План урока по технологии Иы бйымыны сызбасын ру.


Сабақ жоспары
Күн
Сыныбы:
Тақырыбы: Иық бұйымының сызбасын құру.
Мақсаты: Білімділігі: Оқушыларға бұйымдарды конструкциялау туралы, өлшем алу, қосымша өлшемдер, сызба тұрғызу туралы теориялық білім беру;
Дамытушылығы: эстетикалық талғамы мен ұйымдастырушылық ойлау қабілеттерін дамыту, практикалық іс-әрекеттерін қалыптастыру. Еңбек пәніне қызығушылықтарын арттыру.
Тәрбиелілігі: оқушыларды әдемілікке, сәндікке, ұқыптылыққа, үнемділікке тәрбиелеу, жүйелі еңбекке баулып, эстетикалық тәрбие беру.
Сабақтың көрнекілігі:  сызба суреттер, сантиметрлік таспа, кітаптар, сызғыш, қарындаш.
Сабақтың әдістері: түсіндіру, сарамандық жұмыс.
Сабақ барысы:
Оқушылармен амандасу, түгендеу, құрал-жабдықтарын және сабаққа әзірліктерін тексеру.
Өткен сабақта сендер «Қазақ костюмінің эскизін құрастыру» тақырыбын өттіңдер, яғни бұл тақырып сіздерге таныс.
Жаңа сабақ:
Сабақтың тақырыбын хабарлау, тақтаға жазып қою. Бүгінгі өтетін сабағымыздың тақырыбы «Иық бұйымының сызбасын құру».
Кіріспе.
Оқушыларға жаңа сабақтың тақырыбын түсіндіру. Оқушылар бүгінгі біздің тақырыбымыз «Иық бұйымының сызбасын құру».
 Иық бұйымдары деп, аты айтып тұрғандай, иыққа киілетін барлық бұйымдарды айтамыз. Оларға көйлек, халат, шапан, қамзол, тон, жейде, костюм т.б. жатады.
  Иық бұйымдарының айырмашылығы-мұнда мойын ойындысы, қолтық ойындысы, жаға, өңір болады. Сонымен қатар иық бұйымдары қолдану орнына сәніне қарай ұзын, қысқа, тіпті жеңі жоқ болып келеді, жағасы да түрлі пішінде тігіледі. Ерлер және әйелдер киімдерінің өзіндік конструкциялық ерекшеліктері болады. Әйелдер киімінің үлгісін алып қарасақ, онда кеуде, бел, иық бүкпелерін көруге болады, ал ерлерге арналған үлгіде иығы кең, түймеліктің орны солдан оңға қарай бағытталады.
    Иық бұйымдары жүн, жібек, мақта, зығыр және т.б.  Маталардан дайындалады және адамның жас ерекшеліктеріне қарай: мектепке дейінгі, мектеп балалары, әйел, ер киімдері деп бөлінеді. Силуэт бойынша – тік, қынамалы және жартылай қынамалы.
   Пішім – тұтас пішілген, бел сызығы бойынша кесілген, қондырма жеңді,реглан жеңді, қысқа және ұзын жеңді немесе жеңсіз,жағасыз, тік жағалы, шәлі жағалы т.б. болып бөлінеді.
 Көйлек көбінесе белдемшеден және үстіңгі бөліктен тұрады. Үстіңгі бөлік артқы- алдыңғы бөліктерден, жең, жағадан тұрады. Белдемше тұтас пішілген немесе бірнеше бөліктерден тұруы мүмкін.
Сонымен қатар көйлектің тік, кең етекті, қатпарлы, бүрмелі, ши бүрмелі, гофре, бедерлі түрлері де кездеседі. Жеңінің ауызы пішіміне, ұзындығы мен кеңдігіне қарай қайырылады,түймеленеді,тік және өрнектеліп қималанады.
Мойын ойығы төрт бұрыш, дөңгелек, сопақша, ассимметрия түрінде пішіледі.
    Иық бұйымдарын өңдеп-әшекейлеу олардың түрі мен қолдану орнына байланысты. Өңдеу түрлеріне кестелеу, әр түрлі тігіс түрлері, қатпарлар, бүрмелер, желбіршектер, шілтер, таспа, түймелер, қапсырмалар, және басқа әшекей материалдар жатады. Қолданылуына байланысты бұйымдар тұрмыстық, күнделікті, салтанатты деп бөлінеді.
 Тұрмыстық киімдерді мақта және штапель маталардан тігеді. Пішімі үй жағдайына ыңғайлы болуы керек. Күнделікті киімдер күрделі пішіліп, мақта,жібек және жүн маталардан тігіледі.
  Салтанатты жағдайларға арналған киімдер де күрделі пішімді, әр түрлі сәнді және силуэтті болып келеді. Мұндай киімдер әсем әшекейлермен, көркем өрнектермен, тамаша бедерлермен безендіріледі.
  Иық бұйымдарына жататын қазақтың ұлттық киімдерінің бірі – қамзол. Қазақ әйелдерінің киімінде қамзолдың орны ерекше т.б. Қазақстанның көп бөлігінде қамзолдың өңіріне, сондай-ақ етегінің екі жағына түрлі жылтырақтардан ою немесе өрнек жүргізу әдеті бар. Қазіргі шеберлер ондай өрнектерді сәнді жіптермен салуға машықтанған.  Мұндай камзолдар өте салтанатты көрінеді. Оларды көбінесе мереке кезінде, той-томалақта және басқа салтанатты думандарда киеді.
Көрнекілікті оқушылардың назарына ұсыну.
Иық бұйымының фото суреттеріСантиметрлік таспаЛогикалық тапсырмаларБарлығымен таныстырғаннан кейін оқушыларға сұрақ қою.
Жасалған жұмыстар ұнай ма?
Қандай материалдар пайдалынған?
Сарамандық бөлім:
Сарамандық жұмыс барысында оқушыларға тақырыпты түсіндіріп, сұрақ қою арқылы білімдерін жетілдіру. Әр оқушымен жеке жұмыс жасап, ой-пікірлерін білу. Керекті мәліметті анықтама ретінде дәптерге жаздырту. Тақтаға иық бұйымының сызбасын сызып, оқушыларға түсіндіру. Барлығы дәптерлеріне 1:4 маштабта кішірейтіп салу.
Жұмыстың орындалу ережелерін, кезеңдерін, тәртіптерін сақтай отырып, оқушылар өзіне керекті жаңа мағлұматтармен таныс болды.
4.Қорытынды.
Сабақты бекіту бөлімі.
Иық бұйымының сызбасын құру дегеніміз не?
Иық бұйымдарына нелер жатады?
Пішім дегеніміз не?
Оқушылардың жұмыстарын бағалау.
Үйге тапсырма: Иық бұйымының сызбасын салу.

Приложенные файлы


Добавить комментарий