Кміртек жне оны осылыстары 9 класс


КӨМІРТЕК ЖӘНЕ ОНЫҢ ҚОСЫЛЫСТАРЫ.
Бәкірова Әйгерім Нұрланқызы
№6 Шұбарқұдық негізгі мектебі
Сабақтың тақырыбы: Көміртек және оның қосылыстары.
Сабақтың мақсаты:
Білімділік: Көміртек  және оның қосылыстарының табиғатта  таралуы, негізгі қасиеттері,қолданылуы туралы  түсінік беру.
Дамытушылық: Сабақтың  мазмұны  бойынша оқушылардың  зейінін,танымдықбелсенділігін,  өзіндік  пікірін  қалыптас-
тыру,тұлғалық  қасиеттерін  дамыту.
Тәрбиелік:Оқушыларды  алғырттыққа, өз  бетінше ізденуге, бірлесіп  жұмыс  жасауға, өзгенің  пікірімен  санасуға  тәрбиелеу.
Сабақтың типі: Жаңа сабақты меңгерту
Сабақтың түрі: дәстүрлі
Сабақтың әдісі: Түсіндірмелі сұрақ-жауап, тест, синквейн
Пән аралық байланыс: биология, география, физика, математика, тарих
Көрнекілігі: Кестелер,сызбанұсқалар мен деңгейлік тапсырмалар, лабораториялық жұмыстарға қажетті зарттар мен құрал-жабдықтар, периодтық жүйе,  көміртектің табиғи қосылыстарының суреттері, электрондық оқулық. белсендірілген көмір
Сабақтың барысы:
І. Ұйымдастыру
Сәлемдесу
Оқушылардың назарын аудару
ІІ. Үй тапсырмасын тексеру
Фосфор және оның қосылыстары
Ертегі құрап келу.
Ақыл-ой элементі (фосфор)
Фосфор атомындағы электрон қабаттарының саны (3)
Фосфордың агрегаттық күйі (қатты)
Фосфордың аллотропиялық түр өзгерісі (ақ,қызыл,қара)
Фосфор қышқылының тұздары қалай аталады? (фосфаттар)
 ІІІ. Жаңа сабақты түсіндіру
Тақырыпты ашу
Хат оқу.
Кімге: 9- сыныбынаҚұрметті 9 сынып оқушылары
Сіздерге биылғы Тәуелсіздікке 26 жыл толуы күніне орай өз құттықтауымды жолдаймын. Барша бастама-талпыныстарыңыз жемісті болып, Қазақстан гүлденіп, көркейе берсін! Шын жүректен одан әрі ілгерілеу мен өркендеу тілеймін. Егеменді еліңіздің болашағын көркейтетіндеріңізге сенім білдіре отырып, бүгінгі сабақтарыңызға сәттілік тілеймін.
Кімнен: Менделеев үйі,4 подъезд, 2 қабат, 6 пәтерінің тұрғыны.
Бұл қай элемент екен? Периодтық жүйеден қарап көрейік.
Көміртек және оның қосылыстары
Көміртек адамзатқа көмір күйе түрінде ерте заманнан белгілі.  1780 жылы А.Лавуазье көміртектің табиғатын зерттеді. Оған латынша «карбонеум» көмір деген атау 1827 жылы берілді.
1784 жылы француз ғалымы А. Лавуазье «Жай денелер таблицасы» деген еңбегінде «Карбо» - латынша көмір деген ұғымды білдіреді. Орысша «углевод» деп аталуын орыс ғалымы М. В. Соловьев - 1827 жылы. 1928 жылы «Көміртек» деген атауды аудармашы Р. Бөкейханов ұсынды. 
Атом құрылысы:
Ядро заряды –   +6
Электрон саны – 6
Протон саны – 6
Нейтрон саны – 6
Электрондық қабат саны-    2
Валенттік электрондардың саны, формуласы – 4,   2S2  2p2
Сыртқы  қабаттағы  электрон  саны  –  4

Табиғатта  таралуы:   
доломит,  CaCO3*MgCO3
магнезит,  MgCO3
сақар,  K2CO3
мәрмәр CaCO3
Аллотропиялық түрөзгерістері:
Алмаз
Графит
Карбин
Фуллерен
Көміртек -суда ерімейді, ағаш көмірі – құрылысы кеуек болғандықтан өз бетінде газдарды, сұйықтарды сіңіреді. Көмірдің немесе басқа қатты, сұйық заттардың өз бетінде газдарды немесе сұйықтарды сіңіру қабілетін адсорбция деп атайды.
 Химиялық қасиеттеріЖай заттармен оңай әрекеттеседі
1. Жану  реакциясы:
а) 2С + О2 = 2СО                  ә) С + О2 = СО2
2. Хлормен  әрекеттескенде төрт хлорлы көміртек  түзіледі:
С + 2СІ2 = ССІ4  (өрт сөндіруде  қолданылады)
3. Металдармен әрекеттесіп карбидтер түзеді:
2С + Са = СаС2  (ацетилен алынады)
4. Күкіртпен күкіртті көміртек түзеді:
C + 2S = CS2  (еріткіш) 5. Сутекпен әрекеттескенде метан түзіледі:
С + 2Н2 = СН4  (отын-ол табиғи газдың құрам бөлігі)
Көміртектің табиғаттағы айналымы
Көміртек – тірі табиғатта маңызы зор элемент. Фотосинтез процесі нәтижесінде көмірқышқыл газын өсімдік сіңіріп, органикалық заттарға айналдырады. Олармен жануарлар, адамдар қоректенеді және тыныс алу арқылы қайтадан атмосфераға шығарады.
Өсімдіктер мен жануарлар қалдықтары әрі қарай шіру процесінің нәтижесінде , жанғыш кенге . яғни тас көмір , мұнай және табиғи газға айналады.Оларды өндіріп, отын ретінде пайдаланып жаққанда түзілген көміртек диоксиді тағы да атмосфераға қайтады. Осылайша табиғатта көміртектің айналымы үздіксіз жүріп жатады.

 Көміртектің негізгі қосылыстары:
Негізгі қосылыстары Қасиеттері
Сутекті қосылысы -Метан – СН4 түссіз, иіссіз газ, суда ерімейтін, ауадан жеңіл газ, шалшық немесе кеніш газы деп те аталады.
Көміртек (ІІ) оксиді СО түссіз, иіссіз, дәмсіз, ауадан сәл жеңіл, улы газ, суда нашар ериді, қайнау температурасы өте төмен, Көміртек моноксиді газын “иіс газы” деп те атайды. Тұрмыста көміртек (ІІ) оксидімен уланғанда “иіс тиді” дейді, “иіс газы” деп атау осыдан шыққан. Оның улы болу себебі, СО- мен тыныс алғанда, қандағы гемоглабинмен оттекке қарағанда СО газы берік байланыс түзіп, оттектің организмге келуін қиындатады. Иіс газымен уланған адамда қанының түсі ашық қызыл болады, басы ауырып, есінен танып қалады .
Көмірқышқыл газы СО2 Ол жанбайды және басқа заттардың жануын қолдамайды. Осы қасиетіне сәйкес өрт сөндіруге қолданылады және оны "Құрғақ мұз" деп атайды. Құрамында 10% көмірқышқылы бар бөлмеде адам есінен танады. Сол себепті адам көп жиналған бөлмені әлсін-әлсін желдетіп отыруы керек.
Көмір қышқылы Н2СО3 әлсіз, екі негізді, тұрақсыз қышқыл. Ол тек ерітіндіде ғана болады. Әлсіз электролит, диссоциациялану дәрежесі 0,17%.
№3. Зертханалық жұмыс:
Көмір қышқыл газын алу және танып білу.
Na2 CO3 + 2HNO3 = 2NaNO3 + H2O + CO2
2Na++CO32-+2H++2NO3-=2Na++2NO3-+H2O+CO2
CO32-+2H+=H2O+CO2
Қорытынды дәптерге жазу.
IV. Жаңа сабақты бекіту
1- тапсырма "Тор көзді толтыр"
С + Н2 =  СН4  
 
 
 
+ Сl2 =  ССІ4 + О2 =  СО2 + Са =  СаС2 + CuO=  Cu +  CO2
+ HNO3  =  3СO2 + 4NO  + 2H2O
+ H2SO4 =  СO2 + 2SO2  + 2H2O
№2 тапсырма "Есептер әлемі"
1) Әктас құрамындағы көміртектің массалық үлесін есепте.
2) Мына есепті құрастырып, оны шығарыңдар.

С + О2 = СО2
3) 5 моль магнезиттің массасын есепте.
№3 тапсырма
Жұмбақ тас (химиялық жұмбақ )
Жаздың жанға жайлы  күндерінің бірінде Алмас шопан атасының үйіне демалуға келеді. Көмекші немересінің келгеніне атасы қатты қуанады. Бір күні қой жайып жүріп, Алмас қара тас тауып алады. Онымен сурет салып көреді де қара із қалдыратынын байқады. Түсте от жағып, сүт пісіріп ішіп, маужырап ұйқысы келеді. Бала ұйықтап кеткенде қолындағы тасы сусып, отқа түсіп кетеді. Тас от алып түтінденеді. Осы кезде жауған өткінші жаңбыр түтінді жерге сіңдіреді. Одан ауыр әкті су ағады.  Жарқырап күнде шықты. Күн сәулесінің жылуынан әр жерде әкті су, ұзақ кепкен ақ тастар шашылып жатады. Оянған Алмас жаңбырдың қара тасты ақ тасқа  қалай айналдырғанын көріп таң тамаша болады. Ақ тасты алып жерге жазып, сызып көреді. Оның да өзіндік ізі бар. Қара тас не? Ақ тас қалай пайда болды?
Жауабы: (С→СО2→Н2СО3 → Са(НСО3)2 → СаСО3 )
V. Қорытынды:
Тақтада берілген атаулары мен формуласы берілген. Осы атау бойынша формуласын тауып сол графадағы әріпті қоршаймыз. Дұрыс жауап берсеңдер, мадақтау сөзі шығады.
Формуласы
Аталуы CO2 СН4 СO H2CO3 CaC2 MgCO3 ССІ4 СаCO3
Көміртегі диоксиді Ж Ы Ш К О Р Қ И
Кальций карбиді Ө Б Ю Ғ А Ы Ж І
Иіс газы Ф И Р Д Б П Щ П
Құрғақ мұз А Ж О Ң А Ц У Ы
Кальций карбонаты Ұ Л Ц Ж Х Ь Э Й
Көмір қышқылы Л Е У С Л Щ Ы К
магнезит М П А Ц Р С Ы Е
Құрғақ мұз Ң Ә Э С Д Ж Н Н
Шалшық газы Я Д В Ә Л У Ж Й
Көміртек тетрахлориді М С Ү Р А Ф А Л
Әктас Ы П Р У А Ь Ж P
Үйге тапсырма: §22, 23 тақырыпты оқу. Оқулықтағы тапсырмалармен жұмыс
Бағалау : Алған ұпайлары бойынша бағалау

Приложенные файлы


Добавить комментарий