімді балаларға берсек.
Ризат. Аналарды теңейміз ғой құндызға,
Күнге де, айға да, жұлдызға.
Өмір бақи анаменен
Бақытты ғой ұл-қыздар!!!
Жандос: Ананы мен жақсы көремін,
Ана шаттық, бақыт береді.
Анаменен барлық адам,
Бақытты болып жүреді.
Бибігүл: Анамыздың мерекесі
Келіп қалды жақындап
Көңілін қалай тапсам деп
Ойлап жүрім күн-түні.
Ақылжан: Мен үшін не керек - бәрін іздеп табасың.
Айналайын анашым, жұмысыңа барасың.
Қайтып мені көргенде, шын сағынып қаласың.
Аягөз:Бүлдіршіндерімізге қол соғып қошеметтеп отырыңыздар. Еркебұлан қалай ойлайсың, отбасындағы әкенің рөлі қандай?
Еркебұлан:Әке – бұл күнделікті тұрмыстағы отбасының тірегі, ақылы, күші. Әке орны қай заманда да биік болған, әрі оның орнын ештеңе толтыра алмайды. 
Аягөз:Ал сен әкеңді неге теңейсің:
Еребұлан: асқар тауға. Бұл сұрақты көрермендерімізден,оқушылардан сұрап көрсек:
Микрофонды ұсыну, оқушылардың жауаптары сұралады.
Еркебұлан. Біз әкелер жайлы әңгімені текке қозғап отырған жоқпыз.Бүгін аналар қыздар мейрамы болғандықтан студиямызға ардақты әкелерімізде тыс қалмай келіп отыр,ендеше ду қол шапалақпен қарсы алыңыздар.
Аягөз: Сәлеметсіздерме, өздеріңізді таныстырып отсеңіздер? Таныстырғанда жай таныстырмайсыздар, өз есімдеріңізге сын есімді қосып айтасыздар. Мысалы, мен мықты Еркебұлан,Әсемнің әкесімін.
Сіздер, әкелер, аналарды қыздарды музыка әуенімен мерекелерімен құттықтайсыздар.Көңілді болса көңілді дауыспен,марш әуені ойналса, салтанатты түрде,тез музыка ойналса тез сөйлеп дауыс мәнерін ырғағын өзгертесіздер.
Аягөз:Әкелердің тапқырлығына куә болдық,өнерге икемдеріңізді көрдік, ал спортқа қалай қарайсыздар? Қазір сіздермен бір ойын ойнасақ қалай қарайсыздар? Бұл ойын үшін ортаға балаларыңызды шақырамыз.Балаларыңыз шелекті ұстап тұрады,сіздер мына кішкене доптарды бір аяқпен тұрып шелекке түсіру керексіздер.
.Дайынсыздар ма, бастаймыз. Рахмет,сіздерге шағын сыйлықтарымыз бар,қабыл алыңыздар,келгендеріңізге рахмет.
Аягөз: Ал енді студиямызға келіп түскен хаттар бар екен, қазақ халқы қарты бар үйдің қазынасы бар деп бекер айтпаган, инстаграм желісіндегі парақшамызға Baidaulet.kz Rizat.nur Alikhan2009. Akylzhan.kz парақшасының қолданушылары барлық әжелерді мейрамымен құттықтап әжелеріне ұзақ өмір, көлдей көңіл шалқыған өмір , зор денсаулық тілейді екен.
Еркебұлан: Немере әже үшін баласынан өткен ыстық, ал бала тіл бал деп бекер айтпаган, бұны келесі көрініс арқылы өзім жеке басым көз жеткіздім.Ендеше сіздерді де тамашалауға шақырамын.
Еркебұлан: Қол соғып кошеметтеп отырыңыздар,көрініс «Әже мен бала».
Ақжан: Айналайын құлыншағым ботақаным қарғам менің,
Ақылжан:Жо-жоқ әже қарға болмаймын керек емес ондайдың қарға қарқ қарқ етеді алысқа ұшып кетеді.
Еркебұлан:Өте әсерлі көрініс. Мен де әжемнің қолында өсіп ержеткен ерке балаларының бірімін.
Балалар арамызда әжесінің балалары бар ма? Қане ортаға шығайық.
Ортаға шыққан балаларға сұрақ: балалар сендер әжелеріңе қандай сыйлық дайындадыңдар?
Ендеше қазір әжелеріңді қуантуга мүмкіндік бар,2 минуттың ішінде мына макарон өнімдерін жәпке тізіп әжемізге алқа жасаймыз.
Жасаған алқаларын әжелерінің мойнына тізеді.
Еркебұлан: әжелер орындарыңызға отыра беруге болады,немерелеріңіз бүгін қолдарынан келгенше қолдарынан алқа жасап жатыр,немерелеріңіз өсіп ержетіп сіздерге алтыннан алқа кигізсін.
Аягөз: Құрметті көрермендер қазір қысқа жарнама жарнамадан соң хабарымызды ары қарай жалғастырамыз.
Жарнама -1
Бауырсақ,ойнап кіріп келеді алдынан қасқыр шығады.
Қасқыр: бауырсық,бауырсақ менің қарным аш мен сені жеймін!
Бауырсақ: тоқта, қасқыр,міне сникерсті көр.Қасқыр бір тістейді.
Бауырсақ: қалай жақсы ма?
Қасқыр: ия,
Бауырсақ: аш болсаң сен өз өзіңе ұқсамайсың тежелме сникерс же.
Қолдарындағы сникерсті көрсетеді.
Жарнама -2
Мақта кыз : Кіріп келеді, еденді көреді кір саусағы көріп шошып кетеді,
Мысық әй, мысық- шақырады. Қарашы мен үйді кеше ғана жинап қойдым,саған тентек болма деп едім,бұл сенің не істегенің қазір мен сенің өткендегідей құйрығыңды кесіп аламын. Оййй мен мына кірді анам келгенше қалай тазартып бітіремін?
Мысық, саспа мақта қыз, мен бір шешімін білемін.
Сиқырлы таяқшамен сермейді.
Мақта қыз айналады, таң қалып керемет, кір тіпті болмағандай.
Мысық: Мистер пропер- нағыз тазалық кепілі. Әлемдегі №1 құрал.
Еркебұлан :Хабарымызға енді қосылған көрермендердің назарына бұл бүгін студияда бағдарламасы мен Еркебұлан Бегенов және студия қонақтары 1 «г» сынып оқушылары.
Аякөз Бейбітқызы сөз кезегі өзіңізде.
Аягөз: бүгін студиямызда оқушылардан тыс эстарада жұлдыздары да келіп жетті жаңа ғана пойыздан түсіп келе жатыр, оған дейін мен ортаға ата-аналарды шақырғым келіп отыр.Бізге 4 жұп керек. Ең алдымен жеребе алсаныздар, 1 жұп парақтарыңызда не жазылған, 2 3 4 . Біз ата аналармен «Жұлдызды отбасы » конкурсын жүргіземіз. Сіздерге эстарада жұлдыздарының әні қосылады,сіздер соған сай қимыл жасайсыздар.
Беркут пен Аиша
Тоқтар мен Бейбіт
Торегали мен Ерке
Кешью тобы.
Енді қай жұп ең жақсы өнер сөрсетті, мен жұлдыздарды атаймын сіздер қол шапалақтап дауыстап қошемет көрсетесіздер.
Сыйлықтарын беру. Сіздерге алыстан ат терлетіп келгендеріңізге көп рахмет айтып сыйлықтарыңызды табыстаймыз.
Беркут пен Аиша сіздер шет елге саяхаттағанды жақсы көретіндеріңізді білеміз.Сіздерге Мальдив аралдарына 2 адамға арналған жолдама.
Тоқтар мен Бейбіт сіздер талай жылдан бері қазақ сахнасындағы жарасымды тәтті жұптардың бірісіздер,сіздерге мынадай тәтті сыйлықтарымыз бар.
«Алло» деп ән салып жүрген Төреғали мен Еркеге «Билайн» компаниясынан 2 адамға аралған 1 жылға шектеусіз,қоңыраулар,смс-хабарламалар сыйлыққа қабыл алыңыздар.
Кешью қыздарына да сыйлығымыз бар, осылай әдемі болып жүре беріңіздер.
Орындарыңызға жайғасыңыздар.
Еркебұлан: Ал бізге келіп түскен хаттардың бірін оқып жіберейін,жалпы келіп түскен хаттар өте көп екен. Аружан,Санжар,Нуржас,Асылжан есімді оқушылар аналарына жылы лебізін білдіріп әсерлі ән қоюмызды өтініпті, ссөздеріңізді жерге тастамаймыз, қарсы алыңыздар ән «I love my mommy»
Аягөз: Студиямыздың қонағы бүгінгі мереке иелері ардақты аналар осындай әсерлі әннен кейін, балаларыңыздың сіздерге арнаған шағын сыйлығын қабыл алыңыздар.Біздің студиямызда аналарға ыстық тілекте, әсем әнде, көңілді би де бар.
Еркебұлан: Аналарымызбен қоса сыныбымыздың ару қыздарын назарымыздан тыс қалдырмаймыз, кішкене аруларды құттықтауға сынып ұлдарын шақырамыз.
Ұлдар би. Аптаун фанк
Еркебұлан: Қыздарымызға сыйлықтарын табыстайық.
Кұрметті көрермендер студия қонақтары бүгін студияда бағдарламасының 8 –наурызға арналған саны аяқталуға жақын, алтын уақыттарыңызды бөліп келгендеріңізге рахмет.
Аягөз: Қош сау болыңыздар,еліміз тыныш аспанымыз ашық болсын.
Қолданылған ақпарат көздері: zharar.kz


Приложенные файлы


Добавить комментарий