Мектепке дейінгі мекемеге арналан бадарлама


«Қазақтың ұлттық салт-дәстүрінің бала тәрбиесіндегі рөлі».
Қазақ халқы –рухани зор байлықтың мұрагері. Ол өзінің өрісі биік сын сапасы өскелең мәдениетке бір күнде жеткен жоқ. Осы мол зор қазынының түп-төркініі сонау 6-8 ғасырдағы Орхан Енесей ежелгі түрік жазбаларынан басталады. Қазіргі Қазақстан территориясында жүргізілген археологиялық қазбалар біздің ертедегі ата-бабаларымыздың тек мал баққан, жерін шет жаудан қорғаған батыр жауынгер ғана емес , ақын, жыршы, шешен, сонымен қоса сәулетші, мүсінші, ұста ,зергер болғаны екенін дәлелденді.
Қай заманда болмасын адамзат алдында тұратын ұлы мұрат міндеттерінің ең бастысы-өзінің ісін өмірін жалғастыратын салауатты саналы ұрпақ тәрбиелеу, ұрпақ тәрбиесі келешек қоғам қамын ойлау болып табылады. Ал ұрпақты жан-жақты келбетті етіп өсіруде халықтық салт-дәстүрлердің тәлім тәрбиелік, білім танымдылық ролі орасан зор. Өзге халықтар сияқты қазақ елінің ұрпақ тәрбиесі жөнінде атам заманнан бері жиып-терген мол тәжірибесі бар. Аға буын өз бойындағы ізеттілікті, қайырымдылық, кішіпейілділік, әдептілік, елін-жерін, Отанын сүюшілік ең асыл қасиетітерін жас ұрпаққа күнделікті тұрмыста үнемі үйретіп, қаны мен жанына сіңіріп келеді.
Адамның жарық дүниеге келген күнінен бастап оның есейіп, о дүниеге аттанып кеткенге дейінгі өмірі мен іс-әрекеті, басқалармен қарым-қатынасы атаулының барлығы салт-дәстүрден өзекті орын алып, адамның дүниеге көзқарасын қалыптастыратын тәрбие мектебі.
Дәстүр ақпараттық қызмет атқарады. Ақпарлар дәстүр арқылы екшеліп, қорытылып, қоғам жадында сақталады, соның арқасында ғасырдан-ғасырға жетеді.Соған байланысты адамдардың дүниеге келген жаңа ұрпақтары өзара қарым-қатынас нормаларын қайтадан жасап қалыптастырып әуреленбейді, яғни бұрыннан қалған жол-жосынды басшылыққа алады.
Дәстүрде жиналған ақпарлар арқылы ата-бабадан қалған материалдық және мәдениетке ие мұрагер болады. Мысалы халқымыздың «Ата салған жол бар, ене пішкен тон бар», «Ата көрген –оқ жонар, ана көрген –тон пішер» деуінің мәні бұрынғыдан қалған салт дәстүрімізді басшылыққа алынуға міндеттілігін білдіреді.
Қазақ-дәстүрі бай және дәстүрді қатаң сақтайтын халық. Туған халқының мінез-құлқы, наным-сенімін жете зерделеген ғұлама Ахмет Байтұрсынов қазақтың құдайдан кейінгі қорқатыны дәстүр бұзушылық екенін айтады.
Салт –дәстүр ұлттық тәрбие. Ұлттық тәрбиені оқыту үшін мектепте дейінгі мекемеде педагог баланың жас дара ерекшеліктеріне сай қазақтың ойындары,мақал-мәтел және алуан түрлі салт-дәстүрді педагогикалық тұрғыдан іріктеп алу керек. Балаға ұлттық тәрбиені дер кезінде меңгерту педагогтың басты міндеті.
Қазақтың ұлттық ойындары ертеден келе жатқан дәстүрлердің бірі.
Халықтың ауызекі поэтикалық шығармашылығының ішінде тәрбиенің таптырмас құралы ретінде ойындар мен ойын өлеңдердің маңызы зор. Оларда адамдардың күнделікті тұрмыс әректінің сан қыры, еңбегі, ұлттық бастаулар, намыс, қайсарлық, ержүректік туралы түсінігі, ептілігі, шыдамдылықты, жылдамдықты, күш-қайратты, әсем қимыл-қозғалысты меңгерту тілегі, ұстамдылыққа, тапқырлыққа, қоршаған ортадан алған әсерін шығармашылықпен көрсетуге, сонымен бірге жеңіске жетуге деген талпынысы айқын байқалады. Мәселен, «Асау мәстек» ойыны ептілікке, шыдамдылыққа машықтануды және ат үстінде өнер көрсетуге қажетті басқа да қасиеттерді қалыптастырса, «қалай айтуды білемін» ойыны табиғат құбылыстарынан хабардар болуды талап етеді. Жан-жануарлардың мінез-құлқын, олардың сыртқы көрінісін, жануарлардан шығатын дыбыстарды айнытпай салып беруі тиіс. Ойын аздап театрланған ойын-сауық түрінде өтеді, мұнда ән, жыр айта білу, көрген –білгендерін есте сақтай білу қабілетіне мән беріледі.
Халқымыздың тарихи –мәдени мұраларының түрлері сан алуан. Солардың қай-қайсысы да адамға,оның игілігіне қызмет етуге бағытталған. Осындай құнды мәдени игіліктердің бірі-ұлт ойындары.
Халық өзінің қоршаған дүниенің қыры мен сырын егжей-тегжейлі білуді баланың санасына ойын арқылы жастайынан сіңіре білуді көздеген. Ойын бала табиғатымен егіз. Өткені, бала ойынсыз өспек емес, жан-жақты дамымақ емес. Баршамызға белгілі, ойын арқылы баланың дене құрлысы жетіліп, өзі жасаған қимылына сенімі артады. Ойын –балалардың оқуға, еңбекке деген белсенділігін арттырудағы басты құрал.
Ойын дегеніміз-жас ерекшелігіне қарамайтын, адамның көңіл кұйін көтеретін, ойландыратын үрдіс. Ойын-төзімділікті, алғырттықты, тапқырлықты, ұқыптылықты, іздемпаздықты, іскерлікті, дүниетаным өрісінің көлемділігін, көп білуді, сондай –ақ басқа да толып жатқан сапалылық қасиеттердің қалыптастыруға үлкен мүмкіндігі бар педагогикалық тиімді әдістердің бірі.

Приложенные файлы


Добавить комментарий