Сиырлы друмен- дене шынытыру (саба жоспары)


Тақырыбы: « Дәрумендер » Мақсаты: Балалардың қимыл-қозғалыстарын жетілдіру, достыққа, ұйымшылдыққа, шапшаңдылыққа баулу,спортқа деген қызығушылығын қалыптастыру, жанашырлық сезімін ояту.
Керекті құралдар: Кедергілер, гимнастикалық орындар,құрсау, доғалар, қуыршақ театрының кейіпкерлері-әтеш,қоян,кірпі.
Тәрбиеші:Қане балалар, орнымыздан тұрайық,шаттық шеңберін құрайық.
Шаттық шеңбері:
Біз топта ұл-қыздар,
Тату-тәтті ойнаймыз.
Ортамызға қоршаған,
Тек мейірім сыйлаймыз!
Бір дыбыс естіледі. -Балалар, тыңдаңдаршы, бұл не шу?
Көмекке шақырған дыбыс сияқты. Кенеттен есік ашылып, әтеш жылап кіреді.
-Балалар, бұл әтеш қой! Неге жылайсын? Не болып қалды?
Әтеш: Менің тамағым қатты ауырады. Енді ешқашан ән айта алмаймын.
Сендерді кім оятады?
-Әтеш қиналма. Мүмкін біз саған көмек бере аламыз. Не қалайсың?
Әтеш: Маған сиқырлы дәрумен ғана көмектеседі, сол дәруменді тапсаңдар жазыламын.
-Балалар, әтешке көмектесеміз бе? Ол дәруменді қайдан табамыз?
Әтеш: Ол дәрумен тек қана тоты құста бар.Тоты құсқа жету үшін көптеген кедергілерден өтулерің керек.
-Балалар! Біз кедергілерден қорықпаймыз ғой! Ал балалар,сапарға шығу алдында күш жинап алайық.
Жаттығу жасау:
Бір-екі-үш,
Жинаймыз күш!
Иілеміз оңға,
Иілеміз солға.
Бір отырып,бір тұрып
Жинаймыз біз күш!
Тәрбиеші балалармен бірге сапарға аттанады. Алдынан көпір кездеседі.
-Балалар алдымызда көпір тұр, сол көпірден өтейік.(балалар гимнастикалық орындықтың үстімен өтеді)
-Енді қайда барамыз! Алдарынан қоян шығады.
Қоян:
Сәлеметсіңдерме балалар.Сендер кімсіңдер? Қайда бара жатырсыңдар?
-Біз балабақшадан келе жатырмыз. Тоты құсты іздеп жүрміз.
Қоян: Сендерге тоты құс не үшін керек? Біздің әтешіміз ауырып қалды,тоты құстан сиқырлы дәрумен сұрайық деп едік.
Қоян: Маған сәбізді жинауға көмектессеңдер,жолды көрсетемін.
Ойын- эстафета «Кім жылдам»
Ойын шарты: балалар екі топқа бөлініп сәбіздерді тасу арқылы жарысады.
Қоян: Рахмет балалар,алдарына үңгір шығады, сол үңгірден сүрінбей өтулерің керек.(балалар үңгірден өтеді)
Сапар ары қарай жалғасады. Алдынан үлкен үйме көрінеді. Балалар жақындағанда үймеден кірпі шығады.
Кірпі: Кім мені оятты?
-Кешірініз біз тоты құсты іздеп жүрміз,жолын көрсетесіз бе?
Кірпі: Жарайды маған алма жинап берсеңдер, жолды көрсетемін.
Ойын «Секіріп жет»
Ойын шарты: Балалар қос аяқпен ағаш макетіне ілінген алмаларды жұлып алуы керек.(балалар алманы жинап кірпіге береді).
Кірпі: Рахмет балалар, Тоты құс анау бақтың ішінде тұрады, бірақ абайлаңдар. Ол жарқанат бақылайды, оны оятып алмаңдар.
-Кірпі саған көп рахмет. Балалар сапқа тұрып мына жолмен жүрейік. Жарқанат түнде ұшады, күндіз ұйықтайды. Сондықтан біз түнде демалып, күндіз жол жүруіміз керек.
-Балалар,жарқанаттан құтылып,баққа да жеттік. Міне алдарыңда тоты құс! Сәлеметсіңбе, балалардың саған өтініші бар.
Балалар: Тоты құс біздің әтешіміз ауырып,дауысы шықпай қалды. Сізден сиқырлы дәрумен сұрауға келдік.
Тоты құс: Жарайсыңдар,балалар!Сендер достықтың, ұйымшылдықтың, шапшаңдықтың арқасында көптеген кедергілерден сүрінбей өтіп, маған жеттіңдер. Дәруменді алып, тезірек Әтеш достарыңа жетіңдер. Үнемі көмек беруге дайын болыңдар.
- Сиқырлы дәрумен енді бізде тездетіп балабақшаға барайық.
- Әтеш,міне біз келдік. Балалар саған сиқырлы дәрумен алып келді(Әтеш дәруменді жеп, ауруынан жазылады.)
Әтеш: Рахмет, балалар! Енді мен...
Бұрап қойған сағаттай,
Айқайлаймын таң атпай
КУ - КА - РЕ –КУ!
КУ – КА - РЕ – КУ!
Мен енді ешқашан ауырмаймын. Сендер де ауырмаңдар.- Азаматсыңдар, балалар! Бүгін сендер Әтешке көмек көрсеттіңдер. Әрдайым мейірімді болып,қиын сәттерде бір-біріңе жәрдем бере біліңдер.




Приложенные файлы


Добавить комментарий