«Балабашадаы зін-зі тану пніні оыту рылымы»


Реферат
Тақырыбы:
«Балабақшадағы өзін-өзі тану пәнінің оқыту құрылымы»
Орындаған: Мирамбек Баян
2017-2018 жыл
Кіріспе
Соңғы онжылдықта мұғалімдер, тәрбиешілер және ата-аналар алдында жас жеткіншек ұрпаққа рухани-адамгершілік тәрбие беру мәселесі туындады. Алғашқы рет балалар мен жастарды жалпы адамзаттық құндылықтарға тәрбиелеу міндетін мемлекеттік деңгейде еліміздің Бірінші ханымы – «Өзін-өзі тану» жобасының авторы С.А.Назарбаева ұсынды.
«Өзін-өзі тану» адамгершілік-рухани білім берудің басты мақсаты - жас жеткіншек ұрпақтарды құндылық және адамгершілік идеалдарға баулу, оқушылардың өзін оңды қабылдауын қалыптастыру, адамның жоғарғы мақсаттарын түсінуі іске асырылады.
2002 жылдан бастап Қазақстан Республикасында «Бөбек» Ұлттық ғылыми-практикалық, білімділік және сауықтыру орталығының (ҰҒПБСО) жетекшілігімен «Өзін-өзі тану» жаңа білімділік бағдарламасын бейімдеу іске асырылады.
Эксперименттік кезең көрсеткендей, оқыту мен тәрбие берудің дәстүрлі және жаңа әдістерінің мазмұнын қайта ұғыну болып жатыр. Жаңа пән өмірдің күрделі жағдайларын талдау, әріптестік ету, шығармашылық, өзін және басқаларды тануда балаларға көмектесетін қазіргі заманғы тәрбиеші, мұғалімнің мүлдем жаңа рөлін көрсетеді.
Қазақстан Республикасының БҒМ 2010 жылғы 28 маусымдағы №343 бұйрығымен адамгершілік-рухани білім және тәрбие беру бойынша эксперименттік жұмыс алдыға қойған мақсаттарына жетуіне байланысты аяқталды. 2010-2011 оқу жылында Қазақстан Республикасының білім мекемелерінде «Өзін-өзі тану» жаңа пәні енгізілді.
«Өзін-өзі тану» мамандығы бойынша мұғалімдерді дайындауға мемлекеттік тапсырыстың осы уақытқа дейін болмауына байланысты, аталған пәнді біліктілікті арттыру курсынан өткен бастауыш сынып мұғалімдері, пән мұғалімдері, психологтар жүргізеді.
Өзін-өзі тану мұғалімі, ең алдымен, өзін-өзі тануға, өзін-өзі жүзеге асыруға, өзін-өзі анықтауға қабілетті, оқушыларын қалай тәрбиелегісі келсе, өзі де солай болуға ұмтылатын педагог.
Өзін-өзі танудың ерекшелігін ескере отырып, сабақтардың бейстандарт түрлері қолданылады, мұғаліммен ашық диалог жүргізіледі, әлеуметтік-рөлдік ойындар, тренингтер, пікірталастар, өмірлдік бақылаулармен алмасулар жүргізіледі. Ұсыныстарда өзін-өзі тану сабақтарында және тәрбие беру шараларында пайдаланатын интерактивті әдістемелер, сондай-ақ жаттығулардың, сабақтардың, тәсілдердің үлгілі әзірлемелері ұсынылған.
Ұсыныстарда педагогтың кәсіби ұстанымы, оқушы мен мұғалімнің портфолиосының құрылымы бойынша материалдар ұсынылған.
Аталған әдістемелік ұсыныстар оқушыларға адамгершілік-рухани тәрбие беру мәселелері бойынша материалдардан тұрады және педагогтарға әдістемелік көмек көрсетуге бағдарланған.
Әдістемелік ұсыныстарды өзін-өзі тану мұғалімдері, сынып жетекшілері, тәрбиешілер пайдалана алады.

Өзін-өзі тануды оқыту процесінде бірқатар әдістемелік тәсілдер қолданылады:
“Шаттық шеңбері” — сабақтың бас кезінде қолданылатын әдістемелік тәсіл. Мүғалім балалармен бірге, барлығы бір-бірімен еркін қарым-қатынас жасайтын шеңбер жасайды, әр түрлі ән айтып, өлең оқиды. «Шаттық шеңберінің» педагогикалық мәні - әрбір бала өзіне таныс үлкен достық шеңберіне қабылданғанын сезінеді, өзіне сенімі артып және өзгелердің де сеніміне ие болады.
«Тыныштық сәті» — релаксацияның әдістемелік тәсілі. Толық тыныштықта баланың жүрек соғу ырғағы мен тыныс алуы реттеледі, денесі жеңілденеді. Ол өз ойын жинақтай алу мүмкіндігіне ие болады, өзінің ішкі "Менін" түсіне алады, өзінің сезімі мен көңіл-күйін жақсы сезінеді. Мүғалімге балаларға осы жаттығуды орындату барысында олардың дене қалпына, тыныс алуы мен денесін бос ұстай білуіне баса назар аудару ұсынылады.
«Өзіммен-өзім» — бұл тәсіл баланың өзін және өзінің жүрегін тыңдай білуіне септігін тигізеді. Ол баланың сезімі мен эмоциясын, жалпы рефлексияға қабілеттерінің дамуын ынталандырады. Осы тәсіл балаларға жайлы өсер етеді, олардың қиялын дамытады, топтағы мінез-қүлыққа жағымды ықпал етеді және әдетте, материалды жаңадан түсіну барысында пайдаланылады. Осы мақсаттарды жүзеге асыру барысында мүғалімнің сөзімен қатар, сондай-ақ аудиоқатарлар (классикалық музыка, табиғат дыбыстары және т.б.) қолданылады.
«Оқу» — оқушылардың білімін және адамгершілік қасиеттер мен құндылықтар туралы түсініктерін кеңейтуге, оқу іскерліктерін дамытуға бағытталған әдіс. Оқушылардың танып-білуге қүштарлығын арттыру мақсатында үлкендермен бірге және өз бетінше көркем шығармаларды оқу ұсынылады. Бұл әдіс оқушылардың ойлауын, еске сақтауын, эмоциялық ерік-жігер салаларын дамытады.
«Сабақтың дәйексөзі» — оқушылардың танымдық белсенділігін арттыруға, оқу материалын эмоционалды-бейнелі қабылдауына ықпал ететін өзін-өзі тану сабақтарының міндетті элементі болып табылады. Сабақтың дәйексөзі ретінде мақал-мәтелдер, қанатты сөздер, афоризмдер алынады.
Мұғалімнің әңгімелеуі», «Оқушының әңгімелеуі» — оқушылардың әңгіме, ертегі, өсиет әңгіме, өлеңдерді ұжым болып тыңдауына жағымды жағдай туғызатын сөйлеу және ойлау іс-әрекеттерінің маңызды түрі. Балалар осы әдіс арқылы әңгімені тыңдай және ести білуді, сезіне алу және сезіммен қабылдауды, ой елегінен өткізу мен пайымдай алуды үйренеді. Шығарманы әңгімелеудің кідіріспен, сахналау элементтері арқылы мазмұндап айту түрлері қолданылады.
«Әңгімелесу» — бұл балалардың тақырып мазмұнын түсінуіне мүмкіндік беретін дидактикалық тәсілдің сұрақтар мен жауаптар түріндегі қарым-қатынас нысаны. Әрбір оқушы өзінің пікірін айта алады, тақырыпқа өзінің көзқарасын білдіре алады, өзін толғандыратын сұрақтарды қоя алады. Мұғалім балалардың ойлау қабілеттерін дамытады, оларды өз пікірлерін және жағдаяттар мен әрекеттерге қатысын білдіре алу іскерлігіне үйретеді.
«Ойын», «Жаттығу» — балаларды танымдық қызығушылықтарың жандандыру және меңгерген ұғымдар мен іскерліктерін бекіту үшін ұсынылатын оқыту әдісі. Ойын әрекеттері мен жаттығулары арқылы баланың жеке тәжірибесі негізінде оқу материалының мазмұны жүзеге асырылады. Балалар ойындар мен жаттығулар нәтижесінде құбыластарымен жағымды қарым-қатынас жасау дағдыларына ие болады, өмірлік дағдыларды меңгереді.
«Шығармашылық жумыс» — өзін-өзі тану сабағының маңызды бөлігі. Сурет салу, макет, коллаж жасау мен өлең, өсиет әңгіме, ән және т.б. шығару түрінде әртүрлі нысанда өзбетінше және ұжымдық әрекеттер арқылы жүзеге асырылады. Бұл тәсіл шығармашылық әлеуетті ашуға, символдар, бейнелер мен әрекеттер арқылы өзіндік "Менін" білдіре алуға көмектеседі. Бірлескен шығармашылық әрекет оқушылардың ынтымақтастық, шыдамдылық, ұқыптылық сияқты адами қасиеттердің маңыздылығын ұғынуына, өзінің пікірін айту мен басқалардың пікірін құрметтей білу іскерліктерін дамытуға мүмкіндік береді; балалардың өз күшіне сенімділігін, өзінің қабілеттері мен шығармашылық мүмкіндіктеріне сенімдерін қалыптастырады; жауапкершілікке, дербестілікке тәрбиелейді.
“Жағдаяттар кезінде ойлану” — балалардың нақты өмірлік жағдаяттарды бағалай білу қабілеттерін дамытуға, өзінің ойы мен ісіне, әрекеттеріне жауапкершілігін қалыптастыруға ықпал ететін өдістемелік тәсіл. Жағдаяттарды талқылау балалардың ойлауға бейімділіктерін, өзін және өзгелерді бағалауға икемділіктерін, қоршаған әлеммен жағымды өзара әрекеттестікті құра білу іскерліктерін қалыптастыруға мүмкіндік береді.
«Бейнематериалдар көру (фильмнен, мультфильмнен үзінділер және т.б.)» — оқу ақпараттарын жеткілікті көрнекілік нысанда ұсынуға мүмкіндік беретін әдістемелік тәсіл. Айқын көркем бейнелер балалардың өтілген материалдардың мазмүнын қабылдауы мен меңгеруін күшейтеді.
«Ән шырқайық, достар!» — сабақта қосылып ән айтуды үйғаратын әдістемелік төсіл. Ән айту балалардың сезімдерін сергітіп, көңіл-күйін жадыратады. Бұл тәсіл сабақтың кез-келген кезеңінде қолданылады.
«Сергіту сәті» — шаршағанды ұмыттыруға, жалығуды болдырмауға, денеге түскен күшті төмендетуге қажетті өзін-өзі тану сабақтарының компоненті. Сергіту жаттығулары бір өрекеттен басқа әрекетке ауысуға бағытталған қысқа ойындар түрінде жүргізіледі. Осы тәсілді қолдану топта жақсы көңіл-күй тудырады, үқыптылықты, реакция жылдамдығын дамытады, ұжымға топтасуға ықпал етеді.
«Сахналау» — бұл тәсіл өзін-өзі тану сабақтарында оқу материалының мазмұнын эмоционалдық-сезімдік күймен тиімді қабылдау мақсатында әр түрлі жағдаяттарды балалардың өздері рөлдерде орындауы арқылы ұйымдастырылады.
«Қорытындылау» — мүғалімнің өзі немесе балалармен бірлесіп сабақтың өзіндік логикалық қорытындысын шығаруға және құрылымдық элементтерінің орындалуына қол жеткізуге бағытталған әдістемелік тәсіл.
«Жүректен-жүрекке» шеңбері — әдетте, оқу сабағын аяқтайтын, бір-бірімен пікір алмасу, бір-біріне тілек айтуды қарастыратын және педагогтың әрбір баланың эмоционалдық жай-күйін, олардың сабақ тақырыбын түсіну анықтауына мүмкіндік туғызатын әдістемелік тәсіл.
“Үй тапсырмасы” — баланың сабақ тақырыбына және сабақта меңгерген білім, іскерлік жөне дағдыларын бекітуге қызығушылығын арттыратын тәсіл. Балалар үй тапсырмасын дәптерлеріне өз бетінше немесе үлкендермен бірге орындайды. Бұл балалар мен үлкендердің бірін-бірі жақсы түсінуіне септігін тигізеді.
Өзін-өзі тану бойынша оқу процесін ұйымдастырудың маңызды шарты балалардың жас жөне психологиялық-физиологиялық ерекшеліктеріне сәйкес эмоциялық жайлылықты қамтамасыз ететін денсаулық сақтау ортасын қүру болып табылады. Сабақта әрекет түрлерінің алмастырылуы оқуға жағымды мотивтерді қамтамасыз етеді.
Тақырыбы: «Өзін - өзі тану» әлеміне саяхат
Мақсаты: «Өзін-өзі тану» әлемі туралы түсініктерін кеңейту
Міндеттері:
адам бойындағы құнды қасиеттер туралы түсініктерін кеңейту;
өзіне деген сенімділігін дамыту;
өзін-өзі тани білуге деген қызығушылықтарын тәрбиелеу.
Көрнекі құралдар: дәптер, «Өзін-өзі тану»әлемінің картаы, түрлі түсті қарындаштар.
Шаттық шеңбері
Балалар, мен сендермен кездескеніме өте қуаныштымын. Қане, бәріміз бір-біріміздің қолымыздаң ұстап, шеңбер құрайық! Осы дөңгелек шеңберді неге шаттық, жылулық шеңбері деп атаймыз?
Балалардың жауаптары тыңдалып, тәрбиеші қорытындылайды:
Дұрыс айтасыңдар, балалар! Шеңберге тұрудың үлкен бір қасиеті бар. Шеңберіміз көктегі жылу беретін күн сияқты дөңгелек. Шеңберге тұрып, бір –бірімізді жақсы көре аламыз, тани аламыз, бір-бірімізге қарап қолымыздан ұстасып, жақсылық пен жылулығымызды сыйлай білуге үйренеміз. Міне сондықтан бұл шеңберді жылулық, шаттық шеңбері – деп атаймыз. Енді бәріміз жақсылық тілеп, шаттана қуанып, бір-бірімізге жылуымызды берейік, күлкімізді сыйлайық!
Балалар Ө. Тұрмажановтың өлен жолдарын хормен қайталайды.
Кел, балалар, күлейік!
Күлкіменен түлейік!
Қабақ түйген не керек!
Көңілді боп жүрейік!
Кел балалар, күлейік!
Күлкіменен түлейік!
Күлкі көңіл ашады,
Күліп өмір сүрейік!
Әңгімелесу:
- Балалар, біз «Өзін-өзі тану» әлеміне саяхатымызды жалғастырамыз. Қане, есімізге түсірейікші, сол саяхатымызда біздің қандай көмекшілеріміз болды?
Балалардың жауаптары тыңдалады.
- Дұрыс айтасыңдар, балалар! Бұл саяхатымызда «Өзін - өзі тану» әлемінің картасы бізге көмекшіміз болып қала береді.
«Өзін-өзі тану» әлемінің картасы бізге өзіміздің кім екенімізді және қандай екендігімізді білуге көмектеседі?
Әркім өзін қандаймын деп ойлайды?
Жақсы болу дегенді қалай түсуніге болады?
«Өзін-өзі тану» әлемі бізді қандай жақсылыққа үйретті?
Адам бойындағы жақсы қасиеттерді еске түсіріп атйықшы?
Балалардың жауаптары тыңдалып, тәрбиеші қорытындылайды:
- Дұрыс айтасыңдар, балалар! «Өзін-өзі тану» әлемі арқылы адам бойындағы жақсы қасиеттерді біліп, олармен таныса бастадық. Бұл қасиеттер: сүйіспеншілік, мейірімділік, адалдық, шыншылдық, қамқорлық, әдептілік, достық, бірлік деп аталады екен.
Тәрбиеші балаларды отырғызып, дәптердегі «Өзін-өзі тану» әлемінің картасына назарларын аудартады. -Бұл -өзімізге таныс «Өзін-өзі тану» әлемінің картасы.
Картада бірнеше аялдамалар берілген.
Тәрбиеші балаларға көрсетеді.
«Өзін-өзі тану» әлемінің картасындағы аялдамалардаң қандай суреттерді көріп тұрсындар?
Балалардың жауаптары тыңдалып, тәрбиеші түйіндейді.
- Суретте кең байтақ Қазақстан жерінде өмір сүріп жатқан әдепті, ұқыпты, бақытты балалардың отбасы, достары, туған жері, оның табиғаты бейнеленген екен. Осы картаның көмегімен қызықты әлемге саяхатымызды жалғастырып, тағы да қызықты шығармалармен танысып, ізгі қасиеттерді бойымызға сіңіреміз. Шығармалар арқылы адам бойында кездесетін: сүйіспеншілік, мейірімділік, адалдық, шыншылдық, қамқорлық, әдептілік, достық, бірлік сияқты жақсы қасиеттермен тереңірек танысамыз.
Әңгімелеу
Тәрбиеші Ә.Асылбековтың «Сүйіспеншілік» әңгімесін балаларға оқып береді.
Дәйексөз:
«Сүйіспеншілік - жүректен» деген нақыл сөзді тәрбиеші бүгінгі сабақтың дәйексөзі ретінде түсіндіреді.
-Халық даналығында «Сүйіспеншілік-жүректен» деп өте орынды айтылған. айналамыздағы туған-туыстарымызды, отбасымызды, достарымызды, туған жерімізді жақсы көру сүйіспеншілік деп аталады. Ал сүйіспеншілік жүрегімізде туындайды.
Тыныштық сәті:
-Балалар, денелерінді түзу ұстап, бастарынды жоғары көтеріп, ыңғайланып отырындар. Көздерінді жұмсандар да болады. Ауаны терең жұтып, еркін тыныс алындар. Өздеріннің тыныс алуларынды бақылап, бақытқа, махаббат пен тыныштыққа толы таза, шипалы ауаның тұла бойларына толғаның сезініндер. Ал енді көздерінді ашсандар да болады.
Ойын «Мадақтау»
Баллар шеңбер бойымен дөңгелене тұрып, бір-бірінің сөздеріне күлімсірей қарап, көршісіне жылы сөздер айтады.
-Сен мейірімдісін...
-Сен адалсың...
- Сен әдемісін...
- Сен күштісін...
-Сен жақсысын...
-Сен қамқорсын...
-Сен әдептісін...т.с.с.

Приложенные файлы


Добавить комментарий