Сыныптан тыс жмыс Таырыбы: «азастан туелсіздігіне-26 жыл»


Тақырыбы: «Қазақстан тәуелсіздігіне-26 жыл»
Мақсаты:
1. Білімділік: Мерекеде Елбасы, мемлекеттік рәміздер, тәуелсіздіктің құрбандары туралы түсінік беру.Патриоттық сезімдерін ояту.
2. Дамытушылық: Әндер, билер, ойындар арқылы балалардың шығармашылық қабілеттерін дамыту.
3. Тәрбиелік: Балаларды Отанын, халқын, жерін сүюге, батылдыққа, азаматтыққа, патриоттыққа тәрбиелеу.
Кейіпкерлер: айдаһар, күн, қыран құсАтрибуттар: ту, елтаңба, батырдың құрал-саймандары т.б.
Барысы: Зал іші мерекеге сай безендірілген. Балалар әуен ырғағымен залға үш-үшеуден қолдарына ту ұстап кіреді.
Жүргізуші:
Желтоқсанның қанды суық ызғары,Қалың әскер қазағымды қорлады.Тәуелсіздікті қолдаған жастардыңОтан үшін табандары тозбады.
-Қымбатты балалар, қонақтар! Бүгінгі 16-желтоқсан Тәуелсіздік күні мерекесіне арналған «Қазақстан тәуелсіздігіне-26 жыл» атты ертеңгілігімізге қош келдіңіздер!
Ән ұраны елімнің
Шақырады бірліккеЕгеменді елімнің
Болашағы бірлікте.
Қазақстан Республикасының мемлекеттік гимні орындалады.
Тақпақтар:
Тәуелсіздік – рухы күшті ғажап күн
Артта қалды бодан болған азап күн
Елім, жерім қазағым деп тебіренемӨйткені мен- тәуелсіздік , азатпын.
Құтты болсын ағайын
Тәуелсіздік мерекеТілейміз біз сіздергеЫрыс бақыт берекеШын ерлігі жиырмасыншы ғасырдың
Желтоқсаным , абыройды асырдың
Намыс үшін азаттығы ары үшін
Күні болдың кілең қазақ жасының
Мақтанам – Қазақстан отанынаСан ұлтпен тату-тәтті тұрып жатқан
Мақтанам – Қазақстан отанынаТәуелсіздік ғасырын құрып жатқан
Желбіреп көк байрағы, көгімізде
Тәуелсіздік орнады елімізгеЖаңалық жақсы күнднр ала келдіСалтанатты үнімен жерімізге.
Анамыздай тіледі ақ
Отан бізде біреу ақ
Ол- біздің Қазақстан
Ән: «16-желтоқсан»
Жүргізуші: 1986 жылы Алматы қаласының орталық алаңында барлық студент жастар жиналып, сол аға-апаларымз елімізді қорғап қалу үшін жандарын беріп аянбай тер төгіп, ерлік көрсетті. Қайрат Рысқұлбеков, Ербол Сыпатаев, Сәбира Мұхамеджанова, Ләззат Асанова осы аға-әпкелеріміз желтоқсан құрбандарына айналды.Біз ол кісілердің ерліктерін мәңгі ұмытпаймыз.Батыр аға-әпкелеріміздің арқасында біз тәуелсіздікке қол жеткіздік.
Ортаға Қайрат Рысқұлбеков болып бір бала шығып өз сөзін айтады.
Би: «Батырлар»
Ойын: «Қыз қуу»
Жүргізуші:Балалар, сендер Қазақстан Республикасыны, мемлекеттікрәміздерін білесіңдер ме?
-Елтаңба, ту, гимн.
Сендер рәміздер туралы тақпақ білесіңдер ме?
Тәуелсіздік жолындаТалай-талай тер тамған
Билігім өз қолыңда
Еркіндігім –Елтаңбасы
Көк туымды қолымаБүгін берік ұстадымТүсті бақыт жолымаМенің Қазақстаным!
«Ән шашу» биі орындалады.
Жүргізуші:-Балалар, біздің мемелекетіміздің басшысы президентіміз кім?
-Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаев
Қазақстан Республикасының астанасы қай қала?
-Астана қаласы.
Елбасымыз жолдайды,
Халқы оны қолдайды.
Елбасы елді қорғайды,
Халық қамын ойлайды.
Қадамың бар баспаған,
Асуың бар аспаған
Халқым жетсін мұратқа
Ей, бас қалам- Астана
Отанымның төрінде,
Сарарқаның өрінде.
Ту ұстаған астанам,
Әсем қалам, бас қалам
Жүргізуші:Астана қаласыны, символдарыны бірі- «Бәйтерек» ғимаратына арналған аңыз.
Көрініс: «Бәйтерек»
Ән: «Астана» орындалады.
Ойын: « Бәйтерек» ойналады.
Тақпақтар:
Отан деген атамекенОтан деген туған жерОтан –ана , Отан –пана
Қазақстан туған ел!
Он алтыншы желтоқсан - Тәуелсіздік алған күн.Мерекеге ел тосқанАтамменен барғанмын.Мерекеге шығадыБүкіл халық, біліп қой.Отандастар ұғадыТәууелсіздік - ұлық той.Аралаймын алаңдыТәуелсіздік күні мен. Батыр Қайрат ағамныңСуретіне үңілем.Он алтыншы желтоқсанТәуелсіздік алған күн.Мерекеге ел тосқанШырқатып ән салған күн.
Тәуелсіздік елдеміз,Қуанамыз күнде біз.Ата-бабам қалдырған,Қазақтың біз батырымыз сенсеңіз!Тәуелсіздік елімізМәңгі жасар жерімізТәуелсіздік жасағанАға, Әпкелеріміз.
Бабамның да арманы,Осы еді ғой аңсаған,Тәуелсіздік тандарыБақ береді баршаға.
Ән: «Қазақстан-туған жерім» орындалады.
Жүргізуші:
Жиырма бес жыл, жиырма бес жыл азаттық,Өзімізді құрсаудан да босаттық.Ақтадық біз ата-баба үмітін,Қолда қазір көк ту менен бостандық.
Құрметті әріптестер, қонақтар, ата-аналар бүгінгі тәуелсіздігіміздің 26 жылдығына арналған ойын-сауығымыз осымен аяқталды.Елімізаман, жұртымыз тыныш, көк туымыз көк аспанда мәңгілік желбірей берсін!

Приложенные файлы


Добавить комментарий