План конспект по НВП на темуЖастарды алашы скери дайындыыны масаттары, міндеттері мен мазмны


Казахстан. Мангистауская область г.Актау школа-лицей №7 имН.А..Марабаева.
Преподаватель- организатор НВП Калимулин Алексей Николаевич
Сабақ жоспарыТақырып: Жастардың алғашқы әскери дайындығыныңмақсаттары, міндеттері мен мазмүны
Уақыт: ( 45 мин)
Сабақ откізу әдісі: Лекция.
Откізу орны:АӘД кабинеті
Мақсаты: АӘД сабақтын мақсаттарын тусіндіру, жеткізу
Оқу сурақтары: АӘД сабақ неге қажет екенін анықтау
Қолданылған әдебиет: АІД кітабы.10 сынып. «АОӘО» Алматы 2000ж.
Кіріспе бөлім: (10 мин.) Екі қатарлы сапқа турғызу, бөлімше командирінен баяндама қабылдау, сәлемдесу, сабақ тақырыбын жариялау, «Еркін» пәрменнен кейін, бір лекпен кабинетіне кіргізу,отырғызу,оқу журналмен оқушыларды тексеру,өткен тақырыпты сурап тексеру.
Негізгі бөлім (30 мин)
1-ші оқу сурағы: «АӘД қандай зандармен, директивалармен, бұйрықтармен жургізідеді.»
Жастардың алғашқы әскери дайындығыныңмақсаттары, міндеттері мен мазмүны
Жастардың алғашқы әскери дайындығы Қазақстан Республикасының “Жалпыға бірдей әскери міндеттілік пен әскери қызмет туралы”, “Үлттық қауіпсіздік туралы”, “Азаматтық қорғаныс туралы” заңдары, Қазақстан Республикасы Президентінің Жарлықтары, Қазақстан Республикасы Үкіметінің “Бастауыш әскери дайындық туралы” 2014 жылдың 19 желтоқсаңдағы N 606 бұйрық негізінде, сондай-ақ Қазақстан Республикасы Қорғаныс министрлігінің, Қазақстан Республикасы Білім жөне ғылым министрінің, Қазақстан Республикасы Қарулы Күштерінің Бас штабы бастығы мен Қазақстан Республикасы Төтенше жағдайлар жөніндегі Комитеті төрағасының бүйрықтары мен директиваларының негізінде үйымдастырылып жүргізіледі.
Бастауыш әскери дайындық Қазақстан Республикасының азаматтарын Қазақстан Республикасының Қарулы Күштерінде, басқа да әскерлері мен әскери қүрамаларында әскери қызмет етуге даярлау жүйесінің қүрамдас бөлігі, иелігі мен меншік нысандарына қарамастан жалпы білім беретін және кәсіптік-техникалық мектептерде, арнаулы орта оқу орындарында міндетті мемлекеттік пән болып табылады.
Бастауыш әскери дайындық барысында оқушылар азаматтардың Қазақстан Республикасын қорғау жөніндегі конституциялық қүқықтарын үғынуға, Қазақстан Респуликасының Қарулы Күштерінің сипаты мен мақсатын, әскери іс пен азаматтық қорғаныстың негіздерін анықтап түсінуге тиіс, Қазақстан Республикасының Қарулы Күштеріндегі мерзімді әскери қызметке шақырьшған кезде мерзімді өскери қызметті өткерудің жағдайларына қысқа мерзімде бейімделіп, өздеріне сеніп тапсырылған қару- жарақ пен жауынгерлік техниканы меңгеруі үшін жас сарбазды дайындау көлемінде қажетті білім, практикалық машықтанушылық, мінез-құлық орнықтылығын қалыптастыруға тиіс.
Қорытынды бөлім: (5 мин)
-сабақ тақырыбы мен оқу сурақтарын талқылау
-оқушылардың белседілігін бағалау
Үйге тапсырма беру Оқытушы –ұйымдастырушы КалимулинАН

Приложенные файлы


Добавить комментарий