Диктанттар жинаы 1 сынып


Көшіріп жаз
Тақырыбы: Диктант
Құстардың қайтуы
Жылы жаз тез өте шықты. Жауынды күз келді. Жыл құстары алыс сапарға дайындалды. Қайту дабылын ең алдымен кішкентай қарлығаштар қақты. Бұл құстардың қайтуы қаһар қыстың ерте түсетінін сездіргендей. Олардан кейін тырна, үйрек, қаз, сияқты жыл құстары қайтады. Бұл кезде көгілдір аспан қадірлі қонақтардың әсем әніне бөленеді. Жас бөбектер аппақ қаз бен аққуды жолға шығарып салады. Олар ұзын сирақ тырналарға кішкентай қолдарын бұлғайды.
Ақылды құмырсқа Құмырсқа – еңбекқор. Ол бір тыным тауып отырмайды. Сол күйбең- күйбең жұмыс. Бірде құмырсқа балаларына тамақ іздеп шықты. Оның өткір көзі кішкене арықтың арғы бетіндегі тәтті үгіндіге түсті. Арықтың арғы бетінде үйіліп тұр. Арғы бетке қалай өтпек? Малтып өтсе, су ағысы қатты, ағызып кетуі мүмкін. Су да суық, ауырып қалса қайтпек. Осылайша құмырсқа ойланып- толғанып, ақыры өсіп тұрған шиді көрді. Шиді құлатып еді, көпір болды да қалды.Ол қатты қуанып кетті. Осы шидің үстімен арықтың екінші жағына жүгіріп өтіп, олжасын арқалап балаларына әкелді. Міне, тапқыр деп, ақылды деп еңбекқор құмырсқаны айт.
Самат Самат үйге қайтып келе жатты. Ол қалың шіліктің тұсына келді. Қымыздық термек болып жолдан бұрылды. Шілік өскен ойпаңдағы шөп арасынада қымыздық көп екен. Самат екі қолдап тере бастады. Қолындағы тобатайын қымыздыққа лезде толтырып алды. Осы кезде шөп арасынан шиқ-шиқ еткен нәзік үн естіледі. Самат төмен қарады. Дәл алдындағы тобылғының түбіндегі ұяда жұмыртқадан жаңадан ғана шыққан бес- алты балапан жатыр екен. Бұл құрдың балапандары еді.
Бұлақ басындағы оқиға
Біз жазда малды ауылда жайлауда болдық. Бір күні әкем, сіңлім Жанар үшеуміз қой тоғытуға үлкен бұлаққа бардық. Бұлақтың жан-жағы көк майса шөп. Қойды тоғытып болып, үйге қайтып келе жатқанбыз. Кенет ешкінің бақылдағаны естілді. Дыбысы аянышты шығады. Алғаш онша мән бермеген едік. Бірақ ешкі маңырауын қоймады. Дыбыс шыққан жаққа қарай жүрдік. Байқасақ, бір лақ батпаққа батып, тұра алмай талпынып жатыр. Әкем екеуміз лақты ұйықтан шығарып алдық. Үсті-басы батпақ-батпақ болыпты. Оны бұлақтың суымен жуып, тазарттық. Біз Жанар екеуміз лақты өлімнен құтқарғанымызға қатты қуандық.
Қысқа дайындық Бал арасы таңның атысы, күннің батысы бір сәт тыным таппайды. Гүлден гүлге қонып, шырын тасып, өзіне де, өзгеге де жетерлік бал жинады.Егістікке жақындау жерге ертелеу көшіп келіп, мекен – жайын алдын ала дайындап алған Саршұнақ күз бойы масақ тереді. Інінің бүйір бөлмелерін астыққа әбден толтырады.Тоғайдағы жирен Тиін де қарап жатқан жоқ. Цирктің ойыншысы сияқты бұтақтан- бұтаққа қарғып жүріп, ұясына жақын жердегі қуыс тесіктің бәріне балқарағайдың жаңғағын үйіп тастады. Қыс алты аймен аяқталмай, түел бір жылға созылса да оның мұртын балта шаппайды.
Өрнек Төсектен тұрған Әлімнің көзі терезедегі әдемі әшекейге түсті. Ол одан қар басқан тоғайдың, биік талдардың суретін көрді. Олар бұтақтарын жая түскен үлкен шырша сияқты әйтеуір терезеге бір керемет тамаша өрнек жасалыпты. Әлім далаға шықты. Қора іші аппақ. Есіктің алдындағы ағаштар да қар жамылып әдемі түрге еніпті. Бұтағы қозғалса, үстіндегі ұлпа қарлар сусып жерге түседі. Күннің сәулесіне шағылысып біресе көкшіл, біресе ақшыл сары түске боялғандай жылт-жылт етеді. Әлім сарайдағы ағаш күректі алып, есік алдының қарын күреді.
Аққала
Марат пен Жанат таңертең ауыл жанындағы жалпақ дөңнің басына сырғанақ тебуге шықты. Екеуі шанаға отырды да, төмен қарай сырғи жөнелді. Зулап келе жатып, алдарында көлденең тұрған аққаланы көрді. Шананы бұру қиын еді. Зулаған күйі аққаланы соқты. Аққаланың басындағы шелегі ұшып кетті. Ол Мараттың басына келіп киілді. Ал сыпырғыш Жанаттың қолына ілінді. Аққала шананың алдына мініп алды. Енді үшеуі әрі қарай сырғанай берді. Бұл күтпеген оқиға еді. Балалар мәз – мейрам.
Көлде
Күн жаңа ғана көтеріліп келеді. Жазғытұры кеңпейіл дүние шыққа малынып, маужырап тұр. Бармақ басындай қара аралар үлбіреген гүлдердің төсіне қонып, бал жинап жүр. Ат тұяғы жапырып кеткен балғын көк шөптерге жаның ашығандай.
Жал – жал болып біткен қалың орманды, қара топырақты құйқалы жер көлде көп. Көл бетінде шомылып болып, айнаға қаранып, сыланып отырған аққу, қаз су бетіне түскен сәулелерімен сырласып отырғандай. Жайылымнан қайтқан мыңдаған үйректер суылдап келіп, көлге қонады. Қыбыр-қыбыр сырласады да қайта ұшады. Оттады- тойды, су ішті – қанды, енді қамысты көлдердегі ұялары еске түсті. Қайта ұшып кетті.

Көктем басталды
Жаз кеш шықты. Жер күндіз жібіп, кешке қайтадан тоңазитын болды. Кенет жылы жел соқты. Қыраттың күн беткейіндегі қары ери бастады. Аспанды бұлт торлады. Жылы ақ жаңбыр жауды. Мұз жарылды. Өзендерде сең жүре бастады. Кешке қарай бұлт ыдырады. Мұз да күн қызуымен ери бастады. Ауа жыли берді. Әр жерден қылтиып шыққан өсімдіктер көрінді. Ағаш бұтақтарында көк бүршіктер пайда болды. Дала жасыл тартты. Көбелек қуып балалар жүгірісті.
Жалғыз дән
Қарт кісі жолаушылап келе жатып, кешке қарай жолда өсіп тұрған жалғыз масаққа кездеседі. Оны үгіп, бар дәнін алақанына салып, қауызын желге ұшырып жібереді. Сол кезде бір дән қарттың алақанынан домалап жерге түсіп кетеді. Әр шөптің түбін ақтарып, қарт оны көп іздейді. Сөйтіп отырғанда күн батады. Төңірек қараңғы тартады. Қарт ол дәнді ертең келіп, жарықта тауып алайын деп таяғын шаншып кетеді.
Ертеңінде таңертең кешегі жерге келеді. Шаншып кеткен таяғының маңы гүлдеп тұр екен. Жалқы дән қалың бидай болып тербеліп тұр.
Жалғыз дәнді далада қалдырмауға тырысып қамқорлық жасағаны үшін, табиғат –ана адамға осылай разылық білдірсе керек.
№1 Шығарма Табиғатты аялайық
№2 Шығарма Туған жерге қыс келді №3 Шығарма Менің досым №4 ШығармаМенің сүйікті ісім №5 Шығарма Жаңа жыл №6 Шығарма Менің отбасым №7 Шығарма Менің ұстазым №8 Шығарма Менің Отаным
Көшіріп жаз дәптерге
Қайырымдылық
Жұмыс іздеген екеу келе жатып, елу- алпыс вагон тізбегін көрді. Темір жиекті тақтайды вагонның жиек теміріне іле алмай бір топ адам әбігерленіп жатыр.
 -Әй, жұмысшылар, ана тақтайды көтерісіп жіберіңдер!
 -Не деп жатырсың, қожайын? Біз саған әзірге жалданғанымыз жоқ.
  Бір жағы шала ілініп тұрған ауыр тақтай екінші жағын қозғай бергенде жерге гүрс ете қалды. Қимылы ұшқалақтау біреу: «Ойбай, өлдім!»-деп безек қақты. Жас жұмысшы бір қолымен тақтайды көтеріп, бір қолымен безілдеп жатқанды суырып алды да:
 -Әттеген-ай... оннан артық адам тақтайдың бір жағын көтере алмайды,ә? Аға, ар жағын сүйеп жіберіңізші, осынысын қойып берейін.
  -Таста әрі! Ақша бермесе, қолыңды әуре қып керегі қанша? Тастай алмай жүрген жаның бар ма!
  Жолдасының қатыгездігін ұнатпаған бала жігіт тіл қатпастан тақтайдың вагон жақ  шетін көтеріп, жарты кездей тақтайды вагонның ішіне кіргізіп жіберді.
Көкпар
  Біздің ауылдың жайлауы таудың үстінде. Тау жоталары шұбатылып кетіп бара жатқан түйе көшіне ұқсайды. Мұнда биік шатқалдар мен жартастар көп. Малшылар бір–біріне таяу орналасады. Ауылда той да болып тұрады. Сондай тойлардың бірінде көкпар тартылды.
  Атқа мінген жігіттер лезде дайын болды. Көкпар қызығын көру үшін ел түгел жиналды.
 Жайлау жазық емес, сондықтан аттап басқан сайын өрге шығу керек.Көкпаршылар ат үстінде күш сынасып, көкпарға берілген серкені тартысып жүр. Серкені біреу жұлып алып, өңгере қашты. Басқалар оны қуып, қайтадан тартыс басталды.
ПанасыздарТабан мен нәлім балықтарының шабақтарын өсіріп, жеткізу жайында басы да ауырмайды. Уылдырық шашты да жөніне кетті. Ал олардан шығатын шабақтар қалай жетіліп өссе де мейлі. Бір жағынан оларды кіналауға да болмайды. Мыңдаған шабаққа бір аналық қайдан қарап үлгірсін. Бақа да сол сияқты. Бір шашқанда мыңнан артық уылдырық шашады. Әрине, мұндай панасыздардың бәрінің бірдей шығынсыз өсіп жетілуі өте қиын. Су ішінде олардың қаншама жауы бар. Көбісін уылдырық кезінде жұтса, енді біразын кішкене шабақ, итбалық қалпында жейді. Сөйтіп азғана бөлігі есейіп жетіледі.
Тал тойы Тал гүлдеді. Той басталды. Ағаштар, бұталар әлі сұп-сұр болып, жалаңаш тұр. Орлардың арасында тал бір шоқ гүл сияқты. Гүлдері сап-сары алтындай болып жарқырайды. Саусақпен түртіп қалсаң, саусағың сап-сары болады. Шертсең болды алтын түтін бұрқ етеді. Иіскесең бал иісі шығады. Жан жақтан «қонақтар» тойға асығуда түкті, аю сияқты қанаттары икемсіз ара ұшып келді. Келе гүлге қонып, оның тозаңына былғанды. Жортып, тез қимылдап, құмырсқа да жетті. Гүлге қонып, қарындары қампиып, жарылып кеткелі тұр.Кішкене қанаттары зырылдап, аяқтары сидиып, масалар да ұшып келді. Неше түрлі қоңыздар, шыбындар құж-құж етеді. 
Көбелектерде қанаттарын жайып жіберген. Есек ара да ашулы, аш. Ала қанаттары жолбарысқа ұқсайды. 
Бәрі де гүлге асығуда. Талдың гүлі түскен соң той бітеді.
Күй атасы
   Күй атасы Құрманғазы бала кезінен  домбыраға әуес болды. Ол ұзақ күйшіден тәлім алған. Құрманғазы орындаушылық шеберлігін шыңдап отырды. Есейе келе Құрманғазыны атақты  күйші ретінде есімі бүкіл қазақ даласына тарайды.
  Құрманғазының өмірі әділетсіздікке қарсы күреспен өтеді. Сан рет түрмеге отырды. Құрманғазы алғашқы күйін Исатай мен Махамбеттің  қазақ хандарына қарсы көтерісіне арнайды. 
Жыландар
  Жазда саяхатқа шығып, жеміс жидек терген кезде жыландарды көріп қаласыңдар. Сол мезетте олар шағады деп қорқасыңдар. Жылан неге шағады? Жылан өздігінен шақпайды. Жаздың ыстық күндерінде жылан денесі
күнге қызып, сергек болады. Ал жауын шашынды, бұлтты күндері жуасып, жайбірақат жүреді. Жыландар нашар көреді. Сол себептен қимылды, дыбысты сезгенде жасырынып қалуға тырысады. Міне сол сәтте жыланды адам да, жануарлар да байқамай, оған жақындай береді. Сонда жылан өзіне қастық ойлап тұр деген оймен шағып алады. Бірақ жыландарды жаппай қыра бермей, жер бетінен құрып  бар жатқан бағалы аңдарды сақтағандай қамқорлыққа алу керек.
Ашқарақтар
 Шөже торғайлар ауладағы тақыр жерде тімтініп, табылған дәнді бір-бірлеп шоқып жеп жүрген. Үйінің есігін қиғаштау ашып, торғайларға бір кісі бір түйір дәнді лақтырып жіберді. Нан шөпжеңдеп жүрген екі-үш торғайдың қасына топ ете түсті. Шошыған торғайлар бытырап ұша жөнелді. Қатер байқалмаған соң қайта оралып, әлгі нанға жақындады. Біреуі төне түсіп, бір шоқыды. Екіншісі бір шетіне жабыса кетті. Үшіншісі жетіп барғанда, талас басталды. Біріне–бірі ырық бермей шыр-пыр етеді. Сол аралықта балпанақтай қара торғай жерге қонды да, нанды көлденең тістеп алып, ұшып кетті.
  Торғайлар байқамай қалды. Тынбастан шұрқырасып жүр. Әлден уақытта барып, нанның жоқ екенін сезді. Үндері өшіп, үрпиісіп қалды.
Тоқылдақ
  Ұзын тұмсықты тоқылдақ – Қазақстанның тұрғылықты құсы. Тоқылдақтың түрлері көп. Түсі шұбар. Өте жылдам қимылдайтын, еңбекқор құс. Ағаштың етегінен бастап жабысқаннан бұраңдадай орала отырып, жоғары өрлейді. Кейде ғана жолында кездескен ойыстар мен жарықтарға тоқтайды. Егер қоңыз кездессе, ол- үлкен табыс, ал құрт болса да тамақ.  Ол тұмсығымен көбінесе қураған кәрі ағаштардың қабықтарын тоқылдатады. Осындай ағаштардан өзіне ұя жасайды. Шіріген ағашты бірнеше сағат бойы тоқылдатып тесу арқылы өзі тұратын үйін дайындайды, осы ұяға жұмыртқа саладыАдам денесінде қанша су бар?
  Тамақ жемеген адам бір айға дейін шыдай алады. Ал сусыз үш күнге ғана шыдайды. Шөлге ең шыдамды жануар-«шөл кемесі» атанған түйе сусыз сегіз тәулікке ғана шыдайды. Машинаның жүруіне жанармай қандай қажет болса, адам денесіне де су сондай қажет. Неге? Ересек адам денесінің жартысынан көбі судан тұрады.70 килограмм ересек адамның бойында 50 килограмм су болады.Егер судың мөлшері кемісе адам өледі. Ал бала денесінде одан да көп. Қырық килограмдық дененің  34 килограмы су, тек 6 килограмы ғана басқа заттар.
Санау. Адамдар санауды өте ертеде үйренген. Алғашында саусақтарын санайтын. Кейiн он саусақ аз бола бастады. Есептеу үшiн ұсақ тастар қолданылды. Бiршама уақыт өттi. Адамдар тастарды жiптерге тiзiп қоятын. Кейiн жiптiң орнына таяқша қолданылды. Бұл қазiргi есеп шоттың бiр түрi едi. Техника өстi. Есептер қиындай түстi. Оларды шешу үшiн машина керек. Электронды есептеу машиналар осылай шықты. Мамыр. Мамыр-үшiншi ай. Көктемнiң ең сұлу шағы. Күн жылып, жер бусанып, өсiмдiк құлпырады,төл көбейедi. Құстар ұя салып, балапан шығарады. Қазақтар барлық құстардың балапандарын мамыр деп атайды. Ай аты осы сөзден шыққан дейдi халық. Мамыр -тоқшылық, семiру ұғымды бiлдiредi. Мектептерде де мамыр айында соңғы қоңырау соғылады. 
№1 Шығарма Туған жерге қыс келді №2 Шығарма Менің досым
Мұғалім туралы эссе Жыр туралы эссе Ертегі туралы эссе

Приложенные файлы


Добавить комментарий