«Фосaj элементіне жалпы сипаттама.aФосфор элементіне жалпы сипаттама. Бейметалдар жне оларды осылыстары»фор элементіне жалпы сипаттама. Бейметалдар жне оларды осылыстары»Фосфор элементіне жалпы сипаттама. Бейметалдар жне оларды осылыстары»


ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫ БІЛІМ ЖӘНЕ ҒЫЛЫМ МИНИСТРЛІГІ
АСТАНА ҚАЛАСЫ БІЛІМ БАСҚАРМАСЫ
Астана қаласы әкімдігінің «Қоғамдық тамақтандыру және сервис» колледжі МКҚК

Келісілді:Бекітемін:
Колледж әдіскеріОқу-әдістемелік жұмыстары жөніндегі
Р.Көбегенова______________ директордың орынбасары
«____»________________2018ж. У.Кстаубаева__________________
«___»_______________2018ж.
АШЫҚ САБАҚ
«Фосфор элементіне жалпы сипаттама. Бейметалдар және олардың қосылыстары»

Дайындаған: Химия-биология
пәндерінің оқытушысы
Төребекова Б.Т _______________
Қатысушы топ: А-257
Әдістемелік-циклдық комиссиясы
отырысында қарастырылды
Хаттама №__«____»________2018ж.
ӘЦК төреағасы__________А.Шуакова
Астана, 2018ж
Оқытушы: Төребекова Ботакөз Тұрсынбекқызы
Пән: Химия
Мамандық, топ: 0508000 – «Тамақтандыруды ұйымдастыру», А-257
Сабақтың тақырыбы: Фосфор элементіне жалпы сипаттама. Бейметалдар және олардың қосылыстары.
Күні: 13.02.2018 ж.
Сабақ түрі: аралас сабақ
Сабақтың мақсаты: Фосфор элементіне жалпы сипаттама. Бейметалдар және олардың қосылыстарын түсіндіру.
Сабақтың міндеттері:
А) Білімділік: Студенттерге фосфор элементінің жалпы сипаттамасын, қосылыстарын және физикалық, химиялық қасиеттерін түсіндіру.
Б)Дамытушылық:Студенттерге фосфор элементін түсіндіре отырып,сабаққа деген қызығушылығын арттырып,ой – өрісін дамыту.
В) Тәрбиелік: Тазалыққа, тәртіптілікке,ұйымшылдыққа тәрбиелеу.
Оқыту әдістері: Жеке және топтық жұмыс, көрнекілік әдістер, сұрақ-жауап, талдау, баяндау, практикалық жұмыс
Құрал-жабдықтар: Интерактивті тақта, бейнеролик, оқу құралдары,бағалау кестесі,физикалық құралдар.
Пән аралық байланыс: «Математика,қазақ тілі,тарих,биология,медицина,география».
І.Ұйымдастыру кезеңі. Сәлемдесу,студенттердің қатысуын және аудиторияның дайындығын тексеру,сабақ өткізу жоспары.
ІІ. Үй тапсырмасын сұрау:
Қазақстандағы мыс кен орындары
Қазақстандағы мырыш кен орындары
Қазақстандағы кен орындардың коррозиясы.
«Кім жылдам» ойыны. (Әр студентке 12 сұрақ беріледі. Тексеру барысында тақтаға жауаптарын қоямын,әр студент бір –біріне жауап парақтарын алмастырып тексереді).
1. Жезқазған, Ақтоғайдан өндірілетін металл.
2. Коррозияның түрлерін ата.
3. Металдардың активтілік қатарын жасаған кім .
4. Өшпейтін өмір жоқ, сөнбейтін ............... жоқ.
5. Металдардың металдағы ерітіндісі.
6. IV- топтың "В"топшасындағы сынған сүйектерді бекітуге қолданатын металл.
7. Қоршаған орта әсерінен металдардың бүлінуі.
8. Тас ғасырында адамның бірінші танысқан металы.
9. Адамдар құрал жасау үшін алғаш рет қандай затты пайдаланған?
10. Қызыл қан түйіршіктерінде болатын элемент.
11. Топырақта қандай элемент жетіспесе,өсімдіктің өсуі баяулайды.
12. Қандай қосылысты тері илеуде пайдаланды.Осыдан келіп қандай атау шыққан.
ІІІ. Жаңа сабақ:
Бізге бір тарихшы жұмбақ жасырды. «Гамбур алхимигі Бранд «философиялық тас» алу жолында көп жұмыс істеді.Брандтың ойынша бұл тас кәріні жасартатын,аурудыф тез сауықтыратын, адамның өмірін ұзартатын тас болды. Бранд бұдан басқа барлық металдарды алтынға айналдырғысы келді. Бірде ол жаңа рецепті бойынша зертханада жұмыс істеді. Адам зәрін суалтып,оған көмір мен құмды араластырып ауа қатыстырмай қыздырды. Құтының ішінде жылтыраған бір нәрсенің бар екенін көрді. Сөйтіп, 1669ж осы зат кездейсоқ ашылды. Алынған зат жарық шығарады,осыны пайдаланып, Бранд байларғасатып ақшаға кенелді. Бұл қандай зат деп ойлайсыңдар?» Жауабы: ФОСФОР.
Фосфор бейметалл. Оның ядросында15протон,16нейтрон бар.Электрондардың жалпы саны 15.Реттік нөмірі 15. Ar -31.Валенттілігі – айнымалы ІІІ және Ү.Тотығу дәрежелері -3,0,+3,+5.
Алынуы:
Ca 3 (РО4) 3 + SіО2 + 5С → 3СаSіО3 + 5СО↑ + 2Р
Фосфордыңқосылыстары1. Фосфин - РН3
2. Фосфор (ІІІ) оксиді - Р2О3
3. Фосфор(V) оксиді - Р2О5
4. Фосфор қышқылы Н3РО4
5.Метафосфорқышқылы-НРО3Физикалық қасиеттері. Н3РО4РН3 ; Р2О3 ; Р2О5Фосфин - өте улы, тұрақсыз, түссіз, сарымсақ иісті, күшті тотықсыздандырғыш зат. Фосфор(v) оксиді – өте ылғал тартқыш зат, ақ түсті ұнтақ зат. Фосфор (ІІІ) оксиді балауыз тәрізді кристалдық масса, улы. Фосфор қышқылы - ақ түсті кристалдық зат, суда жақсы ериді.Са3Р2+6Н2О = 2РН3+3Са(ОН) 2
Алынуы; Р2О5+3Н2О=2Н3РО4 4Р +3О2=2Р2О3
Р2О5+Н2О=2НРО3 (тәжірибе) 4Р +5О2= Р2О5Химиялық қасиеттері: Фосфин ауада фосфор оксидін түзіп, өздігінен тұтанады:
2РН3+5О2= 2Р2О5 +3Н2О.
Фосфин суда аммиактан нашар ериді және сілтілк қасиет көрсетпейді. Бірақ аммиак сияқты өте күшті қыщқылдармен әрекеттесіп, тұз түзеді. Бұл кезде аммоний ионына пайда болады: РН3+НІ=РН4ІФосфор(V) оксиді - өте ылғал тартқыш болғандықтан, реакция теңдеуін былай жазуға да болады.
РН3+2О2=Н3РО4.Р2О5 - суда ерігенде температураға байланысты әртүрлі фосфор қышқылындарын түзеді:
Р2О5+Н2О=2НРО3метафосфор қышқылы. Р2О5+3 Н2О= 2 Н3РО4. ортофосфор қышқылы Фосфор (V) оксиді қышқылдық оксид болғандықтан сілтілермен әрекеттеседі: 6NаОН+ Р2О5=2 Na3PO4+3H2O.
Негіздік оксидпен әрекеттеседі: СаО+ Р2О5= Са3(РО4) 2+ 3Н2О
Фосфор қышқылы суда ерігенде сатылап диссоциацияланады:
Н3РО4⇆Н++Н2Р дигидрофосфат ион
Н2РО - 4 ⇆ Н+ +НРО42 - гидрофасфат ион
НРО 2 - 4 ⇆ Н ++РО43 - фосфат ион
Фосфор қышқылы сілтімен сатылап әрекеттеседі:
Н3РО4+3NaOH = Na3PO4 +3H2O.
Н3РО4+NaOH = NaH2PO4+ H2O.
Н3РО4+2NaOH = Na2HPO4+2 H2O
Табиғи фосфаттар суда ерімейді. Оларды фосфор қышқылымен өңдеп, ерімтал тұздарға айналдырады да, минералдық тыңайтқыш ретінде пайдаланады.
Мысалы:Са3(РО4) 2 +4 Н3РО4 =3Са( Н2РО4) 2кальций дигидрофосфаты.
Фосфат ионға РО43 - сапалық реакция:
Н3РО4 +3AgNO3=Ag3PO4+3HNO3
РО4 3 -+3Ag+ =Ag3PO4
Географ: Фосфордың жер қыртысындағы массалық үлесі 0, 12%. Фосфор табиғатта тек қосылыс күйінде 190 - дай минералдардың құрамында кездеседі. Қазақстанда фосфорға бай кен орындары бар. ХХғ 30жылдарында Ақтөбе облысында фосфорит кені табылған. Ақтөбе кен орындарының негізгі артықшылығы – олардың қабаттары жер бетіне жақын орналасқан және пайдалы қазбаны ешқандай кедергісіз өндіруге болады. Мұнда жалпы қоры жүздеген миллион тоннаға жететін ондаған ірі кен орындары бар.
30 - жылдардың аяғында (1938 - 1940) Қаратау бассейні ашылды. Бассейнде 26кен орны бар. Бассейннің ең бай шикізатында 28 - 34% Р2О5 бар. Фосфордың табиғи қосылыстары фосфорит Са3(РО4) 2 пен апатит Са5(РО4) 3ОН Қаратауда кездеседі.
Оңтүстік Қазақстанда, Аят және Лисаковск кен орындарындағы қоңыр тас көмірдің құрамында фосфордың едәуір қоры бар. Жаңатас, Шымкент пен Таразда фосфор зауытары жұмыс істейді. Фосфор сіріңке және улы химикаттар өндірісінде пайдаланыладыХимик: Фосфор - тыңайтқыш, дәрі - дәрмек, улы химикаттар, сіріңке дайындау үшін қолданылады. Ендігі кезекте күнделікті қолданылып жүрген сіріңкенің қала йпайда болғанына тоқталсақ:Сіріңкені 1831 жылы 19жасар Шарл Сориа алғаш ойлап тапқан. Бірақ ол сіріңкеге патент ала алмады, себебі ол қымбат болатын. 1832жылы неміс мұғалімі Камерер сіріңкеге патент алып, оны өндіре бастады. Бірақ оның сіріңкесі ақ фосфордан жасалғандықтан өте қауіпті болды. Қауіпсіз сіріңкені 1848 жылы швед химигі Бетгер алды. Бұл өзіміздің кәдімгі сіріңкеміз, ол қызыл фосфордан жасалады.Биолог: Фосфор адам және басқа тірі ағзалар тіршілігі үшін қажет элемент. Кальций ортофосфаты қаңқаға беріктік қасиет береді. Ол бұлшықет, жүйке, кемік ұлпаларының құрамына кіреді. Ол туралы атақты геохимик, ақадемик А. Е. Ферсман «фосфор - тіршілік пен ақыл - ой элементі» деген болатын. Себебі, мидың қызмет, бұлшықеттің қимылы фосфор қосылыстарының химиялық өзгерістеріне байланысты. Фосфор ет ұлпасында 56 грамм кездеседі. Адам сүйегінде 600 грамм фосфор бар. Адам мен жануарлар фосфорды өсімдіктен алады.Агроном: Фосфор тыңайтқыштары егіс дақылдарында зерттелінді. Қаратау фосфоритінен жасалған поли және ортофосфаттар тұзды топырақтарға қолданғанда, тұздылық әсерін азайтатын және ауыр металдардың қозғалысын тежеп, өсімдік тамырына зиянсыз жағдайға жеткізетін механизмдерінің бары және олардың тиімді тыңайтқыштар екені дәлелденді. Фосфор элементі азоттан кейін керекті екінші элемент болғанымен, тұзды топырақта өсімдікке қорек ретінде жетіспесе, биохимиялық реакция - ларға қуат беру көзі кеміп, қиындықтар туындайды. Яғни, өсу, даму процестерін жеделдету үшін жүретін реакцияларға қуат жетіспейді де, даму жағдайы күйзеліске ұшырап, өнімге өнім сапасына кері әсерін тигізеді.Дәрігер: Фосфор жануар мен адам сүйегінде, бұлшықетте, ми ұлпаларында болатыны анықталды. Фосфор адамның жадын жақсартады, оны біз наннан, ас бұршақтан, балықтан, ірімшіктен аламыз. Массасы 70кг адамның денесінде шамамен 800г фосфор болады. Сондықтан балық пен сүт тағамдарын ас мәзіріне күнделікті кіргізіп отыру керек.
ІV. Студентердің өзіндік жұмысы.
Фосфор тақырыбына сәйкес формулалар жасырылады.Формуланы құрастырып, сол формуланың салыстырмалы молекулалық массасын табады.
Фосфор қышқылы – Н3 РО 4,
фосфор (Ү) оксиді- Р2 О5 ,
калий фосфаты- К3 РО4,
натрий фосфаты- Nа3 РО4 ,
кальций фосфаты – Са 3 (РО4)2
V. Тақырыпты бекіту.
Фосфор мен алюминийдің периодтық жүйедегі орналасуы.
Фосфордың физикалық қасиеттері.
Фосфордың ,алюминийдің қолданылуы.
Фосфордың және алюминийдің алынуы.
Фосфордың және алюминийдің табиғатта кездесуі.
Фосформен алюминийдің түрөзгерістері
Оқулықтағы есептерді шығару.
VI. Қорытынды
«Біз не білдік?» студенттер өткен тақырып бойынша өз пікірлерін білдіреді.
Фосфор қышқылы – ақ түсті, кристалл зат,сумен кез келген жағдайда әрекеттеседі.
Қышқылдарға тән ортақ қасиет көрсетеді .
Спецификалық қосылыстар түзеді.
Үш түрлі тұздар қатарын түзеді: фосфаттар,гидрофосфаттар, дигидрофосфаттар.
Фосфор қышқылы – ақ түсті, кристалл зат,сумен кез келген жағдайда әрекеттеседі.
Қышқылдарға тән ортақ қасиет көрсетеді .Спецификалық қосылыстар түзеді.
Үш түрлі тұздар қатарын түзеді: фосфаттар,гидрофосфаттар, дигидрофосфаттар.
ҮІ.Бағалау. Әр кезеңдер бойынша баллдарын есептеп, бағалау.
VII. Үй тапсырмасы: Түсінік айту,есептерді шығару.
1. Жезқазған, Ақтоғайдан өндірілетін металл.
2. Коррозияның түрлерін ата.
3. Металдардың активтілік қатарын жасаған кім .
4. Өшпейтін өмір жоқ, сөнбейтін ............... жоқ.
5. Металдардың металдағы ерітіндісі.
6. IV- топтың "В"топшасындағы сынған сүйектерді бекітуге қолданатын металл.
7. Қоршаған орта әсерінен металдардың бүлінуі.
8. Тас ғасырында адамның бірінші танысқан металы.
9. Адамдар құрал жасау үшін алғаш рет қандай затты пайдаланған?
10. Қызыл қан түйіршіктерінде болатын элемент.
11. Топырақта қандай элемент жетіспесе,өсімдіктің өсуі баяулайды.
12. Қандай қосылысты тері илеуде пайдаланды.Осыдан келіп қандай атау шыққан.
1. Жезқазған, Ақтоғайдан өндірілетін металл.
2. Коррозияның түрлерін ата.
3. Металдардың активтілік қатарын жасаған кім .
4. Өшпейтін өмір жоқ, сөнбейтін ............... жоқ.
5. Металдардың металдағы ерітіндісі.
6. IV- топтың "В"топшасындағы сынған сүйектерді бекітуге қолданатын металл.
7. Қоршаған орта әсерінен металдардың бүлінуі.
8. Тас ғасырында адамның бірінші танысқан металы.
9. Адамдар құрал жасау үшін алғаш рет қандай затты пайдаланған?
10. Қызыл қан түйіршіктерінде болатын элемент.
11. Топырақта қандай элемент жетіспесе,өсімдіктің өсуі баяулайды.
12. Қандай қосылысты тері илеуде пайдаланды.Осыдан келіп қандай атау шыққан.

Приложенные файлы


Добавить комментарий