аза тілінен саба жоспары . Таырыбы: Метрополитен (5-сынып)


Қысқа мерзімді сабақ жоспары
САБАҚ : қазақ тілі Мектеп: №2 Ленинград орта мектебі
Күні: Мұғалімнің аты-жөні: Онгарбай Ж
Сынып: 5 Қатысқан оқушылар саны:
Сабақтың тақырыбы Метрополитен
Оқу мақсаттары
5.О6. Оқылым стратегияларын қолдану: жалпы мазмұнын түсіну үшін оқу, нақты ақпаратты табу үшін оқу5.Т/А5. Тыңдалған мәтін мазмұны негізінде сұрақтарға жауап беру, көтерілген мәселе бойынша өз ойын білдіру5.Ж2. Жанрлық ерекшеліктеріне сай ресімделуі менқұрылымын сақтап, хат, жарнама, хабарландыру құрастырып жазу
Бағалау критерийлері Оқыған мәтін мазмұныны негізінде маңызды ақпаратты анықтайды;
Тыңдалым мәтінін түсініп, мазмұны бойынша сұрақтарға дәлел келтіріп жауап бере алады;
Жазба жұмысында жанрлық ерекшелікті ескереді. Рәсімделуі мен құрылымын сақтайды.
Сабақтың мақсаттары Барлық оқушылар: тірек сөздерді пайдаланып, тақырыпқа болжам жасайды, мәтінді мұқият оқиды, мәтіндегі 2 негізгі ақпаратты анықтайды, анықталган ақпаратты торлы диаграммаға түсіре алады, мәтінге сүйеніп, ойдың 1-2-еуін жалғастырады, роликті тыңдайды, негізгі ақпараттарды анықтауға бағытталған жай сұрақтар құрастырады.
Оқушылардың басым бөлігі: тірек сөздерді пайдаланып, тақырыпқа болжам жасайды, мәтінді мұқият оқиды, мәтіндегі 3 негізгі ақпаратты анықтайды, анықталган ақпаратты торлы диаграммаға түсіре алады, мәтінге сүйеніп, 2-3 ойды жалғастырады, роликті тыңдайды, негізгі ақпараттарды анықтауға бағытталған жай сұрақтар құрастырады.
Кейбір оқушылар: тірек сөздерді пайдаланып, тақырыпқа болжам жасайды, мәтінді мұқият оқиды, м әтіндегі 5 негізгі ақпаратты анықтайды, анықталган ақпаратты торлы диаграммаға түсіре алады, мәтінге сүйеніп, ойды жалғастырады, роликті тыңдайды, негізгі ақпараттарды анықтауға бағытталған күрделі сұрақтар құрастырады.
Тілдік мақсаттар Метрополитен, Лондон,1863 жыл, Пекин қаласы, Алматы метросы, 40 метр, эскалатор, бекет, уақытты үнемдеу, қауіпсіз т.б.
Осыған дейін меңгерілген білім Алдыңғы лексикалық тақырып: «Көлік түрлері».
Оқушылар осы сабаққа ұсынылған оқу мақсаттармен алдыңғы бөлімдерде жұмыс жасаған.
ЖОСПАР
Жоспарланатын
уақыт Жоспар бойынша орындалуы тиіс іс-әрекеттер
Дереккөздер
Сабақтың басы
1 минут Сабаққа қызығушылығын арттыру.
-Балалар, біз қандай бөлімді оқып жатырмыз?
Көлік және жол белгілері.
Көліктерді сипатына қарай неше топқа бөлеміз?
Сукөліктері, әуе көліктері, жер көліктері.
Ендеше, суреттер бойынша 3 топқа бөліне қойыңдар. 1- топ сукөліктері, 2- топ
әуе көліктері, 3-топ жер көліктері автокөлік.


Поезд гудогын тыңдатып, сабақтың тақырыбын болжату.
Сабақтың тақырыбы мен мақсатын айту, оқушыларға жеткізу
суреттер
https://www.youtube.com/watch?v=Aiyo1H-78Rk
Сабақтың ортасы
2 минут
10 минут
5 минут
8 минут
10 минут 1-тапсырмаТөмендегі тірек сөздерді пайдаланып, тақырыпқа болжам жасаңдар. ( жеке жұмыс)
Метро, Лондон,1863 жыл, үлкен қалада, Пекин қаласы, ең ұзын, Алматы метросы, 40 метр, ең жас, уақытты үнемдеу, қауіпсіз.
Дескриптор
Білім алушы
Тірек сөздер арқылы тақырыпты болжайды.
Кері байланыс: «Бас бармақ»
2-тапсырма145- беттегі мәтінді мұқият оқы. Мәтіндегі 5 негізгі ақпаратты анықта. анықталган ақпаратты торлы диаграммаға түсір. (топпен жұмыс)

Дескриптор
Білім алушы
мәтінді түсініп оқиды;
- мәтіндегі 5 маңызды ақпаратты анықтайды;
- анықталған ақпараттарды кластерге түсіреді;
Сыныптастарына жариялайды.
Кері байланыс: «3 шапалақ»
3-тапсырмаМәтінге сүйеніп, ойды жалғастырыңдар. (146-бет) ( жеке жұмыс)
«Метрополитен» -кірме сөз, ол-...
XIX ырдың екінші жартысында ...
XXI ғасырдың басында ...
Алматы метросының ерекшеліктері: ...
Пекин метросы ...
Метроны пайдаланудың ерекшелігі ...
Дескриптор
Білім алушы
Мәтінге сүйеніп, ойын жеткізе алады.
4-тапсырмаРоликті мұқият тыңда. Роликтегі негізгі ақпараттарын анықтауға бағытталған сұрақтар құрастыр (2сұрақ)
Дескриптор
Білім алушы
Мәтіннің мазмұнын түсінеді;
нақты ақпаратты анықтауға бағытталған сұрақтар құрастырады
(2 сұрақ).
сыныптасы қойған сұраққа өз ойын дәлелді жеткізеді.
Кері байланыс: «3 шапалақ»
5-тапсырма
Басқа қалада тұратын досыңа бүгінгі сабақта не түсінгеніңді жеткізіп, хат жаз (50сөз). ( жеке жұмыс)
Дескриптор
Білім алушы
хаттың кіріспе бөлімінде досымен амандық-саулық сұрасады;
негізгі бөлімде метрополитен туралы әңгімелейді;
қорытынды бөлімде метроны көруге кеңес береді және қоштасады;
хат соңында есімінжәне мерзімін көрсетеді.
Кері байланыс: «3 шапалақ»

Қазақ тілі оқулығы 5-сынып.
«Мектеп» баспасы
Б.Қапалбек
М. Жолшаева
Т. Мадиева
https://www.youtube.com/watch?v=eRXvsBYkCBQ
Сабақтың соңы Рефлексия
5 минут Сен бүгінгі сабақта не істей алдың?
Саған не қиын болды?
Саған нені жетілдіру қажет деп ойлайсың?

Үйге : 146-бет, Ә-тапсырма Ауызша кері байланыс

Приложенные файлы


Добавить комментарий