Краткосрочный план по казахскому языку для 5 класса на тему Барс Казахстана


Шығыс Қазақстан облысы
Риддер қаласы
«№1 Мектеп-лицей» КММ
Жоғары санатты қазақ тілі мен әдебиеті
мұғалімі: Қайдарова Нұргүл
Нұрлыбайқызы
Сабақ: Қазақ тілі
Сабақ тақырыбы: «Қазақстан барысы»
Сынып: 5 Күні: Қатысқандар:14
Қатыспағандар: 2
Осы сабақта қол жеткізілетін оқу мақсаттары (оқу бағдарламасына сілтеме) 5. Т3. Күнделікті тұрмыстық тақырыптарға байланысты жаңа сөздер мен тірек сөздердің мағынасын түсіну.
5.А5. Берілген сұрақты дұрыс түсініп, лайықты жауап беру, шағын диалогке қатысу.
Жетістік критерийлері:
Оқушының төменгі жетістігі (ОТЖ): қазақ тілінде қазақша күрес жайлы ақпарат береді.
Оқушының орташа жетістігі (ООЖ): қазақша күрестен өткізілетін сайыс туралы өз ойын айтады, сыныптастарымен тілдеседі.
Оқушының жоғарғы жетістігі (ОЖЖ): тақырыпқа қатысты диалог, шағын мәтін құрап, диалогке түседі.
Сілтеме « Қазақ тілі» бағдарламасы, 5-сынып оқулығы
Сабақта қолданылатын материалдар Интерактивті тақта, компьютерлік презентация, «Қазақстан барысы» мультфильмі, ватман, маркерлер
Оқыту әдістері, стратегиялары «Өрмекшінің торы», «Кубизм», «Оқиға картасы», «Ыстық орындық», «Дұрыс-бұрыс», сипаттау, сәйкестендіру, әңгімелеу, түсіндіру.
Жоспар
Жоспарланған уақыт Жоспарланған жаттығу түрлері ресурстар
Оқушыларға психологиялық ахуал туғызу.
5 мин *Сәлемдесу;
* Оқушыларды түгендеу;
* «Өрмекшінің торы» (оқушылар бір-біріне жан-жануарлар мен өсімдіктер әлемі туралы сұрақтар қойып жауап береді)- ҮТ
* Оқушыларды 3 топқа бөлу (суреттер бойынша- аңдар, құстар, үй жануарлары), топпен жұмыс жасау ережесін еске түсіріп, спикер, таймспикер, көшбасшы, аудармашыларды тағайындау.
Аңдардың, үй жануарларының, құстардың шағын суреттері-12 дана.

Қызығушылықты ояту
4 мин.
Сабақтың тақырыбы мен мақсатын белгілеу
2 мин
Тыңдалым.
Оқушыларға «Қазақстан барысы» мультфильмін көрсетеді, сұрақтар қояды:
Мультфильм не туралы?
Қазақстандағы «Қазақстан барысы» туралы не білесіздер?
Сайысқа қандай аңдар қатысады?
Оқушылар бірлесіп, БББ кестесін толтырады
Білемін Білгім келеді Білдім
Интерактивті тақта-
«Қазақстан барысы» мультфильмі
https://youtu.be/STz1spz7BZ0
«БББ» кестесі
Мағынаны тану
6 мин.

3 мин.
1 мин. Сөздікпен жұмыс.
Мұғалім интерактивті тақтадан тақырыпқа қатысты жаңа сөздермен таныстырады;
Оқушылар қайталайды;
Суреттерді сөздермен сәйкестендіру арқылы аударады;
мүйізтұмсық
борсық
ырылдау
жариялау
арқар
оглашать барыс
рычать жыртқыш
Сөздікке жазады.
«Кубизм» әдісі. Топ көшбасшысы текшені лақтырады, түскен сұраққа сүйеніп топ мүшелері жаңа сөздерді пайдаланып, тақырып төңірегінде сұрақтар (сөйлемдер) құрастырады (не? қашан? қайда? қалай? қайткен? кім?).3 мин. беріледі.
Критерийі:
Жаңа сөздерді пайдалану;
Мәтінге сүйену;
Тақырып төңірегінде 1 сұраулы, 2 хабарлы сөйлем құрау;
3 минут уақыт беріледі.
Сергіту сәті «Жануарлар биі»
Компьютерлік презентация
Бірін бірі бағалау:

«Бас бармақ» әдісі

Бірін-бірі бағалау:

Бейнежүгіртпе
8 мин.
1 мин.
Бағалауға
1 мин. Мәтінмен жұмыс- топтық жұмыс
Оқылым. Жазылым. Айтылым.
«Оқиға картасы» әдісі. Оқушылар топта өз бетінше мәтінді оқиды. Топ ішінде мәтінге байланысты оқиға картасын (сызбаны) дайындайды. Картаны жасауда тірек суреттер мен сөздерді пайдаланады. Дайындап болғасын карта бойынша мәтіннің мазмұнын айтады.
Мәтін құруға критерий, дескриптор беріледі.
Мәтін бойынша «Оқиға картасын» дайындайды;
Сызбаны жасағанда тірек сөздер мен суреттерді пайдаланады;
«Оқиға картасы» бойынша мәтіннің мазмұнын айтады (8 сөйлем);
8 минут уақыт беріледі.
Суреттер
Бағалау (топтар бірін-бірі бағалайды):
«Екі жұлдыз, бір тілек» (смайликтер)

Ойтолғау
4 мин.
Бекіту
5 мин.
Рефлексия
2 мин.
«Ыстық орындық» стратегиясы. Бір оқушы ортадағы орындыққа отырады, қалғаны кезек-кезек сұрақтар қояды.
-Бүркіт қандай жарыс өткізбекші болады?
-Барыс жарысқа қалай дайындалады?
-Қалай ойлайсың, неліктен барыс жеңіске жетті? және т.б.
Тест- «Дұрыс-бұрыс».
Атасы аюды сайысқа дайындайды.
Бүркіт, қабан, таутеке төреші болған жоқ.
Қасқыр мен арқар, қоян мен борсық, барыс пен келес күреседі.
Барыс ептілік пен төзімділік көрсете алмады.
Содан бері қазақша күрестен болатын сайыс барыстың атымен аталатын болды.
Оқушылар жауап кілттері бойынша бірін-бірі бағалайды.
Оқушылар сабаққа қатысты өз ойларын стикерлерге жазады, ал мұғалім «Жағымды сөздер» тәсілі бойынша өз ойларын айтып, сабақты қорытындылайды.
Үйге тапсырма: оқулықтағы 12-тапсырманы орындау, жұмбақтардың шешімін табу.
Бағалау: «Бас бармақ»
-
Оқулықтың 64 бетіндегі 7-тапсырма


Приложенные файлы


Добавить комментарий