Ата- аналар хаттамасы 2 сынып


Хаттама №1
5 қыркүйек 2017ж
«Көкөзек ауылындағы орта мектебі» К.М.М
2 сынып ата-аналар жиналысы
Қатысқандар – 109
Қатыспағандар-19Күн тәртібінде:1. 2017-2018 оқу жылындағы 2,5,7-сыныптар жаңартылған білім мазмұнына көшуі,осыған байланысты бес күндік оқуға көшу және сабақ кестесімен таныстыру.
2.Оқушылардың оқу жетістіктерін «Критериалды бағалау» тақырыбында өткізілген ата-аналарға арналған ақпаратты талқылау.
3.Жаңа бағдарлама туралы қысқаша тренинг сабақ өту.
4.Әртүрлі мәселелер.
Тыңдалды: Күн тәртібіндегі бірінші мәселе бойынша мектеп директоры Ж.Б.Манкеева
2017-2018 оқу жылындағы 2,5,7-сыныптар жаңартылған білім мазмұнына көшеді. Себебі,жаһандық өзгерістер мен әлемдік трендтер мектептегі білім беру мазмұнының жылдам қарқынды жаңаруын талап етеді. 2018-2019 оқу жылында жаңартылған білім мазмұнына 3,6,8,10- сыныптар көшеді. 2019-2020 оқу жылында 4,9,11- сыныптар. Осыған байланысты қазіргі таңда барлық мектептерде бес күндік оқуға көшуде. Осыны барлық ата –аналар білу керек екендігін ескертті.
Күн тәртібіндегі екінші мәселе бойынша бастауыш сынып мұғалімі М.Укубаева сөз сөйледі.
Білім беру мазмұнын жаңарту аясында критериалды бағалау жүйесіне көшу қарастырылған. 2017-2018 оқу жылында жаңа бағалау жүйесіне 1, 5, 7- сыныптар көшеді. 2-сыныптарда критериалды бағалау жүйесін енгізу жалғасатын болады, негізгі мақсаты сапалы бағалау мен тұлғаны дамытуды қамтамасыз етуге мүмкіндік беретін, қоршаған әлеммен тиімді өзара әрекет етуге, өздігінен білім алуға және дамуға дайын, алдына ала белгілі және нақты критерийлер бойынша объективті бағалау болып табылады. Жаңа бағалау жүйесі білім алушыда өз әрекетін бақылау мен бағалау, туындаған қиындықтардың себептерін анықтау мен қалпына келтіру қабілетін қалыптастыруға мүмкіндік береді. Критериалды бағалау білім алушылардың дағдыларының даму дәрежесін бағалауға мүмкіндік береді.
Әрбір сабақ оқыту мақсаттары мен оларға жету критерийлерін айту/көрсетуден басталуы керек. Білім алушы қойылған оқу мақсатын түсінуі, ұғынуы және оған қалай қол жеткізуге болатынын білуі тиіс.
Қалыптастырушы бағалау. Жиынтық бағалау
Өзара бағалау * Бөлім бойынша жиынтық бағалау
Өзін-өзі бағалау * Тоқсан бойынша жиынтық бағалау
Мұғалімнің бағалауы * Баллдар
Кері байланыс * Тоқсандық баға
Оқу барысында балаға қолдау көрсету және көмектесу керектігі айтылады. Баланың оқу нәтижесін қадағалау және оқу нәтижесін олармен талқылап отыру керек екендігі айтылады.
Жоғарыдағы мәселе талдана келе , ұсыныс естіледі. Жиынтық бағалау оқу бағдарламасының мазмұнын меңгеру деңгейін балл түрінде бағалау үшін өткізіледі:
оқу бағдарламасының әр бөлімін оқып болғаннан кейін
(бөлім бойынша жиынтық бағалау);
тоқсан аяғында (тоқсандық жиынтық бағалау).
Жиынтық бағалаудың балдары жиналып, тоқсан аяғында тоқсандық бағаға және оқу жылы аяғында жылдық бағаға ауыстырылып қойылады.
Күн тәртібіндегі үшінші мәселе бойынша бастауыш сынып мұғалімі С.Сембаеваға сөз берілді.
Мұғалім ата-аналар жиналысын критерийлері алдын-ала белгілі тапсырмалар тарату, дескрипторларды талқылау және ата-аналармен топтық немесе жұптық жұмыс жүргізу арқылы, сабақ түрінде өткізуіне болады. Сабақта ата-аналарға да олардың балаларына берілген сияқты өзін-өзі бағалауға, өзара бағалауға, нәтижелерді талқылауға мүмкіндіктер беріледі. Мұндай жағдайда, ата-аналар
жаңартылған оқу бағдарламалары бойынша оқу процесімен танысады, бағалау механизмдерін түсінеді, өз балаларының жетістіктерімен бөліседі, жаңартылған бағдарлама туралы практикаға бағытталған нақты ақпарат алады. Бұл тәжірибе жаңа білім стандартын ата-аналардың түсінуі мен қанағаттануын қамтамасыз етудің үлгісі болып табылады. Мұғалімге критериалды бағалауды оқу процесін барынша тиімді ұйымдастыруға болатындай түрде пайдалану, білім алушыларға дер кезінде қолдау көрсету және олардың оқудағы алға жылжуын қамтамасыз ету, мүдделі тараптарға оқу нәтижелері туралы ақпаратты беріп отыру ұсынылады.
Ата-аналар атынан Д.Дюсембаеваға сөз берілді.
Осы айтылған білім саласында болып жатқан өзгерістерге қосыламыз. Оқушылардың күнделікті сабағын үйден қадағалап , мұғалімдердің жүгін жеңілдетуіміз керек, себебі қазіргі заман талабы білімді ұрпақ екенін мойындауымыз керек.
Бұл тәжірибе жаңа білім стандартын ата-аналардың түсінуі мен қанағаттануын
қамтамасыз етудің үлгісі болып табылады. Мұғалім бағалауды өткізу кезінде тек мұғалімдерге ғана емес, сонымен қатар ата-аналар мен білім алушыларға да көмек ретінде әдістемелік материалдарды міндетті түрде пайдалануымыз керек.
Ұсыныс:
2017-2018 оқу жылында жаңартылған білім мазмұнындағы өзгерістерге байланысты  сабақ бес күндікке көшірілсін.
. Сабақ кестесін талапқа сай ережемен жасау  және оның орындалуын қадағалау оқу ісінің  меңгерушісі С.Конысоваға міндеттелінсін.
Қалыптастырушы және жиынтық бағалау бойынша ата-ана, мұғаліммен тығыз байланыста болсын.
МО жетекшісі:
Ата-ана комитеті:
Хаттама №2
28 қазан 2017ж
«Көкөзек ауылындағы орта мектебі» К.М.М
2 «Ә» сынып ата-аналар жиналысы
Жалпы ата-аналар саны – 21 Қатысқандар – 15 Қатыспағандар-6Күн тәртібінде:1.   Баяндама . «Баланың басты ұстазы ата –ана»
2.   І тоқсанының қорытындысы 
3.  Әртүрлі мәселелер.
Тыңдалды:
Күн тәртібіндегі бірінші мәселе бойынша сынып жетекшісі Укубаева Мадина Оразбекқызы . Баяндама « Баланың басты ұстазы ата –ана» Жас ұрпақ біздің өміріміздің тікелей жалғастырушы ғана емес, еліміздің тірегі, мызғымас болашағы. Адамзаттың өмірдегі ең қымбаттысы, көз қуанышы – бала. Бала – дербес тұлға. Оның бойындағы табиғи қасиеттер, адамгершілік  HYPERLINK "http://engime.org/kelisemin-bekitemin-terbie-isini-megerushisi-ameshit-auilini-1.html" құндылықтары отбасында, мектепте, әлеуметтік ортада нәрленеді. Баланың бас ұстазы – ата – анасы. Тәрбие үрдісінің бір тарауы отбасымен жұмыс десек, отбасынан басталатын тәрбие мектеп өмірінен жалғасын табады. Қазақтың отбасында өмірге келген әр бала ес біліп, етек жыйғанша, негізінен әке мен ананың тәрбиесінде болады. Бүгінгі мақсат - әрбір бала түбегейлі біліммен мәдениеттің негіздерін білу және олардың  HYPERLINK "http://engime.org/balani-bas-stazi-ata-ana-v2.html" жан - жақты дамуына ата - ана, мектеп жағдай жасауы керек. Сондықтан сіздерге балаларыңыздың мектептен барлық мүмкіндіктерді пайдаланып білім алу мен тәрбие жұмыстарына қатыстырып өзін - өзі басқаратын азамат болуына ат салысу қажет. Бала тәрбиесі отбасынан басталады. Мектепке келгеннен кейін ол мінез отбасында қалыптасқан тәрбие одан әрі жалғасады. Бір тәуліктің яғни 24 сағаттың 5 сағаты мектепте, қалғаны тәрбие ордасы, үнемі ата - ана болып қала береді. Баланың сабаққа саналы қарап озат оқушы болып өсуі, ол мұғалім мен ата - ананың бірігіп өсірген жеміс ағашы, немесе ұшқыр ұшақ жасаумен тең десем артық емес.  HYPERLINK "http://engime.org/balani-bas-stazi-ata-ana.html" Дұрыс өспеген жеміс ағашы, дұрыс жеміс бермесе қуануға бола ма? «Ата- ананың бала тәрбиесінде жіберетін қателіктер» туралы видео көрсетіледі. «Қызықты сұрақтар»Таратылған парақтарға жауап жазу1. Балаңыздың туылған күні?2. Сынып жетекшісінің толық аты жөні?3. Балаңыздың аяғының өлшемі?4. Балаңыздың парталасы кім?5. Балаңыздың сүйікті асы қандай?6. Балаңыз қандай түсті жақсы көреді?7. Балаңыз бірінші сыныпқа қай жылы барды?8. Балаңызды еркелеткенде қандай сөздер пайдаланасыз?9. Балаңызға ашуланғанда аузыңызға ең алдымен қандай сөз түседі?10. Балаңыздың ең жақын досы кім?Топтық тапсырма: 1-топ:  Жеке тұлға деген кім? 2- топ: Жеке тұлға қалыптастыруда мұғалімнің рөлі қандай? 3- топ. Жеке тұлға қалыптастыруда ата-ананың рөлі қандай? деген сұрақтарға ой бөлісіп, постер құрастырады. Тұжырымды ойларын ортаға салады. Ендеше психологиялық - педагогикалық тұрғыдан берілетін төмендегі кеңеске құлақ түріңіз: 1. Таңертең (не түсте) сабаққа барарында баланы жайлап қана оятыңыз. Сіздің биязы үніңіз бен күлкіңіз - ақ ұйқысын ашуы тиіс. Кешегі бір теріс қылықтарын айтып, басқа түкке тұрмайтын нәрсеге жүйкесін жұқартпаңыз. Тамағын ішпей жатып ұрыс - керіс ұйымдастырмаңыз.2. Егер балаңыз сабақтан кешігетіндей болып жатса, онда «Бол да болдың!» астына алып айғайламаңыз. Оны ертерек оятпаған өзіңіз кінәлісіз. 3. Баланы сабаққа (әсіресе таңертен) ашқұрсақ жібермеңіз; 4. «Бұзық болма!», «Қисалаңдамай тыныш жүр!», «Бүгін 2 алсаң құртамын!» деген ескертулерді жиі айта бермеңіз.  HYPERLINK "http://engime.org/esentaj-erbotin-mberak-jamanbalinov.html" Керісінше, оған жылу сыйлап, жақсы баға алып келуіне тілектестік білдіріңіз; 5. Есіктен кірмей жатып, «Бүгін қандай баға алдың?» деп бас салып балыңызды сұрақтың астына алмаңыз. Мектептен келген балаңызды көңілді қарсы алыңыз, оның сабақтан шаршап келгенін ескеріңіз. Егер бала әлденеге ренжіп келсе, бірдеңені айтпақшы болса, «сені тындауға уақытым жоқ» демей, арнайы көңіл бөліп, мұқият тыңдаңыз; 6. Бала бірдеңеге ашуланып жүрсе, үндемеңіз. Сабасына түскен соң, ол болған жайды өзі - ақ айтады; 7. Баланың бір қылығы үшін  HYPERLINK "http://engime.org/bauirjan-momishli-aza-halini-aarman-li-batiri.html" мұғалім сізді шақыртып алса, өзара әңгімеге баланы қатыстырмаңыз; 
Екінші мәселе бойынша ата-аналар І тоқсан қорытындысымен таныстырылды.
Осы І тоқсан бойынша 2 оқушы екпінділер қатарынан түсіп қалғанын, олардың орнына 1 оқушының озаттар қатарына қосылғанын айтып өтті. Екпінділер қатарынан түсіп қалған оқушы Қанағат Кәусардың апасына оқушының сабағына, үй жұмысын орындауына бақылау жасап, көмек көрсету керектігін айтты. Екінші оқушы Бейсембиева Айымның тек 1 ғана сабақтан 3 деген баға алуына байланысты осы сабаққа күш салуы керектігін ескертті.
Үшінші мәселе бойынша ата-аналар өздерін мазалаған кейбір мәселелер туралы сөз қозғап, сұрақтар қойды.
Келесі кезекте жаңа оқу жылы бойында балалардың сабақтан қалмай келуін қамтамасыз ету, мектеп формасын дұрыс кию, тазалығы, үлгерімі, тәртібі яғни мектеп ережесіне сай жүріп тұруы үшін сынып жетекшімен қатар ата-аналардың қадағалауы қажеттігі туралы айтылды.
Ұсыныс:
«Баланың басты ұстазы ата –ана» атты баяндама тыңдалды.
Оқушылардың сабаққтан қалмай толық дайындықпен келуі
ата- аналарға жүктелсін.
Оқушылардың мектептегі оқу үлгерімін, тәртібін қадағалау сынып жетекшісіне міндеттелсін.
Бірінші оқу тоқсанының қорытындысы бойынша табельдерге қол қойылып,балалардың сабағын үздіксіз қадағалау . 
Сынып жетекшісі:
Ата-ана комитеті:

Приложенные файлы


Добавить комментарий