Презентация по самопознанию на тему Рухани адамгершілік білімні азіргі лемдегі басымдылыы


Чтобы посмотреть презентацию с картинками, оформлением и слайдами, скачайте ее файл и откройте в PowerPoint на своем компьютере.
Текстовое содержимое слайдов презентации:

Рухани адамгершілік білімнің қазіргі әлемдегі басымдылығы ЖОСПАРЫ Рухани тәрбиенің маңыздылығыАдамгершілік тақырыбы - мәңгілік. Адамзаттың жаһандық мәселелерінің рухани-адамгершілік сипаты «Отбасында, мектепте, қоғамдық орындарында үлкендер мен бала арасындағы сыйластық, махаббат пен мейірімділік, шапағат шуағы мен ізгілік нұрына бөленуі тиіс. Өйткені біз баланы адал еңбек етіп, елін, халқын сүюге тәрбиелеп отырмыз. Сондықтан ұл – қызымызға көзбе - көз айтқан сөзіміз, берген тәрбиеміз жүректен-жүрекке жетсе, қандай ғанибет.»  Сара Алпысқызы Бала кезде үш жастан он екі жасқа дейінгі аралықта әр адам өзінің рухани дамуына қажетті нәрсенің бәрін де ертегіден алады.  Ертегінің рухани тәрбиелік мәні зор. Ол балаға рухани ләззат беріп, қиялға қанат бітіретін, жас баланың рухының өсіп жетілуіне қажетті нәрсенің мол қоры бар рухани  азық – деп атап көрсеткен болатын. Рухани тәрбиенің маңыздылығыВасилий Сухомли́нский1918-1970жж Руханилықтың негізінде адамның мінез-құлқы қалыптасады, ар - ұят, өзін - өзі бағалау және адамгершілік сапалары дамиды. Мұның өзі мейірімділікке, ізгілікке шақырады. Абайдың адамгершілік, әдептік нормаларыІ-талабы - мораль жағынан ұстамды, таза болу, сыпайы мінезді, жақсы құлықты, әділетшіл, шыншыл болу. Әдепсіз, арсыз, байлаусыз, сұрамсаң, өсекші, өтірікші, алдамшы, кеселді сияқты жаман мінездер мен әдеттерден, жарамсыз қылықтардан сақтанып, өзін одан жоғары санап, ондай қылықтарды бойына лайықсыз көрсе ғана, адам парасатты болады . ІІ- талабы - тұрақтылық, "Қылам дегенін қыларлық, тұрам дегеніне тұрарлық, мінезде азғырылмайтын ақылды, арды сақтарлық беріктігі, қайраты бар болсын" дейді. ІІІ-талабы - әділетшілдік. Әлеуметтік міндеті - дүниені белсене құрушы адамның бірі болып, халқы, Отаны үшін қызмет істеуі.Абай Құнанбаев1845-1904жж Адамгершілік тақырыбы - мәңгілік. Жас ұрпақтың бойына адамгершілік қасиеттерді сіңіру - ата-ана мен ұстаздардың басты міндеті. Адамгершілік әр адамға тән асыл қасиеттер. Адамгершіліктің қайнар бұлағы - халқында, отбасында, олардың өнерлерінде, әдет-ғұрпында. Әр адам адамгершілікті күнделікті тұрмыс — тіршілігінен, өзін қоршаған табиғаттан бойына сіңіреді.  «Мен үш қасиеттімді мақтан тұтам»Олар:жалған айтпадым;жақсылықты сатпадым; һәм ешкімнен ештеңені қызғанбадым.  Рухани – адамгершілік – адамдарға деген ізгі ниеттілік, құрмет, жанашырлық пен сенім, кеңпейілділік, басқалардың мүддесі үшін жан аямаушылық сияқты жеке қасиеттерді қамтиды. Бір минутқа да күмәнданбаймын осы бір болмыстың барлық ежелгі сұрақтарына жауап беру үшін жалпыадамзаттық құндылықтарды жаңғырту керек, өзіңнің бастауыңа оралуың қажет.С. А. Назарбаева «ӨЗІҢДІ ӨЗІҢ ТАНЫСАҢ ІСТІҢ БАСЫ...» Ш. Құдайбердіұлы( 1858-1931) Ол бүкіл батыс Европа, Шығыс елдері ғалымдарының, философтарының еңбектерін зерттейді және өз тұжырымын жасайды. Мысалы: «Үш анық» еңбегінде, жалпыадамзатты жаратушы бір күш бар – ол бірінші анық- дейді. Ал, рух өлмейді,  жан мәңгілік - бұл екінші анық - деді. Үшінші анық - ар-ұждан деп, оны білімнен де, ғылымнан да, бәрінен де жоғары қояды.Жалпыадамзаттық құндылықтар адам бойында  тумысынан болады. Рух дегеніміз жалпыадамзаттық құндылықтардың жиынтығы. Жалпыадамзаттық құндылықты оқыту Оқыту үрдісіне  жалпыадамзаттық құндылықтарды енгізу арқылы адамның рухани өсуіне жағдай жасаймыз. Мәңгілік құндылықтар білімнің негізгі өзегі болып табылады. Жалпыадамзаттық құндылықтарды адамның бойынан жарыққа шығару  ізгілікке апарады, яғни, мінезін өзгертуге болады. Адамның жақсылыққа ұмтылуы, ақиқатқа жүгінуі оның болмысынан ішкі жан дүниесінде бес құндылықтың бар екенінің дәлелі.МЕЙІРІМДІ МІНЕСІЗ АДАМ БІЛІМДІ АДАМ БОЛЫП САНАЛМАЙДЫ. Қазіргі замандағы жаһандық мәселелерЖаһандану ұғымы, жалпы алғанда, әлемдік өркениеттің аса маңызды өлшемдерінің жалпыадамзаттық өлшемге ие болуы деп түсіндіріледі.Бүкіл әлемдік даму үдерісі жаһандануға алып келмей қоймайды. Бұл үдеріс бүкіл әлемдік жалпыадамзаттық құндылықтардың тұтастығын талап етеді. {5C22544A-7EE6-4342-B048-85BDC9FD1C3A}Жеке тұлғалықҚоғамдықЭкологиялық1. Интеллектуалдық1. Экономикалық1. Ресурстық2. Эмоционалдық2. Саяси2. Табиғи3. Тәндік3. Мәдени3. Климаттық4. Отбасылық5. Білім беруДағдарыс ДағдарысЖЕКЕ ТҰЛҒАЛЫҚҚОҒАМДЫҚЭКОЛОГИЯЛЫҚАдамдар арасындағы өзара байланыстың субьективті бастан өткеріліп, обьективті түрде бірлескен іс-әрекет пен қарым-қатынас үрдісінде адамдардың бір-біріне әсер етуі тәсілдерімен және мінез-құлықтан көрініс береді.Қоғамдық дағдардыстың себебі болып қоғамдық қатынастардың барлық түрлерінде көруге болады.Табиғи байлықтың өзгеруіне, ресурстарға, қоршаған ортаның ластануына,табиғи байлықтардың азаюына, табиғи байлықты қолдану туралы заңына байланысты дағдарыс.     ЖЕКЕ ТҰЛҒАЛЫҚҚОҒАМДЫҚЭКОЛОГИЯЛЫҚАдамдар арасындағы өзара байланыстың субьективті бастан өткеріліп, обьективті түрде бірлескен іс-әрекет пен қарым-қатынас үрдісінде адамдардың бір-біріне әсер етуі тәсілдерімен және мінез-құлықтан көрініс береді.Қоғамдық дағдардыстың себебі болып қоғамдық қатынастардың барлық түрлерінде көруге болады. Рим клубы -1968 жылы құрылған әлемдік саяси, қаржылық, мәдени және ғылыми элитаның өкілдерінен біріктірілген халықаралық қоғамдық ұйымҒылыми-техникалық революция дәуіріндегі адамзат дамуының ерекшеліктерін терең түсіну мақсатында итальяндық экономист А. Печчеи Рим клубы президентіне сайланды. Оған әлемдегі 30 дамыған елдердің 100-ге тарта белгілі ғалымдары, қоғам қайраткерлері, бизнес өкілдері енген. Рим клубының негізгі бағыттары:адамның қажеттіліктері мен тұтынушылықтарына шек қою.1972 жылы Рим клубы алғашқы баяндамасында:*табиғи ресурстардың сарқылғандығы, апатты жағдайлардың орын алғандығы көрсетілген. Нәтижесінде көптеген елдерде қоршаған ортаны қорғау туралы заңдар қабылданды. Тұтынушылық идеология тұлғаның рухани дамуына нұқсан келтіреді.Шығу жолы: «жаңа аскетизм» идеологиясын қабылдау.Материалдық құндылықты рухани құндылыққа қайта бағдарлау қажет. А.Печчеи: Адам өзін-өзі өзгертуді ойлауы керек. Өндірістің ұлғаюын тежеп, тұтынушылық идеологияны рухани жетілуге қайта бағыттауы тиіс. Мәселенің шешімі – адамның рухани дүниесінде.Философтардың пікірінше, адамзаттың ең негізгі, өзекті мәселелері экономикалық та, саяси да, ғылыми да емес, ең бірінші - рухани-адамгершілік. Жаһандық мәселелерді тек адамның қасиеттерін өзгерту арқылы ғана шешуге болады. Ол үшін жаңа гуманизм қажет. Оған кіретін құндылықтар:жаhандық ( ақиқат, тыныштық); - әділетке деген сүйіспеншілік (сүйіспеншілік, дұрыс әрекет); - зорлыққа наразылық білдіру; (қиянат жасамау); Адамның жаны тыныш болса, отбасында татулық орнайдыОтбасында тыныштық болса, қоғамда татулық орнайдыҚоғамда тыныштық болса, мемлекетте татулық орнайдыМемлекетте тыныштық болса, бүкіл әлемде татулық орнайды «Өзін-өзі тану әлемінде әр баланы керемет рухани күш иесі деп қарап қуаттандырсақ, жүрегі нұрға толы, жан-жағына шуағын шашып тұрған мейірімді адал, елін, жерін, тілін, отбасын сүйетін адал адам тәрбиелейтініміз сөзсіз.» С.А.Назарбаева«Өзін-өзі тану»жобасы аясында іске асып жатқан рухани-адамгершілік білім жүйесінің мәні ерекше. Адамдар мені түсінбесе қапаланбаймын, керісінше мен оларды түсінбесем, қапаланамын.Жақсы адам барлығын өзінен іздейді, ақымақ адам оларды басқадан іздейді... Өте ақылдылар мен өте ақылсыздар ғана өмірде өзін-өзі өзгерте алмайды. Өте шыншыл бол, үйренгенді сүйе біл, өлімге дейін берік болып, жақсарған үстіне жақсара түс. Кім қателігін түзетпесе, сол үлкен қателік.КонфуцийБ.з.б 551ж Кімде-кім өзін - өзі тани білсе ол өзінің не істей алатынын және не істей алмайтынын түсіне біледі. Соның нәтижесін де бақытты өмір сүре отыра , өмірде қателікке бой алдырмай бақытсыздықтан айналып өте алады. Осы артықшылығының арқасында біреудің құндылығын көре алады және оны өз қажеттілігіне қолдана алады”. Сократб.д.д. 470-399 “Адамның жақсы өмір сүруіне үш сапа негіз бола алады, олар барлығынан басым болатын - адал еңбек, мінсіз ақыл, таза жұрек. Бұл сапалар адамды дүниеге келген күнінен бастап тәрбиелейді”Шәкәрім Құдайбердіұлы «Мен үш қасиетімді мақтан тұтам». Олар: жалған айтпадым, жақсылықты сатпадым һәм ешкімнен ештеңені қызғанбадым. Бұл үш қасиет әркімнің өз құдайы. «Өз құдайынан айырылған адам бос кеуде, өлгенмен тең»Ақан сері Қорамсаұлы «Патриотизмді, мораль мен парасаттылық нормаларын, ұлтаралық келісім мен толеранттылықты, тәннің де, жанның да дамуын, заңға мойынұсыну құндылықтарын жастардың бойына сіңіруді қамтамасыз ету керек»Қазақстан Республикасы Президентінің 2012 жылғы 27 қаңтардағы "Әлеуметтік-экономикалық жаңғырту - Қазақстан дамуының басты бағыты" атты Қазақстан халқына Жолдауынан  Әр баланы керемет рухани күш иесі деп қарап, демеу жасасақ, қуаттандырсақ, жүрегі нұрға толы, жан -жағына шуағын шашып тұрған мейірімді, адамгершілігі мол, үнемі талпынып тұратын, өз елін, өз жерін, өз  тілін, өз  отбасын сүйетін, еңбекқор, адал адам тәрбиелейтініміз сөзсіз. Көңіл бөліп тындағандарыңыз үшін рахмет!

Приложенные файлы


Добавить комментарий