Уроки на дошкольное оброзования


Ұйымдастырылған оқу- қызметі: 04.09.2017ж
Тәрбиеші: Есболова Илмира Жолдасовна.
Білім беру саласы «Денсаулық»
Бөлімі : Дене шынықтыру
Тақырыбы : «Жүру»
Мақсаты : Жаттығуларды орындау барысында бір-бірден тізбекпен және жан-жаққа шашырап жүгіруге жаттықтыру.
Білімділік: Балалардың дене қалыптарын шынықтыру.
Дамытушылық: Жалауша ұстап бір-бірден бір сапқа тізіліп жүру.
Тәрбиелік: Тепе-теңдікті сақтап жүру, денелерін шынықтыру.
Қостілділік компонент: Флаг-жалауша, Бруся-шығыршық.
Әрекет кезеңдері
Тәрбиешінің қызметі
Мотивациялық
қозғаушылық
Бір-бірден сапқа тұрып, жүру.Нұсқаушының белгі беруіне қарай жаттығуларды орындай отырып, жан –жаққа шашырап жүгіру.
Ұйымдастыру –
іздестіру

1.ЖДЖ (заттарсыз орындалатын жалпы дамытатын жаттығулар):Б.қ (бастапқы қалып):аяқтары иық деңгейінде, қолдары кеуде тұсында, шынтақтары бүгілген, саусақтары жұдырыққа түйілген.Осы күйінде қолдарын айналдыру.Қолдарын кезек-кезек айналдырады.
Б.қ.:аяқтары сәл ашылған, қолдары артқа қарай жіберілген.
Отырып, қолдарымен тізесін құшақтау,тұру, қолдарын артқа жіберу және т.с.с.
Рефлексивті –
түзетушілік
Жалауша ұстап бір-бірден бір сапқа тізіліп жүру.

Ұйымдастырылған оқу қызметі:04.09.2017ж
Тәрбиеші: Есболова Илмира Жолдасовна.
Білім беру саласы «Шығармашылық»
Бөлімі : Сурет салу
Тақырыбы : «Не салғым келсе соны саламын»
Мақсаты : Дөңгелек және сопақша бейнелер жасай білуге баулу.
Білімділік: сурет салуда өзінің көңіл күйін бейнелей білуге үйрету.
Дамытушылық: Көріністі қабылдауын дамыту, балалардың шығармашылық қабілеттерін дамыту,
Тәрбиелік: түстер мен ырғақты сезіне білуге тәрбиелеу. Ұқыптылыққа тәрбиелеу.
Қостілділік компонент: дөңгелек- кружок
Әрекет кезеңдері
Тәрбиешінің қызметі
Мотивациялық
қозғаушылық
«Дүкен ойыны»
Балалар кезекпен педагог сұраған жемістерін сатып алады.
Арман,қызыл және домалақ жеміс сатып ал,деген тәрізді тапсырмалар береді.
Ұйымдастыру –
іздестіру

Тақтаға көкөністер мен жемістердің суретін іледі.
Жұмбақ жасырады.
Бақшада өседі,
Көп өнім береді.
Аспай піскен,
Қайнамай түскен.
Суретпен жұмыс жүргізеді.
Ненің суретін көріп тұрсыңдар?
Айырмашылығы не?
түсі қандай? Пішіні қандай?
-Балалар, біз күнделікті өмірде, балабақшада жемістерді жиі қолданамыз, себебі оның дәрумені өте көп, денсаулығымызға пайдасы өте зор.
Сергіту сәті.№ 3
Дөңгелек пішінді немесе сопақша пішіннен жемістердің суретін бастырып,қарындашпен сызады.
Ішін қызыл,сары түспен бояймыз.
Лимонды, алмұртты жасау үшін сопақша пішін саламыз.
Рефлексивті –
түзетушілік
Қандай затты салып үйренгендерін сұрайды.
Салған заттарының қажеттілігін естеріне сала отырып,ойларын қорытады. Мадақтау арқылы еңбектерін бағалайды.

Ұйымдастырылған оқу қызметі:05.09.2017ж
Тәрбиеші: Есболова Илмира Жолдасовна.
Білім беру саласы «Коммуникация»
Бөлімі :Сөйлеуді дамыту.
Тақырыбы: Қонақтарды күтеміз
Мақсаты: Балалардың тіл байлығын арттыру.
Білімділік : Заттарды топтастыра суреттеуге үйрету (ыдыстар: ас үйлік, аспазханалық).
Дамытушылық : Сөздік қорды жаңа сөздермен байыту, олардың атқару қызметін ұғындыру.
Тәрбиелік : Қонақжайлылыққа тәрбиелеу.
Қостілділік компоненті: ыдыс-аяқ - посуда, гүл - цветы, балалар - дети, әдемі - красиво, қызықты - интересно, шеңбер - круг.
Әрекет кезеңдері
Тәрбиешінің қызметі
Мотивациялық қозғаушылық Балаларға әртүрлі гүлдерді көрсетеді.
- Балалар, бұл не?
Ұйымдастыру-
іздестіру Шеңбер құрып тұрып «Гүл иіскеу» ойынын
ойнату.
Мақсаты: балалардың ауызекі тілін дамыту.Қолданылуы: шеңбер бойымен гүлді
иіскеп көреді «Көңілді топ»
Шарты: балалар шеңбер бойымен тұрады,
педагог ортаға тұрып, балаларға допты ақырын лақтырады. Оны қағып алған бала кез-келген ыдыстың атын айту керек.
Сергіту жаттығуы.
Сағаттын тіліндей,
Иіліп оңға бұрыл.
Сағаттың тіліндей,
Иіліп солға бұрыл.
Алға қарай бір адым,
Артқа қарай бір адым.
Рефлексивті-
түзетушілік Оқу іс – әрекетін қорытындылайды.
Ұйымдастырылған оқу- қызметі: 06.09.2017ж
Тәрбиеші: Есболова Илмира Жолдасовна.
Білім беру саласы: «Денсаулық».
Бөлімі: Дене шынықтыру
Тақырыбы: Екі аяқпен секіру.
Мақсаты:
Білімділік мідеті:Бір орында тұрып секіруді жаттықтыру.
Дамытушылық міндеті: Гимнастикалық орындықтың үстімен еңбектеу.
Тәрбиелік міндеті: Достыққа, ынтымақтастыққа тәрбиелеу.
Әдіс- тәсілдері: Көрсету, түсіндіру.
Көрнекті құралдар: Ойын атрибуттары.Гинастикалық орындық.
Қостілділік компоненті: Жүру. Жүгіру. Бегать.Прыгать.
Әрекет кезеңдері. Тәрбиешінің қызметі.
Мотивациялық-
қозғаушылық. Белгі бойынша бір қатарға тұру, жүру, жүгіру.
Қол жоғары, төмен, шашырап жүру. Жүгіру,
ирелеңдеп
жүру, жүгіру. Бір сапқа тұру.Кедергілерден
аттап өту.
Ұйымдастыру -іздестіру. Орамалдармен орындалатын жаттығулар.
Б.Қ. Аяқтарын иық деңгейінде.Орамалды көтеру,оң,
сол қолға алу. 3-4 рет қайталау.
Б.Қ. тұру.орамалды екі қолмен ұстап тұру, қолды
төмен түсіру. Отыру.
Орамалды еденге қою.Алу. 4-5 қайталау.
Б.Қ орында тұру. Секіру. 4-5рет.
Бір түзбекпен жүріп,орамалды оң, сол қолмен
ауыстырып ұстау.
Б.Қ отыру.Орамалды алдарына қою. Еңкейіп алу
4-5рет қайталау..Ойын:
«Кім жылдам». Балалар екі қатарға орамалды бір
біріне беріп жарысады.
Рефлексивті -түзетушілік. Гимнастикалық орындықтың үстемен еңбектейді.
Бір қатарға тұру, тыныс алу жаттығуларын жасайды.
Ұйымдастырылған оқу-қызметі: 06.09.2017ж
Тәрбиеші: Есболова Илмира Жолдасовна.
Білім беру саласы: «Таным»
Бөлімі: Қарапайым математикалық түсініктерді қалыптастыру.
Тақырыбы: Біреу көп, үлкен және кіші.
Мақсаты: Санаудың дұрыс тәсілдерін қолдана отырып, заттарды санау солдан оңға қарай санау,сандарды ретімен атау,сан есімді зат есіммен сәйкестендіру;
Білімділік: ойлау қабілеттерін арттыру; жұмбақты көрген мәліметтер негізінде шешуге үйрету; шеңбер туралы өткенді пысықтау(оны өзге геометриялық фигуралар арасынан табу).
Дамытушылық: Заттарды санына қарай салыстыруға,бір затпен көп
затты айыру қабілетін дамыту,шеңбердің де әр түрлі болатынын түсіндіру
Тәрбиелік : Ұқыптылыққа,зергерлікке тәрбиелеу.
шеңбері бар үш тарелке,4 кіші тарелке,жинақ полотносы(материал)
Қостілділік компоненті:тақия-тюбетейка,тоқаш-колобок,шәйнек-чайник, кесе-пиала.
Әрекет кезеңдері Тәрбиешінің қызметі
Мотивациялық –
қозғаушылық «Жұмбақтар және олардың шешуі » ойыны.
Педагог балаларға жұмбақтар жасырады.
Тікен-тікен, тік пісте,
Қысы-жазы бір түсте.
Көк жиекті шай табақта
Алтын алма тербелер.
Кейле бүркер алма жүзін,
Ұлпа,мақта,пернелер.
Қалпағы бар,басы жоқ.
Қолы да жоқ, шашы жоқ.
Сыңар аяқ «көкеңнің»
Ойлан тап,не екенін
Ұйымдастыру-
іздестіру Дәптермен жұмыс.
Педагог 1-тапсарма бойынша балаларға сұрақ қояды.
-Суретте ең көп бейнеленген қандай зат?
-Бір-бірден салынған заттың аты қандай?
-Бір-бірден салынған заттарды бояп шығыңдар.
2 тапсырма «Жол сал» ойыны түрінде ұйымдастырылады.
Педагог дәптерге орындау үшін мынадай тапсырма береді: олар үлкен шәйнектен үлкен кесеге дейін, ал кішкентай шәйнектен кішкен тай кесеге дейін жол «салыңдар».
Педагог балалардан «Жолды қалай салдыңдар?» деп сұрайды.
Сергіту минуты:
Оңға қарай иілдік, солға иілдік,
Бір отырып,бір тұрып,
Бәріміз бір сергідік.
3 тапсырма 1 және 2 затты санауға байланысты берілген.
Педагог балаларға сұрақ қояды.
-Сол жақ бұрыштағы карточкада неше киіз үй, оң жақ бұрышта неше киіз үй тұр?
-Оң жақ бұрыштағы карточкада неше тақия, сол жақ бұрышта неше тақия орналасқан?
-Тақия көп пе әлде киіз үй көп пе?
3 тапсырма.
Педагог балаларға жұмбақ жасырады:
Бұл орамның пішіні-
Бауырсақтың да мүсіні.
Кішірейтсең біз мұны,
Шығады тоқаш наны боп. Ол не?
-Барлық шеңберлерді бояңдар.
-Неше шеңбер боядыңдар?
Рефлексивті-
түзетушілік Өзін-өзі бақылау және өзі атқарған жұмысқа баға беру. Өзін-өзі бақылаудың екі түрін қолдануға болады. Педагог балаларға 1 –тапсырманың орындалу үлгісін көрсетеді .Онда дұрыс орындалған тапсырма жазылады.Балалар өздерінің жұмысын сондағы үлгімен салыстырады..Педагог балаларға осыны түсіндіреді. 1.Сендер саңырауқұлақ, күн мен шыршаны бояуларың керек.
2.Үлкен шәйнекті үлкен кесемен,кіші шәйнекті кішкентай кесемен қосуларың керек. 3. Тақиялар мен киіз үйлерді бір-біріне қосу керек.
Ұйымдастырылған оқу-қызметі: 07.09.2017.ж
Тәрбиеші:Калиева Ельвира Турсуновна.
Білім беру саласы: «Денсаулық».
Бөлімі: Дене шынықтыру
Тақырыбы: Бір орында ұзындыққа секіру.
Мақсаты:
Білімділік: Бір орында тұрып ұзындыққа секіруге жаттықтыру.
Дамытушылық : Көзбен мөлшерлей білу дағдыларын дамыту.
Тәрбиелік : Достыққа, ынтымақтастыққа тәрбиелеу.
Қостілділік компоненті: Жүру. Жүгіру. Бегать.Прыгать.
Әрекет кезеңдері Тәрбиешінің қызметі
Мотивациялық-
қозғаушылық. Белгі бойынша бір қатарға тұру, жүру,
жүгіру.
Қол жоғары, төмен, шашырап жүру.
Жүгіру, ирелеңдеп жүру, жүгіру.
Бір сапқа тұру.Кедергілерден аттап өту.
Ұйымдастыру -іздестіру. Қарағай бүршыктермен орындалатын
жаттығулар.
Б.Қ. Аяқтарын иық
деңгейінде.Бүршікті көтеру,оң,сол қолға алу.
3-4 рет қайталау.Б.Қ. тұру.Бүршікті екі қолмен
ұстап
тұру, қолды төмен түсіру. Отыру.Бүршікті еденге
қою.Алу. 4-5 қайталау.Б.Қ орында тұру. Секіру.
4-5рет.
Рефлексивті -түзетушілік. Гимнастикалық орындықтың үстінде
кедергілерден
аттап өту.Бір қатарға тұру, тыныс алу
жаттығуларын жасайды.
Ұйымдастырылған оқу- қызметі: 07.09.2017ж
Тәрбиеші:Калиева Ельвира Турсуновна.
Білім беру саласы: «Шығармашылық»
Бөлімі: Мүсіндеу
Тақырыбы: «Әдемі табақ»
Мақсаты: Табақтың түрімен таныстыру.
Білімділік: ыдыс түрлерімен таныстыруды жалғастыру; тәрелкені мүсіндей алуға және безендіре білуге үйрету; ұжымдық қарым-қатынас дағдыларын қалыптастыру.
Дамытушылық: Тілдерін дамыту. Саусақтың ұсақ бұлшық еттерінің қозғалысын жетілдіру
Тәрбиелік: Ұқыптылыққа тәрбиелеу.
Қостілділік компоненті: әдемі табақ – красивое блюдо.
Әрекет кезеңдері Тәрбиешінің қызметі
Мотивациялық-қозғаушылық
Шаттыц шеңбер
Армысың, алтын Күн!
Армысың, асыл жер!
Армысың, көк аспан!
Армысың, жан досым!
Жылуыма жылу қос,
Міне, менің қолым!
Ұйымдастыру –
іздестіру
- Балалар үйге қонақтар келерде не істеу керек?«Ыдыс түрлерін ата» ойыны.
Әртүрлі ыдыс суреттері керсетіледі. Біз де балабақшага қонақ шақырайық.Біз
қазір палау пісіреміз.
- Палау пісіру үшін ет, күрш, пияз, сәбіз,
май керек.-Палауды қандай ыдысқа
саламыз?- Онда палау салу үшін әдемі безендірілген табақ жасайық.
Билингвальді компонент: әдемі табақ – красивое блюдо.
Рефлексивті – түзетушілік
Педагог балаларды мадақтайды.
Ата-аналар үшін көрініс


Ұйымдастырылған оқу- қызметі:11.09.2017ж
Тәрбиеші:Калиева Ельвира Турсуновна
Білім беру саласы:«Денсаулық».
Бөлімі: Дене шынықтыру
Тақырыбы: Тепе теңдікті сақтау жаттығулары.
Мақсаты:
Білімділік: Тепе теңдікті сақтау жаттығуларын үйрету.
Дамытушылық:Шапшаңдық, ептілік қасиеттетір дамыту.
Тәрбиелік: Достыққа, ынтымақтастыққа тәрбиелеу.
Қостілділік компоненті: Жүру. Жүгіру. Бегать.Прыгать.
Әрекет кезеңдері. Тәрбиешінің қызметі.
Мотивациялық-
қозғаушылық. Белгі бойынша бір қатарға тұру, жүру,
жүгіру.
Қол жоғары, төмен, шашырап жүру. Жүгіру, ирелеңдеп жүру, жүгіру. Бір сапқа тұру.Тездетіп жүру, түзу жүру.Бір қатарға
тұру.
Ұйымдастыру -іздестіру. Шығыршықпен орындалатын жаттығулар
Б.Қ. аяқ иық деңгейінде.Шығыршық қолда.
Оң,
солға бұрылу. 3-4 рет қайталау.Б.Қ. отыру.Шығыршыты ұстап аяқты бүгу, аяқты түсіру. 4-5 қайталау.
Б.Қ аяқ иық деңгейінде Шығыршықты көтеру,
түсіру. 4-5рет.Б.Қ аяқ иық деңгейінде.
Шығыршықты о, сол қолға ауыстыру.4-5рет
Б.Қ Аяқ иық деңгейінде.Шығыршық қолда төмен түсіру, жоғары көтеру.4-5рет қайталау.
Рефлексивті -түзетушілік. Бір қатарға тұру тыныс алу жаттығуларын жасау.
Ұйымдастырылған оқу-қызметі:11.09.2017ж
Тәрбиеші:Калиева Ельвира Турсуновна
Білім беру саласы: «Шығармашылық»
Бөлімі: Сурет салу
Тақырыбы: Түрлі –түсті шарлар
Мақсаты: балаларға сурет салуды және түстерді атай білуге үйрету.
Білімділік:. жоғарыдан төмен қарай сызу арқылы суретін салуды, қылқаламмен жұмыс жасауды үйрету, көрсету.
Дамытушылық : пішіндерді атап, ажырата білуге, есте сақтау қабілетін
Тәрбиелік: достыққа, әдемілікке, әдептілікке тәрбиелеу.
Қостілділік компоненті: мамыр-май, әртүрлі-разные, түстер-цвета .
Әрекет кезеңдері Тәрбиешінің қызметі
Мотивациялық- қозғаушылық
-Балалар, бір-біріңнің қолыңды ұстап
тұрғанда нені сезесіңдер?
Енді табиғатқа терезеден көз салайық.
Армысың, алтын күн,
Армысың,асыл жер.
Армысың, көк аспан,
Армысың, жан досым.
Жылуыма жылу қос.
-
Ұйымдастыру-іздестіру -Бірінші мамыр – тамаша мереке, Халықтардың ынтымақ күні.
-Балалар, мына суреттен не көріп отырсыңдар?
Педагог әңгіме жүргізіп, балаларды тыңдайды.
Бой сергіту:
Тыныс алу жаттығулары.
«Кім тез үрлейді?» дидактикалық ойыны.
.
Рефлексивті-түзетушілік -Балалар, сендер бүгін қандай мерекемен таныстыңдар?
Балалар, сендер бүгін жақсы жұмыс істедіңдер.
Әртүрлі шарлар салдыңдар, қараңдаршы, айнала түрлі түсті болып құлпырып кетті.
Ұйымдастырылған оқ- қызметі: 12.09.2017ж
Тәрбиеші: Есболова Илмира Жолдасовна.
Білім беру саласы: «Коммуникация
Бөлімі:Сөйлеуді дамыту
Тақырыбы: Қонақтарды күтеміз
Мақсаты: Балалардың тіл байлығын арттыру.
Білімділік : Заттарды топтастыра суреттеуге үйрету (ыдыстар: асүйлік, аспазханалық).
Дамытушылық: Сөздік қорды жаңа сөздермен байыту, олардың атқару қызметін ұғындыру.
Тәрбиелік: Қонақжайлылыққа тәрбиелеу.
Қостілділік компоненті: ыдыс-аяқ - посуда, гүл - цветы, балалар - дети, әдемі - красиво, қызықты - интересно, шеңбер - круг.
Әрекет кезеңдері Тәрбиешінің қызметі
Мотивациялық қозғаушылық Балаларға әртүрлі гүлдерді көрсетеді.
- Балалар, бұл не?
Ұйымдастыру –
іздестіру Шеңбер құрып тұрып «Гүл иіскеу» ойынын ойнату.
Мақсаты: балалардың ауызекі тілін дамыту.Қолданылуы: шеңбер бойымен гүлді иіскеп көреді «Көңілді топ»
Шарты: балалар шеңбер бойымен тұрады, педагог ортаға тұрып, балаларға допты ақырын лақтырады. Оны қағып алған бала кез-келген ыдыстың атын айту керек.
Сергіту жаттығуы.
Сағаттын тіліндей,
Иіліп оңға бұрыл.
Сағаттың тіліндей,
Иіліп солға бұрыл.
Алға қарай бір адым,
Артқа қарай бір адым.
Рефлексивті-
түзетушілік Оқу іс – әрекетін қорытындылайды.
Ұйымдастырылған оқу-қызметі: 13.09.2107ж
Тәрбиеші:Калиева Ельвира Турсуновна
Білім беру саласы: «Денсаулық».
Бөлімі: Денешынықтыру.
Тақырыбы: Жүруді жүгірумен,жүгіруді жүрумен алмастыру.
Мақсаты: Жүруді жүгірумен,жүгіруді жүрумен алмастыруды үйрету
Білімділік: Шашырап, жұптасып, жүруді,жүгіруді үйрету.
Дамытушылық: Жылдамдық, ептіліктерін дамыту.
Тәрбиелік: Төзімділікке,шапшаңдыққа тәрбиелеу.
Қостілділік компоненті: Секіру. Прыгать. Еңбектеу.Ползать.
Әрекет кезеңдері. Тәрбиешінің қызметі
Мотивациялық-
қозғаушылық. Қатарға тұру. Қатармен жүру, жүгіру. Қолды жоғары, жанына, түсіру. Жүру, жүгіру.Бірінің соңынан бірі жүру, жүгіру.
Шашарап жүру, жүгіру.Қолдарын жоғары, төмен, жанына қойып жүру.
Бір, екі деп санап екі қатарға тұру.
Ұйымдастыру -іздестіру. 1. «Белгі беруші» Екі қолдарымен жалаушаны жоғары көтеру. 4-5 рет қайталау.
2. Жалауша қолда секіру.Б.Қ аяқ иық деңгейінде қол белде. 4-5 рет қаталау.
3.Алға ұмтылу.4-5 рет жалауша қолда қайталату.
Кесек ағаштан қолда жалауша аттап жүру, секіру.
Алға, артқа, жанымен секіру.
Ойын: «Кім тез?».
Рефлексивті -түзетушілік. Балалардың қатарға тұрады, тыныс алу жаттығуларын жасайды.

Ұйымдастырылған оқу-қызметі: 13.09.2017ж
Тәрбиеші:Калиева Ельвира Турсуновна
Білім беру саласы: «Таным»
Бөлімі: Қарапайым математикалық түсініктерді қалыптастыру.
Тақырыбы:Заттар тобын салыстыру
Мақсаты: сан мен заттар арасындағы сәйкестәктерді табу, заттарды санау қабілетін нығайту,3-саны көлемінде үлкен –кіші салыстыру.
Білімділік : заттың орналасу ретін сөзбен баяндай алу қабілетін нығайту.
Дамытушылық : жыл мезгілдері (күз) туралы түсінігін дамыту.
Тәрбиелік: ұйымшылыққа,ұқыптылыққа , топпен жұмыс істеуге тәрбиелеу.
Қостілділік компоненті: тәрелке-тарелка,оң жақта-справа, сол жақта-слева.
Әрекет кезеңдері Тәрбиешінің қызметі
Мотивациялық-
қозғаушылық Педагог үстелдің бетіндегі 2,3,4-тен топтастырылған заттарды санатады.Олардың заттың санын сан атауымен сәйкестендіріп айта білуін қадағалайды.
Сандар туралы өлең оқып беріңдер.
Ұйымдастыру-
іздестіру Дәптермен жұмыс. 1-тапсырма.
Педагог балаларға мынадай тапсырмалар берілген:
Суреттерді салыстырады.
Жұмбақ шешу.
Төрт аяқты,тағанды
Тасиды ол адамды.
Жанармайды құйып ап,
Тез жүріп ол зулайды.
(Автокөлік)
Мүйізінен ұстап ап,
Айдайды адам абайлап
Қане, балалар, ойланып,
Табыңдаршы, бүл қандай ат?
(Велосипед)
Педагог балаларға
2-тапсырманың суретінен велосипед пен автокөлікті тауып, олардың неше дөңгелегі болса, сонша доңгелекті бояуды тапсырады.
«Екі шапалақ» ойыны.
Жоғары екі шапалақ,
Алға екі шапалақ.
Енді қолды артқа ұстап,
қос аяқтап секіреді.
3-тапсырма.
Алдымен педагог күз туралы өлеңді балаларға оқып береді:
Жапырақтар сарғайып,
Жерге ағылып төгілсе,
Құстарымыз жиналып,
Жылы жақты кездесе
Күз дегенің осы ғой,
Жауын жауар жер тесе.
Күз мезгіліне тән белгілерді
Естеріне түсіргеннен кейін,дәптердегі суреттердің арасынан күз көрінісін тауып, бояйды.
Күз көрінісін бояу үшін қандай түстерді пайдаланатынын айтады.
-Суретте бұдан басқа тағы қандай жыл мезгілдері суреттелген?
4-тапсырма.
Педагог балалардан оң жақтағы суретті мұқият қарап, ондағы заттардың қалай орналасқанын айтып беруді сұрайды.
Содан соң педагог балаларға мынадай тапсырма береді:
-Енді екінші суретте күнді киіз үйдің оң жақ жоғарғы бұрышына, шыршаны сол жақ төменгі бұрышына салыңдар.
-Екі суретті салыстырыңдар.
Олардың бір-бірінен қандай айырмашылығы бар?
Рефлексивті-
түзетушілік Өзін-өзі бақылау және өзі атқарған жұмысқа баға беру.
Педагог тапсырманы орындағаны үшін балаларға мақтау айтады.
Ұйымдастырылған оқу қызметі:14.09.2017ж
Тәрбиеші: Есболова Илмира Жолдасовна.
Білім беру саласы: «Денсаулық»
Бөлімі: Дене шынықтыру
Тақырыбы: Бөрене үстінде жүру
Мақсаты:
Білімділік: Еңбектеп жүруге үйрету.
Дамытушылық : Шепшаңдық, ептілік қасиеттерін дамыту.
Тәрбиелік: Ұйымшылдыққа тәрбиелеу.
Қостілділік компоненті: Ұшақ. Самолет. Ойыншық. Игрушка.
Әрекет кезеңдері. Тәрбиешінің қызметі
Мотивациялық-
қозғаушылық. Қатарға тұру. Қатармен жүру, жүгіру.
Қолды жоғары, жанына, түсіру. Жүру, жүгіру.
Бірінің соңынан бірі жүру, жүгіру.
Шашарап жүру, жүгіру.Қолдарын жоғары, төмен,
жанына қойып жүру.
Бір, екі деп санап екі қатарға тұру.
Ұйымдастыру -іздестіру. Текшелер орындалатын жаттығулар.
Б. Қ негізгі тұрыс.Текшені оң қолдарына
ұстап, сол қолдарына ауыстыру.4-5 рет
қайталау.
2.Б.Қ негізгі тұрыс.Текшені жоғары көтеріп, жерге
қою.. 4-5 рет қайталау.
3.Б.Қ негізгі тұрыс. Текше қолда солға, оңға бұрылу.
4-5 рет қайталату.
4.Б.Қ негізгі тұрыс.Текшені жерге қойып, алу.
4-5 рет қайталау.
Рефлексивті -түзетушілік. Бір қатарға тұрып, тыныс алу жаттығуларын жасау.
Ұйымдастырылған оқу-қызметі :15.09.2017ж
Тәрбиеші:Калиева Ельвира Турсуновна
Білім беру саласы: «Таным»
Бөдімі: Драма
Тақырыбы: «Тату доспыз бәріміз» (әңгіме құрату)
Мақсаты: Достық жайында баяндау, достық не екенін түсіндіру.
Білімділік : Достыққа, татулыққа, бауырмашыл болып өсуге үйрету.
Дамытушылық: Өзара татулық сезімді дамыту.
Тәрбиелік: Достықты қадірлей білуге тәрбиелеу.
Қостілділік компоненті: дос-друг, тату-дружно, ұлт-национальность, жақсылық-добро, ақ-белый, қара-черный, сары-желтый.
Әрекет кезеңдері Тәрбиешінің қызметі
Мотивациялық-
қозғаушылық Ұйымдастыру кезеңі
Балаларды шеңбер бойына тұрғызады. Педагог ақын Қабдыкәрім Ыдырысовтың «Әже мен Бағлан» өлеңін оқиды, балалар «Мен» деп сөзді хормен айтады.
- Жүрегім менің кім?
- Тірегім менің кім?
- Жаным менің кім?
- Ботақаным, Бағлан қозым,
Не деген тәтті баласың өзің.
Ұйымдастыру-
іздестіру Кіріспе әңгіме
- Бүгінгі іс-әрекетімізде «Тату доспыз бәріміз» деген тақырыпқа әңгімен құраймыз.
- Сұрақ-жауап арқылы әңгімелеу.Біздің қаламызда әртүрлі ұлттар тұрады, ал сен осы ұлттарды атап бере аласын ба?
Билингвальді компонент: дос-друг, тату-дружно, ұлт-национальность, жақсылық-добро, ақ-белый, қара-черный, сары-желтый
Рефлексивті-
түзетушілік Өлең оқу арқылы іс-әрекетін аяқтау.
Жақсылыққа, бақытқа,
Талпынған әр уақытта.
Бала біткен дос-бауыр,
Болмасын еш тосқауыл.
Ақпыз, қара, сарымыз,
Ағайынбыз бәріміз.
Ұйымдастырылған оқу –қызметі: 18.09.2017ж
Тәрбиеші: Есболова Илмира Жолдасовна
Білім беру саласы: «Денсаулық».
Бөлімі: Дене шынықтыру
Тақырыбы: Баскетбол ойыны.элементтері
Мақсаты:
Білімділік :Белгі бойынша жаттығулар жасауға үйрету
Дамытушылық : Ойынның шартын түсіндіру.
Тәрбиелік: Достыққа, ынтымақтастыққа тәрбиелеу.
Қостілділік компоненті: Жүру. Жүгіру. Бегать.Прыгать.
Әрекет кезеңдері. Тәрбиешінің қызметі
Мотивациялық-
қозғаушылық. Белгі бойынша бір қатарға тұру, жүру, жүгіру.
Қол жоғары, төмен, шашырап жүру. Жүгіру,
ирелеңдеп жүру, жүгіру. Бір сапқа тұру.
Ойын шартын түсіндіру.
Ұйымдастыру -іздестіру. Ойыншықтармен жасалатын жаттығулар.
Б.Қ. Аяқтарын иық деңгейінде. Сылдрмақтарды
жоғары көтеру, сылдырлату.Төмен түсіру. 3-4 рет қайталау.
Б.Қ. тұру. Отыру сылдырмақты еденге қоя.
Сылдырмақты алу.Сылдырлату.4-5 қайталау.
Б.Қ отыру.Сылдырмақтарын кеуде тұстарына
апару, жоғары көтеру.Сылдырлату.4-5рет.
Ойын:
« Сылдырмақ». Сылдырмақтарын белгі
бойынша шеңбер болып жүгіреді, жүреді,жәй жүреді, секіреді.
Рефлексивті -түзетушілік. Бір қатарға тұру, тыныс алу жаттығуларын жасайды.
Ұйымдастырылған оқу –қызметі: 18.09.2017ж
Тәрбиеші: Есболова Илмира Жолдасовна
Білім беру саласы: «Шығармашылық»
Бөлімі: Сурет салу.
Тақырыбы: Сүйікті ойыншығым.
Мақсаты:Балалардың шығармашылық қабілеттерін дамыту
Білімділік : белгілі бір бейне жасауда түстердің үйлесімділігін және заттардың суретін салуда ұсақ бөлшектері ғана емес,олардың сипаты мен сапасына сәйкес ерекшеліктерін бере білуге жаттықтыру.
Дамытушылық : өз таңдауымен сурет салуға тапсырма беру.
Тәрбиелік: ойыншықтарды күтіп ұстауға ұқыптылыққа тәрбиелеу.
Қостілділік компоненті : ойыншық-игрушка
Әрекет кезеңдері.
Тәрбиешінің қызметі .
Мотивациялық- қозғаушылық.
М.Әлімбаевтың «Ойыншықтар»
өлеңін оқу.
Біздерде бар қуыршақ,
Бұзау,қозы,құлыншақ.
Ойыншықтар тыңдайды
Ақыл айтсаң,бұйырсаң.
Ұйымдастыру-іздестіру. Ойыншықтар туралы әңгіме жүргізеді, ойыншықтар туралы білетіндерін
балалардың естеріне түсіреді,неден
жасалғаны т.б туралы толық жауап алады, балаларға сөз беріп, мұқият тыңдайды.
«Ойыншықты тап» дидактикалық
ойыны.
Ойын мақсаты: ойыншықты атау және кеңістікте бағдарлап табу.
Сергіту сәті.
-
Рефлексивті-түзетушілік. - Балаларды мақтайды және мадақтайды.
Өздері салған суреттер жайлы өз
ойларын айтқызады.
Ұйымдастырылған оқу-қызметі: 19.09.2017ж
Тәрбиеші:Калиева Ельвира Турсуновна
Білім беру саласы: «Коммуникация»
Бөлімі: Сөйлеуді дамыту
Тақырыбы: Ойыншықтар дүкені.
Мақсаты: сызба нұсқасы бойынша бейнелі әңгіме құрастыра білуге, жасалуы бірдей заттарды топтастыруға, сөйлеу барысында ағаштан, шыныдан, пластмассадан деген сөздерді қолдана алуға үйрету жалғастыру.
Білімділік: зат есімнің көпше түріне іліу септігінің жалғауларын жалғай (ойыншықтардың, қолғаптардың, боталардың, қонжықтардың) білуге үйрету:
Дамытушылық : балалардың сөздік қорларын байыту.
Тәрбиелік: балаларды бірлікке тарту және ойыншықты ұқыпты қолдануға тәрбиелеу.
Қостілділік компоненті: ойыншық дүкені- магазин игрушек, ойын - игра, балалар - ребята, машина- мәшіне, ыдыс-аяқ - посуда.
Әрекет кезеңдері Тәрбиешінің қызметі
Мотивациялқ қозғаушылық Балаларға үш түрлі материалдан жасалған ойыншықтарды көрсетеді. Олар: ағаштан жасалған машина, пластмассадан жасалған қуыршақ, шыныдан жасалған ыдыс-аяқ.
Ұйымдастыру –
іздестіру Мақал-мәтелдің мағынасын түсіндіріп, жаттығу.
Ойын баланың ойын ұштайды.
- Кез келген бала ойыншықпен ойнау барысында ойланады, яғни ойы ұшталады, дамиды. Мысалы: бала ойыншығының түріне, оның неден жасалғанына назарын аударады, оны ұстайды, көреді.
Мазмұнды-рөлді ойын:
«Ойыншықтар дүкені»
Мақсаты: балаларды мамандыққа баулу, яғни дүкенші болуға ынталандыру және сыпайы сөйлеуге үйрету.
Ойын шарты: балалар ішінен бірі
сатушы, ал қалғандары сатып алушылар болады.
Билингвальді компонент: ойыншық дүкені- магазин игрушек, ойын - игра, балалар - ребята, машина- мәшіне, ыдыс-аяқ - посуда.
Сергіту жаттығуы,
Орнымыздан тұрамыз,
Мойнымызды бұрамыз.
Қолымызды көтеріп,
Саусақты ашып-жұмамыз.
Онан соң төмен түсіріп,
Алақанды соғамыз.
Рефлексивті –
түзетушілік
- Жақсы, ойыншықтарды қалай ұстау керек?
- Иә, дұрыс айтасыңдар, ал топта жүргенде таласпай бірге ойнауымыз керек. Себебі: топтың ойыншығы бәрімізге ортақ екен.
Ұйымдастырылған оқу-қызметі: 19.09.2017ж
Тәрбиеші:Калиева Ельвира Турсуновна
Білім беру саласы: «Таным»
Бөлімі: Жаратылыстану.
Тақырыбы: Ойыншықтар
Мақсаты: Педагогтың үлгісі бойынша балалардың ойыншықтарды сипаттай білу білігін жетілдіру, балалардың өз ойыншықтары туралы ойларын айту.
Білімділік : Өз ойын еркін жеткізуге,жаңа сөздерді меңгертуге баулу. Өздеріне ұнаған ойыншыққа зерттеу жүргізіп (түсі, көлемі, материалы,жасалуына қарай алуан түрлі болатыны),әңгімелеп айтып беруге үйрету.
Дамытушылық : Эстетикалық талғамын арттыру. Балалардың мінез-құлқында қарапайым әдеп ережелерін (ойыншықтармен бөлісу) бекіту.
Тәрбиелік : Ақылды болуға тәрбиелеу. Ойын барысында ойыншықтарға ұқыптылықпен,жанашырлықпен қарап әрекет ете білуге тәрбиелеу.
Қостілділік компоненті: ойыншықтар-игрушки, доп-мяч, мақта-вата.
Әрекет кезеңдері Тәрбиешініің қызметі
Мотивациялық- қозғаушылық
Шаттық шеңберге шақырады.
Кел, балалар, күлейік!
Күлкіменен түлейік.
Күлкімізді күн қылып,
Гүл өссін деп тілейік
Ұйымдастыру-іздестіру Қонаққа Буратино келеді.Үстел үстінде тұрған бірнеше ойыншықтарды көріп таңырқайды.
-Балалар,мына үстел үстіндегі жатқан заттар не?-Ойыншықтарды жеуге бола ма?-Ал мына қарбызды қараңдар,қызық,өзі жеп-жеңіл екен(допты көрсетеді).-Доппен қалай ойнауға болады?Ол неге секіреді?Міне, ұстап көріңдерші.
Енді түсіндім,допты,резеңкеден,
қуыршақты пластмассадан, мата мен мақтадан жасайды екен. Педагог:Допты,қуыршақ пен Буратиноны әртүрлі материалдан да жасауға болады.
Сергіту
Сағаттың тіліндей солға бір оң аяқ
Сол аяқ жаттығу оңай-ақ.
Оңға түзу тұр,
Солға түзу тұр,
Алға қарай бір адым,
Артқа қарай бір адым,
Жоғары төмен қарайық,
Орнымызды табайық.
Алақанды ұрайық.
Рефлексивті-түзетушілік Балалардан бүгінгі жиыннан алған әсерлерін, көңіл күйлерін, немен айналысқандарын, не үйренгендерін сұрайды.
Ұйымдастырылған оқу-қызметі: 20.09.2017ж
Тәрбиеші:Есболова Илмира Жолдасовна
Білім беру саласы: «Денсаулық».
Бөлімі: Дене шынықтыру.
Тақырыбы: Допты домалату
Мақсаты:
Білімділік: Доппен ойнауға үйрету.
Дамытушылық: Қимыл әрекеттерін үйлесімділігін дамыту.
Тәрбиелік : Шапшаңдыққа, ептілікке тәрбиелеу.
Қостілділік компоненті: Секіру. Прыгать. Еңбектеу.Ползать
Әрекет кезеңдері Тәрбиешінің қызметі
Мотивациялық-
қозғаушылық. Қатарға тұру. Қатармен жүру, жүгіру. Қолды
жоғары, жанына, түсіру. Жүру, жүгіру.Бірінің
соңынан бірі жүру, жүгіру.
Шашарап жүру, жүгіру.
Ұйымдастыру -іздестіру. Доппен орындалатын жаттығулар.
Б. Қ негізгі тұрыс.Допты оң және сол қолға
белгі бойынша ауыстыру. 4-5 рет қайталау.
2.Б.Қ аяқ иық деңгейінде. Допты ұстап, оңға,
солға иілу. 4-5 рет қайталау.
3.Б.Қ негізгі тұрыс.Допты жерге қойып секіру.
4-5 рет қайталату.
Рефлексивті -түзетушілік. Бір қатарға тұру, тыныс алу жаттығуларын
жасау.
Ұйымдастырылған оқу-қызметі: 20.09.2017ж
Тәрбиеші:Есболова Илмира Жолдасовна
Білім беру саласы: «Таным»
Бөлімі: Қарапайым математикалық түсініктерді қалыптастыру.
Тақырыбы: «Заттардың санына қарай салыстыра алу қабілетін арттыру, бір зат пен көп затты бір-біріне айыра білуге үйрету»
Мақсаты: Сан мен заттың сан арасынан сәйкестігін табу; заттарды санау қабілетін нығайту(5 саны көлемінде) Заттарды көлеміне қарай(үлкен, кішірек, кішкентай) салыстыру.
Білімділік :. Заттардың ұқсас белгілерін(көлемі) тауып, оларды сол белгілеріне қарай топтастыруды үйрету,
Дамытушылық : Заттарды санау қабілетін күшейту (5 саны көлемінде ), заттарды көлеміне қарай (үлкен, кіші, кішкентай) салыстыруды жалғастыру.
Тәрбиелік : ұйымшылыққа,ұқыптылыққа , топпен жұмыс істеуге тәрбиелеу.
Қостілділік компоненті: үшбұрыш-триугольник, шаршы-квадрат,
Әрекет кезеңдері Тәрбиешінің қызметі
Мотивациялық-
қозғаушылық Тәрбиеші балаларды тақтаның алдына шақырады.
-Балалар үстелдің үстінде геометриялық фигуралар жатыр.Олардың арсынан шаршыны тауып маған сол туралы айтып беріңдерші.
Ұйымдастыру- іздестіру Дәптермен жұмыс. 1- тапсырма. Тәрбиеші балаларға дәптердегі суретті мұқият қарап шығып, төмендегі сұрақтарға жауап беруді сұрайды:
-Сәбіз қанша?; -Шие нешеу?; - Шалқан нешеу?; - Қияр нешеу?
Мындай тапсырма беріледі:
«Дөңгелегі бар карточкалар мен басқа заттар бейнеленген карточкаларды заттар мен дөңгелектер саны бірдей болатындай етіп, сызық арқылы қосындар»
2-тапсырма. Тәрбиеші балалармен бірге суретпен танысады ж/е сұрақтар қояады:
-Тәрелкелердің көлемі қандай?
-Алмалардың көлемі қандай?
Тапсырма: әр алманы өзінің тәрелкесіне сал, көлемі жағынан бірдей алма мен тәрелкені сызық арқылы қосындар.
Сергітту сәтті: «Күшік»
Мен – күшік, саққұлақ,
Ойнаймын шапқылап.
Серікпін қашан да,
Малшыға, шопанға.
3-тапсырма: Тәрбиеші балаларға тақпақ оқып береді: Ал, балақай қарашы,
Мынау біздің – шаршы.
Теңестірген төрт қабырғасын
Бар оның төрт бұрышы.
-балалар, тақпақта қандай фигура туралы айтылған? Оның тіктөртбұрыштан қандай ерекшілігі бар? т.б.
4-тапсырма: Тәрбиеші балалардың жоғарыдағы орындық пен төмендегі орындықта отырған аңдарды мұқият қарап, сұрақтарға жауап берулерін сұрайды.
-Жоғарыдағы орындықта неше аң отыр?
-Аттарын атап беріңдерші?
-Жоғардағы орындық пен төмендегі орындықта отырған аңдарды сан жағынан салыстырындар. Қайсы аң кетіп қалды?
-Қанша аң кетіп қалған болса, суреттің астындағыжолақ ішіндегі сонша дөңгелекті бояңдар.
Жұмбақ шешу: Бейқам жатқан ел іздейді
Малдын күдер үзбейді.
Қорадағы қойға шабады.
Кәне,жауабын кім іздейді?
Жаңғақ толы орманда,
Күндіз тамақ айырып.
Жатады кеш болғанда,
Өз құйрығын жамылып.
Бұл не?
Рефлексивті-
түзетушілік жауап арқылы оқу іс-әрекетінде алған білмдерін бекітеді.
Ұйымдастырылған оқу-қызметі: 21.09.2017ж
Тәрбиеші:Калиева Ельвира Турсуновна
Білім беру саласы: Денсаулық, Таным.
Бөлімі: Дене шынықтыру.
Тақырыбы: Қапшықты нысанаға лақтыру.
Мақсаты: 1. Қапшықты нысанаға дәлдеп лақтыруға үйрету және көзбен мөлшерлей білу дағдыларын дамыту.
2. Ұжым болып ойнауға тәрбиелеу.
3. Гимнастикалық қабырға арқылы өрмелеуге жаттықтыру.
Білімділік: Шашырап, жұптасып, жүруді,жүгіруді үйрету.
Дамытушылық : Жылдамдық, ептіліктерін дамыту.
Тәрбиелік : Төзімділікке,шапшаңдыққа тәрбиелеу.
Қостілділік компоненті: таяқшалар, қапшықтар,
Әрекет кезеңдері Тәрбиешінің қызметі.
Мотивациялық-
қозғаушылық. Бір қаьар тізбекпен бір-бірден сол
иығына таяқшаны қойып жүру.
«Бір» белгісіне қарай жұптасып
тұра қалу және жүру, «екі» белгісіне
қарай бір қатар сапқа тұру.
Ұйымдастыру –
іздестіру. Таяқшамен орындалатын ЖДЖ:
«Штангистер» жаттығуы: аяқтарын
сәл ашып тұрады, қолдары төмен түсірілген, таяқшаны көлденең
екі шетінен ұстау. Таяқшаны кеуде
тұсына көтеру, одан соң жоғары
көтеру, бастапқы қалыпқа оралу.
Рефлексивті –
түзетушілік. Бір қатар тізбекпен жүріп, тыныс
алу жаттығуларын орындау.
Ұйымдастырылған оқу-қызметі: 21.09.2017ж
Тәрбиеші:Калиева Ельвира Турсуновна
Білім беру саласы: «Коммуникация»
Бөлімі : Көркем әдебиет
Тақырыбы: «Ойыншықтар» өлең
Мақсаты: Балаларды сөйлеуге, әңгімелей білуге,өз ойын жеткізуге жаттықтыру.
Білімділік : Өлең мәтінін түсініп,жатқа айта білуге үйрету.
Дамытушылық : Ойыншықтардың түрлерін ажырата білуге баулу.
Тәрбиелік : Ой-өрісін дамытып,ойыншықтарды күтіп ұстауға тәрбиелеу.
Қостілділік компоненті: ұйықта-спи, әсем-красивый, биік-высокий.
Әрекет кезеңдері Тәрбиешінің қызметі
Мотивациялық-
Қозғаушылық Жылулық шеңбері
Кел,балалар,күлейік,
Күлкіменен түлейік.
Күлкі көңіл ашады,
Күліп өмір сүрейік!
Ұйымдастырушылық-ізденістік Кіріспе әңгіме:
Оқу іс –әрекеті жұмбақ жасырудан
басталады.
*Шіркіннің өзіне обал-ақ,
Жүреді аяқта домалап.
*Аяғы бар, жүрмейді,
Ауызы бар, күлмейді.
Айнымайды бөпемнен,
Тек сөйлеуді білмейді.
Ойыншықтар
Біздерде бар қуыршақ,
Бұзау,қозы,құлыншақ.
Ойыншықтар тыңдайды
Ақыл айтсақ,бұйырсақ,
Қуыршақтар ұйықтайды,
Айтқаныңнан шықпайды.
Бұзау,қозы,құлыншақ
«Ұйықта»десең, ұқпайды.
Тыңдамайды ұрысса,
Осылары дұрыс па?
Тентектігін қоймаса,
Тұрғызармын бұрышқа.
Сергіту сәті:
Биік болып өсеміз,
Жапырақтай жайқалып.
Шетімізден шеберміз,
Біз тынығып аламыз,
Әсем сурет саламыз.
Рефлексивті-
түзетушілік Қорытындылау.
Сюжетті –желілі ойын: «Ойыншықтар әлеміне саяхат»
жасау.
Мақтау,мадақтау,жұлдызшалар
беру.
Ұйымдастырылған оқу-қызметі: 21.09.2017ж
Тәрбиеші:Калиева Ельвира Турсуновна
Білім беру саласы: «Шығармашылық»
Бөлімі: Мүсіндеу
Тақырыбы: «Ойыншык арба»
Мақсаты: қоларба туралы мағлұмат беру;
Білімділік: қоларбаны мүсіндеу техникасын меңгерту; ермексазды алақан арасына салып домалақтау, домалақ ермексаздың ішін шұңқырлау, ішісыртын саусақпен тегістейтінін естеріне түсіру.
Дамытушылық : Тілдерін дамыту. Саусақтың ұсақ бұлшық еттерінің қозғалысын жетілдіру.
Тәрбиелік : Ойыншықтармен ұқыпты ойнауға тәрбиелеу.
Қостілділік компоненті: ойыншық- игрушка, арба - телега.
Әрекет кезеңдері Тәрбиешінің қызметі
Мотивациялық-қозғаушылық
Шаттық шеңбері
Қайырлы таң, көк аспан!
Қайырлы таң, алтын Күн!
Қайырлы таң, байтақ жерім!
Қайырлы таң, туған елім!
Қайырлы таң, қонақтар!
Қайырлы таң, апайлар!
Қайырлы таң, балалар!
Ұйымдастыру –
іздестіру
Көрші бала балалармен сәлемдеседі.
- Балалар, көршіні төрге отырғызайық.
Көрші бала:
- Балалар, менің құм таситын қоларбам жоғалып кетті, маған қоларба жасап беріңдерші.
- Балалар, арбаны өз қолымен жасайтын шебер болғыларың келе ме?
Билингвальді компонент: арба - телега.
Рефлексивті –
түзетушілік
Бала арбаға қуанады.
- Рақмет, балалар, енді менің құм т
аситын арбам бар. Сендерді менімен
бірге ойнауға шақырамын.
Ұйымдастырылған оқу-қызметі: 22.09.2017ж
Тәрбиеші:Есболова Илмира Жолдасовна.
Білім беру саласы: «Таным»
Бөлімі: Құрастыру
Тақырыбы : Мәшинелер.
Мақсаты: Мәшинелер туралы түсініктерін кеңейту.
Білімділік: мәшина жайлы мағлұмат беру, Мәшинаны оригами әдісі бойынша құрастыру жолдарымен таныстыру.
Дамытушылық: Мәшинаның бөліктері жайлы білімдерін толықтыру, ұқыптылықтарын, шыдамдылықтарын дамыту
Тәрбиелік: ұқыпты жұмыс жасай білуге тәрбиелеу.
Қостілділік компоненті: машина -көлік
Әрекет кезеңдері Тәрбиешінің қызметі
Мотивациялық- қозғаушылық Үлгі суретті көрсетіп, машинаның түрлерін
сурет бойынша әңгімелеу. Өздері қандай
машианларды білетіндерін сұрау. Үлгі
бойынша машинаны жасау жолдарны
көрсетіп түсіндіру.
Ұйымдастыру-іздестіру 1.Оригами арқылы бүктеп жасалған машина
үлгісін көрсету.
2. Тіктөртбұрышты ортасынан бүктеу.
3.Шеткі беттерін ішке қарай қайтарып тағыда
бүктеу.
4. Сыртқа қарай қайтарып тағыд бүктеу.
5. Ортасынан ішіне қарай бүктеу.
Сергіту сәті.№ 5.
6.Машинаның қорабын жасау үшін екі бұрыштарын ішке қарай бүктеу.
7. «Дөңгелекті» жасау үшін төменгі бөлігідегі үшбұрышты ішіне қарай бүктеу.
8. Шеткі бөліктерінің бұрыштары ішіне қарай
бүктеу.
9. Фарын жасау үшін оның бұрыштарны ішке
қарай бүктеу.
10. Фардың бұрыштарын түзетіп, тегістеп, әдемілеп
қою керек.
11. Оригами әдісімен жасалған машина дайын
болды.
Рефлексивті-түзетушілік Балалардың қағазбен жұмыс жасау барысына
бақылау жасалады, жасалған жұмыстарды
салыстырып көреді,жақсы жасалған машианалар таңдалады, мадақталады.
Ұйымдастырылған оқу-қызметі: 25.09.2017ж
Тәрбиеші: Калиева Ельвира Турсуновна
Білім беру саласы: «Денсаулық».
Бөлімі: Дене шынықтыру
Тақырыбы: Қыздар мен ұлдарға арналған жаттығулар.
Мақсаты:
Білімділік : Орындықта орындалатын жаттығуларды үйрету.
Дамытушылық :Шапшаңдық, ептілік қасиеттетір дамыту.
Тәрбиелік : Достыққа, ынтымақтастыққа тәрбиелеу.
Қостілділік компоненті: Жүру. Жүгіру. Бегать.Прыгать.
Әрекет кезеңдері Тәрбиешінің қызметі
Мотивациялық-
қозғаушылық. Белгі бойынша бір қатарға тұру, жүру,
жүгіру. Қол жоғары, төмен, шашырап жүру.
Жүгіру, ирелеңдеп жүру, жүгіру. Бір сапқа тұру.Кедергілерден аттап өту.Тездетіп
жүру, түзу жүру.Бір қатарға тұру.
Ұйымдастыру –
іздестіру. Орындықпен орындалатын жаттығулар.
Б.Қ. орындық үстінде отыру.Қолда оң,солға
көтеру. 3-4 рет қайталау.
Б.Қ. отыру.Аяты бүгу, түсіру. 4-5 қайталау.
Б.Қ отыру.Қол белде. Оң, солға бұрылу. 4-5рет. Орындықтың жанында тұрып арқасынан ұстап отырып, тұру.4-5рет.Б.Қ орындықты ұстап тұру.
Оң, сол аяқты кезектестіріп көтеру.4-5рет қайталау.Бір орында тұрып орындықты ұстап
тұрып екі аяқпен секіру
Рефлексивті –
түзетушілік. Бір қатарға тұру тыныс алу жаттығуларын
жасау.
.
Ұйымдастырылған оқу-қызметі: 25.09.2017ж
Тәрбиеші: Калиева Ельвира Турсуновна
Білім беру саласы: Шығармашылық
Бөлімі: Сурет салу
Тақырыбы: Үйдің суретін саламыз.
Мақсаты: түзу сызықтарды дұрыс сызу және білу дағдыларын қалыптастыру.
Білімділік :. Бояу түсін таңдай білуге үйрету.
Дамытушылық : сурет салуға қызығушылығын арттыру.
Тәрбиелік: түстер мен ырғақты сезіне білуге тәрбиелеу. Ұқыптылыққа, жан-жақтылыққа тәрбиелеу
Қостілділік компоненті: қабат-этаж, терезе-окна
Әрекет кезеңдері Тәрбиеші қызметі
Мотивациялық- қозғаушылық
Балалар бір-біріне деген жылы тілектерін айтады.
Балалар, бүгін бізге қонаққа екі қуыршақ келіпті. Күн суытып келеді, ал қуыршақтардың тұратын жері жоқ екен. Бұл қуыршақтар сендерге қайда тұрғысы келетінін айтады.
Ұйымдастыру-іздестіру Біздің үй (Ғ.Өкеев)
Қалаушы да табылды,
Үй салынды, жабылды.
Қосып құмға лайды,
Сылақшылар сылайды.
Терезе, есік, едені,
Қиюласты әдемі.
Құрылысшы боламыз,
Зәулім үйлер саламыз.
Балалар,үйді кімдер тұрғызады? (Педагог балалармен әңгіме жүргізеді).
Әртүрлі үйлердің суреттерін көрсетеді.Олардың терезелері, есіктері,шатырларының көлемдеріне көңіл аудартады, салыстырады,қаланың,ауылдың үйлерінің суреттерін көрсетеді.
Үйді салу жолдарын түсіндіріп, суретті аяқтатады.Бір қабатты үй.
А)Бір қатарға екі терезе салу үшін жоғарыдан төмен қарай түзу сызық сызылып,шаршы жасалады.
Ә)Есігі тік төртбұрышқа ұқсайды.
Б)Шатыры үшбұрыш болып келеді,парақтың жоғарғы жағына нүкте қойып,әртүрлі жаққа екі сызық жүргізіледі.
Бой сергіту:
Мен құрылысшы боламын,
Зәулім үйлер саламын.
Өз қаламды көркейтіп,
Ел алғысын аламын.
Көп қабатты үй.
Бірнеше қатарға(3-5қабатты үйлерде)терезелер салынады. Қабаттардың арасында қылқаламды оңға,солға жылжыта отырып салу керек.
Үйдің түсі күлгін,ашық жасыл,көк болғаны дұрыс екенін түсіндіреді. Терезе,шатыр,есіктердің шеттерін бояу керектігі айтылады.
Рефлексивті-түзетушілік Балалардың жұмысын талдау. Қуыршақтар балаларға алғыстарын айтады.
Мақтау,мадақтау.
Ұйымдастырылған оқу-қызметі: 26.09.2017ж
Тәрбиеші: Есболова Илмира Жолдасовна
Білім беру саласы: «Коммуникация»
Бөлімі: Сөйлеуді дамыту
Тақырыбы: Қуыршақ бөлмесі
Мақсаты: Балалардың ой – өрісін, сана –сезімін дамыту, тілдік қабілеттерін жетілдіру.
Білімділік : балаларды жиһаздардың атауын дұрыс атай білуге жаттықтыру, сөйлесу барысында зат есімдер мен сын есімдердің сандық және септеулік түрленуін қолдана білуге баулу.
Дамытушылық: Баланың ой – өрісін кеңейту, ойлау қабілетін дамыту.
Тәрбиелік : ұқыптылыққа, жинақтылыққа тәрбиелеу.
Қостілділік компоненті: бөлме – комната, куыршақ – кукла, жиһаз-мебель.
Әрекет кезеңдері Тәрбиешінің қызметі
Мотивациялық –
қозғаушылық Амандасу. Іші ойыншыққа толы дорбаны балаларға көрсетіп: Балалар, мына ғажайып дорбаға назар аударайық.Ішінде не бар екен?
Ұйымдастыру –
іздестіру Ойын: «Ғажайып дорба»
Мақсаты: балалардың сипап сезу қабілетін дамыту.Заттың атын атау.
Шарты: балалар кезекпен дорбаға қолдарын
салып, ұстап, сипап көру арқылы заттың атын атайды.
Жұмбақ шешкізу.
Ағайыңды төр батыр, Көтергені бір шатыр. Ол не ?
Балалар, ағайыңды төрт батыр дегені төртеуі де бірдей ағайындылар секілді, үстелдің үстіңгі
бөлігін тіреп тұрады екен. Оның үстіңгі бетін шатырға тенеп тұр.
Сергіту жаттығуы.
Жуын, жуын, жуынсақ,
Қандай жақсы қуыршақ!
Әтпегенде, бөпешім,
Кірлеп кеткен екенсің.
Қазір аппақ боласың,
Қуанады анашың.
Билингвальді компонент: бөлме – комната, куыршақ – кукла, жиһаз-мебель.
.

Рефлексивті
түзетушілік Үй жиһаздарының не үшін керек екендігін толығымен айтып жеткізуге ұсыныс білдіру.
Ұйымдастырылған оқу-қызметі: 26.09.2017ж
Тәрбиеші: Есболова Илмира Жолдасовна
Білім беру саласы: «Таным»
Бөлімі: Жаратылыстану.
Тақырыбы: Үй жиһаздары.
Мақсаты: Педагогтың үлгісі бойынша балалардың жиһаздарды сипаттай білу білігін жетілдіру,
Білімділік : Өз ойын еркін жеткізуге,жаңа сөздерді меңгертуге баулу.Үй жиһаздарының ерекшіліктері, қандай материалдардан жасалғандығы, күнделікті тұрмсыта пайдалануы туралы айту.
Дамытушылық : Эстетикалық талғамын арттыру.
Тәрбиелік: Ақылды болуға тәрбиелеу. Жиһаздарды жасаған адам еңбектеріне түсінік бере отырып, олардың еңбектеріне құрметпен қарауға тәрбиелеу.
Қостілділік компоненті: жиһаз -мебель
Әрекет кезеңдері Тәрбиеші қызметі
Мотивациялық- қозғаушылық
Шаттық шеңбері
Балалар, қуыршақтың үйіне жаңадан заттар әкеліпті. Қандай заттар екенін білгілерің келеме?
-Олай болса қуыршақтың үйіне барайық.
Ұйымдастыру-іздестіру Балалардың назарын қуыршақтың үйіндегі заттарға назар аударады. Оны ұстап көруге рұқсат береді.
Жиһаздардың жеке-жеке суретері мен макетін көрсетіп, олардың атын, тұрмыста не үшін қолданатынын сұрайды.
Осы заттар не үшін керек?
Мысалы: үстел не үшін керек?
-Үстелді не үшін пайдаланамыз?
Ал мынау не?
Орындық не үшін керек?
Орындықты тағы да не үшін пайдалануға болады?
Орындық неден тұрады?
Тағы да ненің арқалығы және аяқтары болады?
Орындықтың қандай түрлері болады?
Ала мынау не?
Диван не үшін керек?
Осылайша таныстырып жиһаздарды жеке жеке сұрап шығады.
Бұл заттарды кімдер жасайды?
Диван ,кресло,төсек, шкафтардың қажеттілігін топтастырып, бір сөзбен «Жиһаз» деп айтылатыны және жиһаздардың әр бөлменің көлеміне, түр түсіне, пайдалануына байланысты туралы ақпарат береді.
Үй жиһаздарын ағаш шеберлері жасайтынын және жиһаздардың жасалуына дейіңгі кезеңдерді түсіндіреді.
Өсіп тұрған ағаш.
Сүргіленген бөренелер.
Тақтайшалар,ағаш үгінділері, фанерлер.
Жиһаздың дайын болаған кезі.
Рефлексивті-түзетушілік Балалардан бүгінгі сабақтан алған әсерлері, көңіл күйлерін, немен айналысқандарын, не үйренгендерін сұрайды.
Ұйымдастырылған оқу-қызметі: 27.09.2017ж
Тәрбиеші: Калиева Ельвира Турсуновна
Білім беру саласы : «Денсаулық».
Білімі: Дене шынықтыру
Тақырыбы: Шыбынбике Шыбынгүл.
Мақсаты:
Білімділік: Тепе теңдікті сақтау жаттығуларын үйрету.
Дамытушылық:Шапшаңдық, ептілік қасиеттетір дамыту.
Тәрбиелік : Достыққа, ынтымақтастыққа тәрбиелеу.
Қостілділік компоненті: Жүру. Жүгіру. Бегать.Прыгать.
Әрекет кезеңдері Тәрбиеші қызметі
Мотивациялық-
қозғаушылық. Белгі бойынша бір қатарға тұру, жүру, жүгіру.
Қол жоғары, төмен, шашырап жүру. Жүгіру, ирелеңдеп жүру, жүгіру. Бір сапқа тұру.
Тездетіп жүру, түзу жүру.Бір қатарға тұру. Шыбынбикемен Шыбынгүл қонаққа келеді.
Ұйымдастыру -іздестіру. Шыбынбикемен Шыбышгүлдің балаларға
жаттығулар орындатады.
Б.Қ. аяқ иық деңгейінде.Шығыршық қолда.
Оң, солға бұрылу. 3-4 рет қайталау.
Б.Қ. отыру.Шығыршыты ұстап аяқты бүгу,
аяқты түсіру. 4-5 қайталау.
Б.Қ аяқ иық деңгейіндеШығыршықты көтеру,
түсіру. 4-5рет.
Б.Қ аяқ иық деңгейінде.Шығыршықты о, сол
қолға ауыстыру.4-5рет.
Рефлексивті -түзетушілік. Бір қатарға тұру тыныс алу жаттығуларын жасау.Шыбынбикемен Шыбынгүл балаламен қоштасады, рахмен айтады.
Ұйымдастырылған оқу-қызметі: 27.09.2017ж
Тәрбиеші: Калиева Ельвира Турсуновна
Білім беру саласы: «Таным»
Бөлімі: Қарапайым математикалық түсініктерді қалыптастыру.
Тақырыбы: «Сандарды салыстыру»
Мақсаты: заттарды дұрыс санауға үйретуді әрі қарай жалғастыру; (5 саны көлемінде);екі топтағы заттарды салыстыруға үйрету; сан жағынан аз топқа жетпей тұрған затты қосуды үйрету; саны жағына бірдей, бірақ әртүрлі заттардан құралған топтар арасындағы теңдікті анықтау.
Білімділік : заттардың орналасуын сөзбен баяндауға үйрету ( сол жақта,оң жақта ,ортада).
Дамытушылық : тәулік бөліктері туралы білімін, ой-өрісін дамыту.
Тәрбиелік : ұқыптылыққа,шапшандыққа,жауапкершілікке тәрбиелеу.
Қостілділік компоненті: аю-медведь,тиын-белка,артық-больше,кем –меньше.
Әрекет кезеңдері Тәрбиешінің қызметі
Мотивациялық-
қозғаушылық Педагог балаларды тақтадағы суреттермен жұмыс істеуге шақырады:-Балалар,суреттерді мұқият қарап шығыңдар. Содан соң суретші-
нің қай суретте таңертеңгі уақытты қайсы-
сында күндізгі уақытта қайсысында кешті суреттегенін табыңдар. Неліктен?
Ұйымдастыру-іздестіру Педагог төменгі сөреге 4 аю,ал жоғарғы сөреге 5 тиін қояды.Балаларға мынадай сұрақ қояды: «Аю қанша? Тиін нешеу? Қайсысы көп (аз) : аю ма,әлде тиін бе? 5 аз ба, әлде 4 аз ба?Олардың саны тең болуы үшін не керек?» 1-тапсырма. Педагог балаларға тақия мен етіктерді санап шығуды тапсырады. -Тақия нешеу? Етік ше?
-Қайсысы артық, қайсысы кем? («Артық», «кем» сөздерін қолдануға үйрету).
-Тақия мен етікті саны жағынан теңестіру үшін не істеу керек? Балалар етіктің суретін салып болғаннан кейін, педагог етік пен тақияның теңескенін, яғни: 5 етік. 5 тақия болғанын түсіндіреді.
Педагог балалардан төмендегі сөйлемді аяқтауын өтінеді: -Біз түнде ұйықтаймыз,
ал жаттығуды... жасаймыз.
-Таңғы асты таңертең, ал түскі асты... ішеміз.
-Түскі асты күндіз ішеміз,ал кешкі асты...ішеміз.
-Кешке тамақ ішеміз,ал...ұйықтаймыз.
-Енді тәулік бөліктерін рет-ретімен атап беріңдерші.
2-тапсырма. -Балалар, дөңгелек ішіндегі суреттерге қараңдаршы.Суретші қай жерде қателесіпті?
Педагог балаларға дөңгелек ішіндегі суретті төменгі шаршылардың ішіндегі суреттің тиістісіне қосуды тапсырады (таңертең,күндіз,кеш,түн).
«Қарғалар».Сергіту сәті.
3-тапсырма.
Педагог балаларға өлең оқып береді
Санауды біз білеміз,
Сандарды да білеміз,
Сондықтан да атамның
Құстарын санап береміз,
Бір,екі,үш,төрт,бес,
Бірден санап шеш!
Содан соң балаларға сұрақ қойып, тапсырма береді. -Тордың ішінде неше құс бар?
-Ағашқа неше құс қонып тұр?
-Қайсысы артық,қайсысы кем?
-Тордың астындағы жолаққа торда қанша құс болса,сонша дөңгелек салыңдар.
-Ағашта қанша құс болса,төменгі жолаққа сонша дөңгелек салыңдар.
-Енді жолақтың ішіндегі дөңгелектерді салыстырыңдар.
4-тапсырма.
Педагог өлең оқиды:
Азамат,Марат,Айдар,
Келді аралап базар.
Әрқайсысы өлшеп,
Сатып алды көйлек.
Рефлексивті-
түзетушілік Өзін-өзі бақылау және өзі атқарған жұмысқа баға беру.
Педагог балаларды мақтайды.

Приложенные файлы


Добавить комментарий