Разработка классного часа: Рухани жаыру: негелі отбасы


«Бекітемін» «Қаралды»
Мектеп директоры: ТІЖ орынбасары:
___________ А.Е. Тасболатова ___________ Н.С. Наганова«_____» ___________ 2017 ж. «_____» ___________ 2017 ж.
Сынып сағатының тақырыбы:
«Рухани жаңғыру: Өнегелі отбасы»
Сынып жетекшісі: Сердалина Б.М.
Сыныбы: 3
2017-2018 оқу жылы
Тақырыбы: «Рухани жаңғыру: Өнегелі отбасы»
Мақсаты: Оқушыларға рухани жаңғыру туралы түсінік бере отырып, отбасының еліміздің дамуындағы үлесінің маңызын түсіндіру, елімізге деген сүйіспеншіліктерін арттыру.
Өтетін орны: 20 кабинет
Өту барысы:
Ұйымдастыру кезеңі:
сәлемдесу;
Психологиялық сәт:
- Жабырқауды білмейміз,
Жалқаулықты сүймейміз.
Біз талапты жас ұлан,
Үлгі аламыз жақсыдан.
Түсінік беру сәті: Биылғы жылы еліміздің Президенті Н.Ә.Назарбаевтың «Болашаққа бағдар: Рухани жаңғыру» атты мақаласы жарияланды. Аталған мақаласында, бүкіл қазақ елінің азаматтарын қайта жаңғыруға шақырды. Оның мақсаты: еліміздің заман талабына сай дамуы, еліміздің ата-бабамыздан келе жатқан дәстүрін сақтап қалып, еліміздің дамуына әр азаматтың үлесінің қосылуы.
Миға шабуыл:
Отбасы дегеніміз не?
Отбасының мүшелері кімдер?
Отбасында қандай дәстүрлер сақталады?
Отбасының елімізге пайдасы қандай?
Рухани жаңғыру дегеніміз не?
Ол туралы кім айтқан?
Отбасын мемлекетіміз қалай қорғайды?
Шығармашылық сәт:
Оқушыларға өз отбасы мен Отан тақырыбын біріктіріп, сурет салу ұсынылады. Мақсаты: Отбасы мен Отанның байланысы бар екендігі туралы түсінік қалыптасады.
Ой қорыту:
Рухани жаңғыру: Ол – не? Оқушылар күннің шуағына өз ойларын жазып іледі. Мақсаты: рухани жаңғыру отбасыдан басталатынын түсіндіру:
Дәйексөз: Отбасы – Отаннан басталады.
Рефлексия: Мақсаты: оқушылардың бойында достық сезімін ұялату.
Сенің досың – мен,
Менің досым – сен!
Біз бәріміз доспыз,
Сабақтан боспыз!

Приложенные файлы


Добавить комментарий