Жмыс пен жылу млшеріні баламалыы


Сабақтың тақырыбы: Жұмыс пен жылу мөлшерінің баламалығы. Румфорд пен Джоуль тәжірибелері. Энергияның сақталу заңы Мұғалімнің аты-жөні:
Күні:
СЫНЫП: 10 Қатысқан оқушылар саны: Қатыспағаноқушылар саны:
Сабаққа негізделген оқу мақсаты( мақсаттары): Жұмыс пен жылу мөлшерінің баламалығы. Румфорд пен Джоуль тәжірибелері. Энергияның сақталу заңы жайлы мағлұмат беру
Жұмыс пен жылу мөлшерінің баламалығы. Румфорд пен Джоуль тәжірибелері. Энергияның сақталу заңының формулаларын есептер шығаруда және техникада қолдана білуге үйрету
Бірін-бірі бағалай білуге баулу
Сабақтакүтілетін нәтиже: Оқушылардың барлығы мынаны орындай алады:
Жұмыс пен жылу мөлшерінің баламалығы. Румфорд пен Джоуль тәжірибелері. Энергияның сақталу заңы жайлы мағлұмат алады
Оқушылардың көбісі мынаны орындай алады:
Жұмыс пен жылу мөлшерінің баламалығы. Румфорд пен Джоуль тәжірибелері. Энергияның сақталу заңының формулаларын есептер шығаруда және техникада қолдана білуге үйренеді
Оқушылардың кейбіреулері мынаны орындай алады:
Бірін-бірі бағалай алатын болады
Тілдікмақсат: Ресурстар: Электронды оқулық, оқулық, кеспе қағаздар.
Пән аралық байланыс: Математика.
Алдыңғы оқу: Сабақ жоспары
Сабақ барысы
жоспарланғануақыт Берілетін тапсырмалар және қолданатын әдістер Бағалау критерийлері және жұмыс түрлері
Ұйымдастыру кезеңі
(психологиялық ахуал қалыптастыру) Сәлемдесу
Сынып оқушыларына жағымды ахуал туғызу
Түгелдеу
1.2. Топқа бөлу (1,2 сандары арқылы 2 топқа бөлінеді) Үй тапсырмасын сұрау
минут
Үй тапсырмасын қорытындылау
1-деңгей (білу, түсіну): Заттың меншікті жылу сыйымдылығы деген не?
1 балл
2-деңгей(қолдану, талдау): Оның формуласы қандай? 2 балл
3-деңгей (жинақтау, бағалау): ХБЖ-да заттың меншікті жылу сыйымдылығының өлшем бірлігі қандай?
3 балл
Жаңа сабақ
минут
Көптеген тәжірибелер денені оған жылу мөлшерін бермей-ақ жұмыс атқару арқылы қыздыруға болатынын көрсетті.
1798 ж. Румфорд: зеңбіректің ұңғысын жегілген аттардың көмегімен айналдырылатын үлкен тескішпен тескенде, оның қызатынын байқады. Ол тескіш айналған кезде атқарылатын жұмыстың әрекетінен қызады деп қорытынды жасады.
1799 ж. Г. Дэви мұздың кесегін бір-біріне үйкеген кезде ол еріп, суға айналды. Тәжірибе ауада, сосын мұзға жылу жеткізу мүмкін болмайтын вакуумде жүргізілді.
ХІХ ғасырдың ортасында Джоуль жылу энергияның барлық түрлерінің арасындағы байланысты және жылу мен механикалық энергия арасындағы сандық қатынасты тағайындауға тырысты.
Джоуль тәжірибесінің сипаты:
10541040640
Калориметрде сынап бар. Жүктер төмен түскенде қалақшалар айналысқа келіп, сұйық қызады. Тәжірибенің басында және соңында жүктер, қалақшалар мен сынап тыныштықта болады, сөйтіп, олардың кинетикалық энергиялары тәжірибе барысында өзгермейді. Жүктердің қозғалысы кезінде атқарылатын жұмысты біле отырып және қалақшалардың сынапқа үйкелісі кезінде температураның артуын өлшей отырып, Джоуль 4,2 Дж жұмыс атқарылғанда температураның артуы денеге 1 кал жылу берген кездегі артуымен бірдей болатына көз жеткізді.
4,2 Дж/кал – жылудың механикалық эквиваленті.
1843 ж. адам ауыр дене жұмысын істегенде оның қанында жану өнімдерінің пайда болатынын байқаған.
Осы кезде Ленц пен Джоуль жылу мөлшері мен электр энергиясының арасындағы сандық қатынасты ашты.
Жұмыс пен жылу мөлшері ішкі энергияның өзгерісі болып табылады.
Г.Гельмгольц энергетикалық түрленулерді толығырақ және сандық қатынастар жағынан зерттеді.
Энергияның сақталу заңы:
Табиғатта энергия жоқтан пайда болмайды және жоғалып кетпейді. Ол тек бір түрден екінші түрге, бір денеден екінші денеге өтеді. Ал денелердің тұйықталған жүйесінде толық энергия тұрақты шама болып қалады.
Термодинамиканың І заңының математикалық өрнегі:
Сабақты бекіту
минут
1-деңгей (білу, түсіну): Энергия дегеніміз не?
Энергияның сақталу заңының формуласын жаз? 1 балл
2-деңгей(қолдану, талдау): Румфорд пен Джоуль тәжірибелері?
Жұмыс пен жылу мөлшерін салыстыр? 2 балл
3-деңгей (жинақтау, бағалау) Көптеген тәжірибелер денені оған жылу мөлшерін бермей-ақ жұмыс атқару арқылы қыздыруға болатынын түсіндір?
Румфорд пен Джоуль тәжірибелерінің маңызы қандай? 3 балл
Үйге тапсырма
минут
1-деңгей (білу, түсіну): Заттың меншікті жылу сыйымдылығы деген не?
2-деңгей(қолдану, талдау): Оның формуласы қандай?
3-деңгей:
(Шығармашылыққа, ғылыми зерттеушілікке бағытталған тапсырмалар) ХБЖ-да заттың меншікті жылу сыйымдылығының өлшем бірлігі қандай?
Бағалау 9-12 «5» 6-8 «4» 3-5 «3»
Кері байланыс не үйрендім, не қиын болды, сұрақ
Рефлексия
Сабақтың мақсаты мен сабақта жоспарланған іс-әрекеттерді орындауда не тиімді болды? Сабақтың мақсаты мен сабақта жоспарланған іс-әрекеттерді орындауда не тиімсіз болды? Келесі сабақта өз жоспарыңызға қандай өзгерістер енгізген болар едіңіз?

Приложенные файлы


Добавить комментарий