Презентация Бала трбиесіндегі ата ананы рлі


Чтобы посмотреть презентацию с картинками, оформлением и слайдами, скачайте ее файл и откройте в PowerPoint на своем компьютере.
Текстовое содержимое слайдов презентации:

Бала тәрбиесінде ата- ананың рөлі «Көңіл ашар» ортаңғы тобының ата- анасы : Бегімбетова Р.Д.№45 «Самұрық» балабақшасы Астана қаласы Мектепке дейінгі мекеме баланың алғашқы баспалдағы Отбасы мен мектепке дейінгі ұйымдардың алдына қойған мақсаттары Отбасы бала үшін - өмірлік маңызды әлеуметтік орта. Бұл ортаның маңызы өте зор Себебі отбасы – баланың эмоционалдық қорғаны, психологиялық жан тыныштығының саясы, өмірлік тірегі. Отбасының жылылығы мен махаббаты – баланың өзіне сенімін арттырып болашағына нық қадам жасауына зор ықпал етеді Баланың балабақшадағы өмірімен танысуға құрдастарымен қарым – қатынасын байқауға баласының әртүрлі іс - әрекет жасау үстіндегі (ойын, еңбек, компьютер, тамақтану, серуендеу кезінде, бассейінде, спорт залындағы) жағдайын бақылап көруіне мүмкіндік беру Тәрбиешілер ата – аналарды білім беру процесіне қатыстырып ұйымдастырылған іс - әрекет пен сабақтан тыс іс - әрекет түрлерінің жүргізілу барысын көрсетеді. Осылайша ата – аналар балаларын басқа қырынан тану мүмкіншілігіне ие болады. Бала тәрбиесінде оң нәтиже көрсетіп жүрген отбасылардың тәжірибесін басқаларға үлгі қылады Ата-ана  басшылыққа алу қажетті  ұстанымдар: 1.Баланың ең  алдымен денсаулығын қадағалау қажет.2. Баламен жақын дос,сырлас болуға тырысу.3.Баланың ісіне күдікпен қарамай ,түсіністікпен қарау.4.Баласының  достарының  арасына түспеу.5.Балаңыздың  немен айналысатынын, қандай іске икемді екенін бақылау.6.Баланы еркін  тәрбиелеу.7.Баланы ойланып сөйлеуге  дағдыландыру.8.Баланың өзіне деген сенімін қалыптастыру. Ата-ана өзінің міндеті мен жауапкершілігін жақсы білуі тиіс:1. Мәдениетті адам тәрбиелеуге және өз баласын таза өмір сүруге бейімдеуге міндетті;2.  Білім алуына көмектесуге міндетті;3.  Жүйелі білім алуына жағдай жасауға міндетті;4. Үнемі ата-аналар жиналысына қатысуға, мұғаліммен кездесуге, баласының мектептегі өмірімен танысуға міндетті;5. Баланың өміріне, денсаулығына зиян келтіретін темекі, арақ, т.б. улы заттарды қолданбауға, олардың балаға зиянды екенін түсіндіруге міндетті;6.  «Баланы жетіге келгенше тыйма, жетіден он төртке келгенше білім беріп қина, он төрттен кейін үлкен азамат деп сыйла» деген қағиданы берік сақтауға міндетті. Ата – ананың жауапкершілігі: 1.   Балаға арамза әрекет жасағаны үшін жауапты;2. Мұғалімге, мектептің педагогикалық ұжымына балағаттау және әдепсіз қарым-қатынас жасағаны үшін жауапты;3.    Бала тәрбиесі үшін қабылданған барлық қаулылардың орындалмағанына жауапты.4.   Балаға адамгершілік тәрбие беру үшін, өз жанұясында бірлік пен татулықты ұстануға жауапты. Үйдегі тыныштық баланың мектептегі мәселелерін тиімді шешудің бірден бір жолы;5.  Мектептен кейінгі баланың білім мен тәрбие алуына бақылау жасауына жауапты;6.  Кәмелеттік жасқа жеткенге дейінге баланың салауатты өмір салтына сай тәрбие алуына жауапты.

Приложенные файлы


Добавить комментарий