Трбие сааты: Таырыбы: Елбасымен біргеміз


Тақырыбы: «Елбасымен біргеміз!» Мақсаты: - Қазақ халқының тұңғыш президенті Н.Ә.Назарбаевтың өмірі, туып – өскен, қызмет еткен жерлері туралы мағлұмат беру. - Елбасының өмір жолынан үлгі ала отырып, Отанын, халқын сүюге азаматыққа тәрбиелеу. - Бала жүрегінде елбасына деген сүйіспеншілік сезімін ояту, құрметтеу. Көрнекілігі: Слайдтар, үнтаспа. Тәрбиеші: Әділеттің ақ жолын ту етіп, елінің егемендігін, ынтымақты, тұтастық бірлікті ойлаған, ұрпақтың саналығына мән берген, ар мен намысты биік ұстаған әлемдік деңгейдегі ірі қоғам қайраткері, Тәуелсіз Қазақстан Республикасының тұңғыш Президенті Н.Ә.Назарбаевтың құрметіне арналған 1 – желтоқсан - Президент күніне орай өткізіліп отырған « Елбасымен біргеміз!» атты тәрбие сағаты ашық деп жарияланады. Әнұран айтылады. 
Елі құрмет тұтқан Елағамыз,Ел үшін еңбек еткен Елбасымыз Н.Ә. Назарбаевтың өмір жолына шолу жасайық: Н.Ә.Назарбаев 6 шілде 1940 жылы Алматы облысы Қаскелең ауданындағы Шамалған ауылында туған. Балалық шағы үлкендердің мал бағуына, бау-бақша өсіруіне көмек көрсетумен өтті.Мектепті жақсы оқып,жақсы білім алды.
Ата – анасын қатты құрмет тұтты. Елбасының отбасы - Әкесі-Әбіш,анасы-Әлжан,інілері-Сатыбалды,Болат, қарындасы - Әмина,туысы-Зейнеп. Еңбек жолын Теміртау қаласында Қарағандыдағы металлургия комбинатында металлург болып бастады.Әлем таныған дарынды тұлға іскер – саясатшы Н.Ә.Назарбаев ел экономикасын түзеп болашақта көш бастаушы елдердің қатарына қосу үшін аянбай еңбек етуде. 1991 жылы 1 желтоқсанда халқы қолдап Н.Ә.Назарбаев еліміздің Президенті болып сайланды.Ерназ:
Елбасымыз жолдайды, Халқы оны қолдайды. Ешқашанда орынсыз, Шешімдері болмайды. Ажар:
Елбасы елді қорғайды, Халық қамын ойлайды. Осындай жақсы адамның, Жақсылығы тарайды. Айсана:
Орындалып арманы, Халқымызда ажарлы. Осының бәрі әрине, Елбасының арқасы. 
Жарайсыңдар,балалар өте жақсы, Елбасы туралы жақсы тілектер айттыңдар.Енді мен сендерге әртүрлі сұрақтар қоямын, жауап беруге дайынбыз ба? 1. Біз қай елде тұрамыз? ( Қазақстан) 2. Біздің Елбасымыз кім?( Н.Ә Назарбаев) 3. Еліміздің туында нелер бейнеленген? ( күн, қыран құс, ою) 1991жылы 16 желтоқсанда Қазақстан Республикасы « Тәуелсіз демократиялық және құқылық мемлекет» деп жариаланды. Елбасының бастауымен біздің Отанымыз әлемге танылды. Бүгінгі таңда еліміз көркейіп, көптеген қалаларымыз ең әсем,әдемі, көрікті қалаға айналды. Мына суретте еліміздің астанасы-Астанада орналасқан Елбасының қызмет ететін орны-Ақорда, Бәйтерек, Ханшатыр.
Ерасыл:
Отан – менің ата-анам, Отан – досың, бауырым. Отан - үлкен Астанам, Отан туған ауылым. 
Шырай:
Отан деген атамекен, Отан деген туған жер. Отан – ана, отан – үлкен, Қазақстан туған ел. 
Ән: (хор) « Біз бақытты баламыз». 
Елбасы үлкен саясаткер болумен қатар жан-жақты дамыған тұлға, ол көптеген кітаптар, шығармалар,жазбалар жазды. Сондай-ақ өнерге де көп көңіл бөлетін. Ол « Үш қоңыр», « Елім менің» атты әндер жазды. ( үнтаспадан ән тыңдау). Бар әлемге шын танылдық міне, біз Елін сүйген Елбасы деп білеміз. Тең аталып Қазақстан – Нұрсұлтан, Нұрсұлтан мен Қазақстан тұр егіз. «Қазақстан бақытты ел. Президенті танымды, халқы қарымды, досы көп ел екенін де мақтан тұтамыз. Ел тарихын тұлғалар жасайды. Тұлға - елдің тұғыры.Тұлға - елдің тұтқасы. Біздің Президентіміз Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаев осындай тұлға! ...» дей отырып бүгінгі өткен тәрбие сабағымызды аяқтаймыз
«№44 жалпы орта білім беретін мектеп» КММ
Тәрбие сағаты
Тақырыбы:
«Елбасымен біргеміз»
Сынып: Мектепалды даярлық 0 «Ә»
Тәрбиеші: М.Ж.Джаксыбаева

2017-2018 оқу жылы

Приложенные файлы


Добавить комментарий