Кшпелілерді андай салт-дстрлері бгінгі кнге дейін саталды 5-сынып саба жоспары


Сабақ жоспары
Ұзақ мерзімді жоспарлаудың бөлімі: 5.2А
Ежелгі көшпелілер өмірі Мектеп: №3 Аршалы орта мектебіКүні: 14.07.2017 Мұғалімніңаты-жөні: Муратова М.А.
Сынып: 5 Қатысқандар саны: 12
Қатыспағандар саны:
Сабақтың тақырыбы: Көшпелілердің қандай салт-дәстүрлері бүгінгі күнге дейін сақталды?
Осы сабақта қол жеткізілетін оқу мақсаттары 5.2.1.2 – ежелгі тайпалардың дүниетанымын сипаттауСабақтың мақсаты Барлық оқушылар: Ежелгі тайпалардың дүниетанымын сипаттай алады. Салт-дәстүрдің мағынасын ашып айтады.
Көпшілігі: Көшпелілер салт-дәстүрлерінің маңызын ашып айтады, сахналап көрсетеді.
Кейбір оқушылар: Көшпелілер салт-дәстүрлерін қазіргі салт-дәстүрлермен салыстырады, талдау жасайды.
Ойлау дағдыларының деңгейлері Білу, түсіну, қолдану
Тарихи концепт -ұқсастық және айырмашылық
-дәлел .
Бағалау
критерийлері Ежелгі тайпалардың дүниетанымын сипаттайды;
Салт-дәстүрдің мағынасын аша біледі;
Салт-дәстүрлердің көшпелілер дүниетанымына әсерін анықтайды;
Көшпелілердің салт – дәстүрлерінің маңызын түсінеді;
Салт-дәстүрді сахналап көрсетеді;
Көшпелілер салт-дәстүрлерін қазіргі салт-дәстүрлермен салыстырады.
Тілдік мақсаттар
Кілттік сөздер: салт-дәстүр, Наурыз, көкпар, саятшылық
Жазылым дағдысы: 1-2 тапсырмалар (жұптық, топтық жұмыс)
Айтылым дағдысы: «Еркін әңгіме» әдісі бойынша өз ойларын айту,
1-4 тапсырма, проблемалық сұраққа талдау жасау (жеке, топтық жұмыс)
Оқылым дағдысы: мәтінмен жұмыс, 1-3 тапсырмалар (топтық, жұптық жұмыста)
Тыңдалым дағдысы: 2 -4 тапсырма, анықтамаларды тыңдау (жеке жұмыс)
Жазылым-айтылым, оқылым –айтылым, жазылым –айтылым, көрсетілім-жазылым.
Құндылықтарға баулу
- Отансүйгіштік;
- ұлттық сана – сезім;
- шығармашылық және сын тұрғысынан ойлау;
- қарым-қатынас жасау қабілеті;
- өмір бойы оқуға дайын болу.
Пәнаралық байланыстарҚазақ әдебиеті
Бастапқы білім Көшпелілер шаруашылығы мен көшпелілер баспаналарының ерекшеліктерімен танысқан.
Сабақ барысыСабақтың жоспарланған кезеңдері Сабақтағы жоспарланған іс-әрекет
РесурстарСабақтың басы
2 минут

5 минут
3 минут
3 минут
Оқушылармен сәлемдесу. «Амандасу» тренингін өткізу арқылы жағымды психологиялық ахуал қалыптастыру. Оқушыларды мақал-мәтелдер тіркесін тарату арқылы 3 топқа бөлу.
«Қар көшкіні» әдісі арқылы сұрақ жауап өткізу41275741045. Қолдарындағы қар кесегін бір-біріне лақтыра отырып сұрақтар қояды.
ҚБ: лайк, дизлайк.
Қызығушылықты ояту «Ойлан, тап!»
Оқушылардың сабақ қызығушылығын арттыру және сабақ тақырыбына шығу мақсатында, оқушылардың назарына суреттер ұсынылып, сұрақ қойылады.
Суреттен нені байқап тұрсыңдар?

Оқушыларды сабақтың тақырыбымен, оқу мақсаттарымен және бағалау критерийлерімен таныстыру.
Оқушыларға жетелеуші сұрақтар қойылады.
Салт-дәстүр дегеніміз не?
Біз қандай салт – дәстүрлерді білеміз?
Оқушылар салт - дәстүрлер туралы БББ стратегиясын толтырады.
БілемінБілгім келедіБілдімМақсаты: Бұл әдіс оқушылардың өздерінің қазіргі білім деңгейін, оларда қандай олқылықтар бар екенін анықтауға; өз оқуының табысты болуын қамтамасыз ету мақсатында жоспарлауға және зерттеуден кейін қандай жаңа ақпарат зерделенгенін талдауға арналған стратегия ретінде пайдаланылады. Үлестірмелі материал
Суреттер
Қазақстан тарихы
Жалпы білім беретін мектептің 5 сыныбына арналған оқулық
С.Р.Ахметова, А.М.Ибраева, А.С.Мағзұмова, А.М.Марқабаева – Астана: НЗМ, 2017
Сабақтың ортасы

7 минут
8 минут
10 минут Бүгінгі сабағымыздың зерттеу сұрағы:
Көшпелілердің қандай салт – дәстүрлері бүгінгі күнге дейін сақталды?
«Үш қадамдық сұхбат» әдісі Төрт адамнан тұратын топтарды жұптарға бөлеміз:
А және Ә, Б және В.
1-қадам. А Ә-дан сұхбат алады, ал Б В-дан сұхбат алады.
2-қадам, керісінше. Ә А-дан сұхбат алады, ал В Б-дан сұхбат алады.
left7651753-қадам. Әр оқушы өз жұбы туралы ақпаратпен төрт адамдық топ ішінде бөліседі.
Мақсаты:
Ақпарат алу, терминдерді түсінуді дамыту, алынған ақпаратты өңдеу және талдау дағдыларын, бақылаушы рөлі арқылы өзінің іс-әрекеттеріне талдау жасау дағдыларын дамытуға бағытталған тәсіл.
«Айналмалы бекет» әдісі
Барлық оқушылар:
Топтар бірлесе отырып бекеттер тақырыптарына байланысты өз ойларын жазып өтеді. Өз орындарына келген топ беккеттерінде жазылған тұжырымдарды қорытындылап, өз ойларын қосып ортаға салады.
1-бекет «Көшпелілер дүниетанымы»
2-бекет «Көкпар»
3-бекет «Саятшылық»
Дескриптор:
-Ежелгі тайпалардың дүниетанымын сипаттайды
-Салт-дәстүрдің мағынасын аша біледі
-Көкпар ойынының ерекшеліктерін атап айта алады
-Құсбегі сөзіне анықтама бере алады
-Саятышылық кәсібінің мәнін анықтайды
ҚБ: «Бағдаршам» әдісі арқылы
34315402939415«РАФТ» әдісі
Көпшілік оқушылар:
152401405255Топтарға салт-дәстүр атауы жазылған қағаз беріледі. Олар көрініс ретінде бейнелейді. Көрші топ қандай дәстүр екендігін тауып, маңыздылығын айтады.
Дескриптор:
-Салт-дәстүрлерді атап айта алады
- Көшпелілердің салт – дәстүрлерінің маңызын түсінеді
-Салт-дәстүрді сахналап көрсетеді
ҚБ: «смайлик» арқылы Қазақстан тарихы
Жалпы білім берет ін мектептің 5 сыныбына арналған оқулық
С.Р.Ахметова, А.М.Ибраева, А.А.Құлымбетова, А.С.Мағзұмова, А.М.Марқабаева – Астана: НЗМ, 2017
Ежелгі Қазақстан тарихы:
Жалпы білім беретін мектептің 6-сыныбына арналған оқулық
Т.С. Садықов, Ә.Т. Төлеубаев, Ғ. Халидуллин, Б. Сәрсекеев. – алматы: Атамұра,
Мәтін
Сабақтың соңы
3 мин
2 минут

2 минут Кейбір оқушылар:
«Еркін әңгіме»
Сауалдар төңірегінде өзара пікір алмасу
- Бүгінгі күні көшпелілердің қандай салт – дәстүрлері сақталған?
28019142232623300730300355-Салт-дәстүрлердің көшпелілер дүниетанымына әсері қандай болды?
ҚБ: «алақан-жұдырық» әдісі арқылы
Дескриптор:
-Көшпелілер салт-дәстүрлерін қазіргі салт-дәстүрлермен салыстырады
-Бүгінгі күнге дейін сақталған салт-дәстүрлерді атап айта алады
-Салт-дәстүрлердің көшпелілер дүниетанымына әсерін анықтап айта алады
«БББ» стратегиясын толтырады
Білемін Білгім келеді Білдім
Кері байланыс
«Баспалдақ» әдісі бойынша кері байланыс алу
146051663700Үйге тапсырма: «Отбасымның салт-дәстүрлері» тақырыбына эссе жазу Саралау –оқушыларға қалай көбірек қолдау көрсетуді жоспарлайсыз? Қабілеті жоғары оқушыларға қандай міндет қоюды жоспарлап отырсыз? Бағалау – оқушылардың материалды меңгеру деңгейін қалай тексеруді жоспарлайсыз? Денсаулық және қауіпсіздік техникасының сақталуы
Жалпы сабақ барысында тапсырма, дереккөздермен жұмыс қолданылды. Диалог және қолдау көрсету.
«БББ» кестесін толтыру
Бұл әдіс оқушылардың өздерінің қазіргі білім деңгейін, оларда қандай олқылықтар бар екенін анықтауға; өз оқуының табысты болуын қамтамасыз ету мақсатында жоспарлауға және зерттеуден кейін қандай жаңа ақпарат зерделенгенін талдауға арналған стратегия ретінде пайдаланылады.
«Үш қадамдық сұхбат» әдісі
Ақпарат алу, терминдерді түсінуді дамыту, алынған ақпаратты өңдеу
және талдау дағдыларын, бақылаушы рөлі арқылы өзінің іс-әрекеттеріне
талдау жасау дағдыларын дамытуға бағытталған тәсіл.
«Айналмалы бекет» әдісі
Бұл әдіс арқылы оқушылар алған білімдерін жинақтап, ойларын қорытындылайды.
«РАФТ» әдісі
Рафт оқушылардың тілін дамытады, қиялын өрбітеді, өз ойларын ортаға салады, салт-дәстүр жөнінде түсініктері дами түседі.
Үйге тапсырма: «Отбасымның салт-дәстүрлері» тақырыбына эссе жазу Оқушылардың оқытудың қандай деңгейде тұрғаны, қандай бағытта даму керек және қажетті деңгейге қалай жету керектігін анықтау үшін өзін-өзі және өзара бағалаудың түрлі әдістерін ұйымдастырдым. Әр тапсырма бойынша қалыптастырушы бағалау түрлері болды.
Өзін-өзі бағалау, өзара бағалау.
Бармақ көрсету әдісі арқылы
«алақан немесе жұдырық» арқылы бағалайды
473075-15875
1000760-195580
«Бағдаршам» түстерімен мұғалімнің бағалауы
«Қызыл түс» ­ 1 сұрақ қамтылған
«Сары түс» ­ 2 сұрақ қамтылған
-6350-438785«Жасыл түс» ­ барылық сұрақтар қамтылған
Сабақ басында оқушылардың ойын жинақтау үшін сергіту сәті өткізіліп, психологиялық ахуал қалыптастыру. Топтық жұмыс. Жас ерекшелігіне қарай тапсырмалар дайындау.
Сабақ бойынша рефлексия
Сабақ мақсаттары/оқу мақсаттары дұрыс қойылды. Оқушылардың барлығы ОМ қол жетті.
Сабақта саралау дұрыс жүргізілді.
Сабақтың уақыттық кезеңдері сақталды. Бұл бөлімді сабақ туралы өз пікіріңізді білдіру үшін пайдаланыңыз. Өз сабағыңыз туралы сол жақ бағанда берілген сұрақтарға жауап беріңіз.
Жалпы баға
Сабақтың жақсы өткен екі аспектісі (оқыту туралы да, оқу туралы да ойланыңыз)?
1:
2:
Сабақты жақсартуға не ықпал ете алады (оқыту туралы да, оқу туралы да ойланыңыз)?
1:
2:
Сабақ барысында сынып туралы немесе жекелеген оқушылардың жетістік/қиындықтары туралы нені білдім, келесі сабақтарда неге көңіл бөлу қажет?

Приложенные файлы


Добавить комментарий