«лкенге рмет-кішіге ізет» зін-зі тану пні


Құрметті оқушылар, ұстаздар бүгінгі «Үлкенге –құрмет ,кішіге- ізет» сынып сағатымызды бастаймыз.
Қайырымды бола білу үлкен іс, Үлкеге құрмет-кішіге ізет көрсетіп.
Жақсылықты жаса қолдан келсе егер,
Біле білсең өзің үшін ол жеңіс
Ізет сақта, үлкенді сыйла қашанда.
Қайырым көрсет жаны жасық адамға
Ақылмен ойлап, таразылап ісіңді
Бәріміз бірдей жаратылғанбыз ғаламда.
1.Ойы терең мұхиттай дана болғым келеді.
Көңілі аппақ сүттен де бала болғым келеді.
Адалдықты сүйетін жүрегімен, жанымен,
Бал бұлақтан мөп-мөлдір таза болғым келеді,
Қиындықтан қайтпайтын асыл болғым келеді,
Ең бастысы өмірде кісі болғым келеді.
2.Адам бойында жақсы-жаман қасиеттер болады екен.Біздің халқымызда үлкенді құрметтеп, кішіге қамқор болуға, бала кезден көп көңіл бөлінеді.Ол ананың сүтінен, үлкеннің ақылынан, ұстаздың үйреткенінен, кез келген адамның кісілігінен білінеді.
Мәселен:Жасы үлкенге иіліп сәлем беру, алдын кесіп өтпеу, алдынан барып есік ашу,үйге бұрын кірмеу, дастарханға бұрын қол созбау,үлкеннің сөзін бөлмеу, сөз жарыстырумау- жастарымыз үшін бұлжымас заң болатын. Мені өмірге әкелген, мәпелеген, өсірген әкем мен анам.Ең алдымен соларды сыйлау керек.
3.Атаң болса анаңмен-
Алтыннан соққан қорғаның
Ағаң болса ақылды-
Ешкімнен кем болмадың
4.Інің болса жан ашыр-
Семсер қылыш білегің.
Ақылды қыз, ақылды ұл.
Өкпе бауыр жүрегің.
5.Не қасиетсіз?
Бал салмаса ара қасиетсіз.
Жанбай қалған шала қасиетсіз.
Әдепсіз болса-бала қасиетсіз.
Әділетсіз болса-дана қасиетсіз.
6.Көк шықпаса- жер қасиетсіз.
Ойсыз болса-ер қасиетсіз.
Жылуы болмаса –түбіт қасиетсіз.
Жері болмаса- жігіт қасиетсіз.
7.Дөрекі сөз айтапыңдар
Сыйлап сынап қыздарын,
Әдепті бола бастаңдар
Бүгіннен бастап бар бала,
Үлгілі мінез көрсетсін
Сынайын достым досыңды –ай.
Мін түзейік осылай.
8.Адамдарға кешірімен қарайтын.
Жан жылуы жылылық боп тарайын.
Кішіпейіл бала болғым келеді.
Айналасын нұрлы күнге бөлейтін.
Сұрақ-жауап
1.Үленге құрмет, кішіге ізет дегенді қалай түсінесіңдер?
Адам баласы өзгелермен қарым-қатынас жасағанда оның таныс, таныс еместігі дәрежесіне қарамай кішіпейіл, әдепті болуы керек, бұл адамгершілік борыш.
2.Кішіге ізет дегенді қалай түсінесің?
Ұлы істер қандай болмасын кішіпейілділіктен басталады.Сондықтан әркім өзінен кішілердің мінезі кішкентайынан дұрыс қалыптасуына қамқорлық жасап, оларға жол көрсете білуі керек.
Мақал-мәтелдер. Кішіпейілділікке байланысты мақалдар айту.
1.Кішілік пен кісілік-ұлылықтың белгісі.
2.Жасанды кішіпейлділік-жақсы қасиет емес.
3.Кішіпейілдің абыройы асады.
Тәкәппардың құты қашады.
4....Кішіпейілділік талаптылыққа тура пропорционал.
Тыйым сөздер.
Мұғалім:Қазақ халқының тәрбие құралдарының бірі- тйым сөздер. Бұл сөздер есі кірген балаларды жаман әдет, жат пиғыл орынсыз қылмыс, теріс мінездерден сақтандырып отырған. Үлкеннің жолын кесу-әдепсіздіктің белгісі екенін білеміз, осындай ерсі істерге қатаң тиым салынған.
Ата-анаңа қарсы келме.
Үлкеннен бұрын сөйлеме.
Әдепсіз сөзді айтпа, өтірік айтпа.
Жаман әдетті үйренбе.
Мақтаншақ болма, тәкәппар болма.
Ойын: «Саяхатқа шығу»
Мұғалім: «Үлкенге- құрмет, кішіге- ізет» көрсету үшін біз саяхатқа шығу ойынын ойнайық.Елімізде төрт үлкен қала бар.
1.Үлкен, 2Құрмет, 3.Кіші, 4.Ізет
Ал балалар өздеріңе қай қалалар ұнайды?Ұнаған қала аты жазылған қағазда сұрақ бар.Соған жауап беру керек.
1.Мен үйге қарай жүгіріп келе жатқанда,алдыңнан бір үлкен кісі шықты.Сен не істер едің?
-Үлкен кісімен амандасып, жол беремін.
2.Өзіңнен үлкен кісілер әңгімелесіп отырған кезде сен не істеуің керек?
-үлкеннің әңгімесін бөліп, сөзге араласуға болмайды.
3.Көшеде біреу жөн немесе жол сұраса не істер едің?
-Асықпай түсіндіріп беремін.
4.Үлкен кісілермен қалай сөйлесу керек?
-Үлкен кісімен «Сіз » деп сөйлесу керек.
Көрініс: «Әдеп»
Автор:Арман мен Аян Қаланың ортасындағы бес қабатты биік үйде тұрады. Екеуіде екінші сыныпта оқиды.Бір мектепте оқитындықтан жолдарыда бір.Бүгін автобустың алдыңғы орындығына жайғасқан екеуі мектепке келе жатты.Бір аялдамадан соң алдыңғы есіктен қолындағы сөмкесін әзер көтеріп бір әжей кірді.
Аян әжейдің қасына келіп:
Аян:-Әже мына орынға отырыңыз,-деді.
Автор: Арман болса қарт адамды көрмегенсіп, автобус терезесін өрнектеген қырауды сауағымен шыймайлап, теріс қараған күйі отыра берді.
Екі аялдамадан кейін әжей орнынан тұрып, түсуге ыңғайландыда, сөмкесінен екі алма алып, балаларға ұсынды.
Әже:-Мә, қалқам, ала ғой.
Аян:-О не дегеніңіз, рақмет әже!
Әже:-Алманы орның үшін беріп тұрғаным жоқ.Әдептілігіңе сүйсінген алғысым ғой,
Автор:- деді әжей Аянға күлімдей қарап.
Аян мен Арман автобустан түсіп, мектепке бет алды.Аян алманы жеп келе жатып, төңірегіне көңілдене қарайды. Арман қолындағы алманы бірер тістегені болмаса, тұтас жеп қоюға қысылып келеді.
Хор: «Мен әдепті баламын»
Мені үлкендер әдепті деп мақтайды,
Мінезімнен теріс қылық таппайды.
Ал егер сен жалқау болсаң тілазар,
Ондай әдет жақсылққа жатпайды.
Қайырмасы:
Айтқан тілді аламын,
Айтқан жерге барамын,
Мен әдепті, мен әдепті баламын!
Қарсы алдымнан кесіп өтпей көлденең,
Қашанда мен үлкендерге жол берем.
Абайсызда қалса біреу сүрініп ,
Сол заматта сүйініш боп қол берем.
Қайырмасы:
Тілін алып кішінің де кәрінің,
Көңілінен шығып жүрмін бәрінің.
Ата-ананың айтқан сөзін тыңдауды,
Әдептілік белгісі деп таныдым
А.Өтепбергенов атындағы орта мектеп
Сынып сағаты
«Үлкенге құрмет-кішіге ізет»
Өзін-өзі тану пәні
Өткізген:Нурбосинова А
2016-2017 оқу жылы

Приложенные файлы


Добавить комментарий