ТРБИЕ СААТЫ: Сулесімен сананы жігерленсін талабы


Өзін-өзі тану сабақ жоспары
Сағат саны: Мерзiм:
7А,Ә 7Б,В 7Г
3 Оқушы саны: Мектеп: №152 гимназия
Тақырып: Сәулесімен санаңның
жігерленсін талабың
Құндылық : Қиянат жасамау
Қасиеттер: Адамгершілік,сүйіспеншілік.
Мұғалiм: Исатаева.А Сынып: 7

Сабақтың мақсаты:
– оқушыларға ерік-жігер, күш-қуат, сана-сезім тәрізді құндылықтардың адам өміріндегі маңызы туралы түсінік беру.
Міндеттері:
Білімділігі:
– оқушыларды өз өміріне жауапкершілікпен қарай алуға, күш-жігерін ырықты түрде толық пайдалана алуға үйрету;
Дамытушылығы:
– оқушылардың ерік-жігерін, күш-қуатын саналы түрде арттыра алу дағдыларын дамыту;
Тәрбиелілігі:
– оқушыларды табандылыққа, төзімділікке, жігерлілікке, қажырлылыққа, ерік-күштің мықтылығына тәрбиелеу.
Сабақ барысы:
1.Ұйымдастыру кезеңі (сәлемдесу,түгендеу, 5-құрал-жабдық,оқулық дәптер,күнделік,қалам,бейджик)
Тыныштық сәті
Нұрға бөлену
Ыңғайланып отырыңыздар! Денелеріңізді түзу ұстаңыздар. Аяқ-қолыңызды айқастырмаңыз. Қолыңызды тізеңізге немесе үстелге қоюға болады. Көздеріңізді жұмуларыңызды өтінемін. Елестетіп көріңіз: күн нұры сіздің төбеңізден өтіп кеудеңізге қарай бойлап барады. Кеудеңіздің орта тұсында гүл түйнегі орналасқан. Гүлдің түйнегі нұрдан баяу ашылып келеді. Балғын және таза әсем гүл сіздің әр ойңызды, әр сезіміңізді, эмоцияңыз бен тілек қалауыңызды шайып, жүрегіңіздің хауызын ашты. Нұр сәулесі сіздің бойыңызға ақырын тарай бастағанын елестетіңіз. Ол біртіндеп күшейе түсуде. Оймен осы нұрды қолдарыңызға түсіріңіз. Сіздің қолдарыңыз нұрға бөленіп сәуле шашуда. Қолыңыз тек жақсы ізгі істер істейді және баршаға көмектеседі. Нұр аяқтарыңызға тарады, аяқтарыңыз нұр сәулесін шашуда. Олар сізді тек жақсылық жасау үшін жақсы жерлерге апарады. Олар нұр мен махаббат құралына айналды одан әрі нұр сіздің аузыңызға, тіліңізге тарады. Тіліңіз тек шындықты және жақсы, ізгі сөздер ғана айтады. Нұрды құлақтарыңызға бағыттаңыз құлақтарыңыз тек жақсы сөз бен әсем әуенді ғана естиді. Нұр көздерімізге де жетті, көзіміз тек жақсыға қарап, бәрінен жақсылықты ғана көреді. Сіздің басыңыз түгелдей нұрға бөленіп, басыңызға тек ізгі, сәулелі ой келеді.
Нұр бірте бірте қарқын және шұғыланы бастайды, сіздің денеңізден шығып, жан-жағыңызға сәуле шашады. Осы нұрды туысқандарыңызға, мұғалімдеріңізге, достарыңызға, таныстарыңызға бағыттаңыз. Нұрды уақытша түсініспей, ренжісіп жүрген адамдарға да бағыттаңыз, олардың да жүрегі нұрға толсын. Осы нұр бүкіл әлемге: барлық адамдарға, жан-жануарларға, өсімдіктерге, барлық тірі жанға таралсын... ғаламның барлық түкпір-түкпіріне нұр бағыттаңыз. Ойша айтыңыз: «Мен нұрлымын... Нұр менің ішімде... Мен нұрмын ».
Осындай Нұр, Махаббат және Тыныштық күйінде отыра тұрыңыз... енді осы нұрды жүрегіңізге орналастырыңыз. Нұрға толы бүкіл әлем сіздің жүрегіңізде. Оны осындай әсем қалыпта сақтаңыз.
Жәймен көзіңізді ашуға болады.
Рахмет! Ресурста: (құралдар,
мәлімет-тер)
6 мин.
2.Үй тапсырмасын тексеру.
К.Салықовтың «Жанбасаң, жарық бермейсің» өлеңін сұрау Сабақ барысын талқылау:
9 мин.
3.Дәйексөз:
Ештеңе де өзінен-өзі, ерік-жігерсіз, құрбандық пен еңбексіз істелмейді. Адам еркі, соның ішінде берік адамның еркі – ғаламат күш.
А.И. Герцен 7 мин.
4.Әңгімелеу(сұхбат):
«Ерік-күші мықты адам» дегенді қалай түсінесіңдер?
Алға қойған мақсатқа жету үшін не істеу керек?
Саналы әрекет дегенді қалай түсіндірер едіңдер?
10 мин.
5.Шығармашылық жұмыс,топтық жұмыс: ( сахналау)
Күш қайдан келеді?
Қ. Толыбаев
Неліктен адам бәрінен күшті деп ойлайсыңдар?
Балаға өздерің қандай ақыл қосар едіңдер?
4 мин.
6.Топпен ән айту.
ЕРЛІККЕ ШАҚЫРУ
Сөзі мен әні М. Шахановтікі
Мiне, саған ойланатын келдi күн, Азамат боп атқа мiндiң сен бүгiн. Бiрақ атқа мiнгенiңнен не пайда, Жүрегiңде қалғып жатса ерлiгiң. А – а – а Бозбала, Қанатыңды талдырма, Алай-түлей жаңбырда, Тiзгiнiңдi берiп қойма тағдырға, Қуанышым. Жан-тәнiңмен бiр адамды сүймегенiң үшiн, Сүйе алмағаның үшiн Табиғаттың алдында кiнәлiсiң. Қорға, жаным, сенiмiңдi жеруден, Қорлық бар ма, жанбай жатып сөнуден. Өмiрдегi үлкен жеңiс әрдайым, Басталмай ма өзiңдi өзiң жеңуден. Болашағың алдыңда әлi, бүлдiршiн, Ер жiгiттiң намысында бұл бiр сын. Бүгiн көрсет қайратыңды, күшiңдi, Ертең мүмкiн кеш бола ма, кiм бiлсiн.
4 мин.
7.Үй тапсырмасы.
Үй жұмысы ретінде жігер, ерік-күш, қажыр-қайрат жөнінде бірнеше мақал жазып келу тапсырылады.
2 мин.
8. Сабақтың қорытынды сәті.
Бүгінгі сабаққа белсене қатысқан оқшыларға рахмет!
3 мин.

Приложенные файлы


Добавить комментарий