Растегай дайындау технологиясы (саба жоспары)


«БЕКІТЕМІН»
Аға шебер:________М.Ж.Нұрекешев
« » ________________2017жыл
ӨНДІРІСТІК ОҚУ САБАҒЫНЫҢ ЖОСПАРЫ
Өтетін күні:___________20 жыл
№___ топ
Тақырыбы: Расстегай даярлау
Сабақтың мақсаты: Ақпараттық құзыреттілік: Жаңа кәсіби білім алу, жұмысты сапалы істеу
Коммуникативтік құзыреттілік:Өндіріс цехтарында жұмыс орындарын ұйымдастыру.Шығармашылық жұмыс істеу. Көркем және кәсіби талғам, шығармашылық қиял, ұқыптылық байқату.
Проблеманы шешу: Дайын тағам сапасын анықтау,кемшіліктері байқалса оны жою.
Пайдаланылатын құрал-жабдықтар: «Тағам даярлау практикумы», «Аспаздық» оқулықтары,асхана құрал- жабдықтар
Өтетін орны: №101 «Аспаздық» зертханасы
Сабақтың барысы:
Ұйымдастыру бөлімі: 5 минут
Кіріспе нұсқау: 20 минут
Ағымдағы нұсқау: 200 минут
Қорытынды нұсқау: 45 минут
І. Ұйымдастыру бөлімі:
- Оқушыларды журнал бойынша түгендеу.
- Жұмыс орнының жұмысқа дайындығын тексеру
- Сабаққа қажетті құрал-жабдықтарды тексеру, үлестіру.
ІІ. Кіріспе нұсқау:
- Оқушыларға сабақтың тақырыбы мен мақсатын хабарлау.
- Қауіпсіздік ережелерін қайталау.
- Қауіпсіздік ережелерімен таныстырып, арнайы журналға қол қойдыру керек
- Оқушыларды жұмыс орнына орналастыру
-Жұмыс барысында оқушыларға қосымша нұсқаулар беру.
III.Ағымдағы нұсқау:
Расстегай
Ұн 415г, қант 17г, маргарин 10 г, меланж 10 г, ашытқы 10 г, тұз 5 г, су 170г. Қамырдың салмағы 600г, фарш 400г, меланж 10г, қалбырға жағу үшін май 5г, Шығымы 140 грамнан 5 дана.
Ашымалы тәсілмен қамырды 120г. Өлшейді, шарик тәрізді етіп дөңгелектейді 5-8 минут тындырады, шеңбер етіп жаяды. Оған 40 г салмақпен фарш салады- пияз қосылған ет, балық қосылған күріш, саңырауқлаққа қосылған күріш. Өнімді 20-30 минут тындырып қояды, бетіне меланж жағып 240- 250 оС температурада пісіреді.
Сапасына қойылатын талаптар: Пішіні қайық тәрізді, ортасы ашық, фарш көрініп тұрады, беті сары- қоңыр, наны жұмсақ.
Өзін- өзі тексеруге арналған сұрақтар:
Ватрушканың ішіне не салады?
Расстегай деген не?
«Басытқылық» расстегай мен «Мәскеулік» расстегайдың айырмышылығы неде?
Қорытынды нұсқау:
*Оқушылардың орындаған жұмыстарына жеке-жеке тоқталу.
*Дұрыс орындаған жұмыстың жетістігін атап өту.
*Орындаған жұмыстарына сәйкес оқушыларды бағалау.
Бекіту сұрақтары:
Ватрушканың ішіне не салады?
Расстегай деген не?
«Басытқылық» расстегай мен «Мәскеулік» расстегайдың айырмышылығы неде?
Үйге тапсырма:
ашымалы тәсілмен ашытқан қамырды еселеп дайындау технологиясын қайталау.
Ашыманы және ашымалы әдіспен ашытылған қамырды даярлау технологиясының схемасын құру
Еттен, саңырауқұлақтан, күріштен фарш дайындау технологиясын қайталау.
Өткен тақырыптар бойынша білімдерін бекіту: сироп, крем, далап туралы қысқаша конспект жазу.
Өзін- өзі тексеруге арналған сұрақтарға жауап беру
Өндірістік оқыту шебері:

Приложенные файлы


Добавить комментарий