5-сынып .аза дебиеті. Таырыбы:обыланды батыр жыры. Тлпарлар бейнесі


«Абылай хан атындағы №4 орта мектеп» КММ
Бекітемін
__________________________
Мектеп директоры
Қ.Искаков
Ашық сабақ

Тақырыбы:
«Қобыланды батыр жыры.Тұлпарлар бейнесі»
Қазақ тілі мен әдебиеті пәні мұғалімі
И.Мырзахметова
Сынып – 5 «Б»
Ұзақ мерзімді жоспар тарауы: 1-Бөлім.Таза, мінсіз асыл сөз
Мектеп: Абылай хан атындағы № орта мектеп
Күні: 13.10.2017 ж
Мұғалімнің аты-жөні: И.Мырзахметова
Сынып: 5-сынып. Қатысқандар: Қатыспағандар:
«Қобыланды батыр» жыры. Тұлпарлар бейнесі
Осы сабақта қол жеткізілетін оқу мақсаттары (оқу бағдарламасына сәйкес) Т/Ж3. Көркем шығармалардан шағын көлемді үзінділерді мәнерлеп,жатқа айту
Б/С2.Шығарманың тарихы мен көркемдік құндылығын бағалау
Сабақ мақсаты Жырдағы кейіпкерлер портреті мен іс-әрекеті арқылы образын ашу.
Жырдағы тұлпарлар бейнесін тауып,талдай алады
Бағалау критерийі 1.Жырдағы негізгі кейіпкерлердің портретін жинақтайды.
2. Жырдан қарама-қарсы немесе салыстыра суреттеуді табады
Тілдік мақсаттар Сөздік қор:
сөз тіркестері мен жырдан үзінділер:тұлпар туған Бурыл, қара қасқа ат мінген, Бурыл көкке екі ұшты, құбылып Бурыл гуледі, қырық үш күндік кемдігі, Тобылғы торы ат, жау екенін білген соң, қайта айналып шаһарға, Ақмоншақ атқа мінеді, табаны жерге тимеді, тіктеп тиген тұяғы, көлденең жатқан көк тасты саз балшықтай иледі; Қыдыра жалды, қыл құйрық, түлкідей көзі жайнайды; Жан серігім, Бурыл ат; Жылқыда тұлпар сен едің, жігітте сұңқар мен едім; қырық үш күндік кемдік бар, үш ұшар ең аспанға бір ұшуың кем болды, жетпедім деп Тарланға;
термин сөздер: гипербола, литота, метанимия, теңеу, эпитет, кейіптеу, метафоры;
- түсіндірмелі сөздік беру, анықтамалар беру
Құндылықтарға баулу 1.Тарихқа, әдебиетке, әдет-ғұрыптарға құрмет көрсету
2. Жылқы малына құрметпен қарау
3. Қарым-қатынас жасау
4.Шығармашылық, сын тұрғысынан ойлау
Пәнаралық байланыс Тарих пәні- тарихи шығарма болғандықтан, сурет өнерімен -сюжетті оқиғалар, кино өнері- жыр бойынша фильммен байланыстырамын.
Алдыңғы білім Алдыңғы сабақта алған жырдағы кейіпкерлердің портреттері, іс-әрекеттері жаңа сабақты тұлпарларды анықтап, жырдан салыстырмалы суреттеу мен қарама-қарсы суреттеуді меңгеруге негіз бола алады
Сабақ барысы
Сабақтың жоспарланған кезеңдері Сабақта жоспарланған жаттығу түрлері
Ресурстар
Сабақтың басы

Психолгиялық ахуал
«Шаттық шеңбер» бір-біріне бір тілек айтып, көңіл-күй сыйлайды.
Топқа бөлу.
Оқушылар суреттерді таңдап алып, тұлпарлардың атымен топқа бөлінеді.
1-топ.«Тайбурыл». 2-топ. «Тарлан».3-топ.«Қара қасқа ат». 4-топ
« Ақмоншақ» болып, суреттер бойынша топқа бөлінеді.


Сөзжұмбақ
Қ О Б ы Л А Н Д ы
Қ а Р А м А Н
Е С Т е М І С
Қ а р Л Ы ғ А
Қ Ұ р т Қ А .
Тоқтарбайдың ұлы?
Қобыландының құрдасы.
Тоқтарбайдың жылқышыларының, тоқсан құлының бастығы.
Көбікті ханның қызы.
Көктім Аймақ ханның қызы.
 
1.Берілген портрет қай кейіпкердікі?
Қатуланып,қаттанып,
Буырқанып,бұрсанып,
Мұздай темір құрсанып,
Қабағынан қар жауып,
Кірпігіне мұз тоңып.
2. Кімнің бейнесі?
Күймеден басын ш ы ғарып,
Жылқыға көзін салады.
Ортасында жылқының
Көкала бие жусап тұр –
Құртқаның көзі шалады.
Тоқтатып күймесін,
Ағытып тастап түймесін,
Шақырып алып сұлтан деп,
Қобыландыдай баланы,
Биені көріп сынады.
«Мынау жатқан көп жылқы
Кімдікі?»деп сұрады.
«Сонау тұрған биені
Мені берсең де алғын»деп,
Батырға әмір қылады
(Құртқа)
Аттың жалын тартып, атадан ер болып туғасын, «Ноғайлының жеріне Қызылбастарды қондырып қоюымыз сүйекке таңба емес пе?» деп елінен
Қазанға кетіп барамын.
Жүрмейсің бе, құрдасым,
Осы қылған сапарға
Кетемін ертіп сені деп,
Әдейі келдім, жолбарысым».
аттанып шыққан кім еді?
(Қараман)
Үзіндідегі түсіп қалған сөздердің орнын толтырып,дәптерлеріңе орындаңдар.
.......................... жасы келгенше,
Бір бала көрмей .........................,
Қайғыменен қан жұтып,
Ақылынан адасқан.
........................бәйбіше,
Қабырғасы майысқан.
Елуге жасы келгенде ,
Көзім ашпай дүниеден,
Өтемін бе дегенде,
Сонда көрген арыстан:
Бір ұл,бір қыз атадан,
Қыздың аты -.............
....................... қарындас.

Қоян жақты, тақыр жонды,
Төрт тұяқ, екі аяқты, екі қолды.
Салпы ерін, өзі жүйрік,
Кең омырау, жуан құйрық.  (жылқы)Екеуі елеңдеп келеді,
Төртеуі төбелесіп келеді
(екі құлақ,аяқтары)
Болжау стратегиясы. Ат суреті көрсетіледі.

Сұрақтарға жауап бере отырып, тақырыпты болжайды.
Суреттен нені байқадыңыздар?
Бұл суреттің бүгінгі сабаққа қандай қатысы бар?
Топтық жұмыс. Тапсырма
1-топ. «Тайбурыл» 1. Тұлпар деген не?
2-топ. «Қара қасқа ат» 2.Жылқының қасиеттері
3-топ. «Тарлан ат» 3. Жылқы туралы мақал – мәтел.
4-топ. «Ақмоншақ» 4. Ұлттық ат ойындары.
Дескриптор
Тақырыптың ашылуы.
Ойын жеткізе алуы.
Топтар бір – бірін бағдаршам арқылы бағалайды.
Жасыл –өте жақсы
Сары түс – жақсы
Қызыл – қанағаттанарлық Интер
-белсенді тақта
сурет,
4 мин
Қима қағаз
Ассоциация
әдісі
5 мин
Сабақтың ортасы

Ер қанаты - тұлпарлар қай кейіпкердікі екенінін анықтау,дәптерлеріңе жазыңдар.
Тайбурыл

Тарлан ат

Ақмоншақ ат

Қара қасқа ат

Бурыл ат

Сергіту сәті. «Қара жорға»биі.
Ширату жаттығуы.
1-тапсырма. «Артық сөзді алып таста» әдісі
Ат әбзелдері: ер-тұрман, жүген, қамшы, таға, тұсамыс, садақ, ауыздық, ноқта, айыл, үзеңгі, шідері.
ТЖ. 2- тапсырма. Жырдан алынатын шумақтар
1-топ. «Тайбурыл» . Құртқа Тайбурылды батырға лайықты тұлпар болуы үшін қалай баптады?
2-топ. «Қара қасқа ат». Не себепті Тайбурылдың 43 күндік кемдігі болды?
3-топ. «Тарлан ат». 43 күндік кемдік Тайбурылға бөгет болды ма?
4-топ. «Ақмоншақ».Тайбурыл қалай шабады? Тайбурылдың шабысын суреттейтін сөздерді тап.
ҚБ. Күлегештер арқылы бағалайды.

Музыка
Сөздер,
суреттер

Сабақтың соңы
Рефлексия.

Үй тапсырма:
1. «Ер қанаты –ат тақырыбына» шығарма жазу
Акт
Саралау:
Сіз қандай тәсілмен көбірек қолдау көрсетпексіз?
Сіз басқаларға қарағанда қабілетті оқушыларға қандай тапсырма бересіз? Сіз оқушылардың материалды игеру деңгейін қалай тексеруді жоспарлап отырсыз?
Денсаулық және қауіпсіздік техникасын сақтау

Тапсырмаларды іріктеу, оқушыға жеке қолдау көрсетуде, материалдар мен ресурстарды әзірлеуде оқушылардың жеке қабілеттерін ескеруді қамтиды.
Барлық оқушылар үшін
Сөз тіркестері, жырдан үзінді, түсіндірмелі сөздік беру
Оқушылардың көпшілігі үшін гипербола, литота, антитезаның анықтамасын беру
Кейбір оқушылар үшін салыстырмалы, қарама-қарсы тапсырмалар беру
Бағалау: белсенді оқытуда жеке жұмысты бағалауда «Жарайсың!» марапатау сөзі, топтық жұмыста топтар бір-бірін бағалап, фигураларды ұсынады. Жұппен жұмыс барысында« Өзара бағалау»арқылы бірін-бірі бағалайды. Сабақта қорытынды кезеңінде кері байланысты «Қол әдісі» арқылы жүргізе отырып, оқушылардың нені біліп, неге көңіл бөлу керектігін анықтап, қайта оқуды ұйымдастыруға болады.
«Болжау стратегиясы», . «Артық сөзді алып таста», сергіту сәті «Қара жорға»биі, кесте, ассоциация
«Рефлексия пирамидасы», фигуралар,
Жеке, жұппен, топпен жұмыс,
жырдың үзінділері
Сабақ бойынша рефлексия Бұл тарауды сабақ туралы рефлексия жасау үшін пайдаланаңыз. Төменде өзіңіз маңызды деп санайтын сұрақтарға жауап беріңіз
Сабақ мақсаты қолжетімді болды ма?
Барлық оқушылар оқу мақсатына қол жеткізді ме?
Егер оқушылар оқу мақсатына жетпеген болса, неліктен деп ойлайсыз?
Сабақта саралау дұрыс жүргізілді ме?
Сабақ кезеңдерінде уақытты тиімді пайдаландыңыз ба?
Сабақ жоспарынан ауытқу болды ма және неліктен?
Жалпы бағалау
Сабақта ең жақсы өткен 2 нәрсе (оқыту мен оқуға қатысты)?
1.
2.
Сабақтың бұдан да жақсы өтуіне оң ықпал етер еді (оқыту мен оқуға қатысты)?
1.
2.
Осы сабақтың барысында мен сынып туралы немесе жекелеген оқушылардың жетістіктері/қиыншылықтары туралы нені анықтадым,келесі сабақта не нәрсеге назар аудару керек?

Приложенные файлы


Добавить комментарий