Рефлексиялы есеп Сындарлы оытуды тиімділігі


Оңтүстік Қазақстан облысы
Қазығұрт ауданы
Тұрбат елді мекені
«Қазанның ХХХ жылдығы» жалпы орта мектебі
География пәні мұғалімі Тәжібай Дилорам
Шымкент қаласы «Педагогикалық шеберлік орталығы» 7-топ
Тренер: Жұманова Райхан
Тізбектелген сабақтар топтамасына бағдарламаның жеті модулі қалай және неліктен кіріктірілгені туралы рефлексиялық есеп (А)
Мұғалімдік мамандық – бұл адамтану, адамның күрделі және қызықты, шым-шытырығы мол рухани жан дүниесіне үңіле білу. Педагогикалық шеберлік пен педагогикалық өнер – ол даналықты жүрекпен ұға білу болып табылады. (В. А. Сухомлинский)
Мектеп жұмысы мен оқушы жетістіктерін өрістетудегі негізгі тұлға – мұғалім. (Strong, Ward & Grant, 2011).
Сондықтан, ұстаз заман көшінен қалмау үшін, заманауи оқушылардың қажеттіліктері мен талап-тілектерін қанағаттандыру үшін заман талабына сай өзгеріп отыруы керек. Ол үшін әрбір мұғалім әрқашан ізденісте, үнемі білімдерін жетілдіру үстінде, білікті де білімді, шыншыл да шығармашыл болуы керек. Осы орайда Қазақстан педагог қызметкерлерінің біліктілігін арттыру курстарының бағдарламасы бойынша үш айлық курстар ұйымдастырылды. Курстың негізгі міндеті – қазақстандық мұғалімдерге тәжірибелерін жетілдіру мен бағалауға көмектесу және педагогтарды қарқынды өзгеріп жатқан әлем жағдайында үздіксіз кәсіби дамуға дайындау, жаңа инновациялық әдіс-тәсілдерді қолдануға үйрету, кәсіби, теориялық және практикалық жағынан озық мұғалімдерді даярлау болып табылады.
«Ең әуелі мектепке керегі – білімді, педагогикадан, методикадан хабардар, жақсы оқыта білетін мұғалім», - деп Ахмет Байтұрсынов айтпақшы, мен де жаңаша оқыту әдіс-тәсілдерінен хабардар болып, заман көшінен қалмайын деген ниетпен осы үш айлық курстың бірінші бетпе-бет кезеңіне келіп, курстың тыңдаушысы ретінде балаларды жаңа тәсілмен оқыту, топқа бөлу, бағалау түрлері сияқты әдіс-тәсілдерді меңгердім.
Бағдарламаның түйінді идеялары мен мазмұны қазақстандық мұғалімдердің тиісті сапалық деңгейге қол жеткізуіне бағытталған. Ол сапалық деңгей мұғалім өзін кәсіби тұрғыдан ой толғауға қабілетті, өзінің оқыту және оқу тәжірибесін өзгертуге, сондай-ақ Бағдарламаның идеяларын іске асыруға, талдауға және бағалауға дайын маман ретінде таныту үшін қажет. (МАН 89 б.)
Бірінші «Бетпе-бет» кезеңінің өн бойында біз тыңдаушылар Бағдарламаның өзара байланысты жеті модулінің идеяларымен таныстық. Бұл жеті модульді тізбектелген сабақтар топтамасының жоспарына қосу арқылы өзіміздің тәжірибелік қызмет тұрғысынан жеті модульдің тұжырымдамалық идеяларын түсінетінімізді көрсетуіміз керек.
Мұғалім сабақ өткізуде оқушыларды оқуға уәждейтін және сыни ойлауды дамытуға түрткі болатын тапсырмаларды жоспарлап, өздігінен оқитын, сондай-ақ сыни тұрғыдан ойланатын оқушыларды ынталандыру үшін кәсіби әрекет ету қажет етілетін жағдайларды анықтауда түрлі әдістер мен тәсілдерді қолдануы қажет. Бағдарлама тиісті сабақтарда қарастырылатын жеті модульге сараланған. Алайда осы жеті модульде қарастырылған идеялар сабақта пайдаланылатын жекелеген стратегиялар мен тәсілдер сияқты өзара байланыста болады. Тізбектелген сабақтар топтамасына мұғалім жеті модульдің бәрін жүйелі түрде кіргізуі негізгі талаптардың бірі болып табылады.
Мен де осы талапты негізге ала отырып, тізбектелген төрт сабағымды Бағдарламаның жеті модулін кіріктіріп жоспарладым. Бірінші «Бетпе-бет» кезеңінің төртінші аптасында «Мектептегі тәжірибе» кезеңінде өтілетін төрт сабағымның орта мерзімді жоспары мен қысқа мерзімді жоспарын 8-сыныптың география пәніне құрдым. Енді осы сабақ жоспарымның балаларға білім беруде қаншалықты тиімді болатынын саралап көрейін. Мақсатым: жеті модульде қарастырылған тиімді тәсілдер мен стратегияларды іс-тәжірибеме енгізу, үнемі кері байланыс жасау арқылы сыни ойлауды қалыптастыру. Оқушыларды еркін, идеяшыл, алған ақпаратты өмірде пайдалана алатындай етіп тәрбиелеу, сөздік қорын молайту, шығармашылыққа баулу.
Орта мерзімді жоспар
Тараудың жалпы оқу мақсаты: Қазақстан аумағына жалпы шолу, елімізді зерттеуге үлес қосқан ғалымдардың еңбегімен таныстыру
Қ/с Сабақтың тақырыбы Сабақтың мақсаты Сабақта модульдердің кіріктірілуі Белсенді оқытуда қолданылатын әдіс-тәсілдер Бағалау, соның ішінде оқыту үшін бағалау Барлық оқушылармен жұмыс (тапсырмалар)
Негізгі дерек көздер, ресурстар
1 Қазақстанның географиялық орны
Мақсаты:
Қазақстанның географиялық орнының саяси және шаруашылық маңызына сипаттама береді.
Оқытудың жаңа тәсілдерін үйреніп, топпен жұмыс істеуге дағдыланады Барлығы: Қазақстанның жер көлемін, шекаралас елдерін, жер көлемі бойынша 9-орында тұратынын біледі
Көпшілігі: Қазақстанның географиялық орнымен танысады, шекарасының ұзындығын, әр елмен шекарасы қанша км-ге созылып жатқанын біледі
Кейбірі: Қазақстанның географиялық орнының саяси және шаруашылық маңызына сипаттама бере алады СТО, Оқу үшін бағалау және оқуды бағалау, оқыту мен оқудағы жаңа тәсілдер, оқытуды басқару мен көшбасшылық, АКТ, оқушыларды жас ерекшеліктеріне сәйкес оқыту мен оқу 1.Шаттық шеңберін құру
2.Сыныпты карта қиындыларынан мозайка құру арқылы 4 топқа бөлу
3. Сұрақ-жауап «Ішкі және сыртқы шеңберлер» үй тапсырмасын сұрау
4. Оқулықпен жұмыс. «Миға шабуыл»
5. Сандар сөйлейді
6. Географиялық диктант
7. Картамен жұмыс
8. ББҮ әдісі Қ/б:
өзін-өзі бағалау
өзара бағалау
«Бас бармақ» әдісі арқылы
Критерий арқылы бағалау
А деңгейіндегі оқушыға тапсырма: Картамен жұмыс Сарамандық жұмыс № 1
В деңгейіндегі оқушыға тапсырма: географиялық диктант
С деңгейіндегі оқушыға тапсырма:
Сандар сөйлейді Оқулық
Ә. Бейсенова
Қазақстанның физикалық географиясы «Атамұра» 2008
ҚР физикалық және саяси картасы
Атлас, кескін карта
2 Қазақстан аумағындағы уақыт айырмасы.
Мақсаты:
Жер шарындағы сағаттық белдеулер мен Қазақстан аумағындағы уақыт айырмасы туралы түсінік қалыптастырады, өз ойларын тиянақты жеткізуге дағдыланады Барлығы: Бүкіл әлемде уақыт бірдей өлшеммен өлшенетін
ін біледі
Көпшілігі: Әр елдің географиялық орнына байланысты белдеулік, декреттік, жергілікті уақытты ажырата алады
Кейбірі: Гринвичтік нөлінші меридианнан бастап кез келген жердің белдеулік уақытын есептеп анықтай алады
СТО, Оқу үшін бағалау және оқытуды бағалау, оқытуды басқару мен көшбасшылық, АКТ оқушыларды жас ерекшеліктеріне сәйкес оқыту мен оқу 1.Шаттық шеңберін құру
2.Сыныпты Қазақстанның қалалары жазылған стикерлер арқылы 4 топқа бөлу
3. Сұрақ-жауап «Өрмекші торы» әдісімен үй тапсырмасын сұрау
4.«Қалаларға саяхат»
5. «Киімдер тізбегі» әдісі
6.Сәйкестендіру тесті
7. Картамен жұмыс
8.«Алма ағашы» әдісі Қ/б:
өзін-өзі бағалау
өзара бағалау
Бағалау парағы арқылы
А деңгейіндегі оқушыға тапсырма: Картамен жұмыс. Сарамандық жұмыс № 2
В деңгейіндегі оқушыға тапсырма: «Киімдер тізбегі» әдісі
С деңгейіндегі оқушыға тапсырма:
Сәйкестендіру тесті Оқулық
Ә. Бейсенова
Қазақстанның физикалық географиясы «Атамұра» 2008
ҚР физикалық картасы
Дж саяси карта Атлас, кескін карта
3 Қазақ жерінің ерте кездегі географиялық зерттелуі
Мақсаты:
Қазақ жері және оның табиғат жағдайлары туралы алғашқы мағлұматтарды ұғынады, жан-жақтылыққа, ізденімпаздыққа үйренеді
Барлығы: Қазіргі Қазақстан аумағын адамдар ерте заманнан бері мекен еткенін біледі
Көпшілігі: Ұлы Жібек жолы өтетін аудандарды анықтай алады
Кейбірі: Ұлы Жібек жолы бойындағы қалалар мен ескерткіштерді картадан көрсетіп, белгілей алады СТО,Оқыту мен оқудағы жаңа тәсілдер , Оқу үшін бағалау және оқытуды бағалау, АКТ, талантты және дарынды балаларды оқыту оқытуды басқару мен көшбасшылық оқушыларды жас ерекшеліктеріне сәйкес оқыту мен оқу 1.Шаттық шеңберін құру
2. Сыныпты зерттеуші ғалымдардың атымен 4 топқа бөлу
3. «Ыстық орындық» әдісі арқылы үй тапсырмасын сұрау
4. «Айналдыру» (ротация) әдісі
5. Ассоциация құру
6. Венн диаграммасы
7. «Жаңғақ» әдісі
8. «Аяқталмаған сөйлемдер» әдісі Қ/б:
өзін-өзі бағалау
өзара бағалау
«Бағдаршам» әдісі арқылы
А деңгейіндегі оқушыға тапсырма: Ассоциация құру
В деңгейіндегі оқушыға тапсырма: Венн диаграммасы
С деңгейіндегі оқушыға тапсырма:
«Жаңғақ» әдісі Оқулық
Ә. Бейсенова
Қазақстанның физикалық географиясы «Атамұра» 2008
ҚР физикалық картасы
Дж саяси карта
4 Әбу Насыр әл-Фараби
Мақсаты:
Ғұлама ғалым Әбу Насыр әл-Фарабидің өмірі туралы түсінік қалыптастырады, еңбектеріне талдау жасайды, оқушылар өз бетінше ізденіспен шығармашылық тұрғыда жұмыс істеуге дағдыланады Барлығы: Әл-Фарабидің ғұлама ғалым екенін біледі
Көпшілігі: Туған жері Отырар қаласы екенін біледі
Кейбірі: Әл-Фараби еңбектерінің маңызын айта алады СТО, АКТ, Оқу үшін бағалау және оқытуды бағалау, талантты және дарынды балаларды оқыту,оқытуды басқару мен көшбасшылық, оқушыларды жас ерекшеліктеріне сәйкес оқыту мен оқу 1.Шаттық шеңберін құру
2. Оқушылар өз еріктерімен бірін бірі шақыру арқылы 4 топқа бөлінеді
3. «Өз жартыңды тап» әдісі арқылы үй тапсырмасын сұрау
4. «Кластер» әдісі
5. Ғалым туралы интернет желісінен қосымша мәлімет ұсыну
6. «Ия-жоқ» кестесі н толтыру
7. Семантикалық карта
8. «SMS» әдісі Қ/б:
өзін-өзі бағалау
өзара бағалау, критерий арқылы бағалау
А деңгейіндегі оқушыға тапсырма: Ғалым туралы интернет желісінен қосымша мәлімет ұсыну
В деңгейіндегі оқушыға тапсырма: «Ия-жоқ» кестесін толтыру
С деңгейіндегі оқушыға тапсырма:
Семантикалық карта Оқулық
Ә. Бейсенова
Қазақстанның физикалық географиясы «Атамұра» 2008
ҚР физикалық картасы
Дж саяси карта

Сабақтарымда жеті модульдің идеяларын қоса отырып, барынша жаңа тәсілдермен өтуді жоспарлап отырмын. «Cыни тұрғыдан ойлау – бақылаудың, тәжірибенің, ойлау мен талқылаудың нәтижесінде алынған ақпаратты ойлауға, талдауға және синтездеуге бағытталған пәндік шешім. Oл болашақта әрекет жасауға негіз бола алады. Сыни тұрғыдан ойлау көбінесе қарсы пікір айтуға, баламалы шешімдерді қабылдауға, ойлау және іс- әрекетімізге жаңа немесе түрлендірілген тәсілдерді енгізуге дайын болуға, ұйымдастырылған қоғамдық әрекеттерге және бaсқаларды сыни тұрғыдан ойлaуға бaулуды бiлдiредi» деген ұғымды негізге ала отырып, оқушылардың сыни тұрғыдан ойлау дағдыларын қалыптастыру барысында «Миға шабуыл», «Қалаларға саяхат», «Кластер», «Ассоциация», «Айналдыру» (ротация) деген әдіс-тәсілдерді қолданамын. Венн диаграммасы мен семантикалық картамен жұмыс жасауда оқушылардың белсенділігі артып, сабағымның жоғары деңгейде өтуіне зор ықпалын тигізеді деп ойлаймын. Нәтижесінде оқушылардың сын тұрғысынан ойлауының негізгі ерекшеліктері, яғни ұтымдылық, сыңаржақтылықтың болмауы, пайым, тәртіп және өзіндік сана сезімдері қалыптасады. (МАН 49б.)
Оқыту мен оқудағы жаңа тәсілдерді пайдалануда бағыт-бағдар бере отырып, өз бетінше, топпен бірлесе жұмыс жасауға, өз пікірін жеткізуге, ой-өрісін дамытуға көпірше қызметін атқарамын. Бұл модульде «Ішкі және сыртқы шеңберлер», «Жаңғақ», «Киімдер тізбегі», «Ыстық орындық», «Өз жартыңды тап», «Өрмекші торы» әдістерін пайдалана отырып, оқушылардың сөздік қорын молайтуды, Мерсер мен Литлтон өз еңбектерінде атап көрсеткендей, диалог сабақта оқушылардың қызығушылығын арттырумен қатар, олардың білім деңгейінің өсуіне үлес қосатындығын ескере келе диалог арқылы оқытуды көздеп отырмын.
Оқу үшін бағалау мен оқытуды бағалау модулі аясында мен әрбір оқушының іс-әрекетіне баға беріп отыратын боламын. Әр сабақта формативті бағалауды қолданамын. Соның негізінде суммативті бағаны шығарып отырамын. Оқушылардың бір-біріне қолдау көрсетуі, өздеріне деген сенімділігі мен сабаққа белсенділігінің артуы үшін ынтымақтастық атмосферасын қалыптастыруды да жоспарыма енгізіп отырмын. Кері байланыс ретінде «Алма ағашы», «Аяқталмаған сөйлемдер», «ББҮ», «SMS» әдістерін қолдануды жоспарладым.
Оқушылардың жас ерекшеліктеріне сәйкес оқыту және оқу модулін ықпалдастыруда Хаген мен Хейлдің (1973) зейін туралы зерттеулерін ескердім. Олар өз еңбектерінде 5-6 жасар балаларға қарағанда, ересек балалар зейіндерін тиімдірек шоғырландыра алғанын айтады. Сондықтан, осындай оқу нәтижесіндегі қорытынды тапсырмаларды балалар үшін тартымды, қызықты және оларға сәйкес келетіндей етіп жасау маңызды. (МАН 57б.). Балалардың зейіндерін шоғырландыру мақсатында «Сандар сөйлейді», ассоциация құру, сәйкестендіру тесті, «Ия-жоқ» кестесі әдістерін пайдаланамын.
Барлық мұғалімдер балаларға білім беруде барынша жоғары жетістіктерге қол жеткізу үшін қолайлы орта жасауға тырысады. Дарынды және талантты балаларға қатысты бұл – ойлауды, талқылауды және мұқият жоспарлауды талап ететін едәуір күрделі мәселе (МАН 66б.). Талантты және дарынды балаларға құрдастарының тапсырмаларынан өзгеше, анағұрлым күрделі және ынталандыратын тапсырмалар қажет деген пікірге сүйене отырып, картамен жұмыс жасауды, ассоциация құруды, ғалым туралы интернет желісінен қосымша мәлімет ұсынуды тапсырамын.
Оқыту мен оқуда АКТ- ны қолдану мұғалім үшін, оның жұмысын жеңілдету үшін маңызды көмекші құрал. Сабақтарымда қажеттілігінше интербелсенді тақтаны, ноутбук, компьютер, проектор қолдануды жоспарлап отырмын. Сабақтар топтамасында бейнекөрсетілім жасау және тапсырмалар беруде АКТ-ны пайдаланамын, сонда оқушылардың сабаққа деген қызығушылықтары артуы тиіс.
Оқу сияқты көшбасшылық та адамның тұрақты дамуға жетелейтін негізгі қабілеті болып табылады. мұғалім жүргізетін дамыту жұмысы басқаларды серіктестікке тартып, рефлексия мен өзін-өзі бағалауға қатыстыратын тапсырмаларды қамтиды. Ол мұғалім, ата-ана, оқушылар, жалпы мектеп өз тәжірибелерін жетілдіру үшін қатысатын үдерісті басқару мен басшылық етуден тұрады (МАН 82б.). Мен бірінші “Бетпе- бетте” үйренген барлық жаңа тәсілдерімді көшбасшылық жасай отырып оқушыларыма үйретемін, оқушылардың көшбасшылық қабілетін арттырамын. Көшбасшылық- мектептегі дамуды алға жылжыту болып табылады.
Болашақта әрдайым 7 модульді пайдалана отырып нәтижелі сабақ өтемін.
Қысқа мерзімді жоспар
1 сабақ
Пәні: География
Сабақ тақырыбы: Қазақстанның географиялық орны
Мектеп: «Қазанның ХХХ жылдығы» жом
Күні: Мұғалімнің есімі: Тәжібай Дилорам
Сынып: 8 Қатысқандар саны: 20 Қатыспағандар саны: -
2. Сабақ негізделген оқу мақсаты (мақсаттары) Қазақстанның географиялық орнының саяси және шаруашылық маңызына сипаттама беру
Сабақ мақсаттары Барлық оқушылар:
Қазақстанның жер көлемін, шекаралас елдерін біледі
Оқушылардың басым бөлігі:
Шекарасының ұзындығын, әр елмен шекарасы қанша км-ге созылып жатқанын біледі
Кейбір оқушылар:
Қазақстанның географиялық орнын картадан анықтап, координатасын таба алады
Тілдік мақсаты Оқушылар:
Өткен сабақты естеріне түсіре отырып, Қазақстанның жер шарындағы және Еуразиядағы орнын табады
Негізгі сөздер мен тіркестер:
Жер көлемі, шекаралас елдері, шекара ұзындықтары,табиғат зоналары
Сыныптағы диалог/жазылым үшін пайдалы тілдік бірліктер:
Талқылауға арналған тармақтар:
Қазақстанның географиялық орнының саяси және шаруашылық маңызы
Еліміз аумағының басты табиғат ерекшеліктері
Сіз неліктен ... екенін айта аласыз ба?
Себебі, еліміздің Еуразияның орталығында орналасуы саяси жағынан да, шаруашылық жағынан да маңызы зор, өзіндік табиғат ерекшеліктері бар
Жазылым бойынша ұсыныстар:
Инсерт әдісін пайдаланып, керек жерлерін түртіп алады
Алдыңғы тақырып Географиялық білім көздері
Жоспар
Жоспарланған уақыт Жоспарланған жаттығулар (төменде жоспарланған
жаттығулармен қатар, ескертпелерді жазыңыз) Ресурстар
Басталуы
5 минут
5 минут
1Ұйымдастыру кезеңі
Шаттық шеңберін құрады, сағат тілімен өзінен кейінгі балаға есімінің бас әрпімен сын есім қосып айтады. Мысалы, Ділбар – дана, Айман – аппақ ...
2.Сыныпты карта қиындыларынан мозайка құру арқылы 4 топқа бөлу
3.Сұрақ-жауап «Ішкі және сыртқы шеңберлер» үй тапсырмасын тексеру. Оқушылар бір біріне қарап ішкі және сыртқы шеңбер құрып тұрады. Ішкі шеңбердегі оқушылар сұрақ қояды сыртқы шеңбердегі оқушылар жауап береді. Жауап бере алған оқушы ішкі шеңберге өтеді. Оқулық
Карта қиындылары
Ортасы
20 минут
5 минут
6 минут
1. «Миға шабуыл»
Барлық топқа Қазақстанның географиялық орны тақырыбына тұжырымдамалық карта жасау тапсырылады. Жұмыс орындалып біткен соң топтар өз жұмыстарын тақтаға шығып қорғайды, басқа топтар «Бас бармақ» арқылы бір бірінің жұмыстарын бағалайды.
2. Сандар сөйлейді
Оқушылар берілген сандар нені білдіретінін табады
6995 1650 2724,9 7591 -132 1991 55026/ 426
3. Географиялық диктант
1) Қазақстан дүние жүзіндегі ең ірі ............... кейін 9-орын алады
2) Қазақстан батыстан шығысқа қарай ..... созылып жатыр, солтүстіктен оңтүстікке қарай ..... созылып жатыр
3) Географиялық орнына қарай республика жерінде ..... ..... ..... зоналары қалыптасқан
4) Қазақстан ........... климаттық белдеуде жатыр
5) Қазақстан мен Қытай шекарасының ұзындығы ......... .
4. Картамен жұмыс. Сарамандық жұмыс №1.
1-тапсырма. Д.ж. саяси-әкімшілік картасынан Қазақстанды тауып, шекаралас мемлекеттерді анықтап, кескін картаға түсіріңдер.
2-тапсырма. Қазақстанның солтүстік, оңтүстік, батыс, шығыс шеткі нүктелерін атлас картадан тауып, кескін картаға белгілеңдер.
3-тапсырма. Атлас картаны пайдаланып Астана мен Алматы, Шымкент пен Астана, Қызылорда мен Қарағанды қалаларының арақашықтығын есептеп шығарыңдар.
Плакаттар, түрлі-түсті маркерлер,
Интерактивті тақта
Кеспе-таратпалар
ҚР физикалық және саяси картасы
Атлас, кескін карта,
Дж саяси картасы
Аяқталуы
4 минут Кері байланыс «ББҮ» әдісі
БІЛЕМІН БІЛГІМ КЕЛЕДІ ҮЙРЕНДІМ
Кеспе таратпалар
Тізбектелген сабақтар топтамасындағы бірінші сабағымның тақырыбы «Қазақстанның географиялық орны». Мақсаты: Қазақстанның географиялық орнының саяси және шаруашылық маңызына сипаттама беру. Оқытудың жаңа тәсілдерін үйретіп, топпен жұмыс істеуге дағдыландыру.
Мен бұл сабағыма қысқа мерзімді жоспар жасауда көп ойландым. Мысалы, топқа бөлуге тоқталатын болсам, карта қиындылары арқылы мозайка құруды алдым. Кейін ойланып отырып, бұл әдіс оқушыларыма тиімсіз болады деген ойға келдім. Себебі, мозайка құрамыз деп жүріп уақыт жоғалтып аламын ба деп ойлағам, бірақ оқушыларымның айтқан нәрсені қағып алатыны есіме түсіп, ойымды өзгерттім де, сол әдісті қалдырдым. Үй тапсырмасын тексеруде «Ішкі және сыртқы шеңберлер» әдісін аламын. Бұл әдісте оқушылар бір-біріне қарап ішкі және сыртқы шеңбер құрып тұрады. Ішкі шеңбердегі оқушылар сұрақ қояды, сыртқы шеңбердегі оқушылар жауап береді. Жауап бере алған оқушы ішкі шеңберге өтеді. Бұл әдісті оқыту мен оқудағы жаңа тәсілдер модулінің сұрақ қою тәсілінде қарастырамын. Сұрақ қою маңызды дағдылардың бірі болып табылады, себебі сұрақ дұрыс қойылған жағдайда оқытудың тиімді құралына айналады және де оқушылардың оқуына қолдау көрсетіп, оны жақсарта және кеңейте алады (МАН 42б.). Сұрақтардың екі түрі бар: төмен дәрежелі және жоғары дәрежелі сұрақтар. Бірінші сабақ болғандықтан оқушылар бір-біріне төмен дәрежелі, яғни нақты жауабы бар сұрақтар қоюы мүмкін, бірақ бағыт бағдар беру арқылы жоғары дәрежелі сұрақ қоюға дағдыландырамын деген ойдамын. Сонымен қатар осы арада мен оқушыларға сұрақ қоюдың түрткі болу, сынақтан өткізу және басқаға бағыттау сияқты тәсілдерін пайдалануыма болады. Нәтижесінде мұғалім-оқушы, оқушы-оқушы арасында тиімді қарым-қатынас, жағымды ахуал қалыптасады. Жаңа тақырып бұрынғы білімге негізделіп беріледі, әрі оқушыларға түсінікті болады. Оқушылар сабақтағы жұмысын жоспарлай алады, нәтижеге жетуге ұмтылады. Жаңа тақырыпты оқушылар өздігінен зерттеп, меңгеруі үшін «Миға шабуыл» әдісін пайдаланып, барлық топқа Қазақстанның географиялық орны тақырыбына тұжырымдамалық карта жасау тапсырылады. Жұмыс орындалып біткен соң топтар өз жұмыстарын тақтаға шығып қорғайды, басқа топтар «Бас бармақ» әдісі арқылы бір бірінің жұмыстарын бағалайды. Осы тұста оқушылар бір бірінің жұмыстарын бағалауды үйренеді. Нәтижесінде оқушы – оқушы арасында диалог, ой бөлісу орын алып, әңгіменің үш түрі, яғни әңгіме-дебат, кумулятивтік әңгіме, зерттеушілік әңгіме жүруі мүмкін. Менің мақсатым оқушылардың сындарлы ойлауына және пайымдауына себепші болып, бірлескен оқу арқылы нәтижеге жеткендеріне көз жеткізу.
«Миға шaбуыл» хабaрландыруды анықтау керек болғанда немесе қатысушылардың белгілі сұраққа қатынасы кезінде қолданылады. Жұмыстың бұл нысанын кері байланыс алу үшін қолдануға да болады.
Орта білім беру жүйесінде әлемдік жоғары деңгейге қол жеткізген анағұрлым танымал оқыту әдістемелері арасында сындарлы оқыту теориясына негізделген тәсіл кең тараған (Hettie 2009) (МАН 4 бет).
Бірлескен топтық жұмыстан кейін оқушыларға деңгейлік тапсырмалар беріледі. Осы тұста мен С деңгейіндегі оқушыларға «Сандар сөйлейді», В деңгейіндегі оқушыларға «географиялық диктант», А деңгейіндегі оқушыларға картамен жұмыс жасауды тапсырамын. Деңгейлік тапсырмаларды орындау барысында С және В деңгейіндегі тапсымаларды оқушылар еш қиындықсыз орындауы мүмкін, бірақ А деңгейіндегі тапсырманы тек талантты және дарынды балалар орындай алады. Выготскийдің оқушылар нақты мақсаттарды көздеген, көбірек білетін жандармен әлеуметтік қарым-қатынас нәтижесінде ойлау және сөйлеу дағдыларын дамытады, оқушының аса епті және хабары мол адаммен интербелсенді вербалды алмасу нәтижесінде біртіндеп сыртқы, әлеуметтік-жанама диалог орнатуы, күнделікті міндеттерді шешуге қатысуы әлеуметтік тәжірибе ретінде бала бойына сіңіп, оның өз бетінше ойлануына қатысты ішкі жеке қоры ретінде қалыптасады (МАН 24б.) деген пікірін ескере отырып, осы жерде кездескен кедергіні ЖАДА ұйымдастыру арқылы, яғни тапсырманы А деңгейіндегі оқушы С деңгейіндегі оқушымен бірге отырып орындауына ықпал ету арқылы жоюыма болады деп ойлаймын.
Выготскийдің айтуы бойынша, жақын арада даму аймағы (ЖАДА) – оқушының өз бетінше шешкен міндеттердің көмегімен анықталған өзекті даму деңгейі мен үлкендердің басшылығымен және анағұрлым қабілетті жолдастарымен бірігіп шешілген міндеттер арқылы анықталатын болжамды даму деңгейі арасындағы қашықтық. Негізінде, бұл түсінік адам өз бетінше игере немесе көрсете алмайтын, бірақ біреудің көмегімен үйренуге болатын барлық білімдер мен дағдыларды қамтиды. ( МАН 24 б.)
Мұғалімдердің көпшілігі, өздерінің білімдері мен кәсіби дайындықтарына сәйкес, өздерінің жұмыстары туралы толғаныста болатыны шындық, дегенмен бұл жердегі мақсат – үдерісті жарқын бейнелі, жүйелі және басқа адаммен ортақ ету. «Рефлексиялаушы практик» деген ұғым Джон Дьюи мен Дональд Шонның жұмыстарынан шығып отыр (МАН 48 бет). Расында да бізді осы күнге дейін оқушылардың біз туралы немесе біздің сабақ өтудегі жетістіктеріміз бен кемшіліктеріміз туралы қалай ойлайтыны қызықтырады. Мен мектептегі тәжірибе кезінде өтетін әр сабағыма кері байланыстың түрлі әдістерін жоспарлап қойдым. Осы сабағымда оқушылардан кері байланыс алу үшін «ББҮ» әдісін пайдаланамын. Мақсат – оқушылардан әр сабақта кері байланыс ала отырып, келесі сабағымды жоспарлауда Джин Раддоктың «Оқушы үні» жобасын негізге алу. Сабақтарымда АКТ-ны да тиімді пайдаланып, оқушылардың бойында оқу пирамидасындағы аудио-визуалды қабылдауды қалыптастырамын деген ойдамын. Жеті модуль ықпалдастырылған сабақтарым жоспарға сай орындалса, оқытуды басқару мен көшбасшылық көрініс табады деп ойлаймын. Сондай-ақ оқушылар топпен жұмыс жасауды, топ ережесіне бағына білуді, өзін-өзі және өзгені бағалауды үйренеді. Ынтымақтастық атмосферасын қалыптастыру арқылы сабаққа ынтасы арта отырып, оқушылардың сыни тұрғыдан ойлау дағдылары дамиды деп ойлаймын және осы нәтижеге жетуге ұмтыламын.
Жеті модуль туралы терең түсіну және қолдану арқылы табысты оқытуға қол жеткізуге болады.
Пайдаланылған әдебиеттер:
Мұғалімге арналған нұсқаулық 2016ж.
Орта мерзімді жоспарлау: талап, түйсіну, рефлексия. Астана 2014ж.

Приложенные файлы


Добавить комментарий