аза тілі 5 кл


Сабақ: қазақ тілі  Мектеп:№16 ОМ ММ Бекітемін:
Күні: 17.11.17ж  Мұғалімнің аты-жөні: Картбаева С.Е
Сынып: 5 «в» Қатысқандар саны: 14 Қатыспағандар саны:
Сабақтың  тақырыбы: Тұмар (Томирис) туралы аңыз  
Оқу  мақсаттары: 5.Т2 Тыңдалған  мәтіннің  негізгі мазмұнын түсінеді және нақты ақпаратты   анықтайды.
Т4 Фольклорлық және шағын көлемді көркем мәтіндердің мазмұнын түсіну.
О6. Тақырып бойынша үйренген сөздерін қолдана отырып, мәтінде көтерілген мәселеге өз көзқарасын білдіру.
Ж4.Мәліметтерді жинақтай отырып, тақырып бойынша постер жасау
А2. Қазақша амандасу мәнері мен ұлттық этикет формаларын пайдалану.
Ойлау дағдыларының деңгейі Білу, түсіну, қолдану.
Сабақтың мақсаты: Барлық оқушылар орындай алады: Мәтінді түсініп оқиды.
Оқушылардың көпшілігі орындай алады: Сұрақтарға жауап беріп, сұрақ құрастыра алады.
Кейбір оқушылар орындай алады: тақырыптың мазмұнын меңгеріп, негізгі идеясын түсінеді, талдау жасай алады, өздігінен тапсырмаларды орындай алады.
Тілдік  мақсаттар
  Пәнге қатысты  сөздік қор мен терминдер:
Шегіну, тұтқындау, шайқас, патшайым, соғыс
Құндылықтарға баулу Өз  Отаның тарихын құрметтеуге, оны дәріптеуге баулу.
Пәнаралық  байланыс Қазақстан  тарихы
АКТ қолдану дағдылары Бейне материал; презентация, суреттер, Венн диаграмма, кеспе қағаз, қағаз қиындысы,
Тақырып бойынша алдыңғы білім Балалардан  алдыңғы тақырыптан «Тұмар патшайым» және дауыссыз дыбыстар туралы не білетіңдерін анықтау.
Сабақ  барысы:
Жоспарланған уақыт Сабақтағы 
жоспарланған   жаттығу   түрлері
  Ресурстар
Сабақтың басы
5 минут
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
  Психологиялық ахуал
Дайынсың ба сабаққа?
Қарап алшы жан-жаққа
Бәрі бар ма орнында?
Қалам, дәптер, кітап та.
«Жүректен жүрекке»
Сабағымыз сәтті өтсін деп, жылылықпен бір –бірімізге күліп, көңілді кейіп көрсетейік. Бар зейініміз сабақта болсын.

Оқушыларды қағаз қиындылар арқылы екі топқа бөлемін
«Тұмар патшайым» тобы
«Кир патша» тобы
Үй тапсырмасын  тексеру: Ішкі шеңбер және  сыртқы шеңбер стратегиясы арқылы балалардан  өтілген тақырыпты сүрақ – жауап арқылы тексеремін.
1.Әлем тарихында ерлікпен даңқы шыққан қандай әйел патшаларды білесіңдер? (Тұмар патшайым)
2.Қазақ халқының қандай ержүрек жауынгер қыздарын білесіңдер? (Мәншүк Мәметова, Әлия Молдағұлова)
3.Дауыссыз дыбыстар дегеніміз не? (өкпеден шыққан ауаның ауыз қуысында кедергіге ұшырап шығуынан жасалады)
4.Қазақ тілінде қанша дауыссыз дыбыс бар? (25)
2 тапсырма. Өлеңді жаттау.
Тарихы терең теңізден, Болмысы лайық атына,
Ерлікпен заты егіз де! Тектілік сіңген затына.
Сақтарды егер іздесең, Болыпты адал сақ жұрты,
Жаужүрек халық деп ізде! Дос түгіл жау мен жатына.  
 
 
 
 
жүрекше
қағаз қиындысы
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
Сабақтың  ортасы
 
25 минут
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
1 минут Ой шақыру:
Тұмар патшайым кім? деген сұраққа жауап бер, оны сызба
түрінде жаз
115443000027260550
132588032385Тұмар патшайым
0Тұмар патшайым

7162804572000314515545720
2726055381000012592053810000
8-тапсырма: Мәтін бойынша кестені толтыр.
Кім? Не істеді?
 
Сөздік жұмыс: Шегіну – отступать; тұтқындау- арестовать; шайқас – битва, сражение; патшайым – императрица, королева; соғыс – война
Венн диаграммасы. Осы тапсырмада балалар, сендер Тұмар патшайым және Кир патшалардың ұқсастығын және айырмашылығын анықтайсыңдар.
Тұмар патшайым Кир патша
Ұқсастығы
Батыр, патша
Бір ғасырда өмір сүрген
Әскер басшысы
Сұрақ-жауап:
Тұмар ханшайымды ежелгі жазба деректерде қалай атады?
(Томирис)
Тұмар кімнің қызы?
(массагеттердің патшасы Сыпырдың)
Томиристі кім тәрбиеледі?
(әкесі)
Әкесінен не үйренді?
(Семсер ұстауды, атқа мінуді, соғыс өнеріне жаттықты)
Кир патша қандай ұсыныс жасады?
(Тұмардың өзіне тұрмысқа шығуын сұрады)
Тұмар патшайым ұсынысты қабылдады ма?
(Жоқ)
Кирдің әркеті қандай болды?
(Жауынгерлерін аттандырып, жаулап алмақ болды)
Ұзақ шайқастан кейін кім жеңіске жетті?
(Тұмар ханшайым)
Сергіту сәті«Мен не сыйлаймын?»
Мен бір әріпті көрсетемін, оқушылар сол әріптен келетін сыйлық ойлап табу керек. Мысалы: А – әрпі. Мен досыма айна сыйлаймын.
Әріптер: А, С, Т, Д, Е, Қ, М, Б, Р, Ә  
постер
 
маркер
 
диаграмма
 
 
 
 
 
оқулық
сызба
 
 
 
сөздік дәптер
 
 
 
 
венн диаграмма сы
 
 
 
смайлик
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
әріптер
 
Сабақтың соңы
15 минут Кері байланыс: Күн мен бұлт
Бүгінгі сабақта бәрін түсіндім, сабақ ұнады деген оқушылар сары жолақшаларды күннің жанына, ал сабақ қиын болды, түсінбедім деген оқушылар көкшіл түсті тамшыларды бұлттың астына жапсырады
Рефлексия: Балалар, бүгінгі сабақ ұнады ма?
Өздеріңе қандай ақпараттар алдыңдар?
Сендерге не қиын болды?
Мен білдім Маған ұнады Мен түсінбедім
Үйге тапсырма: «Тұмар ханшайым» туралы  қосымша ақпарат жинау Сары түсті жолақшалар
Көк түсті тамшылар
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
Қорытынды бағалауЕң жақсы өткен екі нəрсені атап көрсетіңіз (оқыту мен оқуға қатысты)
1:
2:
Қандай екі нəрсе немесе тапсырма сабақтың одан да жақсы өтуіне ықпалын тигізер еді (оқытумен оқуға қатысты)?
1:
2:
Осы сабақтың барысында барлық сынып немесе жекелеген оқушылар жөнінде келесісабағыма қажет болуы мүмкін қандай ақпарат білдім?
1:
2:

Приложенные файлы


Добавить комментарий