Суды кермектігі саба жоспары


Күні: 10.02.17ж Пәні:химия Сыныбы:10
Сабақтың тақырыбы: Судың кермектілігі, оны жою жолдары. Кальцийдің биологиялық рөлі.
Сабақтың мақсаты: а) Судың кермектілігін жан-жақты түсіндіріп, химиялық реакция түрінде жазу.
б)Магний және кальций қосылыстарының биологиялық маңызы мен қолданылуы туралы мағлұматтарын кеңейту.
в)Экологиялық тәрбие беру.
Сабақтың түрі: жаңа сабақ
Сабақты ұйымдастыру формалары:Түсіндірмелі, сұрақ-жауап, жеке оқушылармен жұмыс, есеп шығару.
Сабақтың барысы:
А) Ұйымдастыру кезеңі:
1. Үйге берілген тапсырманы сұрау:
1. Сілтілік жер металдарды ата (кальций - Са, странций – Sr, барий – Ва, радий - Rа)
2. Кальцийге периодтық жүйе бойынша сипаттама бер
ІV - период, ІІ - топтың негізгі топша элементі. № 20 элементі,, Аr ( Са) – 40
3. Кальцийдің атомдық құрылысына тоқталу 40 /20 Са ( 20 р, 20n) 20е
4. Кальцийдің физикалық және химиялық қасиеттерін ата?
Жаңа сабақ. Табиғатта таза су кездеспейді: оның құрамында қандай да бөгде заттар болады. Табиғи су топырақпен жанасқанда одан гидрокарбонаттар мен басқа тұздарды шаяды. Мұндай суды кермек су деп атайды. Кермек суда ет, көкөніс және жармалар нашар піседі, сабын нашар көбіктенеді, ерімейтін тұздар шөгінді түрінде жиналады. Кермек су шәйнекте және жылу қондырғыларының жүйесінде, бу қазандықтарында қақ түзеді, нәтижесінде олар өте қатты қызып, қопарлуы мүмкін.
Кальций және магний тұздары судың кермектігін тудырады. Кермектіктің екі түрі болады: Суда Mg, Ca гидрокарбонаттары болса, уақытша немесе карбонаттық кермектік, ал сульфаттар хлоридтер болса, тұрақты, яғни бейкарбонатты кермектік деп аталады. Cудың кермектігі— құрамында кальций (Са2+) мен магний (Мg2+) иондарының (негізінен карбонат түрінде) болуынан қалыптасатын судың қасиеті. Табиғи сулар кермектік дәрежесіне қарай бес топқа бөлінеді:
1.өте жұмсақ су (1,5 миллиграм-эквивлентке дейін)
2.жұмсақ су (1,5-3,0 миллиграм-эквивлентті)
3.орташа кермек су (3,0-6,0 миллиграм-эквивлентті)
4.кермек су (6,0-9,0 миллиграм-эквивлентті)
5.өте кермек су (9,0 миллиграм-эквивленттен жоғары) болып бес топқа бөлінеді. Қазақстанда ауыз су ретінде жалпы кермектігі 7-20 миллиграм-эквивлентті табиғи сулар пайдаланылады.
Судың жалпы кермектігі уақытша және тұрақты кермектік болып бөлінеді.
Уақытша кермектікті жою әдістері:
Са(НСО3)2СаО + Н2О + СО2
Mg(НСО3)2Mg(OH)2 + 2СО2
Са(НСО3)2 + Са(ОН)2 2CaCO3 + 2H2O
Mg(НСО3)2 + 2Са(ОН)2Mg(OH)2 + 2CaCO3 + 2H2O
Тұрақты кермектікті жою әдістері:
CaCl2 + Na2CO3 CaCO3 + 2NaCl
MgSO4 + Na2CO3 MgCO3 + Na2SO4
Бекіту. (слайдтан тапсырмалар)
Химиялық сүттің формуласы
Шәйнектегі қақты қалай кетіруге болады?
Ең таза су не деп аталады?
Үйге тапсырма: § 5,5. Қазақстан өзен көлдерінің кермектілігі туралы мәліметтер жинақтап келу

Приложенные файлы


Добавить комментарий